№1 Ата-аналар жиналысы
2
«Ж» класы
Класс жетекшісі: Қожан
С.Ж.
Тақырыбы: «Отбасы-тәрбиенің ұясы»
Ата-аналар жиналысының жүргізілу
барысы
-
Жүректен жүрекке»
(Ата-аналар шеңбер жасап,ортаға келіп тұрады.
Қолдарында кішкене жүрекшелері бар. Жүрекшелерді бере отырып,жақсы
лебіздерін білдіреді)
-Осы тілектеріңіз қабыл болсын десеңіздер,мына
жүрекшеге,яғни балалардың жүрегіне әкеліп
қояйық.
-Енді осы үлкен жүректі ,жүрекшелерімен бірге
мектептің жүрегінің үстіне қояйық.
-Бәріміздің тілегіміз қабысып,жүректен-жүрекке
жылы лебізіміз жетіп тоғысты.
2.Бес топқа бөліну.
Сары қағазға жазылған «Әке туралы жыр»,қызыл
қағазға жазылған «Ана туралы жыр», көк қағазға жазылған «Балапаным»
әндерінің шумақтары жеке –жеке жазылған үлестірмелі тапсырмалар
таратамын. Әр ата-ана өзіне тиген өлең шумағын өлеңдете айта
отырып,түсіне орай топқа сары түс- «ӘКЕ», қызыл түс- «АНА», көк
түс- «БАЛА» тобына бірігіп отырады.
-
Күн тәртібін хабарлау.
-
2016-2017 оқу жылындағы I
тоқсанның қорытындысы
-
«Мектебіңе гүл
сыйла!»
акциясының ережесімен
таныстыру
-
Ата-аналардан сауалнама алу
-
Баланың теріс қылығын түзету үшін қандай
ісшаралар қолдану керек? Ең тиімді 7
тәсіл
-
Жалпы ата- аналар жиналысына қатысатын
делегаттарды сайлау
-
Әр түрлі мәселелер
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша
сөйлеу
4. Топтық жұмыс
Т а п с ы р м а: «Баланың теріс қылығы үшін қандай іс-шаралар
қолдану керек?» Ең тиімді 7 тәсілді жазу
тапсырылады.
Әр топ атап шығады. Жазып даяр тұрған сөздерді
сызықшаларға қояды.
Қорытынды шығарылады.
Бала суреті ілініп тұрады.Одан әр жаққа сызықша
тараған.
Үлгілі бала
Ұқыпты Ұстамды Мейірімді Сыпайы Білімді
Мәдениетті
Үлгілі бала бейнесін жасады.
Т а п с ы р м а «Ереже –қарым –қатынас
негізі»
Үлгілі бала қандай қарым-қатынас жасау керек.
Топқа түрлі қатынас ережесін жазу тапсырылады. Тапсырма орындалып
жатқанда «Балалық шақ» тыныштандыратын күй ойналып
тұрады.
ӘКЕ АНА БАЛА
Сөйлесу ережесі Мәдени-гигиеналық Достық
ережесі
Сәлемдесу Таңертең бір уақытта тұр Жолдасыңа
көмектес
Үлкеннің сөзін Жуын,тіс тазала Жолдасыңмен
бөліс
бөлме Тамақ алдында қол жу
Тыңда
Айқайлап сөйлеме Үстелде дұрыс отыр Тату
бол
Алғыс айт Асықпай же Өтірік айтпа т
б
-
Қорытынды
Жиналысты мына өлең шумағымен аяқтағым
келеді.
Әкем,анам үлкенді сыйла деген,
Сол сөз маған ізгілік,құйған
ерен.
Үлкендерден ауысқан,кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Осы астарлы сөзді әрқашанда
ұмытпайық.
-
Рефлексия
Келесі ата-аналар жиналысының тақырыбы өздерінің
сұрауы бойынша нақтыланады.
«Баланың теріс қылығы үшін қандай іс-шаралар
қолдану керек?» Ең тиімді 7 тәсілді топтаса отырып,анықтау
үстінде
Рефлексия кезеңі