Материалдар / Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарңға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2020
446
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дөңгелек үстел «Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері»


Ата-аналар отырысы

0 «В» мектепалды даярлық сынып

30.11.2019 жыл

Тақырыбы:Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері.

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата-аналарды мектеппен, мұғалімдермен тығыз байланыста болуға шақыру. Тәрбие сапасының жоғарылауына ықпал ету.

Әдістері: Пікіралмасу,жағдаяттық сұрақтар, топтастыру.

Көрнекілігі: Парақшалар, қағаз қалам, нақыл сөз

Жоспар:

1. «Есімдер аллитерациясы», танысу жаттығуы.

2. Топқа бөлу.

3. Баяндама оқу. «Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері»

4. Ой жинақтау.

5. Жағдаяттық сұрақтар.

6. Мақалды жалғастыр

7. Ата–анаға берілген сауалнама “Сіз қандай ата–анасыз?”

8. Жүректен жүрекке

9. Қорытынды.


-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің «Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері» атты пікір алмасуымызға қош келдіңіздер! Адам өмірдегі ең қымбатысы, көз қуашыны –бала. Бала –дербес тұлға.  Халқымыз «балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақыл сөздің астарында қаншама мән-мағына жатыр. Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!-деп, пікір алмасуымызды бастамас бұрын танысып алсақ деймін.
1. «Есімдер аллитерациясы», танысу жаттығуы.
Ата - аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады.

2.Топқа бөлу.

Ата - аналар екі түсті қағаздың (жүрекше) бірін таңдау арқылы топқа бөлінеді де, сол қағаз түстес шар тұрған үстелге жайғасады.
3. Баяндама оқу. Тақырбы: «Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері»

4.Ой жинақтау.
Екі топқа тапсырма беріледі. (плакат, фломастер, қалам)

1)   Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?

2)   Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек? (Сурет – схема арқылы. Өз ойларын талдайды)

5.Жағдаяттық сұрақтар. 

Екі топтың ата - аналары берілген сұрақтарға тез жауап беріп, жағдаяттардан шығыу керек.

1.«Балаңыз машина алып бер деп жылады.Сіз: «Шамалы шыдай тұр,

уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»

2.«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, мектепке бармай ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?
3. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
4. Сізге «Сіздің балаңыз басқа балаларға әлімжеттік көрсетеді» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
5. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
6. Балаңыздың үлгерімі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
7.
Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

6. «Мақалды жалғастыр» ойыны.

Мақсаты: Мақалдардың жалғасын айтып, мағынасын ашу.

  1. Ананың көңілі -*****/балада/

Баланың көңілі-******/далада/

  1. Балалы үй-******/базар/

Баласыз үй-******/қу мазар/

  1. Әкеге қарап-***** /ұл өсер/ 
    Анаға арап-*****/ қыз өсер/ 

  2. Ата–ананың қадірін- *****/балалы болғанда білерсің/

7. Ата–анаға берілген сауалнама “Сіз қандай ата–анасыз?”

  1. Балаңызға айтқаныңды істете аласыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Балаңыз сіздің айтқаныңды қалай орындайды?(үй шаруасын)

а) өз еркімен б) қорыққанынан в) айтқызбай орындайды

  1. Балаға қатал талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмейді ме?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Балаңыз сізді тыңдамаған кезде қолданатын шараңыз қандай?

а) Түсіндіресіз б) Ұрсасыз в) Ұрасыз

  1. Балаңызды әділетсіз жазалап, кінәлаған болсаңыз қателігіңізді мойындап кешірім сұрайсыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Балаңызбен пікір алысып, ой бөлісесіз бе?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Балаңыз ашуланғанда сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Баланың күнделікті қажетіне жұмсау үшін берілетін ақша мөлшері оның қалауынша болуы керек деп есептейсіз бе?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Уақытты балаңызбен бірге өткізу сіз үшін қуаныш па?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Өзіңіздің алғашқы ойыңыздың қате екенін түсініп, өз шешіміңізді өзгерте аласыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

Жауаптары: А жауабы - 5 ұпай

Б жауабы - 4 ұпай

В жауабы - 3 ұпай

Егер сіз 45–50-ге дейін ұпай жинасаңыз, сіз бала тәрбиесін дұрыс жолға қойғаныңыз. Егер одан төмен ұпай жинасаңыз, онда сізге бала тәрбиесінде көбірек ойлануыңызға тура келеді. (пікірлесу соңынан төмен балл жинаған ата–аналарға бала тәрбиесінде бағыт–бағдар берілуі керек)

8.Жүректен жүрекке: Құрметті ата-аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (жүрекше) жазып, ағашты көркейтейік. Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.

9. Қорытынды. «Тілек шамы» 
Мақсаты: Дөңгелек үстел туралы пікірлерін ортаға салу. 
- Міне, қоштасатын да сәт жетті, ата-аналар. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың -мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, дөңгелек үстел барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.

















Ата–анаға берілген сауалнама “Сіз қандай ата–анасыз?”


  1. Балаңызға айтқаныңды істете аласыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Балаңыз сіздің айтқаныңды қалай орындайды?(үй шаруасын)

а) өз еркімен б) қорыққанынан в) айтқызбай орындайды

  1. Балаға қатал талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмейді ме?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Балаңыз сізді тыңдамаған кезде қолданатын шараңыз қандай?

а) Түсіндіресіз б) Ұрсасыз в) Ұрасыз

  1. Балаңызды әділетсіз жазалап, кінәлаған болсаңыз қателігіңізді мойындап кешірім сұрайсыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Балаңызбен пікір алысып, ой бөлісесіз бе?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Балаңыз ашуланғанда сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Баланың күнделікті қажетіне жұмсау үшін берілетін ақша мөлшері оның қалауынша болуы керек деп есептейсіз бе?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Уақытты балаңызбен бірге өткізу сіз үшін қуаныш па?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Өзіңіздің алғашқы ойыңыздың қате екенін түсініп, өз шешіміңізді өзгерте аласыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ


Жауаптары: : А жауабы - 5 ұпай

Б жауабы - 4 ұпай

В жауабы - 3 ұпай


Егер сіз 45–50-ге дейін ұпай жинасаңыз, сіз бала тәрбиесін дұрыс жолға қойғаныңыз. Егер одан төмен ұпай жинасаңыз, онда сізге бала тәрбиесінде көбірек ойлануыңызға тура келеді.











Баяндама

«Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері»

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.
Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ.
Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. 

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата - ананың басты парызы.  Ендеше бала тәрбиесі ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, рухани адамды қалыптастыру - шынында да оның туылған кезінен басталады.

Ал адамның адам болып қалыптасуында ата - анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар.  

Алтын бесік-отбасы болса, алтын ұя-мектеп. Иә, олардың алтынға балануы неліктен? Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені, отбасы адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, ал мектеп -ақылы мен білімі, адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты-ортақ, міндет-біреу.

Яғни, балаға туғаннан тән азығы -тамақ қандай қажет болса, жан азығы-жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт. Мұны мұғалім де, ата-ана да әсте естен шығармағандары жөн. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне жауапты ең әуелі ата-анасы, одан кейін тәрбиеші мен мұғалім болмақ. Сондықтан еліміздің болашағы жастарымыздың заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие алуына бірлесе атсалысайық, құрметті ата-ана!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!