Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Отбасылық құндылықтар (19 сабақ)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 24.01.2019ж.
25.01.2019
Мектеп: №54 ЖОМ
Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар (19 сабақ)
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: татулық, қамқорлық, мейірімділік
Мұғалім: Барлыбаева Г.К.
Сынып: 7-А,Ә,Е
Қолданылған әдебиеттер:
-
Өзін-өзі тану оқулығы.Алматы 2017
https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/28951/
Күні: 30.01.2018ж.
Мектеп: №54 ЖОМ
Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар (20 сабақ)
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: татулық, қамқорлық, мейірімділік
Мұғалім: Барлыбаева Г.К.
Сынып: 7-А,Ә,Д,Е,Ж
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға отбасы ұғымы, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: отбасындағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу. Тәрбиелік: оқушыларды отбасын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу |
Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, ұпайларын түгендейміз. Психологиялық дайындық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы:
Тыныштық
сәті «Нұрға бөлену» Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.) Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.) Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.) Ортақ бізге туыстық, (Екі қолын төбесіне көтереді.) Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.) Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.) Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.) |
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Менің отбасым» тақырыбында фото-иллюстрациялар әзірлеңдер. |
|
Дәйексөз «Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер». Ой
жинақтау |
Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады. |
Әңгімелеу. «Ізет» Тұрлыбек Мәмәсейітов Бұл үй де Бекбосынға жақын ағайын інісінікі. Екі-үш атадан барып қосылатын Базарбек қырықтың мол ішіне кіріп қалған жігіт. Бекбосынды жаны қалмай сыйлап тұрады. Бекбосын бұл Ұлбосын келінін осы үйге түскеннен бері біледі. Ұмытпаса он сегізге толар-толмаста келген. Осы Бағиланың өзі көрші ауылдан құда түсіп алып беріп еді баласына. Өсіп-өнген текті жер деп мақтанып отыратын. Айтқанындай Ұлбосынның осы күнге дейін бір бөтен мінезін көрген де, естіген де емес. Қашан көрсең, қабағы ашық, аңқылдап жүргені. ...Ізет дегеннен шығады, осыған байланысты бір жағдай Бекбосынның есінен осы күнге дейін шықпайды. Бір кезде Базарбек те қой бағатын. Бір жылы Бекбосын мен Базарбек үйлері жайлауға бірге шығады. Кең аңғарлы Ақкөлдің сай-саласы ақтылы қойға толып, ала жаздай той-думан үзілмей жатушы еді-ау! Күнде көкпар, шілдехана, сүндет той, танабау дейсің бе, жайлау қызығы бір тарқамайтын. Ал еш себепсіз-ақ бір қойын сойып төңірегіндегілерге дәм татқызу — жайлаудың жазылмаған заңы. Сондай кезек бір күні Бекбосынға тиді. Аңғардың бас-аяғындағы қойшылардың бірін қалдырмай түгел шақырды. Шаңқай түсте сай-саладан бірлеп-екілеп қонақтар келе бастады. Бекбосынның үйі мен Базарбек үйінің арасын үлкен жал бөліп жататын. Екі үй сол жалдан ары-бері асып түсіп қатысып тұратын. Қонақтардың соңын ала қия беттен түсіп Базарбек келді. – Өй, келін қайда?- деді амандасқаннан кейін Бекбосын Базарбекке. – Ертіп кел деп едім ғой. – Келініңіз қой бағып қалды. – Қо-ой. Балалар бар емес пе қойға қарайтын, - деді Бекбосын сенер-сенбесін білмей. ... Есік алдында қораланып тұрғандар қарсы бетке қарай қалысқан. Жаңағы Базарбек келген тұстан бір аттылы шығып, аттың еркімен қиғаш түсіп келеді. Тұрғандар «бұл кім болды екен өзі» деп ойлағанша Базарбек: – Әне, келіндеріңіз ендеше. Енді көңілдеріңіз орнына түсті ме? – деп әзілдей сөйлеп, үйге кіруге ыңғайланды. – Расында келін ғой, мынау! Алдында баласы бар. Бәсе,- деп Бекбосын да іле-шала тани кетті. Әй, сен де, - Базарбекке дауыстады. – Баламен қия жерде жалғыз қалдырып, бірдеңеден құр қалғандай тұра шапқаның не-ей! Жаман айтпай, жақсы жоқ, аты сүрініп, бірнәрсе болса ... – Әй, қу шешек-ай! Сол келін болмаса, қайтер едің? Баланы өзің алдыңа алып келсең неғылады? Шал-ау, шықсаңшы енді алдынан ... ... Қапталдың кер жолымен аттың басын бос қоя беріп, аяңмен келе жатқан Ұлбосынның алдынан Бекбосынның өзі шықпақ болды. Ұлбосын да қиялап орта тұсқа келіп қалды. Бір кезде еңкейіңкіреп бір қолымен атының басын тартып тоқтатты да, ақырын тебініп қойып, бір езулей кейін бұрды. «Бұл неғылғалы жүр? Бір нәрсесін түсіріп алды ма? Қамшысы ма екен әлде?» деп ойлаған Бекбосын жылдамдата жүріп дауыстады: – Әй, әке, не болды? Бір нәрсеңді түсіріп алдың ба? Тоқтай тұр қозғалмай! Мен алып беремін, – Бұл жеткенше Ұлбосын аттан түсті. Баласын бір қолымен қыса тұрып, үсті-басын жөндеді де, атын қайта бұрып жетектеп жүрді. Ентіге басып Бекбосын да жақындап калды. «Не істегелі жүр екен өзі!» Жақындай бергенде Ұлбосын тоқтай қалып, бір қолымен ораулы нәрестесін қысқан күйі, екінші қолын тізесіне қоя беріп, иіліп сәлем жасады. – Көп жаса, айналайын! – деген Бекбосын «қия жерде сәлем жасамаса да болатын еді ғой, ізетіңнен айналайын» деп ойлап,– Атыңнан неге түстің, әке? Бірдемеңді түсіріп алдың ба?!– деді. – Жоқ, ата! Ешнәрсем де түскен жоқ. Жәй, сізге сәлемдесейін дегенім ғой,– дейді жайбарақат қана. Өзі қатты терлеп кетіпті. – Ой, рақмет, айналайын! Несіне әуре болдың, өзің әрең келе жатып. Көсегең көгерсін, шырағым! – Бекбосын аттың шылбырын алды. – Әуре болғам жоқ, ата! Ұят қой! Сіз жаяу алдымнан шыққанда аттан түспегенім. – Әй, осы келінім, әйтеуір ата салтын ұмытпайды. Айналып кетейін!– деді қатты риза болған Бекбосын. «Міне, сол Ұлбосын ғой бұл. Әлі сол жайраңдаған қалпы. Алдыңнан қия өтпейді. Көрген жерде иіліп сәлем жасап, әдептен бір жаңылмайды ғой. Әй, алтынның сынығындай болған айналайын-ай! Аталы жерден шыққан ескінің жұрнағысың ғой, сен! |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
Шығармашылық жұмыс: 1. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге – дәстүрлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз» деген ойын басшылыққа алып, пікір алысу жүргізіңдер. 2. Отбасыларыңды біріктіріп, жақсартатын қандай отбасылық салт-дәстүр, мерекелер бар? Әңгімелеп беріңдер. |
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
Топпен ән айту «Сәби болғым келеді» Сөзін жазған Мұқағали Мақатаев Әнін жазған Тұрсынғазы Рахимов |
Әнді ерекше көңілмен айтады |
Үй тапсырмасы: 83 б. жаттау, келесі 21 сабақ «Айгүлдің әңгімесі» оқу. |
Күнделіктеріне жазады. |
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. |
Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту. |
Тексерген: 30.01.2018ж.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Өзін-өзі тану оқулығы.Алматы 2017
https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/28951/
Бала тәрбиесі бесіктен.
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.
Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.
Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ағайынның алтын сарайынан,
Ананың жыртық лашығы артық.
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.
Ынтымақ
10.Ынтымақ дегенді қалай түсінесіңдер?
20.Татулық дегеніміз не?
30.Достық дегеніміз не?
40.Тазалықты сақтамағаннан қандай аурулар пайда болады?
50.Жұқпалы аурулардың таралу жолдары.
«Жанашырлық»
10.Жанашырлық дегенді қалай түсінесіңдер?
20.Жанашырлық танытудың мәні неде?
30.Жанашырлықты тек сөзбен ғана көрсету керек пе?
40. Организмге қандай негізгі витаминдер қажет?
50.Бауырмалдылық дегеніміз не?
«Табиғат»
10. Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?
20. Адамзаттың табиғат алдындағы парызы қандай?
30. Адам табиғаттың ең сенімді досы бола ала ма?
40.Әдептілік дегеніміз не?
50. Адамның жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?