Материалдар / Отбасындағы бала тәрбиесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасындағы бала тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы - адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. «Ұяда не көрсе, ұщқанда соны алады» бала тәрбиесі бала дүниеге келгенден басталады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
449
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Отбасындағы бала тәрбиесі»

Отбасы - адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. «Ұяда не көрсе, ұщқанда соны алады» бала тәрбиесі бала дүниеге келгенден басталады.Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата - ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Ата - ана да өздері жанұя құрған кезде бір - біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арасындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір - бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатыны мәлім.

Тәрбие-бұл қоғамдық өмірдің құбылысы.Ол адамның және адамзат қоғамының дүниеге келгеннен бастап пайда болды.Бала тәрбиесі адамзат қоғамының дамуымен байланысты жалпы мәңгілік ұғым болып табылады.

Тәрбие қоғам қажеттілігіне байланысты.Ол ұрпақтар арасындағы сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді.Аға ұрпақ әр уақытта өз білімі мен тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беріп отырады. Отбасы ең негізгі қоғамдық құбылыстардың бірі болды. Отбасының қызметті ұрпақ жалғастырып және оларға дұрыс тәрбие беру.

Отбасынан алған тәрбиені, қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды.Ата-ананың отбасының әсіресе естияр ұрпақтың, беделі,өмір сүрү тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруы, бір-бірінне күрметі бәрі де үлкен тәрбие мектебі.Отбасынан тыста да тәрбие бар.

«Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»-деген.Мұның да үлкен тәрбиеліқ мәні бар.Отбасының тәрбиелік қызметімен тікелей байланысты жағы-оның дамытушылық қызметті.Ата-аналар баланың жеке ерекшеліктеріне ертерек назар аударуы керек.Сонда ғана бала өзінің тәбиғи қабілетін іске асыруы отбасында қалыптасады.Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беру жөнінде қоғам алдында жауапкер.

Отбасы-қоғамдың бастапқы ұясы.Отбасының өзгерунің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас.Ата-аналардың татулығы отбасының қүре тамыры болып табылады.Ата-ана да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады.Отбасының берік негізі рухани мүдденің бірлігінде.

Абайдың 10-кара сөзінде «Әуелі балаңды алдайсың әне, оны берем, міне мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың.Соңыра балаң алдамшы болса, кімнең көрерсің?»-деп балаларына терс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар күшейеді.Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста жаста қаланады. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас - пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап - тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.

Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата - ана әуелі баласына өздерін сыйлап - құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер - азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.


Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала - шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.

Қорытынды :

Бала тәрбиесіне қоғам да, отбасы да үлкен әсер етеді. Ата - ананың бір - бірінің қадір - қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өз ара-түсініспеушілік болған жағдайда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы – инабаттылықтың, әдептіліктің белгісі деп айтуға болады..





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!