Материалдар / Отбасындағы өзара түсіністікті үйренеміз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасындағы өзара түсіністікті үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні 4 сынып сабақ жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
389
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»_____________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі :Т.Жанұзақов атындағы орта мектеп

Күні:

: 9

Мұғалімі: Дегенбаева Э.Т

Сыныбы: 4 а,б

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Отбасындағы өзара түсіністікті үйренеміз Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Отбасындағы сүйіспеншілік, бауырмалдық, татулық


Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы өзара түсіністіктің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай жетістіктеріңіз бар?)

1.Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

2.Үй тапсырмасы.


. №8 – сабақ. «Сұлулық бетте емес - жүректе» тақырыбында эссе жазу. №9, «Шоқан асулары» мәтінін оқып келу.


мәтінін оқып келу.

Ата-әженің мейірімі дегенді қалай түсінесіңдер?

Айғаным әжесі мен Шоқанның арасындағы жылылық қалайша байқалады?

Шоқанның үлкен жырды түсіне алатынын Айғаным әжесі қайдан білді? • Отбасында өзара түсінісу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

Өзің отбасында түсіністікке қалай қол жеткізіп жүрсің

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru


3. Сабақтың дәйексөзі.


«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» 

Халық мақалы.


Ата-баба –өнері дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?



4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).




«Отбасы ошағы» аңыз әңгіме

Ертеде бір ауылда үш жас отбасы өмір сүріпті. Бір кездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің , қай отбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынын хабарлады.

Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарық болды, бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады.

Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды. Ол үй жарық бола түсті, бірақ жылулық бәрібір болмады.

Тек, үшінші тақпыр отбасы өз үйлерінің ошағына от жақты. Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толды.

Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Ол үй иесілерімен бірге баланың дүниеге келуін, әр отбасы мүшелерінің туған күндерін, отбасы құрған күндерін және алтын той күндеріне дейін болуға қалды.

Қорытындылау: қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің риясыз сүйіспеншілігі, қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты.

1.Оқиғаның мағынасы неде?

2. «Отбасы ошағы» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады?

4. Бұл үш отбасының қайсысынан сүйіспеншілік, мейірімділікті көріп тұрмыз?

5. Сен өз отбасыңды қалай жылытар едің?









5.Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс





  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Қуаныш»

2 – топ: «Шаттық»

3 – топ: «Бақыт»

Тапсырма: «Қуанышқа бөленген бақытты отбасы үйі» тақырыбына сурет салады. Орындағаннан кейін әр топ өз суреттерін қорғайды.














6.Топпен ән айту.



Сен бақытты ұлансың

Өлеңін жазған Мейірхан Қуанышбаев

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Әжең – асыл ардағың,

Атаң – дана қорғаның.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Ағаң – биік асқарың,

Інің – мөлдір аспаның.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Қарындасың – қанатың,

Ел-Отаның – жаннатың.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.







7. Үй тапсырмасы

4 – тапсырманы орындау. №10, «Құттықтау» мәтінін оқып келу.

өлеңін жаттап келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!