Материалдар / Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларының зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында инспектормен кездесуі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2021
623
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:« Отбасындағы зорлық – зомбылықсыз Қазақстан»

Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен

тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы

біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы

мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға,

бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті

де, тәртіпті де тұлға болып өсуін


Мұғалім:

- « Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз 
айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. 


Бала нені армандайды? (Бейне ролик көрсетіледі)

https://youtu.be/cuLO1BCfS-Q


Мұғалім:

- Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәніне және психикалық ықпал жасауы».


Тұрмыстағы зорлық-зомбылық. (Бейне ролик көрсетіледі)

https://youtu.be/hr3AANnkOdY



Мұғалім:

- Оқушылар, бүгінгі кездесуімізге милиция кіші сержанты Калубаева Райса Курбанбаевна келіп отыр.(Инспектор отбасындағы зорлық-зомбылық туралы қысқаша айтып өтті)


Оқушыларға сұрақтар қойылды

  1. Зорлық- зомбылық дегеніміз не?

  2. Отбасындағы зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?

  3. Отбасы қандай болу керек?

  4. Бақытты балалық шақ дегеніміз не?

  5. Балалар, сіздер өздеріңнің де, өзгенің де отбасының қандай болғанын қалайсыңдар?

  6. Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз адам өмірі қандай болады?

  7. Қиын жағдайға тап болғанда не істейсіңіздер?


Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда , одан «ешкімнің де ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіні көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не анасының отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.

Зорлық көрсету ол әлсіз адамдардың қаруы екені барлығына мәлім. Жалпы отбасындағы зорлық - зомбылық әміршіл билік пен шектен тыс бақылаудың нәтижесінде пайда болады. Ойланыңыздаршы, қай уақытта көбінесе отбасыларында зорлық зомбылық болады? Егерде бала ата – анасының айтқанын тыңдамай  теріс қылықтар көрсетсе, ата – анасы баламен тіл табыса алмай көбінесе тәрбиенің қате және жеңіл түрі зорлық көрсетуге жүгінеді.

Қазіргі  таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.


Оқушылар инспекторға сұрақтар қойды

  1. Сіздің ойыңызша , неге біреу басқа адамға қатысты зорлық-зомбылық көрсетеді?

  2. Ата-ананың баланы жазалағаны дұрыс па?

  3. Балалар бір нәрсе бүлдіргенде отбасында көбіне қандай жаза қолданады?

  4. Сіздің ойыңызша бала қай жерде, кімнен қорлық көреді?

  5. Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз болу үшін не керек?

  6. Үлкендердің қаталдық көрсетуінің себебі не деп ойлайсыз?

  7. Зорлық – зомбылықтың алдын-алу үшін не істеуіміз керек?

  8. Болашақта отбасы мүшелеріне , өзге адамдарға зорлық-зомбылық көрсетпеу үшін баланың бойына қандай қасиеттерді сіңіруіміз керек деп ойлайсыз?


Мұғалім:

Балалар, егерде сіздер зорлық – зомбылық құрбаны болсаңыздар республикалық көлемде жұмыс жасайты 11616 сенім телефонына хабарлассаңыздар болады.Сонымен қатар 2004 жылы тамызда «Бала құқықтары туралы» Заң қабылданды.


  1. Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

  2. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады, оған есім және азаматтық беріледі.

  3. Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

  4. Әр баланың өзінің пікірі, ар-ождан, дін еркіндігіне құқығы бар.

  5. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

  6. Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

  7. Бала мектепте кінәлі болғанда оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.


Қорытынды.


  1. ХХІ ғасыр, қазақ халқының ғасыры болсын.

  2. Қазақ елім мәдениетті дамыған ел болсын.

  3. Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын.

  4. Елде бейбітшілік орнасын.

  5. Данышпандардың саны көбейе берсін.

  6. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.

  7. Сыр елдермендостығымызнығаяберсін.

  8. Экономикамызөрге  бассын.

  9. Салт-дәстүрімізді сақтай, қадірлей білейік.

  10. Қазақстан елі- байтақ ел болсын.

  11. Демография жағынан қазақ халқының саны көбейе берсін.

  12. Отандық өнеркәсіп дамысын.

  13. Жастарымыз білімді, мықты болсын.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!