Гозихон Азизов Паччаханович. О.Қ.О. Түркістан
қаласы Х.А.Яссауи атындағы жалпы орта
мектебінің
жоғары санатты педагог -
психологы.
ОТБАСЫНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
Әрбір ата-ана өз перзетінің
әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл
азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат
болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік
жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен
жауапкершілік сезімдері бар отбасы– бақытты отбасы. Бақытты
отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды,
берілген тәрбие сенімді және негізді.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын
қазығы– тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың:
«Баланың бас ұстазы– ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны
іледі»– дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы
байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған
жөн.
Жастайынан осындай ортада
өскен балалардың арасынан торығушылар, қаңғыбастар «қызықты» әсерді
іздеушілер өсіп шығады.Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу,
ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайда
қалдырады.Бұндай отбасыларда аға, әпке сияқты тәлімгер, іні,
қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық
туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі.Осындай жағдайда
баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде
ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып
кезінен оның бойына да тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық
қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.Міне қазіргі отбасының
осындай ерекшеліктері баланың әлеуметтану үрдісін де күрделендіре
түсіреді.
Сонымен қатар әлеуметтік
педагогикада адам әлеуметтенуіне күшті ықпал ететін биогенді және
социогенді бағыттар айқындалған.
Ата-аналарының біреуі немесе
екеуі де маскүнем не нашақор болса, сондай-ақ психикасында
ауытқушылық болса, мұның бәрі сәбидің өсу және даму үрдісінде тежеу
факторы ретінде айтарлықтай із қалдыруы мүмкін. Мұндай балалармен
жұмыс, айтарлықтай деңгейде олардың әлеуметтік– жағымсыз дамуы мен
тәрбиеленуін мүмкіндігінше ескерту және тежеу.Осы бағытта тек қана
нақты баламен ғана емес, сонымен қатар оның қоршаған ортасымен,
оның ішінде бірінші кезекте ата-анасымен әлеуметтік– педагогикалық
профилактикалық жұмыс жүргізу қажет.Баланың әлеуметтік тәрбиелеу,
және дамыту үрдісінде оның жеке ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін
білу керек. Сонымен бірге балаға тән қабілеттердің толық және
мақсатты жүзеге асуын қамтамасыз ететін орта жағдайын тиімді
ұйымдастыра білу қажет. Бұл ата-аналар мен әлеуметтік
педагогтардың, мектеп психологтары мен мұғалімдердің
міндеті.Баланың әлеуметтік тәрбиесін жүзеге асыруда мұғалімнің
оқушылардың отбасымен байланыс орнатудың бірқатар
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған
орынды.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі
даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез
келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті
сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де
мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ
пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген
адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі
ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз
тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз
ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында
нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады
.
Ол — бала тәрбиесі. Бала
тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен,
ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық,
қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда
тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен
сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық
даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге
көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің,
істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате
түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан
келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды.
Осылайша баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады.
Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз.
Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол
да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық
білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап
беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді
.
Ата
— ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де
балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді
жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де
санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа
білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй
шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді
айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт
бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында
жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал,
үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа
біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер
етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік
танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле
тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар
бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер
жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып,
дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақалы мен білімі адамзаттық
құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген,өз бетімен өмір сүруге
бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды
Адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты - ортақ,
міндет - біреу. Демек , мұғалім мен тәрбиеші қаумының қиындықтарға
жиі кездесіп, үнемі толғаныста жүретініде содан. Сондықтан кез
келген мұғалім баламен байланысқа шықпас бұрын, оқу-тәрбие
жұмысындағы қызметін өзін-өзі танудан бастағаны жөн.Өзіңнің бала
болғаныңды, өзіңнің ата-ана екеніңді, өзіңнің ұстаз екеніңді ой
елегінен жиі-жиі өткізіп отырсаң,өзге алдындағы жауапкершіліктің
сыры бірден айқындала бастайды. Ғұлама Әл-Фараби «Дүниедегі ең оңай
нәрсе ақыл айту,ең қиыны өзіңді өзің түсіну» десе,К.Маркс «Өзіңді
өзің тану даналықтың бірінші белгісі» деп ескертеді. Ең
бастысы,баланың жан азығына зәру екеніні еш уақытта ұмытуға
болмайды.Абай атамыздың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан
туғанда екі түрлі мінезбен туады.Біріншісі - ішсем,жесем,ұйықтасам
деп туады.Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй
бола алмайды,hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі - білсем екен
деп ұмтылып,одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу
күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене ?» «бұл немене?»
деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді ?» деп, көзі көрген,
құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі « жан
құмары,білсем екен,көрсем екен,үйренсем екен.»деген үлкен
пәлсопалық ой жатыр. Яғни,балаға туғаннан тән азығы - тамақ қандай
қажет болса,жан азығы - жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет.Ал
оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны
белгілі жәйт. Мұны мұғалім де, ата-ана да әсте естен шығармағандары
жөн .
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ отбасы. Х. Арғынбаев. «Қайнар» баспасы
1996ж.
2. Педагогика. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова.
«Дарын» әлеуметтік–гуманитарлық университет
2004ж.
3. Қ. Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың
тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.
4. Отбасындағы әлеуметтік педагогикалық жұмыс
«Парасат әлемі» баспасы 2005ж.