Материалдар / Отеубаева Аймангуль Абдибаевна
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отеубаева Аймангуль Абдибаевна

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал Абай Құнанбайұлының туылғанына 175жыл толуына орай оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2020
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған сынып сағаты

Тақырыбы:

«Абай дана, Абай дара қазақта»

Қордай ауданы Беріктас ауылы

28 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

Математика пәні мұғалімі :Отеубаева Аймангуль Абдибаевна


Күні:21.02.2020ж

Мұғалімнің аты –жөні:7-сынып жетекшісі Отеубаева А.А


Сынып: 7

Қатысқан оқушы саны:15

Қатыспаған оқушы саны:-


Сабақтың мақсаты

Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдерімен қара сөздерін оқып,сахналық көрініс көрсету арқылы адамгершілікке,еңбекқорлыққа,адалдыққа баули отырып,латын қаріпіне деген құштарлықтарын арттыру.

Сабақтағы әдіс-тәсілдер

«Кластер» , «жалғасын тап» , «кім жылдам»

Құндылықтарды дамыту

шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті тапсырмалар орындау барысында


Пәнаралық байланыс

қазақ тілі мен әдебиеті

АКТ ны қолдану дағдылары

Компьютер,интерактив тақта

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары


Сабақтың басы




















Сабақтың ортасы










Ширату жаттығуы орнымыздан тұрып бір-бірімізге жақсы көңіл күй тілейміз


Сабақ тақырыпты ашу үшін : «мозайка»әдісі арқылы суретті жинайды /сурет Абай Құнанбаевтың суреті./

Кез  келген  адам  Абайдың  өлеңі  мен  нақыл   сөздерін   оқығанда «Шіркін,  мен де  сондай  болсам ғой !»- деп  армандайтыны  шындық. Абай ел ішіндегі күншілдік, өтірік, өсек, жалқаулық сияқты ұнамсыз жайларды сынады.

Сабақ мақсатын ашу үшін сұрақ қоямын.

Сұрақ: Абай Құнанбаев кім ?

«Кластер» әдісін қолданып А.Құнанбаевтың кім екенін анықтайды Ағартушы

философ

ақын

аудармашы

кемеңгер

реформатор

композитор

саяси қайраткер

қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы Топқа бөлу.топқа /қима қағаздарға домбыра кітап қалам суреттерін орындық артына жасырылған сол қағаздарды алып әр бала өз орнына отырады.

Picture 3 Picture 2

1-тапсырма «Абайды тану»

І домбыра тобы

Абай Құнанбаевтың «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін жатқа айту.

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы,

Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс келсін айналасы

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол-ақынның білімсіз бишарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі хаят ,хадис сөздің басы,

Қосарлы бәйітмысал келді арасы.

Қисыны мен қызықты болмаса сөз,

Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Мешіттің құпта оқыған ғұламасы,

Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.

Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар ,

Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын сырты күміссөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап ,

Мақалдап айтады екен,сөз қосарлап.

Ақындары ақылсыз, надан келіп,

Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,

Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.


Дескриптор :

-өлеңді мәнерлеп айтады

-өлеңді толық айтады






ІІ кітап тобы

А.Құнанбаевтың адамгершілік ғылым білімге арналған 32-қара сөзін жатқа айту

ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗ

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен  табылмас.

Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.  Шала мейір шала байқайды.

Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден  де  қашық болмайды.

Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі   деген   төрт   нәрсе   бар.   Содан   қашық   болу   керек.   Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде  бұлар болмайды.

Дескриптор :

-қара сөзді мәнерлеп айтады;

- қара сөзді толық айтады.



ІІІ қалам тобы


А.Құнанбаевқа арналған көрініс қою

Абайдың Көкшеге айтқан оқиғасы:

Автор/1-оқушы/: Бір күні Абай мен Айгерім және Абайдың шәкірттері шәй ішіп отырған кезде, бір шәкірті сыртқа шығып кетеді,біраз уақыт өткен соң қайтып келеді.

Шәкірті(2-оқушы) Абайға қарап: Абай аға мен жаңа сыртқа шыққан кезімде көкшені көрдім,ол маған сізге келгенін айтты, - деп сөзін тоқтатып дастархан басына қайта отырады. Сосын қойшы басын иіп сәлем береді.Басында жыртық тымағы , үстінде жыртық тоны бар, алқам салқам тоңған кісіге ұқсайды.

Абай әлгі кедейге тесіліп қарап Айгерімнен :мынау кім- деп сұрайды

Айгерім(3-оқушы): Бұл менің қойшым, қыста қой бағуға жалдаған едім.

Абай(4-оқушы) :Айгерім сенің өзің қойды жақсы көресің ғой,қой баққан кісіні жалаңаш қалдырғаның не?! Ал тоңған, ашыққан кісіде ақыл-қайрат бола ма?!Бұл да өзіңдей адам емеспе ?! мен осында 3 кун болып Семейге қарай жол жүремін, Семейге кеткен кезімде мына қойшының киімін бүтінде.

Айгерім(3-оқушы): Жарайды, мен киім тіктіртейін деп жатыр едім, тезірек тіктіртейін.

Автор/1-оқушы/: қойшы шайға тойып дастарханнан алшақтаған соң Абай(4-оқушы) Көкшеге қарап :

Әй, көкше маған ертегі айтып берші

Қойшы(5-оқушы): Абай аға мен де ертегі бола ма? Не айтайын

Абай(4-оқушы): сені кедей кылған кім?

Қойшы(5-оқушы): : мені кедей кылған ол Құдай

Абай(4-оқушы):не?, Құдаймен бұрыннан араздық-өштігің бар ма еді?

Қойшы(4-оқушы): Жо-Жоқ ,о не дегеніңіз, Менің Құдаймен өштігім жоқ

Абай(4-оқушы): онда неге құдайдан көресің ?!

Қойшы(5-оқушы): жай мал бермеген соң айтқанымғой.

Абай(4-оқушы): Құдайдың елге үлестіріп жақан малы бар ма еді?

Автор/1-оқушы/: Абайдың айтқанынан кейін қойшы үндемей ойланып төмен қарап қалды.Абай қойшыға қарааған көзін аударып,шәкірттеріне қарап:

Міне біздің қазақтың айтатын сөзі осылай келеді. Бұл зор адасқандық. Жас шағынан жалқаулыққа салынып ала дыда, талап қылмай, талпынбай, алысқа барып, мал таба алмайды. Ондай адамдар ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайды, жоқшылықтан арылмайды,. Бұл жоқшылықты кедейлікті Құдайдан көреді. Құдай оған еңбек қылып мал таппа деппе?! Осы уақытта үлкен қалаларда, зауыттарда, жұмыс істеушіжұмысшылар бас косып байларға акымызды жегізбейміз деп айтады,олар құдайдан мал сұрамайды. Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей деген жақсы сөз бар емеспее..... сондықтан жалқауланып жата бергеннің орнына, жұмыс істеп бала шағаңды асыраңдар!!!

Шәкірті (6-оқушы): Абай аға менің түсінгенім бойынша,Жалқаулық жаман әдет, егер жалқаулыққа салынса ештенке колынан келмейді , және кедейге айналады. Сондықтан жалқаулыққа салынбай еңбек ету керек. Егер малың немесе байлығың болмаса Құдайдан емес өзіңнен көруің керек деп ойлайымын. Себебі жалқаулыққа салынған өзің боласың Құдай саған жалқаулыққа салынып жатып ал демейді, жалқауланып жаттып алатын өзіміз! Абай аға менің айтқандарым дұрыспа?

Абай(4-оқушы): әрине дүрыс айтасың, менің айтқан сөздерімді дұрыс түсініпсіңдер шәкірттерім.


Дескриптор :

-көрініс тақырыпқа сай қояды;

- тақырып мазмұнын ашады.


2-тапсырма «жалғасын тап» әдісі

Өлең жолдары беріледі осы өлең жолдарын жалғастыру және өлеңнің тақырыбын табу


І домбыра тобы

Бес нәрседен қашық бол, 

Бес нәрсеге асық бол, 

Адам болам десеңіз. 

Тілеуің, өмірің алдыңда, 

Оған қайғы жесеңіз. 


ІІ кітап тобы

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сенде бір кірпіш дүниеге

Тетігін тапта бар қалан


ІІІ қалам тобы

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды


Дескриптор:

- өлеңнің тақырыбын табады;

- өлең жолдарын жалғастырады.


3-тапсырма «кім жылдам» әдісі бойынша үш топ

келесі өлең жолдарын компьютерде латын графикасымен жазу/3-минут/

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.


Дұрыс жазылуы

Balamdy medresege bil dep berdim,

Qyzmet qylsyn, shen alsyn dep bermedim.

Ozim de basqa shauyp,tske orledim,

Qazaqqa qara szge des bermedim.

Ebegidi bilerlik esh adam joq,

Tubinde tynysh jurgendi teris krmedim .


Дескриптор:

-оқушы латын қаріпін біледі;

-өлеңді сауатты жазады;

-уақыт талабына сай жазады.

Интер актив тақтада және қолдан жасалған қима мозайка








Домбыра ,кітап ,қаламның суреттері






















Өлең жолдары интерактив тақтада көрсетіледі және қағаз бен алдыларына таратылады


Сабақтың соңы


Сабақты қорытындылау .Оқушылар шығармашылығы. Абайға арнауымен аяқтаймын.


Шыңға біткен шынардай асқарлы,

Ақындардың ақыны тас қамалы

Қайран елім қазағым деп толғаған,

Өлең жыр Ұлы Абайдан басталады.

Қазақ үшін ұлы ақын дана туған

Халқының қамы үшін жаратылған

Мұра ғып бойындағы бар асылын

Мыңмен жалғыз алысқан дара тұлғам

Қиыннан қиыстырған өлеңдерді

Ұрпаққа ұлағат ғой дегендері

Торқалы той құтты болсын Абай ата ,

Өлең сөздің патшасы Кемеңгері.

Кері байланыс:

Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім...........







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!