4 Жаңа сабақтың
тақырыбын ашу
«Bilimland» - пен жұмыс
(бейнефильм).
«Ойлан,тап!»әдісі (жалпы сыныпқа берілген
тапсырма,интербелсенді тақтада көрсетілген видеотаспадан
өткізгіштерді кезек-кезек жалғағанда ток мәндері әр түрлі
болатындығын анықтайды)
Проблемалық
жағдай: өткізгіштерді кезек-кезек
жалғағанда ток мәндері әртүрлі болады.
Неге?
Кедергі өткізгіштің
қандай қасиеттеріне және қалай
тәуелді?
5. Бағалау критерийін
құрылымдастыру
Мұғалім оқу мақсатын
хабарлап, бағалау критерийін жасау үшін оқушылардан бүгінгі сабақта
не үйренгілері келетінін, не білгілері келетінін сұрайды,соған
сәйкес бағалау критерийін
құрастырады.
Мұғалім әр оқушыға
саралау тапсырмаларын береді. Оқушы қажеттілігіне қарай тапсырманы
таңдайды. Тапсырманы анағұрлым ерте біткен оқушыға «қарқын» тәсілі
бойынша зерттеу тапсырмасы дайындалады. Оқушылар тапсырманы орындап
болғаннан кейін мұғалім берген үлгіге қарап жауаптарын
тексереді.
ТАПСЫРМА
№1
Мәтінмен жұмыс.
«IDEAL» тәсілі; Оқушылар проблемалық жағдаяттар берілген ақпаратпен
жұмыс жасайды.
Графиктік
органайзер арқылы «Дөңгелек үстел» әдісін
қолданамын.
Оқушылар мәтін
мазмұнындағы проблеманы анықтайды, проблеманы сипаттайды.
Проблеманың шешу жолдарын анықтайды, оған әрекет жасайды. Шешімін
қорытындылап айтады.
1топ Түрлі
өткізгіштердегі кедергілер неліктен әртүрлі
болады?
2-топ Не себепті
сымның ұзындығын ұзарту кедергінің артуына, ал қалыңдығын ұзарту-
оның азаюына алып келеді?
3-топ.Өткізгіштің
кедергісінің,меншікті кедергінің формуласын жазу және оны
түсіндіру. Реостат жайлы түсінік
айтады.
Ойлау дағдысының
деңгейі: (барлық оқушыларды оқу
мақсатына жетелейтін
мазмұн)-түсіну
Дескриптор:
-түрлі
өткізгіштердегі кедергілердің әртүрлі болу себебін
айтады
- кедергі
өткізгіштің ұзындығына тура пропорционал, ал көлденең қимасының
ауданына кері пропорционал екенін
айтады
- өткізгіш
кедергісінің, меншікті кедергінің формуласын жазады, түсіндіреді.
Реостат жайлы айтады.
Белсенді
әдіс-тәсілдер; «Дөңгелек үстел» топтық
жұмыс.
ҚБ:.топтардың өзара
бағалауы
Кері
байланыс: ауызша
беріледі.«Сендвич»
әдісі арқылы екі жақсы пікір және
бір ұсыныс айтылады
ТАПСЫРМА
2.Барлық оқушылар орындай алатын
тапсырма:«Кім жылдам?» әдісі
(кестені сәйкестендіру)Әр оқушыға төмендегі үлгідегі
кесте таратылады. Оқушылар сәйкестендіру кестесін толтыруға
тырысады. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, жұппен
бір-бірінің жауаптарын салыстырады. Соңында мұғалім берген үлгіге
қарап дұрыс жауаптарын
тексереді.
Физикалық шаманың
атауы
|
Белгіленуі
|
Өлшем
бірлігі
ХБЖ
|
Есептеу
формуласы
|
Электр
кедергісі
|
ρ
|
м2
|
ρ=
|
Меншікті
кедергі
|
S
|
Ом
|
R
|
ұзындық
|
l
|
Ом·м
|
S=
|
Қиманың
ауданы
|
R
|
м
|
l=
|
Дескриптор;
Қалыптастырушы
бағалау түрі: өзара
бағалау
Қалыптастырушы
бағалау тәсілі: «От
шашу»
Белсенді
әдіс-тәсілдер: «Кім жылдам?» әдісі жеке
жұмыс.
ТАПСЫРМА
№3.Оқушылардың басым бөлігі
орындай алатын тапсырма: «Түрткі сұрақтар»
әдісі,формуладағы физикалық
шамаларды салыстырады (әр топқа бір тапсырмадан
беріледі)
-
Егер өткізгіштің
ұзындығын 4 есе арттырса, оның кедергісі қалай өзгереді? (4 есе
артады)
-
Егер өткізгіштің
көлденең қимасының ауданын 2 есе кемітсе, оның кедергісі қалай
өзгереді? (2 есе артады)
-
Егер өткізгіштің
көлденең қимасының ауданын 2 есе арттырса және ұзындығын да 2 есе
арттырса, оның кедергісі қалай өзгереді?
(өзгермейді)
Дескриптор:
- өткізгіш
кедергісінің формуласын
біледі
- формуладан
белгісіз шаманы табады
- шамаларның тура
және кері пропорционалдығын
түсіндіреді
Қалыптастырушы
бағалау түрі: өзара
бағалау
Қалыптастырушы
бағалау тәсілі: «Басбармақ»
4. «Сатылы
есептер» әдісі арқылы есептер
шығарады.
1-есеп
1800м тереңдікте
бұрғылау үңғымасына тоқты жеткізетін сымның көлденең қимасының
ауданы 6,2мм2,жалпы кедергісі 4,7 Ом.Сымның
меншікті кедергісін
анықтаңдар.
-
Бағалау
критерийі
|
Дескриптор
|
Иә
|
Жоқ
|
өткізгіштің меншікті
кедергісінің формулаларын есептер шығару барысында
қолданады
|
1.Есептің берілгенін
жазады
2. Қиманың ауданын
ХБЖ-не айналдырады
3.Кедергінің
формуласынан меншікті кедергіні
табады
4. Формулаға сандық мәнін
қойып есептейді
|
|
|
2-есеп
Электр пешін кернеуі
220В-тық желіге жалғағанда ондағы ток күші 5А болатындай диаметрі
1,2мм2
нихром өткізгішінің ұзындығы
қандай болуы тиіс.
-
Бағалау
критерийі
|
Дескриптор
|
Иә
|
Жоқ
|
Өткізгіштің
электр кедергісінің, меншікті
кедергісінің формулаларын есептер шығару барысында
қолданады
|
1.Есептің берілгенін
жазады
2. Қиманың ауданын
ХБЖ-не айналдырады
3.Кедергінің
формуласынан өткізгіштің ұзындығын
табады
4. Ом заңын есепте
қолданады
5. Формулаға сандық мәнін
қойып есептейді
|
|
|
3-есеп
Көлденең қимасының
ауданы 05мм2
және ұзындығы 6м нихром
сымының ұштарына 40В кернеу берілген.Сымдағы ток күшін
табыңдар.
-
Бағалау
критерийі
|
Дескриптор
|
Иә
|
Жоқ
|
Өткізгіштің
электр кедергісінің, меншікті
кедергісінің формулаларын есептер шығару барысында
қолданады
|
1.Есептің берілгенін
жазады
2. Қиманың ауданын
ХБЖ-не айналдырады
3.Кедергінің
формуласын қолданады
4. Ом заңын қолданып
ток күшін табады
5. Формулаға сандық мәнін
қойып есептейді
|
|
|
Ойлау дағдысының
деңгейі; (Оқушылардың басым бөлігінің оқу
мақсатына жетелейтін мазмұн
)-қолдану.
Белсенді
әдіс-тәсілдер: «Сатылы есептер»
жұптық
жұмыс.
Саралау; нәтижеге байланысты және
қолдау көрсету арқылы.( бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау
көрсетемін және ынталандыру)
5. Тапсырманы
анағұрлым ерте бітіріп қоятын оқушыларға арналған саралау
тапсырмасы
Тапсырма (жеке
жұмыс) «Қарқын» тәсілі
Кейбір оқушылар
орындай алатын тапсырма
Эксперименттік
тапсырма
Тізбектегі ток күшін
бірқалыпты өзгерту үшін неліктен сырғақты реостатты
пайдаланады?
Оқушы тізбекке
реостат жалғап эксперимент көрсетеді.Тізбекке қосылған сым
бөлігінің ұзындығын өзгерте отырып, тізбектің кедергісін және
ондағы ток күшін де өзгертуге болатынын айтады.Аспаптың көлемін
кішірейту үшін сымды керамикалық цилиндрге тығыздап орайды. Әр орам
бір-бірінен сымды қаптап тұрған окалин қабатымен оқшауланған.
Орамның жоғары жағына жылжымалы контактісі бар білік орнатылған.
Жылжымалы білік орам сымдарына үйкелу нәтижесінде сымды қаптаған
окалин қабаты түседі. Орам сымдарындағы электр тогы жылжымалы
контакті арқылы білікке
өтеді.
Бағалау
критерийі
|
Дескриптор
|
өткізгіштің электр
кедергісінің, меншікті кедергісінің физикалық мағынасын жәнереостат
туралы ақпаратты біледі
|
-Реостат жайлы
ақпаратты біледі
-реостатты тізбекке
қосады
- шартты белгісін
айтады
-тізбектегі ток
күшін
бірқалыпты өзгерту
үшін сырғақты реостатты
пайдалануды
біледі
|
Қалыптастырушы
бағалау түрі: өзін-өзі
бағалау
Қалыптастырушы
бағалау тәсілі: үлгіге қарап
бағалау
Кері байланыс түрі:
өзіндік рефлексия
Кері байланыс:
БББ кестесі (Оқушылар бүгінгі сабақ
бойынша түсінгендерін
айтады)
Білетінім
|
Білдім
|
Білгім
келеді
|
|
|
|
Рефлексия: Оқушылар стикерге
бүгінгі
сабақ туралы өз
ойларын жазып көңіл-күй смайлигіне
жабыстырады.
«Сұрақтары бар қорап
әдісі»;Кабинетте қорап қойылып,оған
оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады.Бұл сұрақтар
келесі сабақтың басында
талқыланады.
Үйге
тапсырма: 1. Электр кедергісінің
физикалық мағынасын
түсіндіріңіз
2. Өткізгіштің
кедергісіне және меншікті кедергісіне арналған формуланы
түсіндіріп, түрлендіру
жасаңыз
3. Меншікті
кедергінің әртүрлі өлшем бірліктерін пайдаланып, олардың арасында
байланыс орнатыңыз
|