«Отпен ойнама,
балақай!»
(тәрбие сағаты)
Сабақтың тақырыбы: «Отпен ойнама,
балақай»
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға оттың пайдасы мен зияны туралы
түсіндіру.
2) Сөйлеу тілін, ойлау дағдысын, дүниетанымын
кеңейту.
3) Отпен ойнамауға, үлкеннің тілін алуға
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті
суреттер
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, сурет
салу.
Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру. Қонақтармен
амандасу.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын
айту.
ІІІ. 1) тақтамен
жұмыс.
-
Мына суреттен нені көріп
тұрсыңдар?
-
Отты.
-
Ал, балалар, оттың қандай пайдасы
бар?
-
Отпен тамақ істейміз, үйімізді
жылытамыз.
-
Ал, енді оттың зияны туралы не
білеміз?
-
От қатты лаулап жанса, өрт болуы мүмкін. Өрттің
кесірінен қаншама адамдар үйінен, тіпті өмірінен айырылып қалуы
мүмкін.
«От - дос, от – жау» сөзінің мағынасын
сұрау.
2) Жұмбақ шешу.
- Ал енді, мен сендерге мынадай жұмбақтар
жасырамын. Кім шешуін табады екен? Ойланып, жауап
берейік.
Бір нәрсе төрт бұрышты білесіз
бе?
Жаны жоқ қимылдауға
денесінде.
Ішінде жансыз шоқпар тығулы
тұр,
Қажетін кешке жақын білесіз де.
(сіріңке)
Жаурағанды
күлдірер,
Аяғы жоқты
жүргізер.
Өз еркіне
жіберсең,
Дүниені бүлдірер.
(от)
Үй үстінде ақ аю билейді.
(түтін)
3) Ситуациялар шешу. (көрініс түрінде
көрсету)
- Бақдәулеттің ата – анасы жұмыста болатын. Ол
үйде жалғыз қалды. Бір кезде оған досы Қаршыға
келді.
- Бақдәулет не істеп
отырсың?
- Сабақ қарап
отырмын.
- Сабақты қайтесің, одан да екеуіміз
ойнайық.
- Жарайды.
Екеуі ойнауға кіріседі. Бір кезде Қаршыға
қалтасына қолын салып, сіріңкені алып
шығып:
-
Бақдәулет, мынаны қара, менде сіріңке бар. Қане,
сіріңкемен от жағып көрейік.Қызық болатын шығар? Екеуі от жағуға
кірісті. Содан от қатты жанған кезде екеуі шошып, үйден қаша
жөнелді.
-
Ал, балалар, айтыңдаршы Бақдәулет пен Қаршығаның
істегені дұрыс па?
-
Балалар пікірі
тыңдалады.
Екінші ситуацияны мұғалім оқып
береді.
4) Өртке байланысты ережелермен
таныстыру.
Сіріңке балаға ойыншық емес.
Үйде үлкендер болмаса, электр жабдықтарын қоспа.
Сіріңкені қалтаға салып жүргенді әдет қылма.
Үйде өрт болған жағдайда, әке – шешеңе немесе көршіңе
хабарлас.
Өрт сөндіруге қарсы «101» телефонына қоңырау шалу
керек.
5) Сабақты бекіту. Сабақ бойынша алған әсерлерін
сурет арқылы көрсету.
ІY. Сабақты
қорытындылау.
Сіріңкемен ойнама,
балақай!
Мақсаты: Оттың
тілсіз жау екенін ұқтыру. От та алапаттардың бірі. Сондықтан одан
сақтанудың жолдарын үйрету. Өрттің табиғатқа, адамдарға әкелетін
зардабын түсіндіру. Өрт өшіретін құралды пайдалануды үйретіп,
жаттықтыру.
Қажетті
материалдар:
1. Өрт туралы
плакаттар, суреттер.
2. Мақалдар
жазылған газеттер.
1.Ұйымдастыру:
Тәрбие сағатына оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата – аналар, басқа
мұғалімдер және өрт сөндіруші маман
қатыстырылады.
2.Тәрбие
сағаты: Мұғалім тәрбие сағатына қатысып отырған қонақтармен
таныстырып, тәрбие сағатының мақсатын айтып
кетеді.
1.Мұғалімнің
кіріспе сөзі.
«От өмірімізге
қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ.
От жағылмаса, тамағымыз да піспейді. Ал тамақ ішпесек, бойымызға
қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылық
қасиетіміз жоғалады. Біздің ата – бабаларымыз шөбі көп жерді, отты
жер деп бекер айтпаған.
Отты жер –
қуатты жер. Мал біткенге күш – қуат беретін жер. От болмаса, үйдің
берекесі кетеді. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған. Тұратын
үйін – отау, үй иесін – отағасы деп атаған. Бәленше ауылда бәленше
түтін бар деп үй санын оттан шығатын түтінмен теңестірген. «Түтін
түтетіп отыр» деген сөздер де осыдан қалған. «От басына өрт салма»
дегендегісі бір үйлі отбасында шу шығарма дегені
болады.
Отсыз тоңып,
жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмай қалады. Сонымен от –
өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі – өрт қаупін
шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн сияқты. Өзіміздің
ұқыпсыздығымыздан немесе сауатсыздығымыздан кейде өрттің қалай күш
алып кеткенін де байқамай қалып жатамыз. «Сақтанғанды құдай
сақтайды» деген нақыл сөз бар. Сондықтан біз өрттің басталғанынан
кейін емес, басталмағанына дейінгі жұмыстарды тындыруымыз керек –
ақ. Яғни, өрттің шығу тетіктерін зерттеп, болдырмауға барлық білік
– дағдыларымызды жұмсауымыз керек.
1-оқушы: От
жақпа, күйерсің,
Өртеніп
жүрерсі
Сіріңкені
ұстасаң,
Бәлеге сен
түсерсің.
2-оқушы: Оттың
ісі қуырма
Желдің ісі
суырмақ.
Қазір жанған
жалынды
Алып – ұшып
қуаламақ.
1-жүргізуші:
Газ – ережесін жаз.Ас үйге бірінші сән беретін газ плитасы.
Көгілдір от тұрмыс – тіршілігімізде көп орын атқарады. Десек те,
оны ұқыптап ұстап, жаға білуіміз керек. Газ плитасын таза ұстау
керек. Қажеті жоқ кезде газдың баллонында тұрған репродуктордың
тетікшесін жабу керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер
байқалғандай болса, газ бөлімшесінен арнаулы мамандарды шақырған
дұрыс.
2-жүргізуші:
Электр. Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – электр.Электор
–жарық көзі. Электор-жылу көзі. Электр көзін ажыратуды ұмытпау.
Электр жүйесіне ешқандай затты қоспау. Егер де электр приборлар
бықсып жанған, күлімсі иісін сезгенде, оны тез арада құрғақ ағашпен
ажыратады.
1. Бықсып
жанған от енді,
Алып ұшып
жөнелді.
Өшірем деп
ұмтылған,
Балаларға
көнбеді. Өрт жаңадан басталғанда сумен өшіреді. Кей кезде құмменде
өшіреді. Ал адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса
топыраққа ауынап өшіреді. Егер қасында адам болса матамен орап отты
тұншықтырып өшіреді. Газ плитасы тұрған бөлмені жиі – жиі желдету
керек. Егер газдің күлімсі иісі сезілсе сіріңке жағуға да, электр
жүйесінде қосуға болмайды.
Мақалдар: От
басына өрт салма
Ойын түбі –
от
От жақпа
пісерсің,
Ор қазба
түсерсің.
Сурет
салу:
Қорытындылау.
Сонымен біз от
пайдасы мен оның қаупін білдік. Өрт қауіпсіздігін еске түсіріп
білімімізді жаңғырттық.