Материалдар / Оттекті органикалық қосылыстар. Эфирлер Ашық сабақ 11-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оттекті органикалық қосылыстар. Эфирлер Ашық сабақ 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі замандағы ең актуальды мәселелердің бірі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2021
844
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар. Эфирлер

Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Жай және күрделі эфирлер туралы түсінік, жай және күрделі эфирлердің гомологтары, олардың алынуы, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері және қолданылуы



Дамыту: Сабақ барысында оқушылардың химиялық сауаттылығын жетілдіру.

Органикалық заттар өсімдік, жануар және адам ағзаларын құрайтын заттар, сол заттардың тірі ағзалардың тіршілік етуіне мүмкіндік беретін және оларда жүретін процесстердің негізгілері-органикалық заттардың химиялық реакциялары, демек органикалық химия-тіршілік химиясы екенін ұғындыру. Тақырыпқа байланысты әртүрлі иновациялық ойындарды қолдану арқылы оқушыларды топпен және өз бетімен ізденуге үйрету, есте сақтау, ойлау, тыңдай білу қабілетін дамыту, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылық интелектуалдық еңбекке дайындау және өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту, проблемалық ойлау, әсер етуші факторларды анықтауға, зерттеу жұмысын жүргізуге дағдыландыру.



Тәрбиелік: Оқушыларды қарапайымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, өз мамандығына деген жауапкершілікті, сүйціспеншілікке баулу, намысқой, рухы биік, қиындықтан қашпайтын тұлға тәрбиелеу.



Пән ішілік байланыс: Тақырып: Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер

Пән аралық байланыс: Биология, Биотехнология, Гендік инженерия, Медициналық пәндермен


Көрнекі-құрал жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, дидактикалық материалдар ( слайдтар жасау, суреттер, видеофильмдер)


Сабақтың түрі: Теориялық сабақ

Сабақ типі: Жаңа оқу материалын үйрену

Өткізу әдісі: Химиялық формулалар, химиялық реакциялар жазу, сұрақ жауап, есептер шығару


Сабақты жүргізу хронокартасы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 15 минут

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру 20 минут

IV. Жаңа тақырыпты бекіту 5 минут

V. Оқушылардың білімін бағалау 2 минут

VI. Үйге тапсырма 2 минут.


І. Ұйымдастыру кезеңінде

Оқушылармен сәлемдесіп, оқушылардың сабаққа қатысын, сабаққа қажетті оқу құралдарының дайындығын тексеру


II. Үй тапсырмасын сұрау: Ұйге тапсырма: Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер, Фенолдар, Альдегидтер, Карбон қышқылдарын қайталау




Үй тапсырмасын сұрау:


  1. Бір атомды спирттердің құрамы мен құрылысы

  2. Бір атомды спирттердің алынуы

  3. Бір атомды спирттердің физикалық қасиеттері

  4. Бір атомды спирттердің химиялық қасиеттері

  5. Бір атомды спирттердің қолданылуы

  6. Көп атомды спирттер туралы түсінік


  1. Фенолдардың құрамы мен құрылысы

  2. Фенолдардың алынуы

  3. Фенолдардың физикалық қасиеттері

  4. Фенолдардың химиялық қасиеттері

  5. Фенолдардың қолданылуы


  1. Альдегидтердің құрамы мен құрылысы

  2. Альдегидтердің алынуы

  3. Альдегидтердің физикалық қасиеттері

  4. Альдегидтердің химиялық қасиеттері

  5. Альдегидтердің қолданылуы


  1. Карбон қышқылдары құрамы мен құрылысы

  2. Карбон қышқылдпары алынуы

  3. Карбон қышқылдары физикалық қасиеттері

  4. Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері

  5. Карбон қышқылдарының қолданылуы


III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:


  1. Жай эфирлердің құрамы мен құрылысы

  2. Жай эфирлердің атаулары

  3. Жай эфирлердің алынуы

  4. Жай эфирлердің физикалық қасиеттері

  5. Жай эфирлердің химиялық қасиеттері

  6. Жай эфирлердің қолданылуы


Эфирлер жай және күрделі болып бөлінеді.



Жай эфирлер

Жай эфирлер молекуласындағы екі көмірсутек радикалы оттек атомы арқылы байланысқан қосылыстар. Жай эфирлердің жалпы формуласы: R — О — R'.

Жай эфирлерді су молекуласындағы екі сутек атомының орнын алкил топтары басқан қосылыстар деп қарауға болады. Формулада екі радикал бірдей немесе әр түрлі болуы мүмкін. Әр түрлі радикалдары бар эфирлерді аралас эфирлер деп атайды.

Атаулары

Жай эфирлер оттек атомымен байланысқан көмірсутектердің аттары бойынша аталады. Егер екі бірдей радикал болса, ди- қосымшасы қосылады.

CH3-O-CH3 - диметил эфирі

CH3-O-C2H5 - метилэтил эфирі

Жай эфирлердің оттекпен байланысқан радикалдар бойынша изомерлері болады. Сонымен қатар жай эфирлер жалпы формуласы СnН2n+2O бойынша спирттерге изомер болып келеді. С4Н10О-ның изомерлері:

СН3 — O — CH2 — CH2 — CH3 - метилпропил эфирі

CH3 — CH2 — O — CH2 — CH3 - диэтил эфирі

Алынуы

Жай эфирлер табиғатта кездеспейді, оларды синтездік жолдармен алады.

Минерал қышқылы қатысында спирттерді молекулааралық дегидратациялап алады:

С2Н5ОН + НОС2Н5 → С2Н5 - О - С2Н5 (диэтил эфирі)

Алкоголяттарды галогеналкилдермен әрекеттестіріп алады:

C2H5ONa + СН3І → С2Н5 - О - СН3 + Nal (метилэтил эфирі)

Физикалық қасиеттері

Жай эфирлердің бастапқылары (диметил және метилэтил эфирлері) газдар, диэтил эфирінен бастап оңай буланатын сұйық заттар, жоғарғылары — қатты заттар, өздеріне тән иістері бар. Эфирлер өздеріне сәйкес спирттерге қарағанда едәуір төмен температурада қайнайды. Мысалы, этил спирті мен диметил эфирінің молекулалык құрамы бірдей — С2Н6O. Этил спирті сұйық зат 78,3°С-та қайнайды, ал диметил эфирі газ -24°С-та қайнайды. Мұның себебі, эфирлер молекуласында молекулааралық сутектік байланыстың болмауынан. Эфирлер суда нашар ериді, судан жеңіл. Эфирлер табиғатта кең тараған маңызды қосылыстар.

Химиялық қасиеттері

Жай эфирлер — инертті қосылыстар. Олар гидролизденбейді. Концентрациялы күкірт қышқылын қосып қыздырғанда, олар сульфат түзеді:

С2Н5—O—С2Н5 + H2SO4(конц.) → C2H5O-SO2-OC2H52O (диэтилсульфат)



Қолданылуы

Диэтил эфирі — түссіз сұйықтық, өзіне тән иісі бар, ұшқыш, тез от алғыш. Жұмыс істегенде сақ, болу керек. Оны сақтаған кезде пероксидтер түзіледі. Суда нашар ериді (6%, 20°С). Әр түрлі органикалық қосылыстар диэтил эфирінде жақсы ериді, сондықтан еріткіш ретінде қолданылады.
Медицинада этил эфирі 
наркоз ретінде және жүрек қызметін күшейту үшін пайдаланылады. Өндірісте жасанды талшық алуда және түтінсіз оқ-дәрі жасауда қолданылады.



  1. Күрделі эфирлердің құрамы мен құрылысы

  2. Күрделі эфирлердің атаулары

  3. Күрделі эфирлер алынуы

  4. Күрделі эфирлер физикалық қасиеттері

  5. Күрделі эфирлердің химиялық қасиеттері

  6. Күрделі эфирлердің қолданылуы





Күрделі эфирлер

Күрделі эфирлер табиғатта кең тараған. Олар биологиялық өте маңызды қосылыстар. Гүлдер мен жемістердің құрамында күрделі эфирлер болуына байланысты олардың хош иістері болады. Өсімдік және жануарлар майлары күрделі эфирлерге жатады. Карбон қышқылдарының күрделі эфирлерін қышқылдардың карбоксил тобындағы сутек атомының орнын көмірсутек радикалы басқан сутектің немесе спирттердегі гидроксил тобының орнын органикалық қышқылдың радикалы басқан туындылар деп қарастыруға болады:

R мен R' — бірдей немесе әр түрлі көмірсутек радикалдары.
Күрделі эфирлер кіші және үлкен молекулалы, қаныққан, қанықпаған, ароматты қышқылдар мен спирттерден түзілуі мүмкін. Күрделі эфирлерді спирттер мен бейорганикалық қышқылдарды әрекеттестіріп те алады.

RCOOH + R-OH = RCOOR1 + HOH

Атаулары

Күрделі эфирлердің аттары олардың құрамына кіретін қышқылдар мен спирттердің қалдығынан құралады. Халықаралық номенклатура бойынша қышқылдың атына спирт радикалының атын қосымша етіп, -оат жалғауын жалғап атайды:

H - COOC2H5 - құмырсқа қышқылының этил эфирі (этилформиат немесе метилметаноат)

CH3 - COOC2H5 сірке қышқылының этил эфирі (этилацетат немесе этилэтаноат)

Алынуы

1.Күрделі эфирлер көбіне табиғи өнімдерден алынады.

2.Этерификация реакциясында карбон қышқылдары мен спирттерді минерал қышқылдар қатысында әрекеттестіріп, нәтижесінде, күрделі эфир мен су түзіледі. Эфирлену реакциясы кезінде карбоксил тобының гидроксилі мен спирт молекуласындағы сутектен су молекуласы түзілетіні реакцияға изотоптар енгізу арқылы анықталды.

Этерификация реакциясының жылдамдығы қышқыл мен спирттің құрылысына байланысты. Екіншілік спирттерге қарағанда біріншілік спирттердің реакция жылдамдығы екі есе жоғары.

СН3СООН + НОСН3 = СН3СООСН3 + Н2О

С2Н5СООН + С3Н7СООН = С2Н5СООС3Н7 + Н

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!