Материалдар / Оттектің алынуы, 8сынып

Оттектің алынуы, 8сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оттектің алынуы. Практикалық жұмыстың орындалуы жазылған.8 сынып
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

8.2D Сутек.Оттек және Озон

Педагогтің аты-жөні:

Жарқынбек Меруерт Рәсілханқызы

Күні:

12.12.2023

Сыныбы: 8 А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.

3 практикалық жұмыс «Оттекті алу және оның қасиеттерін тану»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.2.2 -ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу

8.4.2.3 -оттекті алу және оның

қасиеттері мен қолданылуын зерттеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Оттектің тотықтырғыш ретіндегі қасиетін сипаттайды

Көпшілік оқушылар үшін:

Тіршілік тірегі-оттегінің физикалық қасиеттері және алу жолдарымен таныстырады

Кейбір оқушылар үшін:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Оқушылармен амандасып, түгендеймін. Оқушыларды 4 топқа топтастырамын. Жаңа сабақтың тақырыбын , мақсатын айтамын. Жаңа сабақты бастамас бұрын

өткен сабақты қорытындылау мақсатында «Дедакаэдр пішіні» әдісі арқылы қорытындылаймы.Әр топқа жеке дедакаэдр беріледі.


Оқушылар амандасып, оқу құралдарын сабаққа дайындайды. 4топқа бөлініп, топ басшыларын сайлайды.

Оқушылар дедакаэдрағы сұрақтарға жауап береді.

Дұрыс жауап берген оқушыға «Жарайсың» сөзімен ынталандыру.

Дедакаэдр пішіні

Сабақтың ортасы


Оттектің таңбасы, атомдық массасы, периодтық жүйедегі орны, қолданылуы жайында мәлімет айтамын.

Практикалық жұмыстың орындалуын интернет желісін пайдалану арқылы видео көреміз және жұмысымызды бастамас бұрын, техника қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз. Тақтаға ТҚЕ жазылған аудиороликті көрсетемін.Практикалық жұмыстың орындалуын ақ қағазға шығарып келіп, оқушыларға таратамын.Жұмысты бастаймыз.

4 топтан 1оқушыдан шығады. Техника қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, практикалық жұмысты орындайды.


Практикалық жұмыстың орындалуын, мақсатын, нәтижесін жазады.




ТҚЕ көрсетілген аудиожазба


Интернет желісінен видеоролик

Практикалық жұмыс қағазы








Оқулықпен жұмыс жасау мақсатында 4 топқа 4 есеп беріледі. Әр топтан 1 оқушы шығып, тақтаға есеп шығарады.

1.Судың айырылу реакциясын жазып, 90 г суды айырғанда түзілетін оттектің массасын есепте.

2.Сутек пероксидінен оттек алу реакциясының теңдеуін жазып, 16 г оттек алу үшін қажетті сутек пероксидінің массасын есепте.

3.Массасы 24.5 г калий хлоратын айырғанда түзілетін оттектің массасын есепте.


8 сынып оқулығы.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.Видеожазбада

ғы оттекке қатысты сұрақтарға жауап беріп, сабақты аяқтаймын.

Оқушылар өтілген сабақ туралы өз ойларын айтады. Бас бармақ әдісі арқылы сабақтың қалай өткендігін бағалайды.

Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
























3 практикалық жұмыс.

Оттекті алу және оның қасиеттерін алу

Реактивтер: сутек пероксидінің ерітіндісі, марганец (IV)оксиді.

Құрал- жабдықтар: газ алуға арналған зертханалық құрал – 1 дана. Петри табақшасы, шыра, сіріңке, спиртшам.

Практикалық жұмыстың мақсаты:

Жұмыстың орындалуы

Не байқалды?

Реакция теңдеуі

Оттек алу. Петри табақшасына сутек пероксиді ерітіндісін құямыз. Бөлме температурасында сутек пероксиді баяу ыдырай бастайды (реакция белгісі білінбейді. Ерітіндіге марганец оксидін салсақ, реакция жылдамдайды. Оксид түйіршіктері маңайынан газ көпіршіктері бөлінгені біліне бастайды. Қанша уақыт тұрса да, марганец оксиді түйіршіктері ерімейді.Яғни, марганец оксиді реакцияны жылдамдатады. Бірақ өзі өзгеріске ұшырамайды.



Оттекті анықтау.

Оттек бөлініп жатқан Петри табақшасына бықсыған шыраны жақындатамыз. Шыраның тұтанып, лаулап жанғанын байқаймыз.





Оқушының аты- жөні:______________________________________________

Сыныбы:___________















Мен ұстазбын.
Мұғаліммін.
Жұмыскер жай адаммын.
Жас өренге мейірі бай адаммын.
Космос ашқан жанкешті болмағанмен,
Ұстаз деген атаққа сай адаммын.
Ой түзейді жас ұлан маған қарап,
Бой түзейді жас ұлан маған жанап.
Шәкірт пікір ұштайды мен арқылы,
Сондықтан да төтенше маған талап.
Балаға мен әрқашан сая жаймын.
Асылымды бойда бар аямаймын.
Өреннің де қан құям жүрегіне,
Бағуандай гүл күткен аялаймын.
Ұландарым ұятым, ар - намысым,
Бала менің қуатым, алданышым.
Өткен түнім ұйқысыз, күлкісіз күн
Жас өреннің қанатты арманы үшін.
I
зденісім, еңбегім, тебіренісім,
Ақыл - ойым, жігерім жер жемісім
Бәрідағы балаға оқушыма,
Ұстаз тұтып соңыма ергені үшін.
Шәкірт менің мәртебем,
Мен баспалдақ.
Мен арқылы шырқасын ол аспандап.
Мерейленем,
Бой сергіп жасарамын,
Жас ұланға ақ жарқын жол ашқанға - ақ.
Мектеп ана,
Мен аға оқушы үшін.
Ардақты атпын көңілге ой тоқушы үшін.
Алтын әріп мен болам бала ойында,
Өзі айтпаса,
Оны сен оқырмысың?!
Айтады олар әр жерде аға атын,
Бола біл тек жанына от жаға алатын.
Мұғалімнен өмірлі адам бар ма,
Бір өмірге мың өмір жалғанатын.
Жалғанады мың өмір мұғалімге.
Ақиқатты жалтармай ұғамын де.
Жақсы шәкірт — теңдессіз үлкен сыйлық,
Шапалақ соқ, қол ұсын мұғалімге.
Армысыздар, бар әріптес, қазыларым,
Сайыскерлер сайыста сынар бағын.
Кетейін мен өзімді таныстырып,
Көрермен қошеметпен қабыл алғын.
Көп уақыт болмаса да тәжірибем,
Еңбегімнің жемісі нәтижелі.
Қыр – сырын осы қиын мамандықтың,
Игеріп келемін мен күннен – күнге.
Әр баланы зерттеуде жеке дара,
Атқарып жүрмін түрлі іс пен шара.
Үнемі жүргіземін оқушылармен,
Әртүрлі тақырыпта тәрбие шара.
Сондықтан еңбек еткен үлкен күшпен,
Аянбай оқып ылғи ізденіспен.
Ізденгеннің мұратқа жетері анық,
Сайыстардан келермін мен жеңіспен.
Жасымда ұстаз деп соқты жүрегім,
Түсіне білем баланың тәтті тілегін.
Есімім - Ақгүл, ұлтым - Қазақ білсеңіз,
Қызметтегі мамандардың бірі едім...!
Әрқашан да Елдік Алғы көштегі,
Салғаным бар күш - Қызметкерлік істегі.
Бағым сынау, жетілу мен даму.
Сайысқа қатысудағы мақсатым да осы еді.
Ел ертеңі - өскелең ұрпақ - балада,
Сол ұрпаққа тәрбие берудемін...
Осы күнге дейін қанша жыл өтсе арада,
Сонша жыл тыным таппай келудемін.
Туған айдай толықсып туған айдай.
Келіп тұрмын сайысқа толған айдайын.
Кіші жүзден, Алтынбай руы ұрпағымын.
Жүсіптің қызымын Гүлжандай.
Болғам бүгін аяулы жар ардақты ана,
Екі ұлым, бір қызым бар құшағымда.
Жас маман боп атанамын бұл күні мен
Намысымды қолтығыма қысамын да.
Ағылшыннан беремін сабақ талай
Кетейін өр мінезімді сабақтамай.
Намысым бар бойымда батылмын да,
Келгенім жоқ білімімді жасақтамай...

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ