Материалдар / Отыз жылда біз жеткен жетістіктер мен болашақта бағындырар белестер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отыз жылда біз жеткен жетістіктер мен болашақта бағындырар белестер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 30 жылда жеткен жетістіктері мен болашақта алға қойған мақсаттары, бағындырар белестері туралы мазмұндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2021
557
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отыз жылда біз жеткен жетістіктер мен болашақта бағындырар белестер



Қазақстан – Еуразия материгінің қақ ортасында орналасқан, жер қойнауы қазба байлықтары мен бағалы металдарға толы, дүние жүзінде жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын алпауыт мемлекет. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың арманы болған, талай тұлғалардың маңдай терінің жемісі, бостандық үшін жан аямай толассыз күресіп жеткен басты құндылығымыз -Тәуелсіздікке қол жеткізіп, жетпіс жыл бойғы Кеңестік жүйенің құрсауынан босап шыққанына биыл отыз жыл толады. Осындай аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның негізін қалап, әлемнің өзге де дамыған мемлекеттерімен терезесі тең дәрежеде болуына Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегі, даналығы мен көрегендік қасиеттерінің арқасында қол жеткіздік. Бұған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың « Елбасы Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан болар едік»- деген сөздері дәлел.

Қазақстанның отыз жылда жеткен жетістіктері туралы сөз қозғағанда ең алдымен қазақ еліне сансыз қайғы-қасірет әкелген «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлықты, 1994 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Ядролық қарудан бас тарту туралы шартқа қол қоюын айта кеткім келеді. Осылайша Қазақстан өз еркімен қауіпті қарудан бас тартқан әлемдегі алғашқы ел атанды. АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен саммитте Н.Назарбаевтың жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі Жер шарындағы бейбітшілікті сақтау, өзге мемлекет басшыларының бүкіл адамзат баласының болашағы алдындағы жауапкершілік сезімдерін оятып, ядролық қарудан бас тарту арқылы соғысты болдырмау туралы шаралар жасауға шақырған игі бастама болды. 1992 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды. Дәл осы жылы еліміздің егемендігінің, тұтастығының нышаны болып табылатын мемлекеттік рәміздер туралы Заңға қол қойылды, Қазақстанның Қарулы күштері құрылды. Арада бір жыл өткеннен кейін тұңғыш Ата заңымыз қабылданып, ұлттық валюта – теңге айналымға енді. Сонымен қатар Қазақстан ТМД елдерінен және мұсылман халықтарының арасынан алғашқы болып Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастығы Ұйымына төраға болып сайланды. 2011 жылы Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі, әлемдік және дәстүрлі дінбасылар съездерінің Астана қаласында өткізілуі Қазақстанның әлем елдерінің алдындағы беделін біршама көтере түсті. 2012 жылы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәртебесі Қазақстанға берілді. Бұл оқиға күллі әлем назарын Қазақстанға аударды. Елімізге миллиондаған туристтер келді, өзге елдермен достық қарым – қатынастар нығая түсті. Көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» қазіргі жаһандық өзекті мәселені, яғни пайдалы қазбалар мен ресурстарды үнемді тұтынып, оны баламалы энергия көздеріне ауыстыруға шақырды.

Еліміздің қай салада болмасын жеткен жетістіктері аз емес. Қазақ спорты тарихындағы ең жарқын сәттердің бірі – 2012 жылғы Лондон олимпиадасы болды. Бұл кезде Қазақстан спортшылары жарысқа қатысушы 200 мемлекеттің арасында 12-орынды иеленіп, бұрын соңды болмаған жетістіктерге қол жеткізді. С.Сәпиев, А.Винокуров, И,Ильин, О.Рыпакова, М.Манеза, З.Чиншанло сынды спортшыларымыз Лондон төрінде Қазақстанның көк туын желбіретті. Әуесқой бокстағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мемлекетіміздің абыройын асқақтатып жүр. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында медаль алған алғашқы қазақстандық спортшы, Қазақстан спортының әлемдік деңгейде дамуына үлкен үлес қосқан талантты спортшы Денис Теннің есімі мәңгі жүрегімізде. Д.Құдайбергенов, Е.Максим, Д,Тулешова, «Grammy» премиясын иеленген алғашқы қазақстандық, отандасымыз Иманбек Зейкенов музыка индустриясында Қазақстанды әлемге танытуда.

Болашақта бағындырар басты белестердің бірі – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі. Халқымыздың өмір сүру жағдайының артуы,тұрғын үйлер, сапалы жолдар салу, жұмыссыздықты болдырмау, адам құқықтарының қорғалуы, қауіпсіздік, сөз еркіндігі, медицина, білім, мәдениет саласында зор жетістіктерге жету, экономикасы тұрақты мемлекет болу. Сонымен қатар болашақта еліміз туризм саласының дамуына көп көңіл бөледі деп үміттенемін, өйткені бұл ел экономикасының маңызды бөлігі. Баянауыл, Көлсай көлдері, Алтай таулары, Шарын шатқалы, Үстірт, Бурабай, Қайыңды көлі сияқты табиғатымыздың қайталанбас сұлу өңірлері кімді де болсын таңқалдырмай қоймайды. ХХІ ғасырдағы дамыған елдің басты көрсеткіші – білімді, белсенді, бәсекеге қабілетті азаматтар. Ел болашағы- білімді жастар қолында. Сондықтан еліміздегі білім беру жүйесінің сапасын жақсартуда ауқымды жұмыстар атқарылуы тиіс деп ойлаймын. Оқу орындарында жаңа оқыту бағдарламаларын қолдану, заманауи технологиялармен жабдықтау, білікті мамандар даярлап шығару маңызды. Осы салаға болашақта мен де өз үлесімді қосатын боламын. Еліміздің егемендігінің негізгі белгісі - мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейтіп, одан әрі дамытуға әрбір қазақстандық атсалысуы керек. Өйткені тілсіз елдің, халықтың өмір сүруі мүмкін емес. Сан ғасырлар бойы қазақ ұлтының тарихының, мәдениетінің ұйытқысы болған тіліміз басты байлығымыз екенін ұмытпайық!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!