Материалдар / Оян қазақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оян қазақ

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Алаш арысы Міржақып Дулатұлының өмірбаяны (бейнебаян) 2.«Оян қазақ» өлеңі 3.М. Дулатұлы туралы 10 дерек (бейне ролик) 4. «Бақытсыз Жамал» романы туралы монолог
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Оян қазақ (М.Дулатұлының туғанына 138 жылдығына орай)


Мақсаты : а) Міржақып Дулатовтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау;

ә) өлеңнің, сөздің астарына, қыр-сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу;

б) оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға, ойын еркін айтуға, өз пікірін қорғап, айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;


Жоспары:

1.Алаш арысы Міржақып Дулатұлының өмірбаяны (бейнебаян)

2.«Оян қазақ» өлеңі

3.М. Дулатұлы туралы 10 дерек (бейне ролик)

4. «Бақытсыз Жамал» романы туралы монолог

5. Осы қозғалыстың басында халық арасында бес арыс атанып үлгерген қазақ зиялыларымыздың таңдаулы өлең жырлары.































Жүргізуші:

Алыстан Алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -

Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!- деп жырлаған «Алаш» қозғалысының көсемдерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, жалынды ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың ұлты үшін жасаған қызметтері, шығармашылығы бүгінгі қазақ әлеміне жақсы аян.


-Алаш арысы Міржақып Дулатұлының өмірбаяны (бейнебаян)

Жүргізуші:

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас- ты.


Бердалы Айбану

Адулла Шұғыла


-«Оян қазақ» өлеңі

Оянқазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
Алашағың аз ба мына дүниеден,
Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!

Оянқазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!
Ауырыңды арқала да, алға бас,
Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!

Мен 
қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,
Ер мінезбен өр рухқа болма жат.
Ортасына жалғыз орыс кіргенде,
Орыс тілде шүлдірлейді он 
қазақ.

Аталардан қалған асыл мұрамыз –
Туған жердің қақ төрінде тұрамыз.
Азаттығы ұмытылған ұлт болып,
«
Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз.

Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз,
Сұмдық сіңген сүйекке де – Қараңыз!
Тойланады мерекеміз жат жұртша,
Ойланады өзге тілде баламыз.

Құранды да, Құдайды да сүймейміз.
Сұлу көрсек ,оңашаға сүйрейміз.
Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз,
Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз.

Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз,
Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз.
«Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз,
Бірақ оның не екенін білмейміз.

Дүниенің пайдасына пысықпыз.
Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз.
Бауырларға арыстанбыз, барыспыз,
Басқаларға бас игенде – мысықпыз.

Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз,
Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз.
«Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп,
Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз.

Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып,
Селтеңдейміз әуейі боп ән салып.
Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде,
Өлгендерге әуреміз там салып.

«Қаным таза, жаным таза» дегенмен,
Көш соңында қалып қойдық неге елден?
Мойындаған күллі адамзат неміз бар?
Не шығардық ел ынтыққан, еленген?

Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп,
Ғарышты да игеруде бұрын кеп.
Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде
Белесебет жасай алар білім жоқ.

Шіренгенде үзеңгіні үземіз.
Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз.
Оралманға одырая қараймыз,
Келімсектен дірілдейді тіземіз.

Ертегіге есігін кең ашқаның,
Ертеңіне қатырмайды бастарын.
Қонағы би жаман үйдің тұрғыны,
Шеттерінен шел басқан көз, месқарын.
Құдай берген мұнай, көмір, мысың да,
Біздікі емес, билігінде басқаның.

Сырт көзге сыр бермегенмен тайраңдап,
Ақылымыз ашып бітті айран боп.
Қамқор Алла сақтамаса біздерді,
Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ.
Оянқазақ! Ойлан, қазақ!…

Жүргізуші:

Я, алла! Ғаламыңды жаратқаның,
Жүзіне махлұқтарды таратқаның,
Өндіріп бір адамнан мұнша халық,
Әлсізді күштілерге қаратқаның.


-М. Дулатұлы туралы 10 дерек (бейне ролик)


Жүргізуші:

«Қыз байғұс қолға түске сандуғаштай,

Торында өмірі өтер кілтін ашпай.

Сатады мал көп берген кісі болса,

Кетеді жылап сорлы қарсыласпай..

Бас бостандығы жолында белсенiп әрекетке шыққан қыздың тағдыры көрсетіледі.

Балқия пьесасы , «Бақытсыз Жамал» романы туралы монолог

Shape1

Жамал өзінше бір әдемі, сұлулық, көркемдік мектебінен өтеді. Ата-ана, ауыл-аймақ, дәстүрлі салт-сана әсеріне қоса, кітаби тәрбие жаңа буынның өкілі болып жетіле бастайды. Өзі де жанынан өлең шығаратын дарынды бойжеткен болып көзге түседі, зеректігімен, ақыл-көркімен, шешендігімен ауызға ілінеді.

Сөйткен Жамалдың мойнына қыл тұзақтай болып, әкесі Сәрсенбаймен Байжан арасындағы құдалық келісімі оралсын. Бұрынғы жақсы күндер көрген түстей ғайып болды. Қайғылы, азалы, мұңлы шақ. Сорлы анасы Шолпаннан өзге қол ұшын берер ешкім жоқ. Билік арманы ес ақылын билеп алған әкесі Сәрсенбайды тоқтатар күш жоқ сияқты. Сөйтіп, жұтып, запыран құсып, дерттеніп:

Мен қайран атам малға сатқанына,

Бір тазды жалпақ елден тапқанына.

Аты өшіп, тумай кеткір Жұман деген

Мал беріп мені өзімсіп жатқанына, -

деп көздің жасын көлдетіп жүргенінде, бір тойда жас, оқыған, сыпайы, сұлу жігіт Ғалимен танысады.


Ғали :

Жақсы қыз баға жетпес бір гауһар тас,

Он алты, он жетіге жеткенде жас.

Жанаттың пісіп тұрған алмасындай,

Қол жетсе, қандай жігіт ләззат алмас.

Жамал:

Сөйле, тілім, шешіліп осындайда,

Құрбыларымен бір жерге қосылғанда.

Отырмассың үнемі төрде бүйтіп,

Еріксіз-ақ қоярсың тосылғанда

Осылай бір-бірімен той үстінде өлең арқылы танысқан екі жас ғашық боп, тез тіл табысып, араға көп уақыт салмай, алма-кезек хат жазысып:

Бір сенсің ғашық отын сөндіретін,

Кім бізді ықтиярсыз көндіретін.

Өлсек шұқыр бір болсын, шықсақ төбе,

Айырмалық болса да өлтіретін.

Бір алла жалғыз өзі болсын айғақ,

Тұралық уағданы бекем байлап,

Сен үшін бір басымды еттім құрбан,

Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап, -

деген Жамал сөздері келіскен тұжырымдай болады.

Жүргізуші:

Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан

Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
Қой бағып қасқыр қашан опа қылған,

Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес,

XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде

оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;

жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;

қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;

оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;

үкімет оқу ісіне кіріспеуі;

мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;

ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.

газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік — деп көрсетілген.

Осы қозғалыстың басында халық арасында бес арыс атанып үлгерген қазақ зиялыларымыздың таңдаулы өлең жырлары.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Талап пен ақыл

Талап деген бiр жүйрiк тұлпар сынды‚
Бабын таппай мiнгендi қылар жынды.
Тауға ұра ма басыңды, тасқа ұра ма,
Ал ендi оған кiсi қайтiп мiндi?

Талап шапса ақылға мiнiп алып,
Жақсы, жаман – бәрiне бiрдей салып.
Анық ақыл адымын аштырмайды,
Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938жж.)

ҚАЗАҚ ТIЛI

Күш кемiдi, айбынды ту құлады,

Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.

Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

 

Қыран құсты қос қанаты қырқылды,

Күндей күштi күркiреген ел тынды.

Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!

 

Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —

Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...

Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,

Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!



Жүсіпбек Аймаутов (1890-1931ж.ж.)

Ұран

Қазағым, қақтықпа, қамалма!
Ел болар қамыңды амалда!
Кетті түн, атып таң, шығып күн,
Сал малды, сал жанды, аянба!
Мал баққан, жай едік,
Қаны жат, тілі жат, діні жат
Жат елден таяқты жеп едік.
Жатқа жем бай едік, жатқан ел едік,
Бейнетті көп тартқан ер кен едік,
Бағын жоқ биліктен кім едік,
Партия сұрқия, қым-қиғаш,
«Басы аман» көп надан сен едің.

өзегімді өртеген.
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,
Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай?
Өткен сағым, келер алдың бір мұнар,
Қызылшылсың қызарғанға тым құмар.
Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар,
Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!
Қандай едің, қара кейін қайырылып,
Қандай едің, тұрсың одан айрылып.
Мүгедек боп қос қанатың майрылып,
Өксіп жылап өгей ұлша, елім-ай!

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937ж.)

Қазақ қалпы”өлеңі

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!
Алаштың адамының бәрі мәлім:
Кім қалды таразыға тартылмаған?
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
Жақсылық өз басынан артылмаған.
Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.





Жүргізуші:

«Арғы атам ер түрік,

Біз қазақ еліміз.

Ат мінсек ерленіп,

Дуылдап шабамыз.

Лап десек, ерленіп,

Лапылдап жанамыз!...»деп Жахаңның өлеңімен жігерленіп ұрандатып бара жатқан келешектің жастары. Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі “Тіл құралы” екенін ұмытпасқа керек деп Мәржақып Дулатовұлының ұлағатты сөзімен аяқтаймын.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!