Материалдар / Ою-өрнек туралы түсінік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ою-өрнек туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда көркем еңбек пəнінің мұғаліміне өзін-өзі тану пəнімен біріктіріп өткізуге қажетті сабақ жоспары берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Маусым 2018
814
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Өзін-өзі тану» пәнімен интегарцияланған

Оқу шеберханаларындағы практикум сабағының жоспары


Колледж: Қарағанды гуманитарлық колледжі

Педагог: Төребаева Г.Р.

Тақырып: Ою-өрнек туралы түсінік

Құндылық: сүйіспеншілік, ақиқат

Қасиеттер: бәрін жақсы көру, ізгілік, аянбай қызмет ету;



Сабақтың мақсаты: Студенттерді қазақтың ою-өрнегімен, оның тарихымен, мағынасымен таныстыру. Ою-өрнек арқылы ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұрасын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

1. Қазақ қолөнері туралы мәлімет беру, ұлттық өнер түрлерімен таныстыру, қолөнер туындыларын өз бетінше зерделеуіне бағыт-бағдар беру арқылы қыз балаларды әдемілікке, сұлулыққа, еңбексүйгіштікке баулу, өнерге деген қызығушылықтарын ояту.

2. Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру, мәдени шежірені түсіндіру арқылы студенттердің шығармашылық, әдемілікті сезіне білу қабілетін, талғамдарының жоғары болуын, өз бетінше жұмыс жасау шеберлігін шыңдап дамыту.

3. Өз халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге, елін, жерін, Отанын сүюге, қоршаған ортаға мейірімділікпен қарап, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (өзін-өзі тану сабағының әдістерін пайдалану)

Жағымды әсер туғызу үшін, «Өмірдің кереметтерін тамашалап, өзіңді қуанышқа бөле» тақырыбындағы бейнематериалды қолданамын:

Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек бейнематериалдағы адамның даусын ғана естіп тұрсыз. Сөз аяқталған соң, әдемі әуен басталғанда көзімізді ақырын ашып әлем кереметтеріне назар салайық.

Үй жұмысын тексеру:

Халқымыздың сүйікті ақын қызы Ф.Оңғарсынованың өлеңінен үзінді.

Түрін-ай текеметтің асыл қандай!

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай,

Келе ғой қошақаным өзіме деп,

Әжем кеп сыйпағандай шашымнан жай.

Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,

Тұрғандай ана көңілі тербеп мені.

Жан бітпей жайраңдады жан-жағымнан,

Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.

Үй тапсырмасы бойынша текемет, сырмақ неден жасалады және оған қажетті шикізатты қайдан аламыз? (студенттер жазған конспектілерін әңгімелеп береді)

«Өзі үшін ғана еңбектенген адам азап шегеді. Басқалар үшін еңбек еткен адам олардың қуанышына ортақтасады». Иоганн Гете. Бұл нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? (ойланайық, пікірлесейік)

«Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгімесін айтып беру.

Ертеде бір әділ хан болыпты. Соның жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою-өрнек, кесте, бастырма, тоқыма, оймыш, бедіз, тігін, шекіме, құйма өнерлерін меңгергені сонша, үйлерінің іші-сырты, киім кешектері, жиһаздары мен бұйымдары, құрал-саймандары, қару-жарақтары түгелдей оюланған әрі өрнектелген әсем де көрікті екен және олар бір-бірімен ою тілінде де сөйлесе алатын болыпты. Сол себептен бұл ел басқарушысы – ою хан деп аталыпты.

Жылдардың бір жылында бөтен елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды орнынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол ескі салт, көне дәстүр, байырғы әдет, ежелгі өнер, бұған дейінгі мәдениет белгілерінің бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты. Бірақ ескі оюдың орнына жаңа ою таба алмапты. Жаңа дегеннің бәрі ұзаққа бармай ұмыт бола береді. Бұрынғы өнердің, сол өнерді жасаушы шеберлердің көбі азайып, жоғалуға айналыпты.

  • Уа, хан-ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп бара жатырсыз,-деп жөн айтқанның да, айтпақ болғанның да, тіпті ондай адамдармен сыбайлас екен дегендердің де көзін жоя беріпті. Сондықтан да оны халық Жою хан деп атапты.

Бұл кезде зынданда жатқан Ою хан жағдайдың бәрін естіп-біліп жатады.

Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолындағы аң атаулыны түгел қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ойына алғанын істеп келе жатқанда бір үкі мұның бетіне шапшиды. Бала жанталаса ажыратып үлгергенше үкі оның екі көзін ойып жібереді.

Ешнәрсе көре алмай тентіреп келе жатып бір жардың басынан құлап, көлге батып өледі.

Бұл кезде Жою хан баласын іздеу салып жатқан еді.

  • Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын,-деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды.

Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге өзінің баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып жолға салады. Ою хан дәрі-дәрмегін, құрал-сайманын алып орманды аралап келе жатып бір тастың астына:

  • Жойылсын, Жою хан!-деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қалса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұртышқан жатады. Ою дереу аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді.

  • Осылайша жолында кездескен жаралы аң-құстың бәрін емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкіні дәрілеп: «Жою ханның баласын көрдің бе?» деп сұрайды.

  • Қ атыгез хан баласы жолында кездескен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралап, балықты құрлыққа тастап, бәрін қайта айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені ол жаралағанның бәрі Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр,-дейді үкі. Болған жайдың шындығына көзі жеткен Ою хан үйіне оралып, оқиғаның желісін сырмақ бетіне түсіреді де, әлгі сырмақты Жою ханға алып жүреді. Мұны көрген аш-жалаңаш халық соңынан ереді. Хан сарайына келген соң Ою хан оюлы сырмақты Жою ханның алдына тастайды. Сырмақтың оюы көз жауын алатындай көрікті, бояулары адам жанын баурап алатын сиқырлы болады. Жою хан сырмақтың оюына қарап ойланып ұзақ отырып, алдағы оқиғаны іштей былайша тарқатады.

  1. Б алам, биік-биік тауларды асып,


  1. Терең-терең сулардан өтіп,


  1. Қалың жыныс орманды аралап,


  1. Күндіз де, түнде де талмай жүрген екен.


  1. Жүрген жолдарда ол ұшқан құстармен беттесті.









  1. Бұғымен кездесті





  1. Тау тағысы арқар да жолығыпты





  1. Жорғалаған тышқандар да қарсы келгенге ұқсайды.




  1. Сорлы балам жолбарыспен арпалысыпты.








  1. Балыққа да ұшырасыпты....





  1. Айдын көлге де түсіпті.








  1. Қ айран ұлым, алып күштің иесі екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпаныңа неге көрсетпедің? Тірімісің, өлімісің?










  • Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухқа, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?

Кенет Жою хан атып тұрып:

  • О, жалған! Менің жалғыз ұлым шынымен өлгені ме? Өлтірем!!!-деп қылышын суырып алып Ою ханға төнеді. Ою хан саспастан Жою ханның алдында өз айтқанын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, ханның өз жарлығы өз басын алуға себеп болады. Ал Ою ханды ел-жұрт ақ кигізге орап, хан көтеріп, ақ түйе сойып ұлан-асыр той жасапты. Көп ұзамай ел еңсесін көтеріп, төл өнерін қайта жандандыра бастапты.

Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған болар.

Сұрақтар:

  1. аңыз әңгімедегі Ою хан мен Жою ханның адамгершілік қасиеттері қандай болған?

  2. Жою ханның баласына тап берген үкінің әрекетін қалай бағалайсыңдар?

  3. Осы аңыз барысында кімнің жасаған әрекетіне тәнті болдыңдар және ол сендерге қандай әсер қалдырды?

Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақтың мазмұнымен интеграциялау)

Ою-өрнек өте ежелгі өнер. Бұдан бір-екі жүз жыл бұрын адамдар табиғатқа қазіргіден гөрі мүлдем өзгеше қараған болатын. Табиғат олардың анасы еді, ол адамдарды асырайтын, киіндіретін, емдейтін, сонымен бірге, құрметтеп, күтпегені үшін жазалап та ала алатын. Адамдар табиғатқа табынатын. (балалар қазіргі замандағы біздің жағдайымыз осылай ма? неліктен? Табиғаттың күрт өзгеруіне не себеп болды және оның алдын-алу үшін не істеуіміз қажет)

Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Ою белгілі бір затты ою (тас, темір, ағаш, сүйек, былғары, тері, қағаз, мата). Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа келтіріп, тігіп, жапсырып, әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.

Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру.
Мысалы: көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды.

Симметрия дегеніміз – ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы: көбелектің екі қанатындай.

Колорит дегеніміз – ою-өрнектің бояу түрлерінің ою-өрнектің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.

Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы.

Ритм дегеніміз – ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі

Оюшы шебер іскерлігімен қатар аталып, құрметтелетін, өнерде өзіндік орны бар адам. Ол өзіне дейінгі дәстүрді ою-өрнектің бүкіл сырын толық меңгеріп, оны одан әрі дамытушы.

Қуанышын да, қайғысын да жан-жануар, аң, құс, ай, жұлдыз, күн, тау, тас т.б. байланысты деп түсінген көшпелі қазақтардың сол сезімдері қолөнер туындыларында да қалыс қалмаған. Дәл бейнесін бермей-ақ, кейбір сипаттары арқылы таным-түйсіктерін баян етіп отырған. Бертін келе осы өрнектердің кейбір ұқсастығына қарай атауларға ие болған.

Ою-өрнек түрлері төрт топқа бөлінеді

1.Өсімдік тектес ою-өрнектер.

2.Жануар тектес ою-өрнектер.

3.Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.

4.Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнектер.

Ғалым, өнертану ғылымының кандидаты, Құрман Мұратаевтың ою-өрнекті зерттеу жұмыстарындағы 4 бағыты:

1 . Дөңгелек, бұл адам баласының космогоникалық ұғымынан туған, әлем кеңістігінен алынған ай, күн, жер, т.б. негізі. Оған қоса шеңбер (дөңгелек) – үзілмес бағыт, мәңгіліктің нышаны.







2 . Ілгекке ұқсас бөлігі – «өмір жолы». Адам баласы дүниеге келгеннен кейін дөңге де шығады, ойға да түседі. Мәшһүр Жүсіп Көпеев атамыз айтқандай: «Бұл дүние бір күн базар, бір күн мазар».



3. Төрт құбыла – дүниенің төр бұрышы (атам қазақ дүниенің қай бұрышында жүрсең де амандық тілеумен өткен).





4 . Үшбұрыш (тұмарша). Жер үсті аспан болса, онда үшбұрышымыз аспан, жер, су белгісіне келетін сияқты. «Аспаның ашық болсын, суың таза болсын» деген тілектер қазақта көп айтылады.





Қазақтың ою-өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек. Халқымызда «Өз үйінде ою оймаған адам, кісі үйінде сызу сызады»- деген мақал бар. Осы мақалдың өзі ою оймаған кісінің өзге өнерді де игере алмайтындығын көрсетеді.

Шығармашылық жұмыс: студенттерді үш топқа бөліп, «қошқармүйіз», «тікмүйіз» және «қосмүйіз» оюларын ойғызып, мағынасы мен қолданылу аймағы жайында түсіндіреді және ою-өрнек, шеберлік, өнер туралы мақал-мәтелдер айтады. (мұғалім студенттердің ойын толықтырып, мақал-мәтелдер төңірегінде ой қозғайды)

  1. «Қошқармүйіз» ою-өрнегі байлық пен молшылықтың нышаны. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының көшпелі өмір салтымен байланысты туған. Қошқармүйіз оюы неше түрлі формада қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі. Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне салып тоқуға болады.

  2. «Тікмүйіз» бұл мүйіз дөңгеленіп иірілмей, тікбұрыш жасап барып, кейін қайтуына байланысты аталған. Бұл ою құрлардың шетіне, алашаға салынады.

  3. «Қосмүйіз» - мүйіздің қосарланып тоқылуына байланысты аталған. 15 жіптен шығатын қосмүйіз ою көбінесе желбауға салынады да, 25 жіптен шығатын түрлі туырлықтың құрына тоқылады. Нендей затқа салса да, ұзына бойы қатар бейнеленеді.

1. Өнер сыры – өрнекте.

2. Ою ойғанның ойы ұшқыр.

3. Ою ойған сызу да сызады.

4. Оюы көптің өрнегі көп,

Өрнегі көптің ермегі көп.

5. Өнерсізден құт қашады.

Үйге тапсырма: Өз ойларымен оюдың жаңа үлгісін жасау және жасалу кезіндегі идеяларымен бөлісу.

Сабақтың қорытынды сәті: Студенттерді 3 топқа бөліп:

1-топтың тапсырмасы: Ою-өрнек дегеніміздің терең мағынасын ашу (Ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді.)

2-топтың тапсырмасы: Ою-өрнек пен өнердің арасындағы байланыс жайында (Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы.)

3-топтың тапсырмасы: Ою ойған адамның бойында кездесетін қасиеттер (Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!