Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Өз балаңа үлгі бол»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 27.09.2017
Қатысушылар: 1 сынып ата-аналары.
Өтілетін орны:
Тақырыбы: «Өз балаңа үлгі бол»
Мақсаты: мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Музыка ойнап тұрады(ата-аналар кірген кезде)
Армысыздар Құрметті ата-аналар!!!
Бірінші қыркүйек күні балаңыз бірінші сыныпқа барды. Сіздердің әрқайсыңыз бақытты ата-ана болғыңыз келеді, яғни өз балаңызбен мақтанғыңыз келеді. Және біз бәріміз мектепке дайындық кезеңі мен оқудағы алғашқы айлар қиын кезең екенін жақсы білеміз. Бала үшін бірінші сынып бұл расында да үлкен өзгерістер уақыты. Мектеп өміріне бейімделу кезеңін әр бала басынан өткереді. Көптеген пайда болған қиындықтар уақыт өте жоғалады.
Мәселен: мектепке барудың бірінші кезеңінде баланың жағдайы нашарлауы мүмкін. Олар тынымсыз, беймаза, ашуланшақ, гипербелсенді немесе тым енжар болып кетуі мүмкін. Физикалық жағдайы нашарлауы мүмкін. Бірақ уақыт өткен соң (біреуде ерте, біреуде кеш) барлығы қалпына келеді. Сондықтан да баланың мектепте білім алуға бейімделуінің ерекшеліктерінің зерттеулеріне арналған психология мен педагогиканың атқарған жұмыс көлемімен танысып, құлақ түргеніңіз маңызды.
«Амандасу»жаттығуы
Жылы-жылы жүзбенен,
Маңдайыңнан сипайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшағыма қысайын
Құрметті ата-аналар алдарыңызға қарасаңыздар салфетка мен қайшыны байқап тұрсыздар. Қазір мен айтқан бойынша тапсырманы мұқият орындауларыңыз сұралады. (салфетканы қолымызға аламыз,оң жақ бұрышынан жартылай қиямыз,енді сол жаққа қарай қиямыз,қайта оң жаққа қиямыз,енді түзу қиямыз)
Енді қарайық не пайда болды?не шықты?
Қарап отырсақ бәріміздікі неге әр түрлі шықты деп ойлайсыздар?
Сол сияқты балалардың бейімделуіде де әр бала әр түрлі,әр уақытты қашан етеді.
Екінші СЛАЙД ( сценариді асықпай оқуға болады)
Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау , және баланың кім және қандай болып өсетіні оның жетістіктеріне байланысты.
Ата-аналарға бейімделу мерзімі бірнеше айға созылып кетуіне дайын болуы керек. Балаға көмек керек және бірінші кезекте ол өзіне ең жақын ата-анасының қолдауына мұқтаж. Сол себепті де ересектерге бар күш-жігерімен баласына қолдау көрсетуге талпынуы керек.
Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?
-
Мектепте жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, белгіленген ережелер мен тәртіпке бағыну.
-
Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібін өзгерту, бала тәртібіндегі өз бетінше әрекеттердің пайда болуы, бұйрықты өз-өзіне қызмет көрсету арқылы орындау
-
Бала өз құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі: бала басқалар сияқты оқи аламын ба, менімен балалар дос болады ма, мені түрлі сөздермен не істерімен ренжітпейді ме деп уайымдай бастайды.
Үшінші слайд (слайдтарды санағымен айтпаңыз, кезекті слайд деп айтыңыз, сценаридегі текст слайдпен сәйкесетіндей етіңіз, бұл үшін алдын-ала дайындалыңыз)
Бала өміріндегі орын алып жатқан өзгерістер кезінде ата-аналар төмендегілерді естен шығармауы тиіс:
-
Бірінші сынып оқушылары өте әсершіл болып қала береді;
-
Тез ашуланғыш келеді;
-
Тез шаршайды;
-
Олардың зейіні құбылмалы болады;
-
Тәртібі сыртқы жағдайға байланысты
Балалар әлі ұжымда жұмыс істей алмайды. Мектептегі үйренбеген жағдай барлығына бірдей әсер етпейді: бірінде психологиялық қысым пайда болса, екіншісінде тәбеттің, ұйқының бұзылуы, ауруға қарсы тұру күшінің бәсеңдеуі сияқты физикалық қысым пайда болады. Бұл жағдайға ескермесе баланың жағдайы күрт төмендеп жұмыс істеу қабілеті нашарлап, оқуға деген қызығушылығы төмендеуі мүмкін. Егер Сіз бен Біз баланың жаңа жағдайын, олардың жас ерекшелігін ескеріп тапқырлық танытсақ біздің балаларымыз бейімделу кезеңін оңай еңсереді.
Бірінші сыныпты болашақтың жетістіктеріне бастау алаңы болуы үшін не істеу керек? Бірінші сынып оқушысы ата-аналарының ата-аналық
Төртінші СЛАЙД
Видео ролик (кречащие родители)
Ата-анаға кеңес
Бірінші кеңес: ең бастысы, сізге қажетті – өз балаңызға көбірек көңіл бөлуіңіз.
Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.
-
Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!
-
Балаңызды мұқият тыңдаңыз: сонда балаға қандай көмегіңіз қажет екенін, мұғаліммен не жайында сөйлесу керектігін, баланы мектеп жанында қалдырғаннан кейінгі оның шынайы жағдайы қандай болатынын түсінесіз.
-
Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек: Үй шаруасымен яки теледидар көрумен немесе компьютермен сөйлесу сәттеріне араластырмай балаға бөлек уақыт бөліңіз.
Есте сақтаңыз: бала сіздің махаббатыңызға өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады
Егер балаңыз оның барлық іс-әрекетіне, оны ойландыратын жәйттарға сіздің қызығушылығыңызды байқаса, ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді.
Бесінші слайд
Екінші кеңес: баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын мадақтап, дамытыңыз.
-
Мектептегі жағдайға және балаңыздың қамына шынайы қызығушылығыңызды білдіріңіз.
-
Оның жетістіктерін атап, оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз. Оның әрбір жұмысынан мақтауға тұрарлық нәрсе таба біліңіз.
-
Есте сақтаңыз: «Жарайсың!», «Сен сондай керемет орындадың!» сияқты мақтау мен рухани қолдаулар баланың зияткерлік жетістігін айтарлықтай арттырады.
Алтыншы слайд
Үшінші кеңес: балаға жаңа өмір тәртібіне енуге көмек беріңіз.
-
Балаңызбен мектептегі тәртіп пен қағидаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен пайдалылығын түсіндіріңіз.
-
Балаңызбен бірге күн тәртібін жасаңыз және оның орындалуын қадағалаңыз.
-
Бірініші сынып оқушысы үшін күн тәртібі аса маңызды. Бала өмірінде одан жинақылықты, тәртіптілікті талап ететін міндеттер пайда болды. Күн тәртібі – еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, жаңа өмір жағдайына үйренуге көмек береді.
-
Есте сақтаңыз: күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді әрекеттермен, зияткерлік және әрекеттің физикалық түрлерін алмастырып отыру қажет.
-
Компьютердегі ойын мен түрлі бағдарламалар санын азайтуды (сапасына көңіл аударыңыз) қадағалаңыз.
-
Балаңызбен бірге үй тапсырмасының орындалуы уақытын қадағалаңыз (бірінші сыныпта оқуды қосқанда -1-1,5 сағат ), Сондай-ақ ұйқы уақытын (толықтай демалыс үшін ұйқы уақыты 9-10 сағат болуы тиіс) бақылаңыз.
Күн тәртібін сақтауға дәрігерлер де кеңес береді, себебі, ол бала қозғыштығы мен ашуланшақтығының бірден-бір емі. Жұмыс істеу қабілеті күн бойына бірдей емес. Гигиенист дәрігерлер жұмыс істеу қабілеттілігінің арту кезеңі 8-11 аралығы, 16-18 түс қайта, содан соң жұмыс істеу қабілеті күрт төмендейді. Сол үшін үй жұмысын орындауды кешкі уақытқа ысыру жемісті болмайды.
Бала мектепке тек психологиялық тұрғыдан ғана емес физикалық тұрғыдан да үйрене бастайды. Көптеген балалар бірінші сыныпта алғаш рет танертең бір уақытта тұру мәселесіне тап болады. Мектеп уақытымен оқушы 3 -6 сағат белсенді сабақ оқиды. Алты-жеті жаста мұндай ауыртпалық ересек адамның қауырт жұмыс күніне тең. Мектеп басталған уақытта баланың омыртқа, көру, есту нерв жүйесіне түсетін жүктің ауыртпалығы күрт күшейіп кетеді.
Егер сіз бұған дейін күн тәртібін сақтамаған болсаңыз, оны жәйлап енгізуге тырысыңыз. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз уақытылы және созылмалы ұйқыны қажет етеді. Оқушыға күнделікті бір уақытта ұйықтауға үйренуге көмек беріңіз. Баланы мектептен келе үй тапсырмасын орындауға отырғызбаңыз. Балаға демалып алуға уақыт қажет. Бұл оқу процесі үшін де маңызды. Демалыс уақытын ми «жаңа білімді керек таяқшаларға енгізу» пайдаланады. Өзімізге жұмыс күнінен кейін керек шамалы уақыт тыныштық пен демалыс балаға да керек. Балаңыздың денсаулығына қараңыз , себебі мектепте алғаш білім алудың бірінші айларында күн тәртібіндегі қателіктер бұрынғыдан қарағанда күрделі нәтижесін береді.
Жетінші слайд
Төртінші кеңес: мектеп шаруалары мен бала қиындықтарына байланысты сабырлы болуға тырысыңыз
-
Бала мектептен келді – оны бірден сұрақ астына алуға асықпаңыз, бойын еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның ренжіген күйін байқасаңыз, біраз уақыттан соң сабырлы әңгіме барысында оның ренішіне не себеп болғанын ақырын білуге тырысыңыз.
-
Есте сақтаңыз: бала үшін бір нәрсені білмеу және жасай алмау қалыпты жағдай. Ол сол үшін де – бала, мұнымен оны жазғыруға болмайды. Кінәлау баланың өзін-өзі бағалауын төмендетеді, өзіне сенімділігінен айырады.
-
Сіздің балаңыз мектепке оқу үшін келді. Адам оқуды бастағанда кейбір нәрселер ойдағыдай бола бермейтіні анық. Баланың қателесуге құқы бар.
Ата-ананың сабырлығы мен сенімділігін көріп бала мектептен қорқудың қажеті жоқ екенін сезінеді.
Ойын «Көңілді ән»
Менің қолымда домалақ жіп тұр.Қазір мен жіпті қолыма іліп алып өзімнің оң жағымда тұрған көршіме жіпті өлең айта отырып ұсынамын : «Балнұр,сенің топта сенің болғаның қандай жақсы».... Ары қарай жалғастырамыз.Міне,жіп қайта айналып өзіме келді,бәрімізді біріктірді.Біздің достығымыз нығая түсті,көңіл күйіміз бұрынғыдан да көтерілді.
Сауалнама: «Өз балаңызды қаншалықты білесіз?» тарату.
Кері байланыс: «Бестік» кері байланыс
ҚАҒАЗДЫҢ БЕТІНЕ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДЫҢ САУСАҚТАРЫН АЙНАЛДЫРА СЫЗЫҢЫЗДАР.
Әр саусақтың – өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз оларыңызды айтасыздар.
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық
Сұқ саусақ – маған қиын болды
Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады
Төртінші саусақ – менің көңіл күйім
Бесінші саусақ – менің ұсынысым