Материалдар / «Өз жеріңді танып біл»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Өз жеріңді танып біл»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өз жеріңді танып біл»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2021
1296
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Өз жеріңді танып біл»
Мақсаты: Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" ұлттық идеясын болашақ ұрпақтың санасына сіңіру, оқушылар бойында патриоттық рухты дамытып, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін, танымдық белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі:
Барысы:
1. Ұйымдастыру.

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін суреттер қиындылары таратылады. Құрастырылған суреттер бойынша топтастырылады.

1-топ «Динамо» Қазақ Республикалық клубы

2-топ «Family» саябағы

3-топ «Сайран» халықаралық автобекеті

4-топ Н. Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театры

5-топ. Қазақстан жазушылары кітапханасы

6-топ. «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сынып сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын.  “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының көтерген жүгі ауыр. Елбасының мақаласында айрықша атап көрсетілгендей,барлығы ел жастарына арналған.

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Сенің туған өлкеңнің атауы?

  • Туған өлкеміз туралы не білеміз?

  • Сенің ауданың қалай аталады?

  • Алматы қаласы неше ауданға бөлінеді?

Алматы – әсем қала

Алматы – Қазақстанның ең ірі, ең әдемі қаласы. Халқының саны жағынан да ол – Қазақстанның ең ірі шаһары. Алматы – мәдениет пен ғылымның, өнердің орталығы. Қала әсем Алатаудың баурайында орналасқан. Алатаудың аясында, көркем шыршалар көмкерген әйгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ спорт кешені бар. Алматының символы – әлемде сирек кездесетін атақты апорт алмасы.

Қазақ елінің белгілі музейлері мен театрлары, концерт залдары да осы қалада орналасқан.

Әкімшілік-территориялық құрылымы. Қала 8 ауданға бөлінген: Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб, Алатау, Наурызбай.

Біздің аудан – Әуезов ауданы.

- М.Әуезов кім? М.Әуезов туралы не білеміз?

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушысы –Мұхтар Әуезов. Ол – қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман-эпопеяның авторы, шын мәніндегі тұңғыш драмалық шығарма жазушы.Әлем әдебиетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға.

28.09.1897жыл М. Әуезов қазіргі Семей обылысының Абай ауданында дүниеге келген.

Атасы Әуез Абаймен сыйлас болған. Атасы Әуездің тәрбиесінде өскен бала Мұхтар сауатын Абайдың қолжазба өлеңдерін оқып, жаттаумен ашқан.

1936 жылы 15 жыл жазған 4 кітаптан тұратын әлемге әйгілі “Абай жолы” трагедиясы дүниеге келді. Абай романына 1949 жылы Сталиндік сыйлық, Абай жолы эпопеясына 1959 жылы Лениндік сыйлық берілді. Әуезов Абай арқылы қазақ халқын әлемге танытты.

Әуезов ауданы Қаз. КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен 1972 жылдың 10-шы наурызында құрылды. 2002 жылдың наурызында ауданның 30 жылдығы тойланды. Алматы қаласы бойынша Әуезов ауданы халық тығыз орналасқан аудандардың бірі болып табылады және қаланың бас жоспарының функционалдық аймақтарға бөлу деңгейі бойынша, қаланың батыс бөлігінде орналасқан. Тиісінше, аудан экономикасы көбінесе қызмет көрсету мен сауда саласы негізінде көрсетілген (60 % астам). Ауданның аумағы 23,5 ш. км. Жалпы халық саны 288437 адамды құрайды.

Жоғары және арнайы оқу орындарының саны – 15. Оның ішінде Радиоэлектроника мен байланыс әскери-инженерлік институты, НАРХОЗ университеті секілді іргелі жоғары оқу орындары бар.

Әуезов аудандық мемлекеттік меншік нысанындағы жалпы орта білім беретін ұйымдар саны – 25. Осы мектептердің қатарында біздің Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында атауға болады.

  • Біздің мектебіміз туралы не білеміз?

86 мектеп-гимназиясы 1977 жылы мектептің іргетасы қаланды. Мектеп 1980 жылдан бастап алғашқы қазақ мектептерінің бірі болып ашылды, 1992 жылы гимназия ретінде жұмыс жасап келеді.

І. Саяхат. Үй тапсырмасы.

Әр топ өз бекетінің атауы туралы мәліметтерімен таныстырады.

1-топ. «Динамо» Қазақ Республикалық клубы

2-топ. «Family» саябағы

3-топ. «Сайран» халықаралық автобекеті

4-топ. Н. Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театры

5-топ. Қазақстан жазушылары кітапханасы

6-топ. «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты

  • Динамо» Қазақ Республикалық клубы жүзу бассейні

  • "Сайран" халықаралық автовобекеті 1983 жылдан бастап жолаушыларды тасымалдау жұмысын атқаруда.

  • «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-гі – Қазақстан Республикасындағы ірі нан пісіру кәсіпорындарының бірі. 1987 жылы негізі қаланған. «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-гі күніне 150 тоннадан астам өнім шығарып, 1000-нан аса жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге әлеуметтік жеңілдіктер беріледі.

  • «Family» саябағында Әуезов ауданының мәдени іс-шаралары өтеді.

  • Қазақстан жазушылары кітапханасы 1962 жылы құрылған. 2000 жылға дейін орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №13 кітапханасы деп аталған. 2000 жылдан Алматы қаласы әкімінің шешімімен Қазақстан жазушылар кітапханасы деп аталады. 60000-нан аса кітап қоры бар.

  • Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театры 1944 жылдың 6 қыркүйегінде ашылды.



ІІ. «Кім тапқыр?»

  1. Алматы қаласының қазіргі елтаңбасында не бейнеленген?

  • Артқы көріністе тау шыңдары бейнеленген, гүл тістеген барыста 8 аудан бейнеленген.

  1. Әуезов ауданының негізі қай жылы қаланды?

  • 1972 жылы

  1. 1972 жылы салынған, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте спорттық кешенін атаңыз?

  • Медеу

  1. Алматы маңында, Іле Алатауының жанында орналасқан тау шаңғылық курорты қалай аталады?

  • Шымбұлақ

  1. 2017 жылы 28-ші қысқы Универсиада  жарыстары өткен спроттық кешендерді ата.

  • Алматы Арена

  • Халық Арена

  • Атлетикалық қалашық

  • Медеу” мұз айдыны

  • Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы

  • Шымбұлақ” тау-шаңғы курорты

  • Сұңқар” халықаралық трамплиндер кешені

  • Алатау” шаңғы және биатлон кешені

  • «Табаған» ойын-сауық кешені

  1. Мақалды жалғастыр.

  1. Туған жердің ... да шипа. (ауасы)

  2. Сағынған адам ... аңсайды, (елін)

Сарыала қаз көлін аңсайды

  1. Атамекен — ... екен, (анаң)

Қысылғанда панаң екен.

  1. Бөтен жердің гүлінен

  2. Туған жердің ... . (тікені артық)

  3. Отанды сүю – ... басталады. (отбасынан)

ІІІ. «Туған жерге тағзым» ән-шашу.

А.Бекбосын «Мен таулықпын». М.Мақатаев.

Хор. «Атамекен»

  • Айналайын!Атамекен, Ақ мекен!

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!

Туған өлке тәтті екен ғой, Тәтті екен!- деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай туған жеріміз, атамекеніміз біз үшін әрдайым ыстық.Өз жерімізді әрқашан қастерлейік, сүйейік, болашағына үлес қосайық.

Рефлекция. Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!