Материалдар / "Өз жеріңді танып біл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өз жеріңді танып біл"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға керек деп есептеймін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
3484
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Өз жеріңді танып біл»

Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.Өз ауданын танып білуге үйрету.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру,ойын
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер,шарлар, Түрксіб ауданынының суреттері
Тәрбие сағатының барысы:

Ауданым менің еңселі-ТҮРКСІБ,

Болашағы ертеңім-ТҮРКСІБ,

Көркейтіп келген сен жайлы-ТҮРКСІБ,

Күйіңді толық шертемін-ТҮРКСІБ.

-Өлең не жайлы?

-Ауданымыз жайлы

Мұғалім сөзі:

-Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.Біздің мақсатымыз айқын,бағытымыз белгілі,ол-әлемдегі 30 елдің қатарына қосылу.Біз мақсатымызға жету үшін,санамыз ойымыздан жүйрік болуы тиіс.Яғни одан бұрын жаңғырып отыру керек.Әрбір Қазақстан азаматы өзінің туған жерін,елін,ауданын жақсы білуі тиіс.

-Ендеше біз өз ауданымыз жайында сіздермен ой бөлісейік.

-Біз, сіздермен алдыңғы жексенбі күні өзіміздің Түрксіб ауданының ең көрікті жерлеріне саяхат жасаған болатынбыз.Сол саяхатқа барған жерлерімізді сіздермен бөлісейік.(Алдын ала оқушыларды ұйымдастырып,Түрксіб ауданындағы Халықаралық Әуежайға,Темір жолға, «Март» ойын-сауық орталығына, мектепке келген сәттерімізді бейнекөрсетілімге түсіріп аламын.Интербелсенді тақтадан бірінші болып, Халықаралық Әуежай шығып тұрады,оқушылар интербелсенді тақтадан бейнекөрсетілімді көріп,ой бөліседі, ұшақтың гүрілдеген дауысы естіледі)

-Қане кім ұшаққа отырғысы келеді?

(Ұшаққа отырғысы келген оқушыларды ортаға шығарып,,екі қолын жайып биікке самғаймыз.Сол кезде бірінші ұшқыш болып мұғалім бастайды,соңынан 5 оқушы ретпен ұша жөнелеміз,сонда мұғалім Әуежай туралы сұрақтар қоя бастайды)

1-оқушыға қойылатын сұрақ:

-Халықаралық Әуежай туралы не білдіңдер?

-Ол Қазақстандағы ең үлкен Әуежай.Алматы қаласынан 18 км қашықтықта орналасқан.(сұраққа жауап берген оқушы ұшақпен тиісті орынға қонады, мұғалім мадақтап отырады, «Сіз тиісті орынға қондыңыз,жарайсыз деген сөздермен)

2-оқушыға:Әуежай қашан салынған екен?

-Әуежай 1935 жылы салыныпты.1991 жылы «Алматы Әуежайы болып қайта құрылған екен.

3-оқушыға:Қандай ғарышкерлерді білеміз?

-Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев

4-оқушыға:Ұшқыштар туралы қандай өлең білесіңдер?

Асқар шыңнан бойы асқан,

Ай, күнімен аспанның

Әзілдескен, сырласқан,

Ұшқыш болғым келеді!


5-оқушыға: Әуежай туралы қандай өлең білесіңд

Мынау біздің Әуежай

Мақтанышы халықтың,

Еңселі де әсерлі,

Әуежайым көрікті.

Мұғалім :Иә,балалар Алматы қаласы бойынша ,тек біздің ауданымызда ғана Әуежай бар екен.Неткен тамаша!

-Енді балалар біз сендермен «Темір жол»вокзалына саяхатқа барған болатынбыз,соны интербелсенді тақтадан тамашалайық.

(Кенет, поездың дауысы естіледі)

-Балалар келе жатқан поездға отырғысы келетін бала бар ма?


(«Жүрдек поезд»әні орындалып тұрады,қимылмен поездға отырғысы келген оқушыларды отырғызып,әрі қарай «Темір жол» туралы білгенімізді ортаға саламыз.

6-оқушыға:


-Темір жол жайлы не білеміз?

-Темір жол релістермен жүретін жүктерді және жолаушыларды тасымалдайтын көліктің бір түрі. Темір жол— жер бетіндегі релістермен жабдықталған қатынас жолдары.

7-оқушыға:

-Темір жол не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Темір жол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы.


8-оқушыға:

Жұмбақ :Бір жолда екеуі жарысады,

Бір-бірінен оза алмай алысады.(Темір жол)


9-оқушыға:Қандай мақал білесіңдер?


Алыс жол атты сынайды,

Ауыр жол ерді сынайды.


-Сонымен,балалар Темір жолдың ерекшелігі мен мәліметтерді толық білдік.Яғни, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы екенін білдік.


-Балалар,барлығымыз ойын ойнағанды жақсы көреміз,иә,солай ма?

-Ондай болса, «Март» ойын-сауық орталығына барғанымызды айта отырып,сіздермен ойын ойнайық.


Ойынның аты: « Мен суретші боламын» деп аталады.Бұл айдарда,оқушыларға, ұшақтың,поездың, әдемі гүлдердің суреттер таратылады.Сол берілген суреттерді әдемілеп,бояу тапсырылады.Қай оқушы әсем бояса,сол оқушы жеңіске жетеді.


-Балалар,барлығымыз,керемет дарынды,талантты оқушы екенімізді дәлелдедік.Олай болса ,өзіміз салаған суреттерімізді ортаға салайық.(оқушылар бояған өз шығармаларынан тақтаға көрме ұйымдастырады)


-Өз ауданымыздағы қаншама көрікті жерлерге саяхат жасағанбыз.Біз өте бақытты балдырғанбыз.Енді сіздермен осы ауданымыздағы мектептер жайлы білгіміз келіп отыр.

«МЕКТЕП»аялдамасына хош келдіңіздер.Бұл аялдамада өз ауданымызды барынша мақтап,өз білгенімізді қуанышпен айтып өтейік.

Ауданымыздың әкімі Павел Кулагин ағамыз.Ол кісі ауданымызда былтырғы жылы ұйымдастырған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»аясында, шығарма аталымы бойынша, мектебіміздің түлегі: Шагинзадаева Айтолқын Бас жүлдені иеленіп,жүлделі орынмен оралды.



10-оқушы:Түрксіб ауданының әлеуеті өте жоғары.

11-оқушы:Мұнда көптеген ірі өндіріс орындары бар.

12-оқушы:Ауданымызда 26 мектеп бар.Оның 5-еуі қазақ,21-і аралас мектептер.

13-оқушы:31 мектеп жасына дейінгі мекемелер бар.

14-оқушы:Сондай-ақ Түрксіб мешіті жұмыс істейді.Мешіттің биіктігі 10метр.

15-оқушы:Мешіттің бас имамы: Қалдан Үсен Қалданұлы.


-Тамаша,жарайсыңдар, балалар.Өз ауданымызды қастерлейік,қадірлейік.Ауданымыз ең бай,ең көрікті, ең дамыған аудандардың бірі екенін сіқдер дәлелдедіңіздер.


-Қазір сіздердің назарларыңызға,ауданымызға арнап, «Туған жер» әнін Қайпберген Алуаның орындауында тамашалаңыздар.

-Назар қойып,тыңдағандарыңызға рахмет.Тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!