Өз құқығыңды білесің бе?

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өз құқығыңды білесің бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тренинг сабақ оқушылардың құқықтары ен міндеттеріне байланысты тренингтер мен сұрақтардан құралады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тренинг тақырыбы: «Өз құқығыңды білесің бе?»

Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарымен таныстыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Қатысушылар: 8-10 сыныптар

Көрнекілігі: қанатты сөздер, түрлі-түсті қалам, қарындаш, А4, стикерлер, т.б.

Жоспары:

1. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы 

2. Құқық туралы жалпы түсінік

3. Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)

4. «Қимыл қозғалыс арқылы жауап бер» жаттығуы

5. «Жүректен–жүрекке» тренингі

Психолог: Құрметті оқушылар «Өзіңді тәрбиелеу қажет пе?» атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер!

Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатнастарыңызды ізгілендіру мақсатында біз тренинг дайындаған болатынбыз. Барлығыңызды ортаға шеңбер құруға шақырамын.


1.«Досым, қалың қалай?» жаттығуы .

Мақсаты: оқушылардың көңіл – күйін көтеру, бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту. Сабаққа белсенділіктерін арттыру.

Нұсқау: оқушылар дөңгелене тұрады, психолог қолды шапалақтап нұсқау берген кезде, берілген тапсырмаларды орындайды.

1 рет шапалақтаған кезде – қолдарын қысады;

2 рет шапалақтаған кезде бір – бірін құшақтайды;

3 рет шапалақтаған кезде – бір-біріне жақсы тілек айтады.


2. Құқық туралы жалпы түсінік

Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Тақтаға назар аударайық.

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз

Әлеуметтік норма


Құқық Мораль

Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды

Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.

Адам құқығы



Табиғи Азаматтық құқық Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық


Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

ІІ. Сенің құқығың – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді

1-оқушы: 10 бап

Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы

2-оқушы:

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

3 оқушы: 9-бап

Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы

Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.

3-оқушы:11 бап

Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

4-оқушы 12 бап

Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ

5-оқушы 19 бап

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

6-оқушы 30 бап

Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

7 – оқушы 19 бап

Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.

Өз құқықтарыңзды айтып өттіңіздер,қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек

(оқушылар өз міндеттерін айтады)


3. Ойды аяқта

(мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)

  1. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)

  2. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

  3. Ұрлық түбі ... (қорлық)

  4. Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам)

  5. Тура биде ... (туған жоқ)

  6. Туғанды биде ... (иман жоқ)

  7. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)

  8. Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)

  9. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)

5. «Қимыл қозғалыс арқылы жауап бер» жаттығуы
- Ия десеңіздер қолдарыңызды жоғары көтеріп шапалақтаңыздар,

- Жоқ десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
1. Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап,
қарап жүресіздер ме?
2. Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды? Егер жанұя десеңіздер қолды көтеріп шапалақтаңыздар. Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз? – егер “әке” десеңіздер қолды көтеріп шапалақтаңыздар
Егер “ ана ” десеңіздер қолдарыңызды алдымызға соғамыз.
Егер екеуі десеңіздер қолдарыңызды жоғары көтеріп түйістіріңіздер.

5.«Жүректен–жүрекке» тренингі

Мақсаты: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Достық қарым-қатынастарын нығайту. Жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Нұсқау: ортада қобдиша тұр. Онда түрлі–түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды, соны алайық.

Қызыл –адамгершілік, сары–адалдық, қызғылт–мейрімділік, көгілдір–сүйіспеншілік, жасыл–әдептілік, көк–ізеттілік, ақ–қайырымдылық

Осы қасиеттер бойларыңызда дари берсін. Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық. Адал достық–өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, сондықтан балалар адал достықты таба біліңдер. Достарыңа әрқашан адал, таза ақ ниетті болыңдар. Бүгінгі тренинг сабағымызды қортындылай келе, сендерге тек қана шын дос тілеймін.Өздерің де нағыз бола біліңдер.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2021
1010
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі