Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өз құқығыңды білесің бе? ашық сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Өз құқығыңды білесің бе?
(9-11 сыныптар арасында)
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен
Өткізген: Г.М. Нугманова
тарих және құқық пәнінің мұғалімі
2017-2018 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Өз
құқығыңды білесің бе?
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық
құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала
білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды жаңа тақырыпты
талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау
қабілетінің белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Заң сыйлағыш тұлғаны
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Тренинг –
сабағы
Сабақтың әдісі:
Глоссарий. Блиц- сұраныс.
Талқылау.
Сабақтың көрнекілігі:
Қанатты сөздер
Қанатты сөздер:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды» Б.Момышұлы
«Балам бол, басқа бол- бәріңе заң біреу»
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.» Ж. Баласұғын.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.
Кіріспе
сөз
Мұғалім: Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бір жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 22 жыл толып отыр.
Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал ХХ ғ. өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылыжәне қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктің үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот қызметтері бір арнаға тоғыстырып, саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан – жақты қарастырылған орнықты құжат болып отыр.
Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде
көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы
Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтар
туралы билль» (қаулы,
заң)қабылданды.
Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат
яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10
желтоқсанда БҰҰ – ның шешімімен
қабылданды.
Адам және азаматтардың құқықтары, ерік
бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл – өзіміз жиі айта
беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы. Бұл кезге 200
жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз
маңызын жойған жоқ. Соның жарқын дәлелі әрбір американдық азамат
қайда жүрсе де ел Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан
тастамайды екен. Егер қандай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай
жағдай болған жағдайда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі
екен.
Яғни, олардың заңы бойынша Конституция
алдында Президент те, қарапайым адамда бірдей құндылыққа, бірдей
жауапкершілікке ие.
Қабылданғанына 22 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) принциптерге негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.
Мемлекетіміздің ата Заңының 1
– бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы –
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген
қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген
заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі
саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп,
еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына
жетеді. Сондықтан заңды білу – заман
талабы.
«Өз құқығыңды білесің бе?» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Сынып екі топқа бөлінеді: 1 – топ және 2 –
топ. Сабақ 8 турдан тұрады. Әрбір турдан
кейін баға беруші мұғалімдер жауаптың, ереженің дұрыстығы жөнінде
және балдарын атап өтеді.
І.Терминдермен
жұмыс
-
Қоғам деген не?
(Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі)
2.Құқық деген не? Мемлекет орнатқан және оның күшімен бірдей қорғалатын заңдар жиынтығы.
3.Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіз?
(Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)
4.Құқықтық мемлекет деген? Жеке адам және қоғам мүдессін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.
5.Унитарлық (латынша: unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
6.Бала-жасы 18-ге толмаған адам.
7.Президент-мемлекеттің жоғары басшысы.
8. Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт.
Импичмент — парламент тарапынан жүргізілетін жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерді қызметінен тайдыру рәсімі
9.Инаугурация – мемлекет басшысының мәртебелі лауазымды атқаруға кірісуін атап өтетін салтанатты рәсімі.
10. Преамбула – нормативтік актінің кіріспе бөлігі , онда оны қабылдаудың себептерін көрсететін жағдайлар көрсетіледі , сол құжаттың алдындағы мақсаты және міндеті баяндалады .
2. «Сенің құқығың» — баптарды еске түсірейік.
Біздің елімізде адам құқықтары
Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс
тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы
құқыққа арналған.
2 тур. «Сенің
құқығың!»
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына,
жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар
бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге
болмайды.
15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы
адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны
үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін
ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген
адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы
бар.
16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен
тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға
шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі
сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір
адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап
адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға
құқылы.
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай
қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір
көрсетуге не жазалауға болмайды.
19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын
өзі анықтауға және оны көрсету — көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым —
қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға
құқығы бар.
22-бап
-
Әркiмнiң ар — ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
25-бап
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден
айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге
және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол
берiледi.
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз
ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж
азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес
мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға
берiледi.
№ 3«Кім жылдам»
1- топ «Заңгерлер»
Сұрақтар:
-
Егемендік алғаннан кейін ҚР – да Конституция қанша рет қабылданды? (1993ж. 28.01 ,1995ж. 30.08.)
-
Жаза дегеніміз не? (Соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы)
-
ҚР – сы әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет?(унитарлы)
-
«Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы? (Тәуке хан)
-
ҚР –сы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік)
-
Қылмыс құрамын атаңыз? (объект, объективтік жақ, субъективті, субъективті жағы)
-
Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган? (Парламент)
-
ҚР – ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991ж, 16 желтоқсан)
-
ҚР – ның «Мемлекеттік нышандары туралы»заң қашан қабылданды? (1992ж, 4 маусым)
-
Азаматардың құқық құбілеттілігі қай кезден басталады? (бала туылған кезден бастап)
2- топ «Бейбітшілік»
Сұрақтар:
-
Конституция сөзінің аудармасы қалай? (лат. «constitutio»- құрылғы, өкім)
-
Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
-
Қылмысты санаттары қарай қалай бөлеміз? (жеңіл, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр)
-
«Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? (1000 қой)
-
ҚР – ғы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы (халық)
-
Бала неше жастан бастап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан)
-
Алғаш рет қабылданған Ата Заң қабылдаған уақыт? (1993ж, 28 қаңтар)
-
ҚР –да билікті именденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)
-
Мемлекеттің биліктің жүйесі?(Президент, Парламент, үкімет,Сот және БАҚ)
-
Конституцияның құрылымын ата? (9 бөлім, 98 бап)
№
4. Қазақстан
Республикасының азаматтарының міндеттерін
анықтаңыз.
Қоғам қарапайым
ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып ғана
қоймай, өз міндеттерін орындау
керек.
Қазақстан
Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын
келтіріңіз.
Байқау
ережелері: Тақтаға әр командадан бір – бір оқушыдан шақырылады.
Оқушылар алма – кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл
міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ
жеңеді.
Қазақстан
Республикасының азаматтарының
міндеттері:
1. Заңдарға
бағыну;
2. Басқа
азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын
құрметтеу;
3. Мемлекет
рәміздерін құрметтеу;
4. Қаржы,
салықты төлеу;
5. Тарихи және
мәдени байлықтарды сақтау;
6. Табиғатты
және табиғи байлықтарын
сақтау;
7. Ата –
аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін
орындау;
8. Орта мектеп
білімін алу 30-бап;
9. Қазақстан
Республикасын қорғау;
№
5
Талқылау
Қылмыс пен теріс қылықтың
айырмашылығы:
Қылмыстар – қоғамға жоғары дəрежелі аса қауіпі бар, қол сұғушылықтардан қылмыстық заңмен қорғалатын əлеуметтік маңызды мүдделерге қол сұғу əрекеті болып табылады.
Теріс қылықтар – қоғамға аса қауіпті емес, қоғам өмірінің барлық салаларында жасалатын, қол сұғушылықтың түрлі объектілері мен заңи салдары бар əрекеттер болып танылады. Теріс қылықтың мынадай түрлері бар: азаматтық, əкімшілік, тəртіптік, процессуалдық жəне т.б.
1. Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс
па? Неге?
2. Адамды
қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз
санасы.
3. Қылмыс
жасағанға қоғам кінәлі ме?
4. Қылмыскерге
рақымшылық беруге сіздің көзқарасының
қандай?
5. Адамның
заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп
ойлайсыз?
6. Жайбарақат
қараушылық қылмысқа жата
ма?
№ 6. «Әрекет-қабілеттілік пирамидасы».
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа
тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шааралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу
№ 7. Ситуациялық сұрақтар:
-
15 жасар Сəрсенов, тоғыз сынып бітіргеннен кейін, база директорына өзін жұмысқа қабылдауын сұрап өтініш берді.Директор Сəрсенов 16 жасқа толмады деп оның өтінішін қабылдамады.Директор шешімі дұрыс па?
Жауабы:Директор шешімі дұрыс. Себебі Еңбек кодексінің 4-інші тарауының
30-ыншы бабына сәйкес орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтар еңбек шартын ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен және еңбек шартына қол қоюымен ғана жасай алады.
-
Дауылбаев қызық көріп А-ны жағадан суға итеріп жіберді.А. жүзу білмеген еді (бұл туралы Дауылбаев білмеді) жəне сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың кінəсі бар ма?
Жауабы:Дауылбаев қызык көрiп А-ны жағадан суға итерiп жiбердi. А-нын жүзе алмайтынын бiлмеген едi. С. бұл туралы бiлмедi жане сол себептiсуға батып кеттi. Дауылбаевтын әрекетi мемлекетпен жасалған кылмыс деп танылады, себебi ол өз iс-әрекетiннiңқауiп туғызуы мүмкiн екенiн бiлдi, бiрақ бұл зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлдiктiкпен болғызбау мүмкіндігіне сендi (ҚР-нын кылмыстык кодексiнiң 21 бабына сәйкес) Даулыбаевтың кінәсі бар. ҚР Қылмыстық кодексінің 21 бабындағы немқұрайлықпен жасалған қылмыс болып табылады. Оған 2 мен 5 жыл арасында қамауға алынады. Жаза қолдануда оның кәмелеттік жасқа толған-толмағандығы, әрекеттілігі бар-жоқтығы, отбасы жағдайы және т.б. факторлар шешуші роль атқарады.
№
8.
«Блиц
турнир»
1. Мемлекет билігінің қайнар көзі? Халық (3
бап)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздері қашан қабылданды?
1992жылы
3. ҚР- ның азаматы екінші, басқа елдің
азаматтығын алуға құқылы ма? Жоқ (10
бап)
4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым
барма? Ия (19 бап)
5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет
пен кәсіп түрін таңдауға құқығы барма? Ия (23
бап)
6. ҚР – ның Президентін сайлау қашан өтеді?
Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44
бап)
7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса
алама? Жоқ (43 бап)
8. ҚР – ның жоғары өкілетті органы? Парламент
(49 бап)
9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім?
Премьер – Министр (67
бап)
10. ҚР-ның атқарушы билігін билігін жүзеге
асырушы? Үкімет (64
бап)
11. Премьер – Министрдің орнынан түсуінен
кейін ... өкілеттігі тоқтағанын білдіреді. Үкіметтің (70
бап)
12. ҚР нешінші Конституция пайдаланылады?
Екінші
13. Заң құдайы?
Фемида
14. ҚР – ның азаматы қашан болуға құқылысыз?
Дүниеге келген кезде(12
бап)
15. ҚР – ның төл мейрамдарын атаңыз? -
Конституция күні
- Республика
күні
- Тәуелсіздік
күні
Бекіту:
Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері неде?
-
Отбасындағы ақау тәрбие;
-
Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;
-
жұмыссыздық;
-
баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;
-
ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;
-
мінез-құлқының ауытқушылығы;
-
Рухани құлазуы;
Қорытындылау.
- Бүгінгі ашық
тәрбие сағатынан нені білдіңдер, нені
ұқтыңдар?
Бүгінгі тәрбие
сағаты бойынша өз ойларын
тиянақтау.
- Қылмыс
атаулыға бармаймыз
- Білім мен
тәрбие берген ұстаздарымызға жаман сөз
келтірмейміз
- Сіздердің
берген білім мен тәрбиені өмірде дұрыс қолдана
білейік.
- Ата -
анамызды және достарымызды
құрметтейміз.
- Қазақстан
Республикасының елін, жерін, халқын әркез
қорғаймыз.
Оқушыларды
бағалау.
Үндеу:
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың!
(Н.Ә.Назарбаев)