Материалдар / Өздік және жалпылау есімдігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өздік және жалпылау есімдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер оқушыларға жаңартылған білім мазмұны мен жазылған Әдіс-тәсілдер көп қолданылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
3031
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

13.12.2017жылСыныбы:6 ә,г Дуйсешова.А
ТақырыбыӨздік және жалпылау есімдігі
Оқу мақсатыӨздік және жалпылау есімдігі туралы түсінік беру
Сабақ мақсатыБілу:Морфология тарауы бойынша өтілген материалдарға шолу жасау,оқушылардың жеке,топтық жұмыстары арқылы бұрынғы білімдерін кеңейту,өзіндік баға беруін қалыптастыру;Түсіну:Сөз таптарын ажырата білуге үйрету,өз бетімен талдау жүргізуге дағдыландыру;Қолдану:топтық жұмыстарды орындату,деңгейлік тапсырмаларды орындату;Талдау:Сөз таптарын талдауға үйрету;Жинақтау:Бүгінгі тақырып бойынша түсінгенін жинақтап айту;Бағалау:Сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі ұрпақ көзімен баға беріп,қорытындылау;
Күтілетін нәтижеБілу: Морфология тарауы бойынша өтілген материалдарға шолу жасау,оқушылардың жеке,топтық жұмыстары арқылы бұрынғы білімдерін кеңейту,өзіндік баға беруін қалыптастырады;Түсіну:Сөз таптарын ажырата білуге үйрету,өз бетімен талдау жүргізуге дағдыланады;Қолдану:топтық жұмыстарды орындату,деңгейлік тапсырмаларды орындайды;Талдау:Сөз таптарын талдауға үйренеді;Жинақтау:Бүгінгі тақырып бойынша түсінгенін жинақтап айтады;Бағалау:Сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі ұрпақ көзімен баға беріп,қорытындылайды;

Сабақ құрылымыІ. Ақпарат блогыІІ. Логикалық тапсырмалар блогыІІІ.Жаттықтыру және білімді есепке алу блогыІҮ.Интеллектуалдық тренинг блогыҮ.Күтілетін нәтиже блогы
Оқыту әдісіАКТ, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсіліБағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасыБақылау-сынақ сабағы

Танымдық тапсырмаларСабақтың ЖБЕА блогында беріледі.
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыруКүтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру; Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау;
Оқушыда дағды қалыптастыруӨзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу.
Негізгі ұғымдар мен терминдерӨздік есімдік және жалпылау есімдігі.
Ақпарат көздеріИнтернет желісі, оқулық, бұрынғы оқулықтар.
Сабақты бағалауОқушының оқу іс-әрекеті ол СТК-дағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады.
Сабақ блоктарыІ. Ақпарат блогы. 8 минӨздік есімдікті түсіндіру.Өздік есімдігінің септелуі үлгісін интерактивті тақта бойынша түсіндіру.Өздік есімдігі тәуәлденіп барып септеледі.Сондай-ақ тәуелденіп барып жіктеледі.Кейде өздік есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігімен немесе зат есіммен де тіркесіп қатар жұмасалады. Мысалы:Мен өзім айттым.Сен өзің айттыңСөз өзіңіз айттыңызОл өзі айтты.Өз есімдігінен жасалған өз-өзінен,өзінен-өзі,өзді-өзі деген қос сөздер дефис арқылы жазылады.Оқулықпен жұмыс жүргізу.1-слайд.Өздік есімдіктері өз сөзі мен жасалады.М/ы:өзім олар жіктеледі Мен өзім,Сен өзің,Сіз өзіңіз,Ол өзі2-слайд.Жалпылау есімдігінің жасалуы. Жалпылау есімдігін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы – өлең айтып, ән салайық. (Абай ) Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би. (мақал) Бәріміз бір атаның баласымыз. (С. Бақбергенов) Күллі ауылда жаны ашитын жалғыз Шәйхат қана. (Ә. Кекілбаев) Бұл сөздер (бәрі, түгел....) – көп заттың атының орнына қолданылады. Жалпылау есімдігі бәрі, түгел, бүтін, тегіс, күллі т. б. түбір сөздер болғандықтан, дара есімдіктер болып саналады. Жалпылау есімдігіне – ша, - лық жұрнақтары жалғанып, туынды есімдіктер жасалады. Мысалы: бар - ша, бар - лық т.б





ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы4 мин
  • Өздік есімдігіне қандай сөз жатады? (өз)
  • Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр? (түбірі өз, -і -тәу. жал. III жағы, -сіз — жік. жал. II жағы(сыпайы түрі), -дер -көп. жал.)
  • Өзіңмен қай септікте түр? (көмектес септікте)
  • «Өз үйім — өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметінатқарып тұр? (анықтауыш)
  • Өздік есімдігі бар бір мақал жаз.




  • ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы.

    Деңгейлік тапсырмалар. 15 мин Өздік жұмыс
    І деңгейлік тапсырмалар 1.Есімдік дегеніміз не?2.Мағыналық түрлері қандай?3.Сұрау есімдігіне сұрау қойыла ма?4.Сілтеу есімдігі дегеніміз не?5.Жалпылау есімдігі қалай жасалады?6.Өздік есімдіктің жасалу жолы? ІІ деңгейлік тапсырмалар (Әр топ берілген тақырып бойынша шағын мәтін құрады , суретін салып постер жасайды, әр топтан 1 оқушы тақтаға шығып қорғайды)Тапсырманы орындау I топ- « Біздің сынып » II топ- « Біздің ауылымыз» III топ- «Біздің Отанымыз » ІІІ деңгейлік тапсырмаларБерілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құраңыз.Мен, менің, маған, мені,өз,күллі

    Жұпттық тапсырмалар"Өз үйім - өлең төсегім" деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметінатқарып тұр? (анықтауыш)5.Өздік есімдігі бар бір мақал жаз.

    ІҮ. Интеллектуалдық тренинг блогы10 мин Топтық жұмыс.





    Ү. Күтілетін нәтиже.3 мин

    Жеке жұмыс


    «Біз тәуелсіз еліміздің өскелең ұрпағымыз!» тақырыбында шағын мәтін (айтылым)Есімдіктердің түрлерін қатыстырып 7 сөйлем құрау
    ҮІ. Үйге тапсырма.Көркем әдебиеттерден жалпылау есімдігі,өздік есімдігі бар шығармаларды жазу.Морфологиялық талдау.


    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!