Материалдар / Өзекті тақырып бойынша жұмысбағдарламасының жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзекті тақырып бойынша жұмысбағдарламасының жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмекші құрал ретінде қолдануға болады
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзекті тақырып бойынша жұмыс бағдарламасының жоспары

                                                                                                                            

Түсініктеме

Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде тапсырма берген болатын.Осы тапсырманың негізінде Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын білу арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен танысып,білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Біздің өзекті мәселеміз: жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту. Біздің ұстанымымыз: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз атап айтқандай,оқушылардың талантын ашу – біздің күн тәртібіміздегі өзекті мәселелердің бірі.

Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзіреттіліктермен анықталады.

Мақсаты:

Оқушылардың ғылыми жаратылыстану және оқу сауаттылық деңгейін бағалау.

 Оқушылардың мектепте алған білімдері мен тәжірибелерін өмірде қолдана ала ма?- деген сұраққа жауап іздеу.

 Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

 Қара сөздің мән-мағынасын аша білуге;

Тіл білімінің салаларын жетік меңгеруге;

 Алған әсерлерін айшықты тілмен жеткізе білуге;

Шығармашылық және ізденіс жұмыстарына баулу.

Өзектілігі:

 Оқушыларды шығармашылық ізденіс жұмыстарына баули отырып,

функционалды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Оқушылардың негізгі білім –біліктілігіне, икем – дағдысына қойылатын талаптар:

 Тіл дамытудың сыры мен заңдылығына терең үңіліп, мән беру

 Өзіндік пікірін қалыптастырып, әдеби мәнерде сөйлеуге дағдылану.

 Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорының ұшы – қиыры шексіз, сондықтан білімді, мәдениетті адамның ғана сөзі орынды, жинақы, жатық келетінін есте ұстау.

 Дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, түйінді, ойлы, сыпайы сөздерді ретімен қолдану.

Мектептің ТЭЖ-ның тақырыбы: «Көпбейінді гимназия жағдайында педагогтар мен оқушылардың субъектілігін дамыту»

ӘК өзекті тақырыбы: «Көпбейінді гимназия жағдайында тұлғаның функционалды сауаттылығын дамыту»

Мұғалімнің тақырыбы: « Қазақ тілі мен әдебиеті  сабақтарында   функционалдық сауаттылықты  қалыптастыру-сапалы  білім  берудің кепілі »

Мұғалімнің кәсіби және тұлғалық жетілуінің мақсаты: «Өз бетінше білім алу арқылы кәсіби іс-әрекеттің жеке стилін қалыптастыру»

Зерттеу мәселесі: қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру және оқушылардың жеке мүмкіндігі мен алға жылжу қарқын элементтік талдау мен есепке алу негізінде бақылау жүйесін әзірлеу,эксперимент жүргізу,өзге тілді оқушылардың қазақ тілінде еркін,сауатты сапалы оқу,іс-қағаздарын, ресми құжаттарды жаза білуге дағдыландыру,тұрмыста,қоғамдық ортада сөйлей білуге үйрету

Зерттеу объектісі:білім мазмұны

Зерттеу нысаны: оқушылардың интеллектілік дағдысы,өз жұмысына болжам,нақты жоспар, зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын,талдау жасай алатын тұлға, оқушылардың логикалық ойлауының бірізділігі

Міндеттері

1.Оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөнінде:

а) оқу үрдісін жекелендіру мен дифференциялануын қамтамасыз ететін технологиялар,әдіс-тәсілдерді,құралдарды қолданудың негізінде оқушылардың білім стандарттарын меңгеруін қамтамасыз ету,сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру

ә) іс-әрекеттің тиімділігін тексеру

б) оқу үрдісінің сабақтастығын қамтамасыз ету

2.Әдістемелік қамтамасыз ету бойынша:

а) Әдебиеттермен,басқа мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысу

ә) Ықпал ететін оқытудың әдіс-тәсілдерін іріктеу,жүйелеу,меңгеру

б) Оқушылардың жеке мүмкіндігі мен алға жылжу қарқын элементтік талдау негізінде бақылау жүйесін әзірлеу

3.Жұмыс әдісі:

а) Мәселе бойынша  дерексөздерді зерттеу және талдау

ә ) Оқытудың қолданылатын әдіс-тәсілдерін,олардың тиімділігін талдау

б) Оқушылардың білімді меңгеру мен іскерлігінің қалыптасу деңгейін талдау

в) Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетін бағалау және

г) Өзіндік бағалау

ғ) Бақылау

д) Педагогикалық эксперимент

Жұмыс кезеңдері

Кезеңдер

Атқарылатын жұмыстар

Нәтиже

1 кезең

Ізденістік кезең

Тақырыпқа ену

2015-2016 оқу жылы

Әдебиеттермен танысу

А.Қ.Рауандина.Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі.Алматы.2010

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.ҚР Үкіметінің № 832 қаулысы.2012 жылғы  25 маусым, Астана,Үкімет үйі

ҚР Білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы

Құрман Н.Ж. Жаңа технология жүйесіндегі қазақ тілі сабақтары.Астана,2008

Диагностика жасау

Білім алу,іскерлік пен дағдылар алу,өз жұмысыма өзгерістер енгізу, мониторинг жүргізу

2 кезең

2016-2017 оқу жылы

Мәселенің теориялық аспектілерін зерделеу

Мәселе жөнінде іс-әрекет бағдарламасын әзірлеу

Жиналған материалдардың анализін жасау,жинақтау

Топтау

Болжам жасау

Оқушылардың білім сапасын арттыру,

мәселе бойынша

ӘК-те сөйлеу

3 кезең

Эксперименталды кезең

2017-2018 оқу жылы

Мәселе бойынша оқытудың әдіс-тәсілдерін,құралдарын бекіту

Озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау

Зерттеу

Талдау

Бақылау

ӘК-те сөйлеу,

ашық сабақ өткізу

4 кезең

Эксперименталды кезең

2018-2019 оқу жылы

Мәселе бойынша жұмыстық аралық нәтижесін жинақтап қорыту

Ашық сабақ өткізу

Ғылыми конференция

5 кезең

Қорытынды кезең

2019-2020 оқу жылы

Қорытынды кезең (зерттеу нәтижесі бойынша)

Тәжірибемен алмасу

Ғылыми конференция

Бөліктері

Кәсіптік жеке тұлғалық өсудің түрі мен әдісі

Күтілетін нәтиже

Кәсіптік өсудің өлшемдері,мониторингтік әдістемесі

Мерзімі

Мотивациялық

Оқу пәні бойынша оқушыларды оқытудың мазмұн,форма,әдіс-тәсілдерімен өзара байланыстыра білу.

Оларды ұйымдастырудың жаңарған формасын меңгеру.

Оқушының  пәнге қызығушылығын,

танымды белсенділігін арттыруда оқыту құралдарының рөлі,мазмұнын ұғу

Өз шығармашылығымды басқаларға үйрету,кәсіби шеберлігімді арттыру

Ақпаратты табу және қолдану,оқушылардың қызығушылығын арттыру,оқушылардың меңгеру көрсеткішінің белгісін жасау

Үнемі

2015-2016 оқу жылы

Мазмұндылық

Инновациялық ,педагогикалық технологияның мазмұн,мағынасын,негізгі ұстанымдарын меңгеру,инновациялық технологияны (компьютер,интернет) оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану,курстық қайта даярлау

Іскерлік қабілетті дамыту,

өздігінен жетілдіру

Өз бетімен жаңа білімдік мазмұнды  игеру,  кәсіби

іс-әрекеттерде пайдаланудың мәні,құрылымын,заңдылықтарын,ұстанымдарын білу (сауалнама, әңгіме)

Үнемі

Әдістемелік

Ғылымның қолданысқа енген жаңа әдістерін меңгеру,оларды өз іс-тәжірибемде қолдана білу,қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқытудың инновациялық әдіс-тәсілін меңгеру

Ізгілікті білім беру белгілері,маңызды қасиеттерді іс жүзінде көрсетуге даярлықты дамыту

Компьютердің көмегімен сабақ өткізу, өз бетімен іздену, оқу, жеткен нәтижелерге талдау жасай білу

(сауалнама, әңгіме)

Үнемі

Дифференциялды педагогикалық

Тәрбиелеудің, оқытудың мазмұн,форма,әдістерін таңдауда міндетті түрде оқушылардың психологиялық ерекшелігін ескеру, оқушылардың жеке тұлғасын  дамытатын психо-диагностикалық әдістерін меңгеру,тәрбиелеу,

оқыту,дамытудың психологиялық ерекшеліктерін басшылыққа алу, тренингтер өткізу

Жеке оқытудың жағдайларын құрастыра білу,жеке білім беру мақсатына сәйкес әлеуметтік тәжірибені іздеу

Жақсы оқитын оқушыларға арнап олимпиадалық материалдар жинау,

құрастыру

Үнемі

Коммуникативтік

Іс-тәжірибемен алмасу (мектепте,қалада,облыста, республикада т.б), жаңа ақпарат,білім іздеу,қарым-қатынастық іс-әрекетте өз мақсатымды орындау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану

Өзара қатынастардың тең дәрежелігі,іске асырудағы жүйелілік

Жаңалықты өз тәжірибемде қолдану, ҒПК

Үнемі

Рефлекстік

Жаңа ұғымдарды еркін қабылдау, педагогикалық құбылыс,үрдістерді ажырату,қандай да бір тұжырымға сын айта алу,оны талдай білу,оқу-тәрбие үрдісін жоспарлау,педагогикалық мақсатты шығармашылық деңгейде шешу,оқушы тұлғасын дамыту бағытында шығармашылық іздену,өзімнің іс-тәжірибемде талдау жасай білу

Өз жұмысыма сын тұрғысынан баға беру,шығармашылық қабілетті дамыту

Өз жұмысыма баға беру,бірлестікте есеп беру, аттестациялық тест, кәсіби іс-әрекетті бағалау картасы,

жинақ шығару

Қорытынды кезең

                 Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады.

Ал құзыретті тұлғаны қалыптастыру «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Қазақ тілі бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдары мен Тіл саясаты тұжырымдамасындағы айқындалған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуының басты шарты болып саналады.

Функционалдық сауаттылық адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткішін білдіреді. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол-ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.

Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.

Қандай да болмасын мемлекеттің дамуы-оның жас ұрпақты тәрбиелеуде атқарған еңбегінің жемісі. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болу ғана емес, тарихи танымды, педагогикалық-психологиялық сауатты, білімді және ақпараттық сауатты болуды талап етуде. Елбасымыз болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болатынын, сондықтан ұстаздарға жүктелер міндет ауыр екенін айтқан. Ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында ел тұтқасын ұстар, халқы үшін еңбек ететін барлық азаматтың білім беру жүйесінде өсіп қалыптасатындығы және де бүкіл жаңғырту үрдісінің табысқа жетуінің түйінді факторы-ұлттық білім беру жүйесін жаңғыртудың табысты өтуі болып табылатындығын атап көрсетті [1].

Бүгінгі таңда мектеп бітіруші түлектер мамандық таңдау барысында қиындықтарға тап болатыны сөзсіз. Дұрыс таңдау жасап, кейін қабылдаған шешіміне өкінбес үшін, жаңа өмірге қадам басқан жас түлекке жол сілтеуші қажет. Дегенмен, әр оқушыға сапалы білім беруде және ұстаздардың өз жұмысына деген жауапкершілігін арттыруда осы бағдарламаның мұғалімдерге айқын бағыттарды көрсететін бағдаршамы болатындығына және оған қолдау көрсететіндігіне сенім мол.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы-оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады [2]. Функционалдық сауаттылықты дамыту білім-түсіну-қолдану-жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Функционалдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалаудың маңызы ерекше. Ұлттық жоспарды іске асыру оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев ерекше көңіл бөліп отырған білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады.

Республикамызда педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдіік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесуге негізделген. Бағдарламаның негізгі зерттеушілік идеялары сындарлы оқыту теориясына негізделген. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер: оқушылардың қалай оқу керектігін үйренуі; еркін, өзіндік дәлел-уәждерін сенімділікпен  жеткізе білуі; ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастарының жүйелі дамуы; қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеруі; сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушының қалыптасуы. Оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады.

Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады. Оқушы білімді өз бетімен меңгеріп, өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарайды. Әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігі ұлғаяды. Құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасайды. Белсенді түрде білім жинақтайды. Осының бәріне мұғалім көшбасшылық етіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушы оқу үдерісіне мұғаліммен бірге араласып отырады. Тіпті өзінің және сыныптас достарының білімін бағалауда да өз үлесін қоса алады. Ол үшін бағалау өлшемдеріне сүйене отырып, топпен, жұппен немесе жеке жауап берген балалардың еңбегін формативті бағалау оқушының әрі қарай ынталанып оқуы үшін үлкен ықпал етеді.

Мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұратын Бағдарламаның жеті модулі: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; оқытудағы басқару және көшбасшылық болып келеді.

Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. Содан болар мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өзінің жыл сайынғы Жолдауында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етін жүктеуі бекер емес. Елбасы «білім беру тек оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік бейімдеу процесіне қажеттеу » дейді. Функционалдық сауаттылықты арттыру мектептегі білім жүйесіне жаңа мазмұн әкеліп, педагогикалық білім мазмұнының жаңаруы мен жо

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!