Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өзім туралы. Өз үйімді сипаттаймын.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Сауат ашу Сынып: 1 сынып Күні:13.09.2018 Ортақ тақырып: Өзім туралы. Бөлімі: Тыңдалым,айтылым; Сабақтың тақырыбы: Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс.Сөйлем.Сөйлеу. |
Мектеп: Эстетикалық бағыттағы Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушекова Г.Д. Қатысқандар: 14 Қатыспағандар саны: -- |
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті сөздерді, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану) |
Сабақ мақсаттары |
Барлығы:Сөйлеу барысында дауыс ырғағын ,мәнерін қолданады; Көбі: Сөйлеу барысында қимылды ым-ишараның көмегімен жүргізеді; Кейбірі:Сөйлеу барысында сипаттау, салыстыру сөздерін қолданады; |
Бағалау критерилері: |
- тыңдаушының назарын аудару үшін вербалды емес құралдарды,дауыс ырғағын қолданады; |
Құндылықтар |
Ынтымақтастық,ашықтық; |
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану,дене шынықтыру,өнер; |
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы |
Сабақ барысындағы қозғалыста,жапсыру жұмыстарын атқарғанда қауіпсіздік ережесін сақтау; |
АКТ ны қолдану |
Аудиожазба,слайд; |
Алдыңғы менгерілген білім |
Сөздер мен сөйлемдердің айтылуына қарай мағыналарын ажырата алады. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы: 3 минут 5 минут |
Ертеңгілік шеңбері Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады. Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы) Бірінші күн- дүйсенбі Екінші күн – сейсенбі Үшінші күн – сәрсенбі Төртінші күн — бейсенбі Бесінші күн — жұма Алтыншы күн- сенбі Жетінші күн- жексенбі! Ширату жаттығу: «Ол кім? Бұл не?» әдісі. Ортадағы баланың басына киілген қалпақтағы суретті басқа балалар ым-ишара арқылы тұспалдайды.Ортадағы бала қалпағындағы суреттің атауын табуы керек. Бағалау:«Жарайсың!», «Мұқият бол!», «Өте жақсы!» мадақтау сөздері. |
Шаттық шеңбері Қалпақтағы суреттер: Ара,аю,қоян,динозавр, тауық,маймыл,тоқылдақ; |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы: 5 минут 20 минут |
Ұ.Қ. «Менің қамқоршы күшігім»өлеңін тыңдату: Дауа бар ма бұл қысқа?! Боран соғып тұр тыста. Күшігімді :-Ақылдым, Үйге кір!-деп,шақырдым. -Қорықпа!Мен тоңбаймын, Қозыларды қорғаймын!-деді, Сөйтіп үйге кірмеді. Ө.Ж. «Кім тапқыр?» әдісі. Оқушылар тыңдаған өлең мазмұны бойынша диалогқа құрылған сөздерді тауып айтады.Сөздер дауыс ырғағына байланысты айтылады. Дескриптор: Сөйлеу барысында дауыс ырғағын , мәнерін қолданады; Әр тапсырмадан оқушылар кейін өзін – өзі бағалау парағына белгі қойып отырады. Оқушының аты-жөні:------------------------------------
Ұ.Ж. І-топ: «Менің үйімнің бейнесі» әдісі Баланың үйі мен күшіктің үйшігінің суретін салу,салыстыру; Оқушылар өз үйі мен күшіктің үйін салып,оны слайдта көрсетілген тірек сөздерді қолдана отырып,сипаттайды. Тірек сөздер: отбасыммен тұрамын,үйім үлкен,кішкентай үйшік, жалғыз тұрады,биік үй,бәріміз тұрамыз,кең үй,әдемі үйшік,бақытты отбасымыз,бақытты үй,жайлы үй; Дескриптор:Сөйлеу барысында сипаттау, салыстыру сөздерін қолдануға қажетті тірек сөздерді пайдаланады; Бағалау: Өзін – өзі бағалау парағы. ІІ-топ: «Құмырсқа» әдісі. Топқа үш түрлі эмоциядағы балалардың бейнесі беріледі. Оқушылар сыныптың ішінде жасырынған вербалды емес қарым-қатынас құралдарына байланысты суреттерді тауып әкеліп,мағынасына қарай жабыстырулары керек.
Дескриптор: вербалды емес қарым-қатынас құралдарын ажыратады; Бағалау: Өзін – өзі бағалау парағы. ІІІ-топ:«Суреттер сөйлейді» әдісі. Суретке қарап тыңдаушының назарын аударатын, тиісті сөйлемдерді тауып,дауыс ырғағына сай айту; Дескриптор: тыңдаушының назарын аудару үшін дауыс ырғағын қолданады; Бағалау: Өзін – өзі бағалау парағы. |
Аудиожазба; Слайд,А3 форматтағы қағаз,түрлі-түсті қарындаш. вербалды емес қарым-қатынас құралдарына байланысты суреттер:
Суреттер:
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы: 5 минут |
Ж.ж. «Әйнек арқылы сөйлесу». Балалар жұпқа бөлінеді. Бірінші адамға сөздің көмегінсіз екіншісін ойынға шақыру тапсырылады. Басқа жұптарға басқа тапсырма беріледі. Барлығы араларында дыбыс естілмейтіндей әйнек бар секілді сөйлесу керек. Дескриптор:Сөйлеу барысында қимылды ым-ишараның көмегімен жүргізеді; Бағалау: Өзін – өзі бағалау парағы. |
Балық аулауға,суға түсуге,футбол ойнауға, кітапханаға,асханаға,жеміс теруг т.б.шақыру; |
|||||||||||||||||||||||||||
Саралау |
Бағалау |
||||||||||||||||||||||||||||
Білім алушылардың әртүрлі топтары үшін оқушылардың жеке ерекшіліктерін ескеру мақсатында түрлі топтарда оқыту үшін әртүрлі жағдайлар жасауды көздедім.Өзіндік жұмыс ұйымдастыруда «Кім тапқыр?» әдісі жоспарланып отыр. Бұл әдістің тапсырмасы оқушылар тыңдаған өлең мазмұны бойынша диалогқа құрылған сөздерді тауып айтады. Яғни,осы әдіс арқылы оқушылардың ішінен есте сақтауы мен зейіні жақсы оқушылардың саралануы айқындалмақ.Ұжымдық жұмыс ұсыну барысында саралап оқытуды «Менің үйімнің бейнесі», «Суреттер сөйлейді», жұптық жұмыста «Әйнек арқылы сөйлесу» әдістерін қолданып мақсатқа жетуге ықпал жасаймын. Бұл әдістерде барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтиже әртүрлі болады.Себебі,алдыңғы әдісте анағұрлым қабілеті оқушыларды интербелсенді пікірталасқа тарту үшін жеңіл дерексөздермен қатар күрделі дерексөздер ұсынылып отыр.Бұл тұста оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.Соңғы екеуінде оқушы ойлап және терең ойлап, оны қолдану дағдылары бойынша озық шығулары мүмкін деп қарастырылып отыр. |
1.Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін «Жарайсың!», «Мұқият бол!», «Өте жақсы!» мадақтау сөздері , «Өзін – өзі бағалау парағы» пайдаланылды. «Өзін-өзі бағалау парағы» арқылы оқушы «Білдім !», «Білмедім ?» , «Білгім келеді .» критерилері бойынша өз білімін бағалайды.Әр тапсырмадан кейін оқушыларға өздерін бағалау парақтарында бағалап отырулары естерін түсіріліп отырады.Сабақтың соңындағы «Бағалау» бөлімінде оқушылар «Білмедім ?» , «Білгім келеді .» критерилері бойынша өз ойларын ортаға салады. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
Ресурс |
|||||||||||||||||||||||||||
2 минут
|
1.Оқушының сабақ соңында өзінің сабақ барысындағы әрекеттеріне қарай өзін-өзі баспалдақ сатысындағы бейнеге сәйкесті бағалауы. Оқушылар бүгінгі сабақтағы өз прогрестерін бағалайды. Әр оқушы тақтада ілінген тиісті бейненің тұсына бүгінгі сабаққа байланысты ойларын өз атын стикерге жазып жабыстыру арқылы көрсетеді.
|
Стикерлер. |
|||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі: 1.«Құмырсқа» әдісі. Оқушылар сыныптың ішінде жасырынған вербалды емес қарым-қатынас құралдарына байланысты суреттерді тауып әкеліп,мағынасына қарай жабыстыра отырып,белсенді оқу ұйымдастыра алды. 2.«Суреттер сөйлейді» әдісі. Суретке қарап тыңдаушының назарын аударатын, тиісті сөйлемдерді тауып,дауыс ырғағына сай айтуды қызығушылықпен орындады. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады: 1.Психологиялық ахуал орната отырып,зейінді сабаққа аудару. 2.Оқушы қажеттілігін толықтыра алатын тиімді әдіс-тәсілдер. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет: Оқушылардың өздерінің мықты және әлсіз тұстарына байланысты білімдерін қолдана алу дағдыларын арттыру. |