Материалдар / "Өзіме және өзге ге бір адым" мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өзіме және өзге ге бір адым" мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің өзінің «Мен» концепциясын дамыту. Мұғалімдердің бір сәтке болса да өмірдегі ауыртпалықтардан, қиыншылықтардан және күнделікті жай ғана кездесіп жүрген стрестен арылып, көңілдерін бір ғажайып әлемде жүргендей сезініп, жағымды көңіл-күй орнату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
391
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзгеге және өзіме бір адым

Мақсаты: Мұғалімнің оқушыға деген эмпатиясын және өзінің «Мен» концепциясын дамыту. Мұғалімдердің бір сәтке болса да өмірдегі ауыртпалықтардан, қиыншылықтардан және күнделікті жай ғана кездесіп жүрген стрестен арылып, көңілдерін бір ғажайып әлемде жүргендей сезініп, жағымды көңіл-күй орнату.

Тренингке қажетті көрнекі-құралдар:  Визитка-Карточка, бояу карындаштар, фломастер, Ак қағаздар-А4, айна.


Танысу

Жұмысты бастамас бұрын қатысушыларкарточка-визиканы алып, тренинг барысындағы өз есімін ойластырып жазады. Бұл есіммен қатысушы тренинг соңына дейін қатысады. Кез келген есімді алуға болады: ойын есімі, танысы не досының, әдеби батырлардың, оқушыларының және т.б. Есім барынша талқыланатын, бардлығы оқи алатында үлкенірек жазылуы жазылуы тиіс. 3-5 мин беріледі. Негізі мақсат – өзінің индивидуалдылығын ( әдеттері, қасиеттері, икемділігі, тәуелділіктері т.б) көрсету, қатысушылардың есінде қалатындай болу керек. Сосын қатысушылар шеңбер құрып, кезекпен өзін таныстырады.


«Жауапкершілікті қабылдау»

қатысушылар екі тізім құрастырады.

Бірінші- «Оқушыға деген менің міндеттерім».

Екінші- «Оқушының маған деген міндеттері».

Екі тізімді салыстырып, туған жағдайдың әділеттік дәрежесін талқылайды.

«Мен кімге қамқорлық жасаймын»-

 Қатысушылар кімге көмек көрсетіп, қамқорлық жасайтын адамдардың тізімін құрастырады. ( Сыныпта қай оқушыға?)

Қатысушылар көбінесе осы тізімге өздерін кіргізуге ұмытады.

Өзімізге бір адым

Қатысушы өзі туралы үшінші жақта жазады. Бұл оған өзі туралы көбірек білуге және түсінуге көмектеседі.

Мұндай мәтін адам өзін толық және қорқынышсыз көрсетуіне жол ашады. Бұдан бөлек сен өз арманын ашық жеткізіп, оны орындалғандай етіп есептейді. Кейде бұл өз дегенімізге  жетуге көмектеседі.

  1. Өзіңді және өміріңді суретте. Сен өзің қандайсың, қандай отбасында , қайда тұрасың. Кайда оқисың, кіммен араласасың, нені ұнатасың, нені ұнатпайсың, өзіңе не тілейсің, …-бәріне жақын досыңның көзімен қарап отырғандай елестетіп жаз. Мысалы, Жазира Атырауда тұрады. Оның шашы қара, көзі де мойылдай, сұңғақ, жіңішке қыз. ..

  1. Өзіңе әңгімелесетін адам тап. Оған сырыңды хат етіп жаз.

Ақыл сұра . Сол адам болып өзің «оған» жауап бер.Өзіңнің сезіміңді суретте.

  1. Күнде жеткен жетістігің мен кемшілігіңді бір парақты қақ жарып екі жағына тізіп жаз. Қайсысы көп? Неліктен? Не істеу керек?

4.Жоспар құр. «Менің кемшілігімді  түзету жоспары.»

Көмекші адамдардан ақыл сұра. Өзіңнің  жақсы қасиеттеріңнен «ақыл сұра» олар не дер еді?

  1. «Мен өзімді жақсы көремін!» деген ойды бар денеңмен сезінуге тырыс. Өзіңе комплимент айт, айнаға күлімсіре, бар денеңе рахмет айт.

Өзің жайлы ұнамды ой сенің нашар қасиетіңді жеңуге көмектеседі.

Сені не нәрсе бақытты етер еді?

Соған жетесің!

Ол үшін ерінбе, белсенді бол! Жоспар құр! Мақсат қой! Ізден! Іске кіріс

 «Мен және менің әлемім» әдістемесі

Көрсетілген суреттерді өз еркіңізбен кез келген реттілікте, өзіңіздің қалауыңыз бойынша А, Б, В, Г деп әріптермен белгілеңіз.

  1. Көлденең жолақты бірінші етіп таңдасаңыз – мінезіңіз байсалды, салмақты, өзгені ішкі жан дүниеңізге жібере бермейтін сақ, көбіне үйде болуды ұнататын адамсыз.

2.Тік жолақ сіздің таңдауыңызда 1-ші ретпен тұрса – мінезіңіз тік,   ашушаң,

өзіңізге ұнамсыз ортаға қарсылық көрсететін адамсыз.

  1. Бірінші етіп конверт суретін таңдасаңыз, өзіңіздің ішкі жан дүниеңізбен үйлесімдігіңіз аз, бірнәрсені ойлап, айтасыз да басқаша істейсіз, яғни сөзіңіз бен ісіңіз сәйкес келмейтін адамсыз.

  1. Мына суретті бірінші етіп қойсаңыз, үйлесімді, тәртіпті жақсы көретін білімге ұмтылатын адамсыз. Сондай-ақ, салған суретіңіздің көлемі (үлкен не кіші екені) сіздің өзіңізді қалай бағалайтыныңызды   көрсетеді.


«Мен өзімді жақсы көремін!» деген ойды бар денеңмен сезінуге тырыс. Өзіңе комплимент айт, айнаға күлімсіре, бар денеңе рахмет айт.

Өзің жайлы ұнамды ой сенің нашар қасиетіңді жеңуге көмектеседі.

Сені не нәрсе бақытты етер еді?

Соған жетесің!

Ол үшін ерінбе, белсенді бол! Жоспар құр! Мақсат қой! Ізден! Іске кіріс


Тілек шамы″жаттығуы

Біздің ішкі жан дүниеміздің бір жерінде кішкентай ғана жып-жылы жарық бар. Ол бізге қолайлылық пен жылы жайлылық сыйлайды. Ал біздің жанымызда адамдар жүр және олардың әрқайсысының өзінің жан жылуы болады. Сіз өз жүрегіңізді адамдарға қаншалықты кеңірек ашсаңыз, бұл жарық – сіздің жаныңыздың жылуы, соншалықты жарқын әрі жылы болады. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір — бірімізге тілек айта отырып аяқтайды. Бір — бірімізге мына шамды бере отырып осы сабақтардан алған әсерлеріңізбен бөлісіп, ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.












































«М.Әуезов атындағы орта мектеп»


Бекітемін:

Мектеп директоры: Жикенова Н.А








Өзгеге және өзіме бір адым

Мұғалімдерге арналған тренинг







Орындаған: Даулетханова М.Д







2016 жыл

Зайсан қаласы













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!