Материалдар / Өзін-өзі тану – рухани-адамгершілік даму мен тәрбиенің құндылығы

Өзін-өзі тану – рухани-адамгершілік даму мен тәрбиенің құндылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа пәндерді өзін өзі тану пәнімен ықпалдастыру туралы мысалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2020
316
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Баянауыл білім бөлімінің Ш.Айманов атындағы

жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» КММ

Молдасарина Гульжихан Канатовна

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі

Тел. 87052603366



Өзін-өзі тану – рухани-адамгершілік даму мен тәрбиенің құндылығы

Ізгілік ғылымын меңгермеген адамға

Кез келген ғылым тек зияның тигізеді.

М.Монтень


«Қазіргі балалар оқығысы келмейді» деп мұғалімдер жиі наразылық білдіреді. Мен, жалғыз мен емес шығар, бұл пікірмен келіспейміз. Себебі, француз жазушысы Жан - Жак Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»- деп ХVIIІ ғасырда айтып кеткен. Алайда бізге балалардың әуел бастан білімге құмарлығы, жаңа нәрсені білуге ұмтылатыны, қоршаған ортаны зерттегісі келетіні де белгілі.

Білімге қызыққан бала неліктен мектепте оқығысы келмейді? Себебі неде, оны өалай жеңуге болады? Жауабы қарапайым: балалар білімді көксейді, оларға жанды, қызығушылығын арттыратын, ынталандыратын білім керек.

Онда қандай білім жанды, қандай білім жансыз?

Ұлы педагог, ізгілік педагогикасын шабыттандырушы Ш.А.Амонашвили бұл сұраққа былай деп жауап береді: «Жансыз білім дегеніміз не?»

Жансыз білім деген не?

  • Бұлар – білмесе де болатынын білетініміз.

  • Бұлар – хабарлана салысымен ұмытылып қалатыны.

  • Бұлар – жас адамдардың мектеп табалдырығынан әрі қалай алмайтыны және ол үшін өкінбейтіні

  • Жансыз білім аяққа түскен салмақ


ЖShape1 анды білім мыналар

  • Адамдарды рухтандырады;

  • Ғылым көкжиегіне еліктіреді;

  • Жаңа өмір жасауға ықпал етеді;

  • Жаңа ізденістерге ойды жігерлендіреді;

  • Сергектік пен эволюция әкеледі;

  • Жанды білім –қанат.



Біз балаларымызды құнды өмірлерін сарп ететін жансыз білімнің ауыр жүгін жаттауға және есіне сақтауға мәжбүрлейміз. Өмірлерінің қайсыбір кезінде емес, нақ осы сәтінде дамып және есейіп келе жатқан адамның қабілеттілігі мен дарындылығы, танымдық ниеттері мен көзқарастары қуатты түрде дамып, өзіне әлемнің тұтас бейнесін бейнелеген болар еді».1

Шындығында, қазіргі балалар бізден жанды білмді және әлемнің біртұтас бейнесін күтеді. 2012 жылдың қаңтар айында Мәскеуде өткен «Ұстазым, мені шығармашылыққа шабыттандыр!» атты ХІ халықаралық педагогикалық оқуда өткізілген дөңгелек үстелдерге ересектермен бірге балаларда қатысты. Жаратылыстану ғалымдары ұстаздарының зертханасындағы отырысқа 11 жасар ұл бала Саша қатысып, соның арқасында зертхана жұмысы шабытқа бөленді. Талқылауға: «Ұстазды шабыттандыратын не?», «Ұстаз өз пәні арқылы оқушыны қалай шабыттандыра алады?» деген екі мәселе ұсынылды. Бірінші мәселе қарастырылып болғаннан кейін, соңында Саша: «Біз басқаларды шабыттандыру арқылы өзіміз шабыттанамыз!» деді. Біз, ересектер шабыттанудың ең маңызды осы көзін ескермеппіз, яғни шабыт беру арқылы таусылмайтын шабыт аламыз, яғни шабыт шексіз!

Екінші сұраққа жауап бере отырып, мұғалімдер өздерінің оқытатын пәндерінде рухани – адамгершілік құндылықтарды интеграциялауға мысалдар келтіріп , яғни физиканы, математиканы, биологияны жүрек тілімен қалайша оқыту қажет екендігі туралы ойларымен бөлісті.

Әңгіменің соңында Саша тақтаға шығып бормен сурет салды да, конференцияға қатысушыларға «Бұлардың айырмашылығы қандай?» деп сұрақ қойды. Екі суретте де күн, ағаш, адам, кірпі кескінделген. Бірінші суретте күн, ағаш, адам, кірпі өзара байланысты емес, қозғалмайды , ал екінші суретте күннің сәулесі ағаш пен адамға түсіп тұр, ал адам ағашқа су құйып, кірпіге қол созып тұр.

Саша тағы терең ойын сурет арқылы жеткізді. Бірінші сурет – өзара байланысы жоқ, қозғалмайтын, жансыз, фрагменттерге бөлінген әлем. Қазіргі білім беруде әлем тура осылай көрініс береді: барлығы абстрактылы, өмірмен өзара байланыспаған. Математика бөлек, физика бөлек, биология бөлек, өмір, мейірімділік, сүйіспеншілік, өзара қайырымдылық көмек бөлек... Екінші сурет – тірі, мейірімді, сүйіспеншілікке бөленген біртұтас әлем. Біздің балаларымыз білім алу барысында әлемнің осындай көрінісін танығысы келеді. Олар бір-біріне қызмет етуді, іс-әрекеттерінде өзара байланысқан, яғни жанды білім күтеді.

Саша өзінің суреттерінде барлық балалардың атынан ересектерге, мұғалімдерег, білім беру саласының қызметкерлеріне үндеу тастады: «Қстаздар, мені сүйетін физика керке, мені жанындай жақсы көретін биология керек, мен десе жанын беретін математика керек! Маған мені қамқорлығына алатын, мен үшін өмір сүретін ғылым керек! Ол менімен ерекше жақын түсінікті түсінікті тіл- жүрек тілімен сөйлесуі керек».2

Көптеген мұғалімдер алдымен міндетті түрде пәнді оқыту керек деп санаайды, ал өзінің қызметі туралы сұраққа: «Мен математиканы оқытамын», «Мен физиканы оқытамын», «Мен қазақ тілі мен әдебиет мұғалімімін» және т.с.с жауап береді. Бірақ дұрыс жауап «мен балаларды оқытамын» болуы қажет. Қандай пәнді оқытсақ та, бірінші кезекте балаларды оқытатынымыз есімізде болу керек. Сондықтан да тұлғаның белгілі бір білімдердің қосындысын жинауы емес, ішкі ар-ұжданының үніне сәйкес өмір сүретін, ізгі мінезді болуы оқу процесінің ең маңыздысы болып табылады.

2010-2011 оқу жылынан бастап Қазақстанда «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу жүзеге асырылуда. «Өзін-өзі тану» пәні адамға шынайы бақытқа, өмірлік қанағаттану мен ішкі тыныштыққа жетуге мүмкіндік береді, мінездің кемелденуін және тұтас үйлесімді тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді.

Балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары рухани-адамгершілік игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттерге ие лайықты азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады.

Өкінішке орай, көп жағдайда қазіргі заманғы білім беру баланы жоғары әлеуметтік мәртебеге және материалдық құндылықтарға қол жеткізуге бағыттайды, алайда мұндай табыс пен жетістікке қалай қол жеткізуге болады, бұл оған шынайы бақыт әкелетіні жөнінде немесе адамның шынайы бақыты туралы ойланып, толғануға үйретпейді. Білім беру жүйесінде орын алып отырған нақты жағдаят адамгершілік құндылықтар бағасының төмендеуін, басымдықтардың материалдық игіліктер жағына ауысып бара жатқанын дәлелдейді. Жеке материалдық әл-ауқатқа, интеллектуалдық дамуға және жоғары әлеуметтік мәртебеге талпыну – күш-қайраттың емес, әлсіздіктің белгілері. Адамның шынайы күш-қайраты оның жақсы мінез –құлық көріністері және қайырымды әрекеттері болып табылады. Шындығында, қазіргі қркениеттегі жайлыллықтың қарқынды өсіуне қарамастан әлемде тыныштық пен сенімдік жоқ. Мұның себебі адамның теріс әрекеттерінде жатыр. Білімді барынша меңгеріп, алайда руханият, қайырымдылық пен зұлымдық, сүйіспеншілік пен мейірімділік жайлы ойланбаған адам өзін бақытты сезіне алмайды.

Осы заманның жаһандық мәселелері - экономикалық, саяси немесе ғылыми мәселелелер емес, ең алдымен рухани-адамгершілік мәселелері. Олардың шешімі адамзаттың ішкі жан дүниесіндегі өзгерісте, адамдардың материалдық игілігінен, рухани-адамгершілік құндылықтарға қайта бағдарлану жолында болып отыр.

Ең алдымен, адамның өзінің өзгеруі туралы, адамзатты материалдық игіліктерді тұтыну идеологиясынан рухани өзін-өзі кемелдендіруге қайта бағдарлау жөнінде ойлау қажет. Әңгіме қоғамның әлеуметтік және адамгершілік бағдарларының өзгеруі жайында болып отыр және бұл үдерістегі жетекші рөл білім беру жүйесіне тиесілі.3

Шәкәрім Құдайбердіұлы ғалымдарға «Ар-ұждан ілімін» әзірлеп, оны барлық білім беру ұйымдарына міндетті пән ретінде енгізу жөнінде ұсыныс айтқан. Бүгінгі таңда Ш.Қүдайбердіұлының арманы жүзеге асты деуге болады, себебі, Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде өткізілетін өзін-өзі тану сабақтары –ар-ұждан сабақтары болып табылады.

Рухани –адамгершілік білімінің қалаушысы С.А.Назарбаеваның «Өмір әдебі» 4

кітабінан үзіндісін келтірейік:

«Ғасырлар тоғысында біз кенеттен тәрбиенің басты мақсаты- баланы компьютер басуға үйретіп, ептеп ағылшынша сқйлету деп санадық. Міне,сөйтіп жаңа формацияның адамы да даяр. Ал бұл «прогресс ұрпағы» қайырымдылықты өқлымдықтан ажырата алмайтыны, жақын жандардың жан ауыртпашылығын түсініп, бөлісе алмайтыны бізді селт еткізбейді. Қазақтың ұлы ойшылы әрі ағартушысы Шәкәрім : «Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға, негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ...

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.

Ал, арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді және істемейді.

Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен –бірі тату тұруында сөз жоқ», - деп жазып кетті емес пе.

Мен бала жас кезінен –ақ әрқашанда сау да әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талпынатынын пайымдай білсін. Әр адамның өзін-өзі тануы қажет. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс.» Өзін-өзі тану рухани – адамгершілік білім беру бағдарлама мазмұнының негізі ретінде Жалпыадамзаттық құндылықтар оқытылады. Әлемде білім берудегі барлық өзгерістердің негізінде жоғары адамгершілік құндылықтардың иесі ретінде адам тұр, ол сәттілік пен сәтсіздіктің негізі, ол және оның ішкі терең мәні кез келген қоғамдық өзгерістердің шынайы күшіне себепші бола алады.

Сондықтан да дамып келе жатқан адамға қай құндылықтар қажет деген занды сұрақ туындайды. Біздің бағдарлама үшін ең тиімді құндылықтар жүйесінің жіктемесін ғалым Т.И.Петракова5 ұсынған, ол құндылықтарды үш түрге: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік деп бөлген.


Т ұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді.

Адам ойы, сөзі, ісімен ішкі үйлесімділікке жетуі үшін ұстанған жалпыадамзаттық құндылықтар адам тұлғасының мынадай құрымдылық деңгейіне сәйкес болуы керек:

Қиянат жасамау – рухани деңгей.

Ақиқат – интеллектуалды деңгей (ажырата алу деңгейі, ақыл-ой).


Сүйіспеншілік - менталдық деңгей (адамгершілік ойлар, сөздер).

Ішкі тыныштық – эмоционалдық деңгей (сезім).

Дұрыс әрекет – физикалық деңгей.

Сонымен, жалпыадамзаттық құндылықтардың адам тұлғасының құрылымымен өзара байланысын шартты түрде төмендегідей бейнелеуге болады (3- 4 сурет)

3- сурет 4- сурет


Америкалық психолог А.Маслоудың зерттеуі бірнеше маңызды жаңалық ашуға мүмкіндік берді. Бірінші жаңалық, адамға мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды аса қажетсіну (метопотребности) тән және бұлоның болмысының ажырамас бөлігі болып табылады.

А .Маслоу мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтардағы жоғары қажеттіліктерді аса жетік түсінбеуден және қанағаттандырмаудан психологиялық күйзеліс немесе метапотология пайда болады дейді. Мысалы, оқушылардың бойында өзін-өзі қабылдамау, енжарлық, жалығу, өмірдің мақсаты мен мәнін түсінбеу, білімге деген қызығушылылығының болмауы сияқты метапатологиялар пайда болады.6



Өзін – өзі тану пәнің оқытудың шарттары

1.     Мектепте сүйіспеншілік, сенім, шабытты шығармашылық, өзінді -өзің зерттеу, өзінді түйсікпен ұғынуды-дамыту атмосферасын құру үшін жағдай жасау.

2.     Рухани –адамгершілік білім беруді мектептің тұтастай педагогикалық үдерісімен ықпалдастыру.

3.     Рухани-адамгершілік білім беру үдерісінде тек қана позитивті (оң) және ізгі әдістерді қолдану қажеттілігі.

«Білім балаға өмір сүру үшін қажет емес, бала білім алу барысында өмір сүру керек» Ш.Амонашвили

Білім берудің екі аспектісінің үйлесімді дамуы:

  • Интеллектуалды (сыртқы білім, ақыл үшін)

  • Рухани – адамгершілік (ішкі білім, жүрек үшін)

Білім мен өмірді әдемі бір үйлесімге біріктіру қажет.

Әйнектің екі жағы болады: Ішкі және Сыртқы. Егер бір жағын жуып, екінші жағын жұмасаң, әйнек толықтай кір секілді көрінеді. Адам да дәл солай. Ішкі жан дүние мен Сыртқы сұлулық екеуі бірдей таза болуы керек. Сонда ғана, адам – мінсіз болады!




Сыртқы білім

ақыл үшін

  • Сыртқы, интеллектуалды

  • Сыртқы дүниені зертейді

  • Кітаби білім (жеке тәжірибесіз тануға болады)

  • Қалауларды оятады, сырттағыға тартады

  • Дүниеде күн көру үшін қажет

  • Интеллектіні дамытады

  • Ақыл мен тәнге қарасты

  • Сыртқы білімнің мақсаты – ақпарат беру

  • Интернет

  • Аллергия пайда болады





Ішкі білім

жүрек үшін

  • Ішкі рухани – адамгершілікті

  • Ішкі дүниені зерттейді

  • Практикалық білім (тек жеке тәжірибе арқылы пайда болады)

  • Әрбір адамның жүрегінде жасырынған жалпы адамгершілік құндылықтарды айқындайды

  • Өмірлік мақсаттармен байланысты (не үшін өмір сүру керек)

  • Интуицияны дамытады

  • Жүрекке қарасты

  • Ішкі білімнің мақсаты – трансформация (сананы ояту, тазарту)

  • Иннернет

  • Энергия (күш-қуат береді)

Өзін өзі тану” рухани –адамгершілік білім берудің ықпалдастыру ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани –адамгершілік мәнін айқындап беру. Бұл барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттың құндылықтар негізінде және алуан түрлі құбылыс бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беру болып табылады. Білім беруде жалпы адамзаттық құндылықтар негізгі түп қазық болуы керек. Яғни балаларға берілетін білім біртұтас, жүйілі болуы тиіс. “Өзін өзі тану” – білім беру үдерісінде тұтастық пен адалдықты, рухтылықты қамтамасыз ететін мета пән болып табылады.

Ықпалдастырудың мәні неде?

ЫShape3 Shape2 қпалдасудың мәні


  • Біріншіден - қоршаған орта туралы тұтас түсінік қалыптастыру (мұнда ықпалдастыру оқытудың мақсаты ретінде қарастырылды)

  • Екіншіден – пәндердің мазмұның бір біріне жақындату (мұнда кіріктіру-оқыту құралы)

Интеграция (лат іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді  біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету

Сыртқы ықпалдасу

(өзін өзі тану пәнінің әдістемелік тәсілдерін қолдану)

  • Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысалдар келтіру («Звездочки на земле» фильмі)

  • Қазіргі ғылыми жаңалықтармен таныстыру

  • Әрбір оқу пәндерінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау

  • Пәндердің мазмұның бір біріне жақындату-кіріктіріп оқыту

  • Рухани – адамгершілік білімді, құндылықтарды, кез келген пәнді оқыту мазмұнына енгізу.

Ішкі ықпалдасу

(дүниетанымдық, мәнді, мағыналы)

  • Өзін өзі тану пәнінің әдістемелік тәсілдерінің, әр кезенінің бір бірімен байланысы, біріктілуі

  • Мысалы, нақыл сөздің талдауынан сабақтың тақырыбын шығару, сабақтын тақырыбынан құндылықтың анықталуы, ол құндылықтың мәні әңгіме барысында ашылуы, қандай дұрыс әрекеттер арқылы орындалуы, тақырыпқа байланысты тапсырмалардың берілуі, әдемі әнмен аяқталуы.




Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеулерден мысалдар

  • Эдвард Уилсон мен Майкл Рьюздің зерттеулері бойынша, адамгершілік тұрғыда әрекет ету адамның өзінің генетикасында бар нәрсе.

  • Жапон ғалымы Эмото Масарудың ашқан жаңалығы бойынша, су ақпаратты тасымалдаушы, яғни оның кристалдарына адамның ойы мен сөзі жазылып қалады екен.

  • Қазіргі таңда ғалымдар мынандай қорытындыға келді «Бүкіл әлемнің зердесі бар, бүкіл әлемдегі әрбір атом бөлшегінің өзіндік сана-сезімі бар. Адам ғана сана –сезімнің иесі емес, сонымен қатар минералдар, өсімдік, жан-жануарлар мен жердің, бүкіл ғарыштың да зердесі бар» (А.А.Липсон және т.б.).

  • Ми физиологиясы саласы бойынша зерттеулерде: лимбикалық жүйе.

  • А.Гончаренко «Физикалық шындық және сана».

  • А.И. Гончаренко «Жүрек кеңістігі жоғарғы сананың негізі ретінде»

  • Бізде екі тәндік байланыс бар: жүйке және жүрек, екі сана: біріншісі -жүректің санасы, екінші – мидың санасы, жүрек миынан ақпарат бас миына 6-8 секундта жетеді. Бұл уақыт аралығында ақпарат жүрекке жеткенге дейін кейбір әлсіздіктерге жол бермей алмауымыз керек. Себебі, келген сигналға байланысты бір нәрсені айту немесе іс-әрекет жасау үшін біз аздап жүрекпен «ойланамыз», яғни келген ақпаратты жүректен өткіземіз, демек, артық немесе дөрекі сөздер айтудың, қателіктердің қаншама мәселелердің алдын аламыз. Оқушылармен жүрекпен тыңдай білу, жүрекпен ойлай алу, жүректің көзімен көре білу, жүректің шешімімен қабылдау туралы әңгімелесіңіз, «қабырғаңмен кеңес» сөз тіркесіне мән беріңіздер.

Ықпалдастыру мысалдары.

  • Әдебиеттік оқу - Өзін-өзі тану. 4 сынып. «Тілім – менің тірегім»

Сахналау: Үнтаспадан С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады.

1 - қақпа - Таным

2 - қақпа - Ғұламалар

3 - қақпа - Қазына

Патша:

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ