Материалдар / Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі тәрбиелеу құралы ретінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі тәрбиелеу құралы ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға,психологтарға,Дамушы мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
474
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі











Шығармашылық жұмыс тақырыбы: Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі тәрбиелеу құралы ретінде























Өзін-өзі тану пән мұғалімі:Пайз Ақерке





Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі тәрбиелеу құралы ретінде

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты – рухани сауатты адам, өзінің ұлттық әлем бейнесін сақ­тай және дамыта отырып, жаһандану дәуірінде өмір сүруге және бақытты болуға қабілетті, қоршаған ортаны қорғай алатын, өмір салты өзгеше адамдарды сый­лай білетін, түрлі мәдениет пен өмір тәжірибелерін құрмет­тей­­тін планета азаматын қалып­тас­тыру болып табылады.
«Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы даналықтың шы­ңы, ол – адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкін­дік­те­рін аша алуы. Осы орайда, жас ұрпақтың рухани мәдениетін арт­тырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қа­лып­тастырып, салауаттылыққа тәр­биелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі мақ­саты – адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан дү­ниесіне үңіліп, өзін-өзі бас­қару негізінде адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру. Жеке тұл­ғаның бойына имандылық нұ­рын ұялатуда бұл пәннің мәні ерекше зор. Өйткені, бұл – кіріктірілген бағдарлама.
Бұл пән жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қа­тар, ол жеке тұлға ретінде өзін-өзі тануға және өмір­лік ұстанымын, дүниета­ным­дық дең­гейін анықтайтын құн­ды­лықтар сапасына ие бо­лу­ға ба­ғыт-бағдар береді. Адамгершілік-рухани тұрғыдан дәріс алған балалар өмірлік маңызды құн­дылықтар жүйесін зерделейді, рухани және материалдық ар­а­қатынас мә­селесін пайымдай отырып өзіндік көзқарастарын шыңдай түседі.

Өзін-өзі тану ұғымдары арқылы адамның ішкі дүние танымындағы құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Өзін-өзі тануда «өзін-өзі тану», «өзін-өзі өзектілеу», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі тәрбиелеу» «өзін-өзі басқару», «даму» және «қалыптасу» «саналы пайымдау», «өзінді талдау» сияқты ұғымдар да кездеседі. Педагогика ұғымдарының бірі - өзін-өзі тәрбиелеу. Өзін-өзі тәрбиелеу - жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі маңызды бөлігі. Оның нәтижесі қоғамдық талаптарға адамның өзіндік жауап қайтаруы, яғни реакциясы арқылы көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу - ол моральдық және этикалық нормалардың қалыптасуы және олардың әдетке айналуы.

Өзін-өзі тәрбиелеу - адамды дамытуға арналған тәрбие үрдісі. Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу - мәдени мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру. Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып табылады. Өздігінен оқу- адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Осы өздігінен білім, тәрбие алу, оқу адамның ішкі жан-дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды.

Өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеуден ажыратып қарауға болмайды. Ол педагогиканың негізігі бөлігі ретінде қарастырылады және ол берілген тәрбиенің қорытындысы. Ол жалпы жеке тұлғаның рухани даму үрдісінде де байқалады. Өзін-өзі тану түсінігінен жалпы мәдени дамуды да бөліп қарастырмаймыз. Өзін-өзі оқыту мәселесінде теориялық материалдарға анализ жасау және өзін-өзі тәрбиелеу барысында анықталғаны жоғары курс студенттерінің көбінесе өзін- өзі басқару тәртібі сәйкес келсе, ал қалған пайызы өз-өзімен жалпы жүйесіз жұмыс жасайды. Сонымен бірге өз-өзімен жүйелі жұмыс жасау қатары университет ішіндегі студенттердің бойында күннен күнге сиреп барады. Оның себебі, студенттер өзін-өзі басқару үрдісіне даярланғанымен, оның әдіс-тәсілдері үйретілмейді. Егер мұғалім мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық жасауда қиындықтар сезінсе, онда оның өзі де өзін-өзі дамытуды дұрыс біле бермейді. Мұның себебі, педагогикалық курстарда өзін- өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша дәріс өте аз оқылады, ал практикалық-тәжірибелік сабақтар дұрыс жүргізілмейді. Осы тұрғыдан студенттердің өзіне өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі тануға қатысты тәжірибе аз екенін ескерген жөн.

Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның жетілуіне ұмтылу ретінде әрқашан да адамдарға тән болды, және ол өмірлік қажеттік ретінде басқа ұйымдастырылған тәрбие түрлерімен салыстырғанда анағұрлым ерте – адамзат тарихының алғашқы кезеңінде-ақ пайда болды. Өзін-өзі тәрбиелеудің гносеологиялық тамыры алғашқы қоғам дәуірінде жатыр. Сол кезде-ақ адамдардан өмірлік қажетті қасиеттерді (батылдық, тұрақтылық, аштыққа, суыққа төзімділік) дамытуды талап ететін салттар мен сенімдер болды.

Қоғамның дамуына байланысты өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі ертедегі ойшылдардың философиялық концепцияларына енді, жазушы, педагог және ғалымдардың назарын өзіне қаратты, педагогикалық, философиялық әдебиеттерде пайда болды.

Біздегі мәліметтер бойынша алғаш педагогикалық іс-әрекетпен терең шұғылданған Ежелгі шығыс ойшылдары болып табылады. Қытай тарихындағы ең алғашқы мектептердің бірі ойшыл, педагог Конфуций ашқан мектеп болды. Ол өзін-өзі тәрбиелеуге көп көңіл бөлген ойшылдардың бірі. Конфуцийдің еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты былай делінген: «Көктің бергенінің бәрі табиғат деп аталады, табиғатқа табыну - бұл борыш жолы, осы жолды қолдап отыру оқыту мен тәрбиелеу болып табылады, ал өз кезегінде оқыту мен тәрбиелеу өзін-өзі жетілдіру құралы».

Сократтың өзін-өзі тәрбиелеу идеясы оның философиялық жүйесінен келіп шығады: адам өз іс-әрекетін үйренгеннен кейін ғана ол өзін-өзі басқара және жетілдіре алады.Сократтың шәкірттерінің бірі Платон (б.э.д. 427-347 жж.) да философиялық еңбектерінде өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне назар аударған. Оның ойынша өзін-өзі тәрбиелеу адамның өмірдегі ұлы міндеттерге ерісуіндегі құрал болып табылады. Платонның шәкірті Аристотель (б.э.д. 384-322 жж.) еңбектерінде грек философиясы жоғары деңгейге жетті. Оның адамгершілік тәрбиесі жайлы айтқан пікірлері өте құнды болып есептеледі. Аристотельдің айтуынша, адамды тәрбиелеудің негізі адамда ерік күшін, белсенділікті дамыту қажет. Адамның еркі мен мінез-құлқын қалыптастыру – оның өзінің ісі. Іс-әрекет үдерісінде ерік ақылға аффекттер мен құмарлықтан үстем тұруға көмек береді. Адам өзінде шыдамдылық, адалдық, жоғары интеллектуалдық сияқты қасиеттерді дамытуы керек.

Ежелгі Римде стоицизмнің жарқын өкілдері – Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий болды.Олардың өзін-өзі тәрбиелеу саласында айтқан пікірлері өте құнды. XVII ғ. бастап педагогикалық үдерісс заңдылықтары, педагогика ғылымының негіздері жасалына бастады. Бұлардың қайнар көзі славян педагогы Я. А. Коменскийге барып тіреледі. Ол өзінің «Өмір ережелері», «Жастық шаққа арналған адамгершілік жайлы пікірлер» еңбектерінде өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне тоқталып өткен. Осы кезеңнің көрнекті өкілдері Джонн Локк, Ж. - Ж. Руссо, Монтескье, Гельвеций, Дидро т.б. еңбектерінде жастар тәрбиесіне, өзін-өзі тәрбиелеуге қатысты мәселелер көтерілген.

Біздің еліміздің көпұлтты мәдениетінің тарихында қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин (1841-1889) мен А. Құнанбаев (1845-1904) маңызды орын иелейді. Олар өз халқының мүмкіндіктері мен қабілеттеріне, сарқылмас күшіне сенді, мәдениет пен ағартушылыққа өздерінің күш-жігерлерін жұмсады.

Ы. Алтынсариннің ойынша адам тек еңбек тек еңбек арқылы ғана бақытқа еріседі. Еңбекке деген сүйіспеншілік оның адамгершілігін нығайтады.Өз халқының еркіндігі мен мәдениеті үшін А. Құнанбаев жалынды күрес жүргізді. Оның шығармашылық мұраларында біз оның «Қара сөздер» философиялық-этикалық пікірлерін табамыз. Оның ойынша, өмірдегі басты мақсат – рухани қасиеттер, тірі жанмен мейірімді жүрек, адамның қайғысына ортақ болу.Келтірілген адамзат тарихының барлық кезеңдеріндегі ойшылдар мен ағартушы-ғалымдар, педагогтар, ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің зерттеулері мен ой-пікірлері өзін-өзі тәрбиелеудің адамның жеке тұлға болып қалыптасуында, жалпы оның өмірлік іс-әрекетінде өте маңызды орын иелейтіндігі мәлім болды.

Өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған жеке тұлғаның белсенділігін қарастыра отырып, өзін-өзі тәрбиелеу туралы айтылған біршама философиялық-педагогикалық тұжырымдарды кездестіруге болады.Өзін-өзі тәрбиелеудің әрекетті болуы жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Адам өз алдына өзімді-өзім тәрбиелеймін деген мақсат қоймаған күннің өзінде де, өзіне тән жеке дара қасиеттерін қоршаған ортасындағы адамдармен өзара қарым-қатынасқа түсуі барысында, не болмаса, мәдениеттің, тағы да басқа факторлардың әсерінен өзгертуі мүмкін. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны өзгертуге әкеп соқса да, кез келген өзін-өзі өзгертуді өзін-өзі тәрбиелеу дей беруге болмайды. Өзін-өзі тәрбиелеу түсінігін анықтау үшін алдымен осы үдерістің мақсатқа бағытталған сипатын ескеру керек. Мақсат адам іс-әрекетіндегі қажетті жағдайларлардың бірі болғандықтан, бұнда негізгі рөл атқарады. Яғни, «мақсат қана адам іс-әрекетінің әдісі мен сипатын заң секілді анықтайды да, өзіне ерікті бағындырады.

Осы тұрғыда айта кететін бір жәйт, өзін-өзі тәрбиелеу мен өз бетімен жұмыс істеу түсініктерін салыстыра қарау әдепкіде қисынды көрінеді. Бірақ адам іс-әрекет барысында өз тұлғасын өзгертеді, өзін-өзі тәрбиелейді, ал өз бетімен жұмыс істеу әрдайым өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттала бермейді және өз бетінше күш-жігерін билеуі арқылы өзгертілген тұлға өзін-өзі тәрбиелеу болып саналмайды. Неше түрлі бағытқа бағытталған адамның іс-әрекеті өзін тәрбиелеуге адам ұмтыла ма, жоқ па, оған қарамай-ақ оның тұлғалығында көрініс беріп отырады.

Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамның өзін-өзі жетілдіруге жұмсаған мақсатты іс-әрекеті.Олай болса, өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамның өз бойындағы жағымсыз қасиеттерін жеңіп, жағымды қасиеттерін жетілдіру және дағдыға айналдыру жолындағы жүйелі де саналы іс-әрекеті.

Тұлғаның өз бетімен қабылдаған шешімдерін тұрақты орындауы, күнделікті іс-әрекетіндегі кездескен қиыншылықтарды жеңуі, өзіне көп не аз мөлшерде болсын талап қоюы өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейді. Өзін-өзі тәрбиелеудің алғашқа элементтері мектеп жасына дейінгі сәбилер мен естияр балаларда байқалады. Бұл кезеңде баланың өз қылығына қоршаған ортасындағы ересек адамдар негативті реакция берген жағдайда ғана оны өзгертуге деген талпыныс пайда болады. Бұл уақыттағы үдерістің басты ерекшелігі сол, бала мінез-құлықтың нақты формасын, яғни тұлғалық қасиеттерін емес, тек сыртқы көріністерін өзгертуге ниеттенеді. Себебі психологтардың пайымдауынша сәби өз бойындағы тұлғалық қасиеттерін саналы түрде сезіне бермейді. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеуді тудыратын түрткілерді – олардың іс-әрекетіндегі, яғни ойын ойнау барысындағы еріктерін, өзін-өзі ұстай алуын дамыту керек. Сонымен қоса сәбилерді өздігімен жұмыс істей алуға қолайлы формада үйрету керек. Себебі мінездік қалыптар жеткілікті деңгейде қалыптасқан жасөспірімдік кезеңде ол қажетіне жарайды.

Жасөспірімдік кезеңнің басты ерекшелігі – тұлға ересек адамдарға еліктеп, өз қылықтарын түсінуге, өз ісінің дұрыстығын дәлелдеуге ұмтылады, яғни жеке қылықтары арқылы қасиетін танытады. Осылайша өзін-өзі тәрбиелеудің алғашқы міндеттері алдынан шығады.

Балаң жастағы бала үшін өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі мотиві «өзіңді-өзің жаса», әлеуметтік және кәсіптік қарым-қатынасты толық өзін жүзеге асыруға қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы кезеңдегі тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге деген қызығушылығын педагог қолдай отырып, өз тәрбиеленушілерінің құлықтық тәрбиеге деген сенімін бекітеді.

Тәрбиеленуші үшін өмірлік міндеттерді шешуге реализмнің көп мөлшерде болуы оларды іске асырудағы сәттілік пен сәтсіздік басты фактор болып саналады. Сонымен қоса тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда өзін-өзі тәрбиелеу мен ұжымдық іс-әрекетті ұштастыра отырып, біршама жетістіктерге жетуге болады. Себебі әрбір индивидтің өз қабілеттерін жан-жақты дамытуы осы жерден басталады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!