Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өзін-өзі тану пәні- баланың рухани әлемін байыту көзі" (баяндама)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Өзін-өзі тану пәні- баланың рухани әлемін байыту көзі" (баяндама)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баланың бас ұстазы ата-ана.

-“Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі” демекші, ата-ананың және отбасының басқа мүшелерінің мінез-құлқы, бір-бірімен қарым-қатынасы, күнделікті атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Отбасында бала үлкендермен қарым-қатынас жасап, сөйлеу және ойлау дағдысын алады. Бұл ретте үлкендер өздері жақсы білетін тілде (ең дұрысы ана тілінде) баламен қарым-қатынас жасағаны жөн. Әуелі бала ана тілін үйреніп, заттың атын үйреніп, бір-бірінен айырады. Содан соң оларды не мақсатқа пайдаланылатынын біледі. Осы кезде баланың ойлау қабілеті қалыптаса бастайды. Егер ата-ана баламен өздері нашар білетін тілде байланыс жасаса, онда тілдің балаға жөнді әсері болмайды.

Мұнымен қатар үлкендер балаға үлгі болу үшін олардың алдында өздерін дұрыс ұстай білгені жөн. Ата-ана жарасымды, киім киюімен, мезгілінде тамақтандыруымен, үй ішінің тазалығымен, тәртіптілігімен, өзге адамға деген ілтипатымен, сыпайы мінезімен, жылы сөзімен бала көзінше өз абыройын берік ұстауға әрдайым міндетті. Мұндай отбасында бала жаны жайлау, көңііл көктем, кісіге қайырымды, еңбексүйгіш, қарапайым болып өседі. Сабағын да жақсы оқиды, болашақ отбасын құруға әзірлігі мол болады.Ал ата-анасы ұрыс-керістен көз ашпайтын отбасында бала ынжық, тұйық мінезді, жалқау, өтірікші болып өседі. Мұндай балада өз құрбыларымен қарым-қатынас жасау дағдысы да болмайды.Біздер қоғамда “қиын балалар”деп жүргендер осылай пайда болады. Сондықтан да баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін тәрбиенің ең үлкені, яғни, баланың дұрыс адам болып қалыптасуы үй тәрбиесіне байланысты. Қысқаша айтқанда, бала ата-анасының ұрыс-керісінің емес, тату-тәтті тіршілігінің куәсі болуға тиіс.

Баланы сәби кезінен еңбекке, адалдық пен достыққа, тән тазалығына баулуы шарт. Бала осы тәрізді жақсы қасиеттердің бәрін де ата-ананың бойынан тауып, соған еліктеп, солардан үйренсе қандай тамаша!

Балалардың шашып алған ойыншықтарын, қуыршақтарын өздеріне жинатып, бастаған істерінен аз да болса дұрыс нәтиже шығарып, жіберген кемшіліктерін түзетін қадағалаған дұрыс. Баланы қанша жақсы көргенмен, оның елеулі қателіктерін аяқсыз қалдыруға мүлде болмайды. Бірақ , ол үшін ұрып-соғып, қорламай, қамқор сөзбен түсіндіру қажет. Сол кінәсі үшін балаға “ынжық”, “маубас”, “боқмұрын”деп жұрт алдында жеку, ұрысудың тәрбие деген ұғыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бала тәрбиелеудегі мұндай жағымсыз әдеттен жиреніп, жақсы әдеттерді үйренуге тырысқанға не жетсін. Отбасы жағдайында баланы жас кезінен бастап спортпен шұғылдануға, тісін тазалауға, аузын шаюға, жатарда аяғын жылы сумен тазалап жууға әдеттендірген жөн. Бұл денені шынықтырып, оның тазалығын арттырады, баланың эстетикалық талғамын өсіреді.

Мәдениетті, әдепті отбасыларда ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, ынтымақтастықтың, қайырымдылық пен қамқорлықтың, адалдық пен адамгершіліктің үлгісі. Қысқаша айтқанда, отбасындағы тәрбие жан-жақты, кең мағынасында алғанда қоғамдық тәрбиеге қатынасты .Отбасы-қоғамның бір арнасы ғана емес, ол оның өзіндік тәрбие ұясы да .Бөбектер, сәбилер үшін олардың өміріндегі тұңғыш әлеуметтік орта бола отырып, отбасы олардың дүниетанымының, эстетикалық талғамының, мінез-құлқының негізін салады .Баланың бойына ана сүтімен сіңген қасиет оның бүкіл ғұмырына жетеді .Бала тәрбиесі-ел мүддесі. Демек, бұл баршамыздың ортақ мақсатымыз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2018
443
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12