КММ "Юбилейное орта
мектебі"
Атымды
адам
қойған
соң...
Дөңгелек үстел
Өткізген: Черьязданова Анар
Токтаровна
Көкбастау
ауылы
1. Кіріспе сөз.
2. «Біз біргеміз!» топқа бірігу жаттығуы
3. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
4. «Сіз балаңызды білесіз бе?» «Қызықты
сұрақтар» жаттығуы.
5. Топпен ән айту 6.Педагогикалық тренинг.
7. «Менің балам қандай?» ойыны
8. Қорытынды.
Дөңгелек үстел
барысы
Ұйымдастыру
кезеңі: Сәлеметсіздер
ме! Бүгінгі дөңгелек үстелді
ерекше өткізгім келіп тұр.
1.Кіріспе
сөз:
Отбасым - менің
жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым –менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына
азаматтық құндылықтарды және ұлттық
рухани байлықтарын сіңретін тәрбие ошағы.
Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке аялаған
ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ
сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі,
бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке
туралы айтсақ, әке отбасының асыраусышы, қамқоршысы. Ана отбасының
ұйтқысы, жылуы, шуағы.
«Отбасы кішкентай мемелекеттік ұя» деп бекер
айтылмаған.
Әдетте жақсылықтың бәрі
отбасынан басталады. Отбасы –жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен
ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя.
Сондықтан да отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.
Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның
діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген
сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады. Ата-анам –өмірдегі
ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа, әдептілікке,
адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті,
саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе «Түп қазығың –Отаның ,
ар-намысың – тілің, кәусар бұлағың –ұстазың, қамқоршың –әкең,
ақылшың -анаң» деген сөздері көңілімде жатталып қалыпты.
Ата-анамның тілегін орындауға бар күшімді саламын.
Құрметті ата-аналар бүгінгі біздің мектебімізде өткелі
тұрған «Атымды адам қойған
соң....» атты дөңгелек үстелге хош
келдіңіздер!!!
2. «Біз бірігеміз!» топқа бірігу
жаттығуы
Тренинг: Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бүгінгі
кездесуден не күтетінін айтады. Содан кейін ата-аналар топқа
бірігеді. Топқа
бірігу. (Ата - аналар өз заттарын алу арқылы екі
түсті шар тұрған үстелге жайғасады). Ата- аналарды отырғызу.
Парақшалар тарату
3. «Жанұя
ойыны» сергіту
жаттығуы.
Қимыл-қозғалыс арқылы жауап
беру.
1) Газет бетіндегі
мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты
сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз
бе?
- иә десеңіздер
– қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- жоқ
десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
2) Балаға тәрбие
беру кезінде үйде ата – ана бірдей ықпал жасай
ма?
- егер жанұя
десеңіздер жымиыңыз.
- Егер қоршаған
орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға
соғамыз.
3) Бала тәрбиелеу
жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке»
десеңіздер, қолды алдымызға
соғамыз.
- Егер «шеше»
десеңіздер, жымиыңыз,
- Егер «екеуі»
десеңіздер, қолдарыңызды
шапалақтаңыз.
4. «Сен ананды білесіз
бе?» «Қызықты
сұрақтар» жаттығуы. Оқушыларға қаламсап пен
ақ парақ беріледі. Сұрақтар қойылады. Сұраққа оқушылар ана туралы
жауап жазады. Сұрақтар легі:
1. Ананың аты - жөні... ?
2. Ананың туылған
күні?
3. Сүйікті жемісі...?
4. Сүйіп тыңдайтын әні...?
5. Сүйікті тағамы...?
6. Жақсы көретін түсі...?
7. Аяқ киімінің өлшемі...?
8. Шаршағанда не ашуланғанда демалатын орны...?
9. Жақсы көретін кітап...?
5. Топпен ән
айту
Әлемнің жарығын сыйладың
сен маған
Сөзін жазған: Ғ.
Қайырбеков
Әнін жазған: Ш.
Қалдаяқов
Әлемнің жарығын сыйладың сен
маған Даланың әр гүлін жинадың сен маған Сен бердің құстардың
қанатын самғаған Балалық қоштарың өзіңе арнаған Қайырмасы: Әлдилеп,
аялап өсірген жемісің Самал жел саябақ құшағың мен үшін Есейіп
кетсем де, мен саған сәбимін Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын
Өтеуге борышын анашым жан сырым Іздедім сен үшін әлемнің асылын
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені Сыйлар ем ай - күнін қолыма
түспеді Қайырмасы: Ете көр қанағат, әзірге берерім Балалық
махаббат, балалық жүрегім Бол риза анашым, қолдағы осы бар Өзіңе
арнаған әнімді қосып ем.
6.Педагогикалық
тренинг. 1. Педагогикалық
ойын. (2 минут ішінде жазып оқу).
Ата-аналарды 2 топқа біріктіріп, 1- ші топқа: Мақтау сөздерін жазу,
2-ші топқа: Ұрсу сөздерін
жазу.
6.«Менің балам қандай?»
ойыны
Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.
Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа
баласының атындағы әріптерін жазу
керек.
Ары қарай ата-ана әр саусақта
жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек.
Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінін салса болады.
Саусақтар ватманға жабыстырылады.
7.
Қорытынды
Құрметті ата-аналар бүгінгі кездесуімізді Елбасымыздың мынандай
сөзімен қорытындылағым келіп тұр. «Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады Отанға деген ыстық сезім
жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншілікпен
басталады». «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де
осы.
Сіздердің тілектеріңізге көп рахмет. Отбасыларыңызға аманшылық,
сүйіспеншілік, бақыт тілеймін.
Адамның ең басты шаттығы болып саналатын
–бала. Әр бала жұлдыз.
Сол жұлдыздың жарқырауына көмектесетін-
сіздер!