Материалдар / Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары. Тақырыбы Дербестік пен жауапкершілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары. Тақырыбы Дербестік пен жауапкершілік

Материал туралы қысқаша түсінік
мұалімдерге қажет сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2021
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Өзін – өзі тану

Күні: 11.01.2021

Мұғалімі: Н.Аманова

Сыныбы: 4 а,ә,б,в, г,ғ,д

Тақырыбы: Дербестік пен жауапкершілік

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Дербестік, жауапкершілік, дұрыс әрекет

Мақсаты: Оқушыларға дербестік және жауапкершілік ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды жауапкершілікпен жұмыс жасауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы дербестік және жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дербестікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

Нұрға бөлену

2. Үй тапсырмасы.

17- сабақ, «Асыранды қаздар» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

Атасының немересіне айтқан ақылынан қандай ой түйдіңдер?

Өз бетімен еңбек ету дегенді қалай түсінесіңдер?

Дербестік адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Дербес адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Сенің бойыңда дербестік бар ма? Айтып бер.


Сабақтың дәйексөзі.

Жауапкершілікті сезінуден жан атаулы биіктейді.

Стефан Цвейг


 Стефан Цвейг (нем. Stefan Zweig — Штефан Цвайг; 28 қараша 1881 — 22 ақпан 1942) - австриялық жазушы, драматург, қоғам қайраткері. Әлем әдебиетінде ерекше орын алатын жазушы.


Сұрақтар:

  1. Жауапкершілік деген не?

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жауапкершілік жүгі


Ерте ерте ертеде ақшасы мен дәулетінің көптігіне қарамай өмірінен түңеліп, өмір сүруден жалыққан бір ханзада болған екен. Достары, іні-бауырлары аңшылыққа шығып, қыдырып-тозып жүргенде жаңағы ханзада бөлмесінен шықпай ешнәрсеге қызықпайтын болады. Баласының мұндай жағдайын көрген әкесінің жүрегі ауырады.

Бір күні хан сол елдің ең білімді ғұламасын шақырып, жағдайды түсіндіріп баласының дертіне бір дауа табуын бұйырады. Ойлануға бар жоғы бір апта беріледі. Осы уақыт ішінде ешқандай шешім табылмайтын болса, ғұламаның өміріне қиянат жасалынатынын ескертеді.

Қария күн демей түн демей ойланса да ешбір амал таба алмайды. Ханның сөзін ескеріп өлкеден қашып кетуді жоспарлайды. Жақындарымен қоштасып, жиған-тергенін арқасына артып кетіп бара жатып бір ауылдың маңайында қой мен қозы бағып жүрген жас қойшыны көреді. Онымен біраз әңгімелеседі. Қойшы “Аға, аз уақытқа қойларымды бағып берсеңіз. Түскі асымды алмай шығыппын, үй жаққа барып соны ала келейін деп едім” дейді.

Ғұлама біреуге болсын жақсылығым тисін ниетімен қуана келіседі. Бар ынта мен назарын мойына алған жауапкершілігіне салып тұрғанда, бір қозы ойнап жүріп ор ішіне домалап түседі. Қозыны құтқарып шығармаса өзі шығалмайтыны анық. Қойшы баланың алдында ұят болды-ау деп, ғұлама орға түскен қозыны құтқармақшы болады. Осы мақсатпен ордың ең астына түседі.

Қозыны арқасына байлап ордан шығуға тырмысады. Бірақ қозының ауырлығынан көпке шыдамай қайта орға құлайды. Қайта тырмысып, қайта құлап әрең дегенде қозыны ордан алып шығарады.

Жас досына берген уәдесін орындау үшін, бір қозыны құтқарам деп жанталасқаны, өзінің басына түскен жағдайды, өлкені тәрк етіп бара жатқаның естен шығарады. Есіне түсіп ойланады: “Кімде кім бастаған істің сәтті аяқталуын мақсат етіп, қойған мақсатына толық берілген болса, ол кісінің ешқашан іші да пыспайды, басқа ешнәрсені көңіліңе де алмайды”

Осыны ойлап ғұлама қашудан бас тартады. Ханның алдына барып:
– “Уа мәртебелім, егер ханзаданың ешнәрсеге қызығұшылығы жоқ болып іші пысса, өмірден түніліп жүрсе – оның үстіне жауапкершілік жүктеңіз, бос уақыт болдырмайтын тапсырма беріңіз. Ішпысқандықтың, өмірден түңелгендіктің негізгі себебі – еріккенділік. Беретін тапсырмаңыз қаншалықты үлкен, жазасы қаншалықты ауыр болса, балаңыздың өмірге деген көзқарасы соншалықты тез өзгеріп, құштарлығы артып, жаңадан тыныс алғандай болады”


  • Жауапкершілікті болу дұрыс әрекет жасаудың көрінісі бола ма?

  • Неліктен жауапкершілікті арту адам өмірінің мәнін күшейтеді?

  • Өз өмірінің мәнін күшейту үшін дұрыс жолға түсіп, игі әрекеттерді жасаумен байланысты мысалдар келтіріңіздер.

  • Дұрыс әрекетті сипаттайтын оқиғаларды өз өмірлеріңіздерінен әңгімелеп беріңіздер.


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1-тапсырма

«Дербес адам қандай? Осы сұраққа ойланып, дербес адамды сипаттайтын сөз дерді тауып жазыңдар.

2-тапсырма

Суретте бейнеленген көбелектің қанатындағы сұрақтарды оқып, оларға жауап жазыңдар.


  1. Топпен ән айту.

Дос болайық, бәріміз!

Өлеңін жазған Хасенхан Талғаров

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз!

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста,

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

Қайырмасы.

Отан біздің панамыз,

Аман жүрсін анамыз,

Нұрлы күн сөнбесін.

Бақыт болып жанамыз,

Жарық біздің санамыз,

Қара бұлт төнбесін.


7. Үй тапсырмасы.

1. №17 – сабақ. «Өкініш» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!