Материалдар / Өзін-өзі тану пәні: "Отбасындағы сүйіспеншілік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзін-өзі тану пәні: "Отбасындағы сүйіспеншілік"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілері мен ата-аналарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
827
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құлыншақ» ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні: 19.09.2016ж.

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Қуыршақ, бізге қонаққа келді»(ойыншықты суреттеу арқылы әңгіме құрау)

Мақсаты:Педагог үлгісі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білу білігін жетілдіру. Өз ойын еркін жеткізуге,жаңа сөздерді меңгертуге баулу.Эстетикалық талғамын арттыру.

Қолданылатын көрнекті құралдар:ұлттық көйлек киген қуыршақ.


Педагогтің

іс-әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Ұлттық көйлек киген қуыршақтың қонаққа келуі.





Қуыршақпен сәлемдесу.


Балалар қызыға қарайды.






Сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік



-Балалар,бұл қуыршақтың есімін сендер білесіңдерме?

-Олай болса,қуыршақтың өзінен сұрап көрейікші.

-Балалар,қуыршақ есімін айтқысы келмесе,онда бәріміз бірге оның есімін кояйық.

-Қане, кімнің қандай есім қойғысы келеді?

-Қуыршақтың есімін қойғанда оның есімі де атына заты сай әдемі есім болуы керек.

Мысалы:Сұлушаш,Кәмшат,

Қарашаш.(Халық әні Үкілі

-Енді Сұлушаш қуыршағымызға тоқталайық.

-Сұлушаш сендерге ұнадыма?Несі ұнады?

(шашы,көйлегі,сырғасы,бөркі,камзолы,

үкісі).

-Сұлушашатың шашы қандай?

(Қою қара шашты)



-Білмейміз.


2-3бала шығып есімін сұрайды.


Өз ойларындағы есімдерді атайды.



Өз ойларын жеткізеді.














-Оның шашы ұзын,әдемі.


-Шашын ол өріп қойыпты.






«Қою қара шашты»деген «шашы қалың»дегенді білдіреді.

-Ол шашын қалай жинап алыпты?

(Қос бұрымды).

-Көздері қандай?

(Қарақат көзді)(қарақат көзді деген

қарақат жидегіндей мөлдіреп тұр дегенді білдіреді).

-Ал Сұлушашымыздың көйлегі қандай?(Бүрмелі,қазақтың ұлттық көйлегі).

Сұлушаштың бөркіне тоқталу.

-Бөрік киімнің қай түріне жатады?

-Бөріктің төбесінде үлпілдеп тұрған несі?

-Бөріктің төбесіндегі үкісі неден жасалады?

Дидактикалық ойын:«Өз орнына орналастыр».

Мақсаты:Балаларды суретке қарап әнгімелей білуге үйрету.

Ойын шарты: Сөйлеуді дамыту дәптерімен орындалады.

Дәптердегітапсырмасы бойынша үкі туралы әңгімелейді және үкінің қауырсынын керекті затқа орналастырады.

Үкі-орман құсы.

Үкінің-жүні үлпілдек.

-Енді бәріміз үкінің дыбысын салайықшы.

Сергіту жаттығуы:

«Қуыршақ»өлеңін оқып беру.

Сөйлемейсің сен неге,

Тілің жоқ па, қуыршақ?

Жуынбайсың сен неге,

Кірің жоқ па,қуыршақ?

Аяғың бар ма,сен неге?

Жүре алмайсың,қуыршақ?

Жұмсағанда сен неге,

Тіл алмайсың, қуыршақ?

Біз күлгенде күлмейсің,Аңқаусың ба,қуыршақ?

Бізбен бірге жүрмейсің,

Жалқаусың ба,қуыршақ?

(Р.Тышқанбаев)






-Көздері дөңгелек күлімдеген.

-Оның көйлегі ұзын, әдемі,ақ түсті.

-Бөрік бас киімге жатады.





-Бөріктің төбесінде үкісі бар.

Қуыршақтың жылаған даусын салады.

-Сұлушаш сау бол! Балалар тапсырманы орындайды
















Сергіту сәтін орындайды.



«Айнытпай сал»ойыны.

Шарты:қуыршақтың жылаған дауысын салу.

Құлыншақтан қуыршақ,

Шауып жүріп құлады.

Салшы даусын,қуыршақ,

Сонда қалай жылады?

Ж.Қалжанова.

Қуыршақтың жылаған даусын салады.


Рефлексиялық-түзетушілік


-Балалар,Сұлушаш қуыршағымыз бізден біраз нәрсе үйренген сияқты.

Өйткені ол күлімсіреді.

Енді ол үйренген жаңа,ізгі сөздерді достарына айтсын!

Қонағымызды шығарып салайық.Қонаққа қоштасарда қанадй ізгі сөз айтамыз?Қонақты шығарып салу.Жол көрсету.

Қорытындылап мадақтау.









-Сұлушаш сау бол!


Күтілетін нәтиже:

Біледі:ұлттық киім атауларын.

Игереді:жаңа сөздер мен ізгі сөздерді.

Меңгереді: қонақжайлылықты.








Қуыршақ қонаққа келді, Тостаған

25 қаңтар 2017, Сәрсенбі

Категориясы: Бала-бақша

aiboll

«Қуыршақ қонаққа келді», «Тостаған».
Кіріктіріліп ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекеті.
Кіріктірілген білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық».
Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сөйлеуді дамыту, сурет салу.
Мақсаты: Балаларға тағамдар мен ыдыстардың аттарын үйрету, оларды ажыратуға жаттықтыру. Ыдыстың не үшін керек екенін түсіндіру.
Міндеті: Балалардың қазақтың ою - өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру. Шығармашылық қасиеттерін дамыту. Тазалыққа, салт дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Қонақ күту ережелерімен таныстыру. Балаларға ойын ойнатып, өлең жаттату арқылы ой - өрісін дамыту. Сөздік қорын молайту. Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, заттардың пішіні, олардың құрылымы, өрнек элементтерінің орналасуына көңіл бөлуді үйрету. Балаларды адамгершілікке, достыққа, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, ғажайып сәт, дидактикалық ойын, тақпақ, тақтамен жұмыс, слайд, сурет салу, сұрақ – жауап, қорытындылау.
Көрнекіліктер: Слайд, қуыршақ, ыдыстар.
Қажет құралдар: акварель, ақ қағаз, сүлгі,
Сөздік жұмыс: Қонақ, ыдыс, тостаған.

Билингвальды компонент: Қонақ - гость, ыдыс – посуда.
Шаттық шеңбер:
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанамыз достарым,
Арайлап атқан күнге!
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл жасап шаттық шеңберін орындайды.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күн қандай болады?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты қарайыншы.

Ғажайып сәт:
Тәрбиеші қонаққа қуыршақ Әсем келгенін айтады.
- Балалар, біз – қазақ халқы қонақжай халықпыз. Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі шығарып салады. Қуыршақ Әселге өзіміздің қонақжайлылығымызды көрсетейік.

Тәрбиеші балалармен әңгіме өткізеді.
Ыдыс – аяқ – күнделікті тамақты дайындап, ішіп жеу барысында пайдаланатын тұрмыстық заттар жиынтығы. Ыдыс – аяқты пайдалану жағдайына байланысты тамақ дайындайтын: кастрөлдер, табалар, қазан, ожау. Тамақ қабылдайтын: тәрелкелер, табақ, қасық, шанышқы, кесе, стақан,
және тамақ сақтауға арналған ыдыстар деп бөлінеді. Біз бүгін қуыршақ Әселге дастархан жаямыз.
Ол үшін алдымен мынадай жаңа сөздермен танысамыз.

Сұрақ – жауап:
- Мынау – шай шығаратын шайнек. Мынау – кішкентай қасық. Ол не үшін керек?
- Мынау - саптыаяқ. Онымен шай ішеміз.
- Дастарқан басында өзіңді қалай ұстауың керек?
- Кастрөл не үшін керек? Ал таба ше?
Тәрбиеші дастарқан жаю ретін көрсетеді, түсіндіреді.
- Дастарқанды жайып, үстіне дәмді әзірлеген тағамдарды қоямыз, содан кейін қасықтар мен шанышқыны қоямыз, шай ішетін ыдыстарды қоямыз.
Дидактикалық ойын: «Қуыршақты тамақтандырамыз»
- Қуыршақ Әсем сендерді «Қонақжай, сыпайы балалар екен», деп жатыр.
Ол сендерге риза болды.
- Қане, кім қуыршақ Әсемге арнап тақпақ айтады.

Аяулым:
Апам маған дүкеннен,
Бір қуыршақ әкелді.
Ерегіспес үлкенмен,
Мазақтамас бөпемді.
Ойнатамын оны мен,
Жылатпаймын түртіп те.
Ең жақсысы менімен
Таласпайды кәмпитке.

Нұрсұлтан:
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.

Билингвальды компонент: Қонақ - гость, ыдыс – посуда.
Сөздік жұмыс: Қонақ, ыдыс, тағам.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталап, сөздік жұмысты жаттап алады.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ – топ,
Ал қолменен хлоп – хлоп.
Бір оңға, бір солға,
Айналамыз кел мында.
Қолымызды сермейміз,
Басымызды шайқаймыз.
Бір оңға, бір солға,
Айналамыз кел мында.
- Ал, балалар, үйге келген қонаққа сыйлық беру керек. Біз қуыршаққа үйге барғанда сендерді есіне алып, сүт құйып ішетін ыдыс сыйлаймыз.
Слайд: ыдыстардың түрлері, олардың неден жасалғандығы туралы түсінік беру.
Сурет салу:
- Балалар, сүт, көже құйып ішуге тостаған ыдыс ыңғайлы. Сондықтан біз тостағанның суретін саламыз.
Балалар партаға жақындайды.
Тәрбиеші балаларға триз әдісі бойынша суретті әшекейлеуді көрсетеді.
Саусақты бояуға батырып, тостаған суретінің үстінен із қалдырып әшекейлейді.

Ойын: «Көлеңкесін тап»
Шарты: Балалар ыдыстардың көлеңкесін тауып орналастырады.
- Балалар біз қуыршақ Әсемге тостағанымызды сыйлаймыз. Қуыршақпен қоштасу.

Қортындылау: Балалардан жауап алу.
- Балалар бізге бүгін кім келді?
- Әсемге не бердік?
- Дастарханға не қойдық?
- Қандай ыдыстар?
- Әсемге не сыйладық?
- Тостаған ыдысы неден жасалады?
- Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.

Атырау қаласы,
№25 «Еркемай» балабақшасы
Мажиева Динара Бауыржанқызы


Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Наурыз айы13 күні 2017жыл

Білім беру саласы:Таным

Бөлім: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қуыршақ қонаққа келді»

Мақсаты: балаларға ыдыстар мен тағамдардың аттарын айтуды үйрету,оларды ажыратуға жаттықтыру.Қонақ күту ережелерімен таныстыру.Қонақжайлыққа баулу. Көрнекіліктер: шай ішіп отырған қыз баланың суреті.Ойыншық ыдыстар,тағамдар. Үлестірмелі тағамдар мен ыдыстардың суреттері. Сөздік жұмыс:ыдыс,тағам



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалармен сәлемдесіп,олардың назарын шай ішіп отырған қыз бейнеленген суретке аудару. –Балалар,суреттен не көріп тұрсыңдар? -Ия,қыз бала шай ішіп отыр. Үстелде тұрған заттардың аттарын айтайық. –Мынау-нан,шай,қант,тәрелке,шәйнек, кесе.Нан,қант,шай тағамдар деп аталады.Кесе,шәйнек,тәрелке ыдыстар деп аталады. Дыбыстық жаттығуы. Ыс-ыс-ыдыс. Ғам-ғам-тағам. Осы сздерге сөздік жұмысы жүргізу. Балалармен бірге қайталау. Ыдыстарға тағамдар саламын. Ыдыстардың түрлерін,үлкен-кішілігін сұрау. Ақ,қара,тәтті деген сөздерді қосып айтқызу. Топтағы ойыншық ыдыстарды әкелулерін сұраймын.Олармен ойнайтынын айтамын

Балалар суретке көңіл аударады. Сұрақтарға қуана жауап береді. Аттарын айтуға талпынады. Ыдыстар мен тағамдарды ажыратуға,білуге тырысады.




Сөздерді қайталайды.

Қандай?сұрағына дұрыс жауап беруге ұмтылады. Ойыншық ыдыстарды қуана әкеледі




Ұйымдастырушылық ізденістік


Ғажайып сәт.

Қонаққа қуыршақ Айжан келеді. –Балалар, Айжан бізге қонаққа келді.Қазақ- қонақшыл халықпыз.

Қонақты күтуді,сыйлауды білуіміз керек.Кәне, Айжанға шай жасайық. Деп ұсыныс жасау.Қантты, нанды тәрелкеге,шайды шәйнекке салып,шай дайындап,кесеге құямыз,деп айтып,үйретіп отыру. Балалар тағамдарды ыдыстарға салып,үстелге қойып,Айжанды үстелге шақырамын.



Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз, Аяқты нық басамыз, Бір отырып,бір тұрып, Біз тынығып аламыз. Қолымызды жуамыз. Алжапқышты байлаймыз.

Дастарқанды жасаймыз, Ыдыстарды қоямыз. Қамқоршы бала боламыз. 1. «Дұрыс көрсет,ажырат!»дидактикалық ойыны. Тағамдар мен ыдыстардың суреттерін беремін. Атын атағанда тез көрсетуі және ол тағам ба, ыдыс па-дұрыс ажырату керек. 2. «Не артық?»дидактикалық ойыны. Суреттен артық затты табады.








Айжанның келгеніне қуанады. Балалар қонақ күтуді үйренеді.







Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.










Ойынды қуана ойнайды. Тағам және ыдыстарды ажыратады. Заттың атын атап,артық затты табуға тырысады.

Рефлексиялық-түзетушілік


Сұрақтар беріп,оқу іс-әрекетін қорытындылау. Дұрыс айта алмаған балаларға көмектесу. Белсенділік танытқан балаларды мадақтау.

Балалар қонақ күтуді үйренеді,біледі

Күтілетін нәтиже:

Біледі:тағамдар мен ыдыстардың аттарын; Игереді: ыдыстар және тағамдар туралы сөйлем құрастыра білу дағдысын; Меңгереді: қонақ күтуді.

 

библиотека
материалов

   

«Балапан» І сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы:Шығармашылық. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Қуыршақ қонаққа келді»

Мақсаты: қонаққа келген қуыршаққа ермексаздан домалату, есу арқылы тағамдар жасап беру; домалату, есу әдістерін қайталау; ұқыптылыққа тәрбиелеу; қол икемділігін дамыту.

Билингвалды компонент: Қуыршақ-кукла, ермексаз- пластиллин, тағам-пища.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы




Топқа қуыршақ келеді, балалармен амандасады.тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

-Қонақты қалай қарсы алу керек?

-Қо

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!