Материалдар / «Өзін-өзі тану» пәнін мектептің білім беру үдерісіне интеграциялау» мақала

«Өзін-өзі тану» пәнін мектептің білім беру үдерісіне интеграциялау» мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пән мұғалімдерінің өзін-өзі жетілдіру курсын тамамдағаннан кейінгі рефлексиялық мақала.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
313
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» пәнін мектептің білім беру үдерісіне интеграциялау»«2017 жыл Қазақстан үшін маңызға ие.Саяси тұрақтылық пен қоғамдық консенсустың арқасында.Жоғарыда айтып кеткеніміздей, біз үш базалық сала– экономиканы,саясатты, сананы жаңғыртуға кірістік»Н.НазарбаевОн алтыншы шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясын ашып берудегісөйлеген сөзінен.Елбасы келер жылы, 2018-і жылы, қоғамды рухани-жаңғыртуға байланысты бір қатар бағыттар бастау алатынын ескертті. Біріншіден, біз қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жұмысты бастадық. Сондықтан, біз жат әрі ескірген догмалар шеңберінде қалып қоймауымыз керек. Біздің өзімізге тән бай тәжірибеміз, құндылықтарымызбен даму жолдарымыз бар».«Рухани жаңғыру» жобасында өткен ғасыр қасіретін сипаттайды. Мәселен, қоғамдық құрылымның өзгеруі, демографиялық құлдырау, қазақ тілі мен мәдениетінің жоғалып кете жаздауы, еліміздің экологиялық апатты аймақтарына айналуы туралы сөз қозғалады. Бұл мәселелердің бастауы тек адамның өзі-«Адам қандай болса әлемде сондай»,- деген ойды естен шығармайық. Нұрсұлтан Әбішұлы Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ екендігін әр сөйлеген сөзінде қайталаумен келеді. Демек, келер жылыда мемлекет болашағының кепілі – жастарға ақын Мағжандай үміт артатындығы анық. Сондай жастардың бірі – мен. №3 Күршім гимназиясының өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі болып келемін. Өткен жылы өз білімімді арттыру курсына барып, санамды жаңарту сабақтарын алдым десем қателеспеспін. Осы сабақтардың нәтижесінде ойлау бағытым 180 градусқа бұрылып, өмірлік мақсат, міндеттерімді қайтадан қарап шықтым. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Сұлтанмахмұт ақын айтқандай, «Алдымда толған мақсат, толған таңдау: Алайын анасын ба, мынасын ба». Мақсатым: өзімді қоршап жатқан адамдардың ойлау бағытын өзгерту, қазіргі нарық заманының талабына сай деп өмір сүріп жатқан адамдардың жүректеріне жылу ұялату, нұр себу, мейірімділік отын жағу. Бұл мақсатты қалайша іске асырамын. Мектеп мүдірі үнемі «Сендердің алдарында болашақ қоғам отыр, қазіргі қоғамның жаман тұстарын өзгертем десен міне мүмкіндігін»-деп айтудан жалықпайды. Иә, расымен қоғамдағы жат қылықтарды жоюшы біз-мұғалімдер. Мұғалім-мектеп айнасы демекші....Алдымен лирикалық шегініс жасайын. Туған жерім-түп қазығым, қаншалықты сұлу болса, мектебім де Шығыстың шырайлы білім ордасы. Республиканың 100 үздік мектебінің қатарына енген, ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша он үздік мектептің қатарынан ойып тұрып орын алған, сан түрлі сайыстың облыстық, республикалық деңгейдегі жеңімпазы, жүлдегері. Күршім ауданындағы бас білім ордасы.Қырық жеті жыл тарихымызда 2783 оқушы бітіріп шыққан екен. 5 Алтын медаль, 9 Күміс медаль, 34 «Алтын белгі» иегері, 54 «Үздік аттестат» иегері бітірді. 12 оқушы халықаралық, республикалық деңгейдегі ғылыми жоба жеңімпаздары болғаны туралы деректер мектеп мұражайында жарқырап тұр. Олар: Грецияда, Ресейде, Чехияда т.б. елдерде жұлдызы жанғандар. 2010 - 2011 оқу жылында түлектеріміз Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 112,2 көрсеткіш көрсетті. 8 «Алтын белгі», 1 «Үздік аттестат» иегері өз білімін дәлелдеп шықты. Таңдай қақтырған тамаша жетістіктерге сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев зор баға берді. Бір жылдың ішінде түсімізде көрмеген тамаша гимназия ғимаратын салдырып, тарту етті. Темірден қырсау салынған ескі білім ордасымен қоштастық. Талантты ұстаздардың, дарынды оқушыларымыздың, береке бірлігі бар ата-аналардың төбесі көкке жеткендей болды. Шалғайдағы ауыл мектебі шүмектеп төккен терімен, білім саласындағы толағай табысымен осынау сыйға ие болды. Осының өзі мемлекеттің ауылды алаламай, жетістікке қарай бағалағанын жүрегіммен сеземін. Табыстарды жіпке тізгендей айта берсек, ұзаққа шабарымыз анық. Десекте, бұл бағыттан таймай мектеп мұғалімдері күннен күнге өз білімдерін жетілдіріп, жаңаша оқу, оқыту үрдісінде жүр. Мен де білімімді арттыру курс тамамдап, мектебіме оралып, өткен жылдан бері бірнеше міндеттерімді атқарып, биылғы жылы жемістерін көрумен келемін. Алдымен, «Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану арқылы пәнаралық байланыстарды құруы» деп өзекті тақырыбыммен жұмыс істеуге кірістім. Бұл тізбектелген сабақтардан басқа, мұғалімдермен өткізілген отырыстар, ата-ана жиналыстары және де интеграцияланған сабақтар. Басында пән мұғалімдермен өткізілген семинардан соң, сан қайтара түсіндірмелі әңгіме жұмыстарын жүргіздім. Өз сабақтарыма қатысуларын өтіндім. Әрине кедергілер де болды. Кей үлкен мұғалімдердің суық қараулары, жас мамандардың жоғары амбициялары, тіпті уақыт тығыздығы. Дегенменде, сөйлей сөйлей шешен боласын демекші, бұл кедергілерді біртіндеп шешудемін. Қазіргі уақытта мұғалімдер өз сабақ жоспарларына сыртқы ықпалдастыру элеметтерін еңгізуді әдетке айналдырса, ішкі ықпалдастыруда біраз қиыншылықтар көріп менімен ақылдасуларына қарағанда, орнымыздан жылжыдық деген қорытындыға келдім. Осы орайда, елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаттарының рухани-адамгершілік білім бағдарламасымен ұйқасуы өз әсерін берді ме деп қуанышым көкке жеткендей болды. Алда талай міндеттер бар, соның бастысы оқушыларымның жүз пайызы жалпыадамзаттық құндылықтарды игеріп, еліміздің «100 нақты адамдарынан» үлгі алып, елім, жерім деп «Туған елге тағзым» етіп өмір сүру үлгісін өзгерту.

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы№3 Күршім гимназиясының өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Маликова Н.Р

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ