Материалдар / Өзін-өзі тану пәнінде Ұлы Абайды таныту , шығармаларын оқыту әдістемесіндегі кейбір ойлар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзін-өзі тану пәнінде Ұлы Абайды таныту , шығармаларын оқыту әдістемесіндегі кейбір ойлар

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2021
435
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Өзін-өзі тану пәнінде Ұлы Абайды таныту ,

шығармаларын оқыту әдістемесіндегі кейбір ойлар


Аңдатпа

Ұлы Абайдың мұрасын оқыту әдістемесіне арналған бұл жұмыста өзекті мәселелер айтылған.Абай туралы даналық сөздер,Абай өлеңдеріндегі тәрбиелілік мәселелер, Абай арқылы тәрбиелеу,Абайдың сөзі арқылы тәрбиелеу туралы ойлар қарастырылған.

Аннотация.

Известно что историческая личность Абая перед своим народом и цивилизацией на протяжении веков не утратила свои духовные ценностии и неисчерпаемые философские мысли. Статья направлена на несравненное наследия в жанре поэзии и афоризмов в творчестве великого мыслителя,об обычаях и традициях,характере,культуре народа.



Annotation

Historically, the vitalityof the philosophical concept of spiritual value, as the centuries- old history of the people of Abai and the civilaizationof mankindhas increased.

The article is devoted to the work of the great thinker ,the history of life,the history of the Kazakh people and it’s culture, behavior as well as the unique heritage of poetry and the press.




Ұлы ақын , кемеңгер ойшыл Абайдың туғанына 175 жыл толған мерейтойы-бүкіл исі қазақтың мерейтойы ,жалпы халқымыздың тойы деп білемін.Бұл мерейтойдың басты мақсаты- Алып Абайдың мол мұрасын насихаттау,дәріптеу,Абайдың тылсым әлеміне тағы да бір көз салып,тереңін тану деп ойлаймын.

Шәкірттерге білім беріп жүрген өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдірінің – осы дүбірлі мерейтойының мақсатын шыңына жеткізу, Абайдың шығармалары мен Абайтанушылардың мол мұрасын өскелең ұрпақтың санасына сіңіруі-ел аманаты,басты міндеті деп санаймын.Абай мерейтойына арналған іс-шараны дүрмектің дүбіріне ергендей ,тапсырманы орындау үшін салғырт орындай салмай , өз жүрегіміздегі Абайымызға,бізге адамдық пен парасаттың атасы болған Абайымызға деген адалдықпен атқарсақ,осы мерейтой барысында әр оқушының жүрегінде Абай деген сәулені оята алсақ-өзіміздің қасиетті кәсібімізге тағы бір тағзым еткеніміз болар еді.

Өзін-өзі тану сабағында Абай деген ұлы есімді қалай атауымыз керектігін,ақынның атының сырын бір талдап алу керек сияқты.Кемеңгердің атын айтып –жазуда бір қаралатын мәселе бар.Абайдың азан шақырып қойылған есімі-ИбраҺим.Абайдың ұлы атасы-Ырғызбай,өз атасы-Өскенбай,әкесі –Құнанбай,ағалары-Құдайберді,Тәңірберген деп,жалпыға түсінікті қазақ тілінде аталған.Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туылған ұлының есімі – арабша ИбраҺим деп аталуы түсініксіздеу.Құнанбайдың мұсылман дініне ерекше ден қойған кезі осы кез болған шығар деген жорамал бар.Қазақ халқы «ИбраҺимді» әрқашан «Ыбырай» деп атаған. Абайды ерекше сыйлаған ел «Құнанбайдың Ыбырайы»деп құрметтеп атаған.

Ал Абайдың тағы бір аты-Телғара атануынан қазақ халқына тән тәлімді тәрбиенің бір көрінісін қөруге болады.Құнанбайдың үшінші әйелі Айғыздың отауы Ұлжанның отауына іргелес қонған көрші болса,Айғыз Абайды ерекше жақсы көрген екен деседі.Абай кішкене кезінен Ұлжан мен Айғыз үйінде тең жүріп,екі үйдің де еркесі,екі әйелге тең ортақ жақсы бала болып өседі.Сондықтан Айғыз Абай атамызды-Телғара атап, ол есімі ел арасына тарап,тіпті Мұхтар Әуезов Абай атамыз туралы жазған туындысын «Телғара» деп те атамақ болған екен.

Атамызға-Абай атын берген Ғасыр Алыбын дүниеге әкелген анамыз Ұлжан екен.Жалпы қазаққа жамандықтан абай болуды,ғылым мен өнерге жақын болуды үйреткен Абай есімі қазақтың кең даласына таралғанынан бері, бұл есім бүкіл қазақтың ардақтысына айналды.Ұлы ақынымызды «Абай Құнанбаев» деп те, «Абай Құнанбайұлы» деуіміз де орынсыз деп ойлаймын.Абай-анықтап таныстыруды қажет етпейтін тұлға. «Жалпы ұлттық,жалпы ұлылық сипатқа ие болған Абай есіміне фамилия беру-Асқар Алатаудан куәлік сұраумен бірдей»-деген екен Абайтанушы Ж.Нұрқан.Қазақ халқы өзінің данышпан ақынын Абай деп танып,Абай деп қабылдаған.Сондықтан Ұлы Абайға арналған ұлағатты сабағымызды Абай деп жазудан бастасақ,нұр үстіне нұр болар еді.

Шәкірт өзінен-өзі Абайды сүйіп,Абайды танып кете алмайды.Келер ұрпақтың Абайын қадірлеу дәрежесі – мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімінің Абайға деген махаббатының,өз кәсібіне деген адалдығының дәрежесімен бірдей болады.Біз Абайды бастар әр сабаққа бетін алғаш құбылаға бұрған сиынушы сияқты,ерекше ынтамен,ерекше сезіммен назар аударуымыз керек деп есептеймін.

Жүрекке жететін әсерлі сөз-тәрбие мен білім берудің басты кілті екені бәрімізге белгілі.Абай жайлы сабақтың алғашқы сөзін Елбасымыздың жүрек шымырлатар:

Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан- артық,Абайдан-ұлы,Абайдан киелі ұғым болмауы тиіс-деген сөзімен шәкірттердің жүрегіне берік ұялатып бастасақ...

Белгілі қазақ ақыны Тұманбай Молдағалиевтің:Егер Абайдай ұлы дүниеге келмегенде,халқымыз бүгін не істер еді?-деген сөзімен ой салып бастасақ...

Жаңа заманның оқыту әдістемесінде, мұғалімнің сөйлеуі мен дайын білімді бала алдына тоса салуы оғаш саналса да, Абайдың ұлылығының мәнін ұғындыру үшін,мұғалімнің керемет дайындалған,әсерлі де мәнді сөзі өте қажет деп ойлаймын.Ол үшін Абай туралы айтылған даналық сөздер мен қазақтың аяулы тұлғаларының сөзін айтуымыз керек.


Абай өз халқының ой-санасы мен өсу тарихында анық прогресс жолын бастаушы болды.

М.Әуезов

Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ,рухына сонша жақындаймыз.Қазақ халқы ағарар,өнер-білімге қанар,сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар.

М.Дулатов


Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне

Ақыл-қайрат,білімді тең ұстаған.

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?

Жамбыл



Қазақта «Ақын - ерекше туылған құдайдың сыйы,ақын құдайға халықтың тілегін жеткізеді,халыққа құдайдың жауабын жеткізеді» деген мифтік сенім болған.Ғасырлық жоңғар-қалмақ шапқыншылығы,отаршылдық езгіден рухы жоғалған халқын құтқарар бір ғана күш- өнер-білім мен парасат пен қайрат екенін Абайдай халыққа жеткізген ақын жоқ.

Абай арқылы тәрбиелеу,Абайдың сөзі арқылы тәрбиелеу-тәрбиенің нағыз мәйегіне айналар еді.Ел сеніміне селеу келтіріп,халқының аманатына қиянат келтіріп жүрген кей шенеунік те мектеп партасынан шықты.Кезінде оған Абайдың :

Ары бар,ұяты бар үлкенге сен,

Өзі зордың болады ығы да зор.

немесе

Естілер ел ісіне қуанбай жүр,

Ел азды деп надандар мұңаймай жүр.

Ала жылан,аш бақа күпілдектер,

Кісі екен деп надандар мұңаймай жүр.

Ала жылан,аш бақа күпілдектер,

Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр

Өзін халыққа емес,өзін тағайындаған адамға ғана тәуелді санайтын шенеуніктер болмау үшін:

Кітапты молда теріс оқыр,

Дағарадай боп сәлдесі.

Мал құмар көңілі- бек соқыр,

Бүркіттен кем бе жем жесі,-Абай сөзімен жолсыздық пен жөнсіздікке жол салған жаман қасиеттен ада қылуға тәрбиелеуіміз керек сияқты.Абайдың мына қарасөзін шәкіртке түсіндіре жаттатсақ:

«Болыс пен биді құрметтейін десең,құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ.Сатып алған,жалынып,бас ұрып алған болыстық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ»-деген Абай сөзінің мәнін ұғындыра алсақ,әр шәкіртіміз ел алдында « Қалың елім ,қазағым,қайран жұртым» деп иіліп тұрса деген арманымыз жүзеге асар еді деп ойлаймын.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!