Материалдар / Өзін-өзі тану пәнінен 1-11 сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар жинағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өзін-өзі тану пәнінен 1-11 сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құралда жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген, адам өмірінің мағынасын ашатын ертегілер, оқиғалар мен өсиет әңгімелер жинақталған. Адамзат баласы әлмисақтан халық ауыз әдебиетінің жауһар дүниелерін ұрпақ тәрбиелеуде кеңінен пайдаланған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
829
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысының білім беру басқармасының «Шахтинск қаласы білім бөлімінің №12 жалпы білім беру мектебі» КММ








Өзін-өзі тану пәнінен 1-11 сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар жинағы









Қарағанды облысы білім басқармасының

Шахтинск қаласы білім бөлімінің

12 жалпы білім беру мектебі» КММ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:

Кенжебекова Айжан Байзаковна





2021ж

Құрметті әріптестер!


Сіздерге өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналып, оқулыққа қосымша ретінде дайындалған педагогтарға әдістемелік құрал ұсынып отырмыз. Әдістемелік құралда жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген, адам өмірінің мағынасын ашатын ертегілер, оқиғалар мен өсиет әңгімелер жинақталған. Адамзат баласы әлмисақтан халық ауыз әдебиетінің жауһар дүниелерін ұрпақ тәрбиелеуде кеңінен пайдаланған.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы: «Адами құндылықтар дегеніміз не? Ақиқат, Шыншылдық, Бейбітшілік, Махаббат және Зорлықсыз әрекет – бұл құндылықтар адамға тумысынан-ақ беріліп қойылған. Олар адамның табиғаттан қанында бар нәрсе. Адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз бұлқағидалар практикада, күнделіктіөмірде қолданылады дегенді білдіреді» - деп тереңнен ой қозғайды.

Осы тұрғыдан алғанда әдістемелік құралды пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері өзінің педагогикалық іс-әрекетінде қолдана алады. Сонымен бірге, балаларға ғажайып ертегілер оқып, оларды адамзаттың рухани ұстаздарының өмірлерімен таныстырып, рухани-адамгершілік тәрбие беруде ата-аналарға мол мүмкіндік береді.




































Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар АҚИҚАТ





(Бұл әдістемелік құралда оқушылардың бойынан ақиқатты айқындауға, олардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес адамгершілік қасиеттерін дамытуға көмектесетін ертегілер, оқиғалар мен өсиет әңгімелер топтастырылған)

Алғыс

Д. Матайқызы


Адамның еліне сіңірген еңбегіне, халыққа көрсеткен құрметіне, жасаған ерлігіне, парасаттылығына, басқа да жақсылық істеріне ризашылық білдіру, ізгі ниет, ықылас білдіру, алғыс деп аталады. Бата-тілек те алғысқа жатады.

«Кімде-кім тозаңдай жақсылық жасаса, соның қайтарымын көреді, кімде-кім тозаңдай жамандық жасаса, соның азабын тартады» деген қасиетті аят бар. Дәйім ел-жұрттың ризашылығына бөленіп, алғысын алғанға не жетсін?!

Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды, қолыңнан келген жәрдемді аямаған абзал. Көшеде өтіп бара жатқан қарт адамды демеп жіберсең, «Тәңір жарылқасын, мұратыңа жет» деп батасын береді. Алғыстың кейбір түрлеріне тоқталсақ:

  • маңдайыңа шаң тимесін,

  • өркенің өссін,

  • қадамыңа гүл бітсін,

  • қатарыңның алды бол,

  • жұлдызың жансын,

  • бағын ашылсын,

  • көп жаса,

  • тілеуіңді берсін.

Көпті көрген көнекөз қариялар жәбір-жапа көрсе де, қиянатшыл адамды қарғамаған. Керісінше, «Тәңірім оны да оң жолға салсын» деп тілеген. «Жақсылыққа жақсылық– әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі деген» халық даналығы осындайда айтылған. «Таспен ұрғанды аспен ұр» дейді одан қалса. Мұның барлығы да тәлім, тәрбие...


  • «Жақсылыққа жақсылық– әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Не үшін алғыс айту керек?

  • Басқаларға жақсылық жасаған кезде қандай сезімде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

  • Сыныптастарыңа жақсы тілектер айтып беріңдер.


Достық

Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді.

Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдан тазаланып қойылыпты. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды:

  • Есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің сен? Әр көргенімде үнемі тап-таза болып тұрады.

Көршісі оған:

  • Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен өзі тазаланып, осылай болады, - деді.

  • Досы көп адамдар қандай қасиеттермен сипатталады?

  • Қандай адаммен достасқыларың келеді?

  • Адал дос болу үшін өзіңді-өзің қалай тәрбиелейсің



  • Өздеріңнің достарың туралы айтып берсеңдер.


Адал достық


Ержасын мен Темірлан тату, дос. Екеуі бірге ойнайды, мектеп асханасына бірге барады, кітапханадан бірге барып кітап алады. Қашан көрсең де егіз қозыдай бірге жүргені.

Сейсенбі күні математикадан бақылау жұмысы болды. Неге екені белгісіз, сол бақылау жұмысынан кейін екі достың арасынан бір сызаттың түскенін, мұғалімі де оқушылар да тез байқады.

Екеуі бір-біріне жоламайды. Ержасын өз бетінше сабаққа дайындалып отырады, ал Темірлан қоңырауда өзге сыныптағы балалармен ойнайтын болды.

Сабақтан кейін мұғалім екі досты шақырып алып, ұзақ сөйлесті. Темірлан:

Бақылау жұмысы кезінде Ержасын дайын есептерді көшіріп алуға дәптерін бермеді және өзің шығар деп қарамай қойды, мен енді онымен дос болғым келмейді, – деді.

Мұғалім шынайы дос туралы әңгімелесіп, түсіндірді.

Келесі күні оқушылар өз көздеріне өздері сенбеді. Ержасын мен Темірлан сабаққа бірге келді, сабақ соңына дейін жұптары жазылмады, олар адал достықтың мәнін түсіндірген ұстаздарына дән риза.


  • Шынайы дос қандай қасиеттерімен айқындалады?

  • Өмірден алынған адал достық туралы мысалдарды білесіңдер ме?Айтып беріңдер.

  • Өздеріңнің адал достарың туралы айтып берсеңдер.

***

Ш. Құдайбердиев


Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады?... Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білім-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жаратуы керек.

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.

Ал арлы, ақылды, адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді және істемейді.

Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ.


  • Адамның бойындағы қандай қасиеттер оның өмірін жақсартуға көмектеседі?

  • Неліктен жақсылық жүректен шығады деп айтады?

  • Айналаңдағы адамдармен тату болу үшін қандай игі істер жасар едіңдер?

  • Өзіңнің жақсы қасиеттерің мен құндылықтарыңды қалай көрсетесіңдер?


* * *

Б. Момышұлы


Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес...

Бақыт дегеніміз – өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенінше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілімен адал қызмет істей білу.

Өмірде кедір-бұдыр толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білумен білетін бақыт. Өз қамын ойлағандар толып жатыр. Олардың онысы жай әурешілік.

Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем-ау, тереңге батып кетем-ау деп қорықпастан барады.

Ар-намысты қорғау – бақыттың шыңы. Қиыншылықтармен санаспастан азаматтық міндетті орындап шығу – ол да бақыттың шыңы. Күмәнданып тұрмай, не өлдім, не алдым деп арпалысады. Жеңсең – бақыт.


  • Адам қай уақытта өзін бақытты сезінеді?

  • Қандай адамды бақытты деп айтуға болады?

  • Адам бойындағы қандай құндылықтар оны бақытқа жеткізеді?

  • Өзіңді қай кезде ерекше бақытты сезінесің? Неліктен?

Адалдық

Ж.Садықова


Қаншайым апайдың екi ұлы бар. Үлкенi – Алмас сегiзде, кiшiсi – Алмат алтыда. Бiрде олардың анасы базардан мандарин алып келдi. Екеуi қуанып бiразын жедi.

Қалғанын ертең жемек болып келiстi. Түнде Алмас iнiсiне бiлдiрмей, тағы да үш мандарин жеп қояды.

Алмас ертеңiне кiтап оқып отырса, Алмат мандариндердi алып келiп: «Кешегi келiскенiмiздей тең бөлiп жейiк», – деп бес-бестен бөлдi.

Бiреуi артық қалғанын көрген Алмат: «Сен үлкенсiң ғой, мынаны сен же», – деп алтыншысын Алмасқа ұсынды. Түндегi ұрлығы есiне түскен Алмас қатты ұялды. Оның мандаринге зауқы соқпады.


  • Алмастың ұялуына нендей жағдай себеп болды?

  • Алматтың бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқауға болады?

  • Кімнің бойында сүйіспеншілік, қамқорлық басым деп ойлайсыңдар?

  • Осындай жағдай сендердің өмірлеріңде болды ма? Әңгімелеп беріңдер.



Алтын шеттеуік

Ы. Алтынсарин


Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол кептірілген көп жемістің ішінде сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады.

Шешесі айтты:

Бұл шеттеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал, – деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады:

Мен қара шеттеуікті алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар, – деп. Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, басқабалаларына бөтен шеттеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шеттеуіктерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады.

Сонда атасы айтты:

Бұл шеттеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шеттеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар, – дейді.


  • Неліктен заттың сыртына қарап бағалауға болмайды?

  • Заттың асылы ішінде болар деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Сендердің өмірлеріңде осындай жағдай болды ма? Әңгімелеп беріңдер.

  • Неліктен әдемі нәрсенің барлығы үнемі жақсы бола бермейді? Себебін түсіндіріңдер.


Жалқаулық пен Қиыншылық

І. Төлен


Жалқаулық пен Қиыншылық адамдарға тигізер зияндары туралы бір келісімге келе алмай, Бақытқа келіп жолықты.

Неге келдіңдер? – деді Бақыт оларға.

Біздің келген себебіміз, мына Қиыншылық айтады, менің адамдарға зияным жоқ, сенің ғана зияның бар, – дейді.

Ол дұрыс айтады, – деді Бақыт, – өйткені сен, Жалқаулық, үнемі зиян әкелесің. Қиыншылық та үнемі зиян әкеледі, бірақ арты пайдаға айналады.

Қалайша? – деді Жалқаулық.

Қиыншылық көрген адам еңбектеніп, сол қиыншылықтан шығу жолдарын іздейді. Қиыншылық адамның жолын уақытша бөгейді. Ал сен оның жолын үнемі бөгейсің, – деп Бақыт жауабын аяқтады.

  • Әңгімедегі қарама-қайшылықтың мәні неде?

  • Неліктен Бақыт қиыншылықтың әрекетін дұрыс деп бағалады?

  • Қандай құндылықтар қиыншылықты жеңуге көмектеседі?

  • Өздерің осыған ұқсас жағдайға тап болсаңдар, не істер едіңдер?Әңгімелеп беріңдер.


Парасат

Қ.Толыбаев


Бір оқымысты өзі ой тоқтата алмай жүрген мәселенің жайын Әбунасырдан сұрайды:

Құрметті ұстаз, айтыңызшы, адамның парасаттылығын қалай тануға болады?

Ол үшін ең алдымен мына жайды түсініп алыңыздар, – дейді Әбунасыр бұл сауалға жауаптың мәнісін айқындап.Әрбір адамның өзі атқарған ісіне жауапкершілігі мен алдына қойған мақсатына сенімділігіне қарай жасаған қимыл-қылығын парықтау керек.

Сенім деген не?

Адамның өзі жүзеге асырған ісінің ақиқат екеніне илануы сенімнің көзі.

Біреу мақсатын іске асыруға жүрексініп, ішкі күмәні қозса, оның ойын қалай орнықтау керек?

Күмән мен күдік – шалалық, – дейді сонда Әбунасыр ойын айқындай баяндап. Адам қандай жағдайда да өзінің әрекетіне айнымастай мықтап сенуге тиіс. Соған орай сол адамның ойын орнықтыруына қол үшін беріп, көмектесіңіздер. Өзінің ісіне нанымы жоқ адамды парасаттылардың қатарына қосқан жарамайды. Ондайлар парасаттылар санатына жатпайды.

  • Оқымысты не туралы сұрамақшы болды?

  • Адамның парасаттылығын неден байқауға болады?

  • Өзіңнің әрекетіңе сенімді болу дегенді қалай түсінесің?

  • Жауапкершілік пен сенімнің мәні неде деп ойлайсыңдар?

Бір минут

М. Әлімбай


Отбасының бәрі жинақылықты, нақтылықты сүйетін. Талғат қана ылғи кешігіп жүретін.

Әкесі, шешесі, әжесі, атасы тамақтануға отыратын, тек Талғат кешігетін.

Талғат, кел, тамақ іш, – деп, шешесі шақыратын.

Қазір, бір минуттан кейін барамын, – деп, Талғат кітабын оқи беретін. Бұл оның әдеттегі жауабы еді. Ылғи осылай болатын: оны шақырған кезде немесе бір нәрсені істеп беруін өтінген кезде, ол:

Бір минут тұра тұрыңдаршы, – деп, тостырып қоятын.

Әкесі оған:

Сен уақытты қадірлеуді қашан үйренесің? – дейтін. Сонда баласы:

Бір минут деген көп уақыт па? – деп, жауап беретін.

Бір күні мектепте шаңғы жарысы өтті. Талғат шаңғы спортын өте жақсы көретін және шаңғыны жақсы тебетін. Ол өзінің мәреге бірінші болып келетініне кәміл сенген еді. Бірақ ол жеңімпаз болған жоқ. Оның жолдасы бір минутқа озып келді. Талғат екінші орын алып, үйге көңілсіз болып қайтты. Жеңіліп қалғандығы жайлы әкесіне айтқан кезде, әкесі жымиып, былай деді:

Ештеңе етпес! Бір минут деген көп уақыт па?

Бір минут адам өмірінде маңызды рөл атқаруы мүмкін екендігін Талғат сонда ғана түсінгендей болды.


  • Әңгімеде уақыттың құндылықтық мәні қалай ашылған?

  • Талғатөзінің әрекетінен нені түсінді?

  • Адамуақытты неліктен қадір тұтады?

  • Өзіңнің уақытты қалай бағалайтыныңды әңгімелеп бер.



Күн кімдікі

Қ. Толыбаев


Ұлы таулардың арасы, жайлау түсті. Сімерлеп таң атып келеді. Бірте-бірте жер бетінің жарығы молая түсті. Төскейді өрлеп қой өріп барады. Сиырлар қозғалмастан қорада күйсеп жатыр. Жылқылар биебау басына иірілген. Сол маңдағы кісілер құлындарды ұстап,

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!