Материалдар / Өзін-өзі тану пəнінде ойынның қолданылуы мен маңыздылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өзін-өзі тану пəнінде ойынның қолданылуы мен маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тануда ойынның қалай қолдану керектігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2018
584
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану пәнінде ойынның қолданылуы мен маңыздылығы»«Ойынсыз творчествосыз, фантазиясыз толықмәніндегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды» В.А.Сухомлинский Білім беру саласында өскелең ұрпақты дамыған елдердің қатарында көру үшін үздіксіз еңбек етуде кез – келген мұғалімнің алдына қойған мақсаты – сабақ сапасын көтеру үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, танымдық қабілетін дамыту.Бұл мақсатты жүзеге асыру мұғалімнің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Егер сабақ тартымды да қызықты болса, оқушының өтілген сабақты игеруі де оңай болады. Білім беру саласында оқушылардың пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін, әр түрлі жаңа технологиялар ауадай қажет.Сондай технологиялардың бірі – ойын элементтерін пайдалану.Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі, жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.Ойын дегеніміз - ұшқыр білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.Қазақ халқының «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай жас баланың өмірді танып, еңбекке деген қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің әртүрлі әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойын кезінде шартты түрде мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында:1. өзін еркін сезінеді.2. ізденімпаздық , тапқырлық әрекет байқатады.3. сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:1.Олар ойланады.2.Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.3.Ұжымдық сезімі қалыптасады.4.Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.Сонымен, өзін-өзі тану сабағында ойынның рөлінің ерекшелігі: ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физилогиялық негіздері болып табылады.Сондықтан да Мысалы: « мейірімділік » ойынын алайық . ол ойынға оқушылардың толық қатысуы үшін сыныпты төрт -алты адамнан тұратын топтарға бөлген жөн. Топтар бір ойынды кезек-кезек көрсетуі мүмкін. Бұл кезде қалғандары көрермен болып отырады. Содан-соң бүкіл сынып болып әрекеттерді талқылауға болады. Бұл ойын құндылық қайырымдылықты, тазалықты, шындықты, тірі нәрсенің бәріне аяушылық білдіруді және көптеген, басқа да сапаларды білдіреді. Әр сабақта адамгершілік категориялардың біреуін ғана алып , әдістер мен тәсілдердің бәрін оның жан-жақты ашып көрсетуге пайдаланған жөн. Оқыту әдістерінің жіктелімі Негіздемесі Әдістер тобы1. Білімнің көзі Ауызша сөйлеу, көрнекілік, практикалық2. Оқыту сатылары Жаңа білімді алуға дайындау, жаңаны меңгерту, нақтылау, тереңдету, іскерлік пен дағдыға төселдіру, бақылау мен бағалау әдістері3. Басқару тәсілдері Мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың өздік жұмыстары4. Оқыту логикасы Индуктивтік, дедуктивтік, аналитикалық, синтетикалық5. Дидактикалық мақсаттар (Ю.К.Бабанский мен В.И.Андреевтің жіктемесі бойынша) Оқу әрекетін ұйымдастыру,ынталандыру мен релаксация, тексеру мен бағалау6.Тәрбиеленушілердің әрекет сипаты (И.Я.Скаткин жіктемесі бойынша) Түсіндірмелі-көрнекілік, репродуктивтік, проблемалық, ішінара ізденіс, зерттеу«Құнды қасиетті беру»Музыка ойнайды. Балалар шеңбер құра отырады және шеңбер бойынша сақинаны береді. Мұғалімнің сөзі бойынша (немесе басқаша бойынша)Қорапшаның айналып жүруі тоқтатылады. Сол сәтте кім қорапшаны ұстап тұрған болса, сол оның ішінен бір парақ қағазды шығарады және онда жазылғанды орындайды. Күні бұрын даярланып қойылуға тиісті мұндай парақтарда сабақ тақырыбы бойынша қандай да бір әрекет жазылып қойылады.Сонымен қатар «Сақина салу» ойынын да осылай ұйымдастыруға болады.Ойынның қорытындысы бойынша:Шындықты айтудың мәні қандай екені туралы өз пікірін айтуға;Адалдық секілді мінездің қасиеті, ән айту немесе өлең (тақпақ) оқып беруге;Құндылықтың қатысы бар белгілі фильмді (әңгімені, ертегіні) немесе содан алынған бір көріністі әңгемелеуге болады.«Кімде қандай қасиет бар»Малдың түрі бейнеленген карточкаға балалар оның қасиетін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және тәкаппарлық және т.б.«Сүйіспеншілік»Мұғалім бағыттаушы сөзді таңдап айтады. Ойынға қатысушылар сол аймақтағы сөзді айтып, допты келесі ойыншыға лақтырады. Айтылған сөзді қайталауға болмайды.Бір оқушы айтылған сөзді тақтаға жазып отыру керек.Ойын соңында қатысушылар құнды қасиеттерді білдіретін бірнеше сөздер жинақтап, олардың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеседі.«Өзің жалғастыр....»Мақсат сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты....Айнұр досын ренжітіп алғандай болды...Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті....Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өз бетінше аяқтауларын тапсырып, соңынан әрқайсысының ойын талқылауға болады.Ойын «Өз есіміңді ерекше ата »Адамның есімі-оның бетке ұстар құралы. Біздің есімдеріміз өмір бойы бізбен бірге,олар біздің мінезімізге, сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады.Кәнеки, өзіміздің есімімізді еркелей әрі ардақтап айтып көрейік.Жаттығып алайық.Мұғалім балаларды шеңберге жинайды.Әр бала өз есімін атаған кезде өзінің ерекше бір қимылын жасайды.Сонда барлық бала ортаға бір адам аттап,жаңағы баланың есімін айтып,қимылын қайталайды.Ойын барлық баланың есімі аталғанша жалғаса береді.- оқушылардың міндетті адами қарым – қатынастағы бүкпесіз шынайылық туралы түсінік беру;- баланың ойлау қабілетін дамыту үшін түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып өз күшіне сенімділігін арттыру;- бір – біріне деген достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу;Сабақта тақырыпқа байланысты көрнекілік ретінде мақалдарды жүйелі пайдалану орынды. «Бала ойынмен өседі, дана оймен өседі».« Көне болмай – жаңа болмас,Бала болмай – дана болмас».«Ойнай білмеген, ойлай да білмейді».«Ойын» - бұл адамның мінез – құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс - әрекеттің түрі. Мұғалімнің мұраты болып табылса , шәкіртінің мұраты : құрбыларына өзінің қабілетін көрсете білу, жарыстыра білуге қалыптастыру, білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденіп қамтамасыз ету, ойын барысында балаға жаңа білім , білік, дағдылардың қайнар көзіне жету, бала ойын барысында жеткен жеңісінің нәтижесі жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі. Ойын оқушының ақыл – ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, алған білімдерін тереңдете түседі. Ойын баланың сабақ үстіндегі білімін тереңдете және түрлендіре түседі , әрі пысықтайды.Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлау қабілетін, қиялын қалыптастыруда зор маңыз алады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл – ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын түрлері: «Суретшілер байқауы» ойыны Мақсаты: теледидардан көрген ертегі және фильмдердегі кейіпкерлерді нақ көрсете білу.Нұсқау: Жүргізуші алдын – ала қиындыққа кірген кейіпкерді суреттейді. Балаларға бұл суретшінің ролін ойнау барысында оны қара түстен ақ немесе түрлі – түсті түске айналдырып, кейіпкердің зұлым түрін мейірімді түрге айналдыра білуі қажет. Нәтиже: Оқушылардың белсенділігін арттырып, жақсы мен жаманды бір – бірінен айыра білуге үйрету. «Ең зейінді» ойыны: Ойыншылар жарты шеңбер құрып тұрады. Содан соң жүргізушіні анықтайды. Жүргізуші ойыншылардың орналасу реттілігін қарап шығып есінде сақтайды да, өзі артқа қарай айналады. Осы уақытта ойыншылар орындарын алмастырады. Жүргізуші ойыншылардың ойынның басында қалай тұрғандықтарын айтады. Барлық ойыншылар жүргізуші орнында болуы қажет. Қателеспеген ойыншылар жеңімпаз болып табылады.Қорыта айтқанда, «ы үшін. Міне сонда ғана қазіргі жастар аспаған мүмкіндіктер өлкесі деп айтуға ешкімнің тілі бармайтын болады»,- дегендей ( «Өмір Әдебі» Сара Алпысқызы. Алматы 2003ж) бала бойындағы қабілеттерді ашуда және оларды одан әрі дамытуда ойын әрекетінің ролі жоғалмайды. бойындағы қабілеттерді а Пайдаланған әдебиеттер:1. Өзін-өзі тану /мұғалімге арналған әдістемелік құрал / БҰҒПББСО Алматы – 2006ж.2. «Мұғалімдерге арналған көмекші құрал» Л. К. КөмекбаеваАлматы – 2002ж.3. «Білім, Образование» журналдар жинағы.4. «Өзіндік таным» журналдар жинағы.5. «Методическое пособие для сотрудников центра поддержки семьи» Шымкент – 2006г.6. «Өмір әдебі» Сара Алпысқызы.7. «Жақсылыққа апарар жол қайда ?» Дейл Корнеги Білім – 2002ж.8. «Баланың сезімдік әлемін дамыту» А. Қ. Қалдыбекова, Л. С. КимШымкент – 2005ж
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!