Материалдар / Өзін-өзі тану қысқа мерзімді жоспар 5сынып

Өзін-өзі тану қысқа мерзімді жоспар 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2020
496
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Мектеп: 202 мектеп-гимназия

Күні:

: 1 сабақ

Мұғалім: Беркимбаева Ельнура Ергалиевна

Сынып: 5 «а» 5 «ә» 5 «б»

Оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы: Мен өзімді танимын

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: білім іздеу, шыншылдық, өз-өзіне адал болу

Сабақтың мақсаты: оқушыларға өзін тани білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Білімділік: оқушыларға білім іздеудің маңыздылығын түсіндіру

Дамытушылық: оқушылардағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды өз – өзіне адал болуға тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://kk.wikipedia.org

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. «Айдаһар»

Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.




2. Сабақтың дәйексөзі.

«Өзіңді өзің танысаң – істің басы»

Шәкәрім Құдайбердіұлы

(Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады)

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Ш. Құдайбердіұлы қазіргі Семей облысында 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келеді.

Сұрақтар:

1. Өзіңді өзің тану деген не?

2. «Өзіңді өзің танысаң – істің басы» дегенді қалай түсінесің?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?




  1. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады.

Құндылықтар – адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер мен жай-күйлер.

Құндылықтар:

Ақиқат

Сүйіспеншілік

Дұрыс әрекет

Ішкі тыныштық

Қиянат жасамау

Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, бірыңғай мән. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес.

Дұрыс – әрекет бұл борыш пен жауакершілікке, ішкі ар – ұждан дауысына сәйкес мінез – құлық.

Сүйіспеншілік – бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат.

Ішкі тыныштық ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты.

Қиянат жасамау ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау.

Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.

Сұрақтар:

1. Жалпыадамзаттық құндылықтар дегеніміз не екен?

2. Ақиқат дегенміз не?

3. Риясыз сүйіспеншілікті қалай түсіндіңіздер?

4. Дұрыс әрекет құндылығына тән әрекеттер?

5. Ішкі тыныштықтың мәні?

6. Қиянат жасамау құндылығының мәні?


4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс:

Көңілді музыка ойналады. Жаттығуға қатысушылар шеңбер бойынша тұрады. Әрбір қатысушы өзінің есіміне сын есім қосып және бойындағы бір қасиетін айтып шығады. Мысалы: Мен, ақкөңіл, Гүлім -шыдамдымын . Айтып болған соң, кольцодан өтуі керек. Әрі қарай жалғаса береді. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді:

1 – топ: «Әділдік»

2 – топ: «Ақиқат»

3 – топ: «Шыншылдық»

Тапсырма: «Шындық шыңы - ақиқат» тақырыбында жоба қорғау. (нақыл сөздер, өлең, сурет)


5. Топпен ән айту

«Мейірімді болайықшы ағайын» 
Сөзі: С.Қали. Әні Қ.Махан 
Көктем етіп көркейтсе де маңайын, 
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын, 
Өшігуді қояйықшы өзгеге, 
Кешірімді болайықшы, ағайын! 

Көк нөсерін көл етсе де жауындар, 
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар, 
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, 
Мейірімді болайықшы, бауырлар! 

Болашаққа қол ұстасып барайық, 
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық, 
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз, 
Кішіпейіл болайықшы, халайық! 

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп, 
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек, 
Өзімізге қалайтұғын нәрсені, 
Тілейікші өзгеге де болса деп.


Ұлттың қамын жүректермен ұғынып, 
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып, 
Қаратайық Қыбылаға жүздерді, 
Таратайық адамзатқа жылылық!


6. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.



Тексерілді: _______________

«____»______________________

Мектеп: 202 мектеп-гимназия

Күні:

: 2 сабақ

Мұғалім: Беркимбаева Ельнура Ергалиевна

Сынып: 5 «а» 5 «ә» 5 «б»

Оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы: Мен өзімді танимын

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Білім іздеу, шыншылдық, өз-өзіне адал болу


Сабақ мақсаты: Оқушыларға адамның өзін – өзі тануының маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік:оқушыларға өзін тани білудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды өзін – өзі тануға, өзін – өзі түсінуге бағыттау арқылы адалдық қасиетіне баулу

Тәрбиелік: оқушыларды өзін – өзі тануға, әділдікке тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

1 Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру.


2.Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Ескерту























































2. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген №2 сабақ «Сенің өзің» (10 бет) мәтіңнің мәнін сұрақтар арқылы ашу:

- Өзіңе қызмет етуді қай кезден бастау керек?

- Өзіңе қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер?

- Адамдарға жамандық жасамау үшін не істеуге болмайды?

- Кішкентайыңнан қандай болу керек?

- Қанағатшыл болуға үйренудің маңызы қандай?

- Нені жек көру керек?

- Білімнің қайнар көзі не болып табылады?

- Жақсы қасиеттерді шыңдаудың қандай пайдасы бар?

- Өзің күнделікті немен шұғылданасың?

3. Дәйексөз

Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,

ең қиын нәрсе –өзіңді-өзің түсіну

Әл-Фараби

- Біреудің бойындағы кемшілікті көріп, ақыл айту оңай, адамның ең жақсы қасиеті өз бойындағы кемшіліктерді өзі байқап, соны болдырмауға тырысу, адамның өзін-өзі түсінуі, түсіне отырып өзін-өзі тәрбиелеуі өмірлік үдеріс. Өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі жемісті болады.

4. Оқиғаларды әңгiмелеу.

Мұғалімнің сыйы


«Үш елек» аңыз-әңгіме

Бір адам Сократтан былай деп сұрапты.

- Сенің досыңның маған не айтқанын білесіңбе?

- Сәл кідір,- деп оны Сократ тоқтатты, алдымен айтқалы тұрғаныңды үш рет електен өткіз.

- Үш електен?

- Бірдеңе айтпас бұрын, алдымен оны електен өткізу керек. Алдымен шындық елегінен. Оның шындық екеніне көзің жете ме?

- Жоқ мен тек естідім.

- Онда сен ол шындық па,жоқ па,оны білмейсің. Онда екінші елек жақсылық елегінен өтейік. Менің досым туралы жақсы нәрселер айтпақшысың ба, әлде жоқ па? Соны ойлан.

- Мен тек естідім.

- Бірақ ол шындық па, жоқ па өзіңде білмейсің. Үшінші електі қолданып көрейік. Сен айтқың келгенді менің тыңдауым соншалықты қажет пе?

- Жоқ,ондай қажеттілігі жоқ.

- Сонымен,- деді Сократ,-Сен айтқың келгендеріңде шындық та, жақсылық та, пайда да жоқ. Оны айтудың қажеті не?

Cұрақтар:

1.Әңгіме айтуға келген адамға Сократ не айтты?

2.Сократ айтқан үш

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ