Сабақ
мақсаты: Ақыл парасат, ерік-жігер
және жүрек тәрбиесі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік
құндылығының мәнін ашу.
Міндеті:
-ақыл, қайрат, жүрек тәрбиесін сүйіспеншішлік құндылығымен
байланыстыра отырып үйрету;
-адалдық, жауапкершілік қасиеттерін
дамыту;
-айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал,
жауапкершілікті болуға тәрбиелеу..
|
Ресурстар:үнтаспа,
суреттер,нақыл
сөздер
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың
көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды
тексеру.
5
Т ережесін еске
салу.
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
Жағымды көңіл-күйге
келу. «Нұрға
бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды
айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.
Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елесететіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе
түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз
нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді
және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады.Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің
ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі
сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің
басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және
шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле
шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген
адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр
бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық
тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр
бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен
Нұрмын"
Осындай Нұр,Махаббат және
Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай
әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға
болады.Рахмет.
2.Үй тапсырмасын
тексеру. № 2 сабақ 12
бет
«Әділ-Мария» мәтінін сұрақтар
қою арқылы сұрау
Сұрақтар:
-
Автор неліктен адамдардың тату, тыныш өмір сүруінің негізін
«адал еңбек», «ақ жүрек», «арлы ақылдан»
іздейді?
-
Автордың мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдықтың
тек қана ақ жүректен шығады деуінің себебі
неде?
-
Бұл қасиеттердің адами қарым-қатынаста алатын орны қандай?
Оларсық жақсы қарым-қатынас орнату мүмкінбе?
Неліктен?
-
Автор мәтінде арлы, ақылды адамды қалай
сипаттайды?
-
Қандай қасиеттері бар адам қарым-қатынаста келеңсіз
жағдайларға барады?
-
Адамға жағымсыз қасиеттерден арылу үшін не істеу
керек?
|
Сабақ барысын
талқылау:
|
4.Әңгiмелеу. «Үш
елек» аңыз-әңгіме
Бір адам Сократтан былай деп
сұрапты.
- Сенің досыңның маған не
айтқанын білесіңбе?
- Сәл кідір,- деп оны Сократ
тоқтатты, алдымен айтқалы тұрғаныңды үш рет електен
өткіз.
- Үш
електен?
- Бірдеңе айтпас бұрын,
алдымен оны електен өткізу керек. Алдымен шындық елегінен. Оның
шындық екеніне көзің жете ме?
- Жоқ мен тек
естідім.
- Онда сен ол шындық па,жоқ
па,оны білмейсің. Онда екінші елек жақсылық елегінен өтейік. Менің
досым туралы жақсы нәрселер айтпақшысың ба, әлде жоқ па? Соны
ойлан.
- Мен тек
естідім.
- Бірақ ол шындық па, жоқ па
өзіңде білмейсің. Үшінші електі қолданып көрейік. Сен айтқың
келгенді менің тыңдауым соншалықты қажет
пе?
- Жоқ,ондай қажеттілігі
жоқ.
- Сонымен,- деді Сократ,-Сен
айтқың келгендеріңде шындық та, жақсылық та, пайда да жоқ. Оны
айтудың қажеті не?
Cұрақтар:
1.Әңгіме айтуға келген адамға Сократ не
айтты?
2.Сократ айтқан үш елек
қандай?
3.Сократтың бойындағы
қандай жақсы қасиеттерді өз бойларыңа алар
едіңдер?
4. Әділдікке, шындыққа көз
жеткізбей тұрып біреудің әңгімесін айтуға болады
ма?
5. Осы айтылған әңгіме
тыңдаушы адамға қажет пе жоқ
па?
6.Әңгімеден ақиқатты қалай
байқауға болады?
|
|
8.Сабақтың қорытынды
сәтi.
Балалар денелеріңізді түзу
ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар.
Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін
тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік
иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер.
Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге
ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді
қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.
|
|