Материалдар / Өзін өзі танудың маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзін өзі танудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала,Өзін өзі тану пәнінің қрғамдағы рөлі мен маңызы,Рухани адамгершілік құндылықтарды бала бойына сіңіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
454
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ АРҚЫЛЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК
БІЛІМ БЕРУ


ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. “Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек” – деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. 

Қазіргі уақыттағы біздің міндеттеріміздің бірі – кез келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани – адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін – өзі дамытуына жол көрсету.Рухани-адамгершілік тәрбие – дұрыс дағдылар мен әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығы. Рухани–адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады.Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.Тұлғаның руханилық санасы – өмірдің мәнін, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдарының алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау

Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.Өзін-өзі тану пәнін оқытуда оқыту үдерісіндегі ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге негіз болады. Ол өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастау алып, үздіксіз білім беру жүйесін тұтас қамтитын және болашақ 12 жылдық білім беру жүйесіне негізгі пәндердің бірі ретінде ендірілгелі отырған «Өзін-өзі тану» мен мазмұндық өзегі өзара өрімделген «Қазақ әдебиеті» пәндерін ықпалдастыру тиімді деп санауға болады.Қазіргі кезде көп айтылып жүрген интеграция яғни салалас пәндердің өзара ықпалдасуы олардың мазмұндық, құрылымдық, ғылыми-теориялық, лингво-семантикалық және жалпыпедагогикалық аспектілерінің кірігуімен ерекшеленеді.
Кіріктірілген пәндердің өзара байланысын төмендегідей белгілеріне қарай сипаттауға болады:

  • ықпалдасу негізділігінің пәндік мазмұнға, оқыту нысаны мен әдістеріне сәйкестігі;

  • білім мазмұнын сұрыптауда білім, білік дағдыларының құндылықты бағдарлы мәнділігін сақтау ұстанымының ескерілуі;

  • оқушылардың компетенттілігін, тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің жиынтығы болуы қажет.

Қай пән болмасын кіріктірілген сипатта қызмет ете алатындықтан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын өзге пәндермен ықпалдастыруда пәнаралық, пәнішілік байланыстар мен оқушының іс-әрекеттік қызметін арттыруға баса назар аударылады.Бұл ретте әдебиет пен өзін-өзі танудың өзара ықпалдасуында мәдени-танымдық, тәрбиелік ұстанымдар тірек болады. Біртектес гуманитарлық білім аяларын құруға негіз болатын дидактикалық құрылым ретінде бұл пәндердің адамгершілік қағидалары негізге алынады. Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұндық құрылымы ана тілі, әдебиет, тарих, философия, психология, педагогика, мәдениеттану, валеология, әлеуметтану, әдеп, эстетика ғылымдарының іштей кірігуімен ерекшеленіп, тақырыптық жүйе оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағытталады. Аталған пәндердің мазмұндық құрылымына әдеби көркем шығармалар негіз болатындықтан білім мазмұнын құрастыруда жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ұғымдар жүйесі мен олардың адам өміріндегі көрінісін ескеру қажет.
Әр сыныптарда өзін- өзі тану пінінде рухани-адамгершілік тұрғыда берілетін білім мазмұнында ұлттық руханиятымыздың өзегін құрайтын қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, әдеби ертегілер, аңыздар, эпостық, лиро-эпостық жырлар, тарихи жырлар, айтыс өнері мен шешендік сөздердің кейбір таңдаулы үлгілері беріледі. Халық ауыз әдебиетіндегі адамзаттық мүддені қорғайтын, өмірге бейімдейтін, әртүрлі әдептілік, әсемдік, әділдік, және шыдамдылыққа да жетелейтін құндылықтарды оқып-үйрену арқылы оқушылар халқымыздың ділін, дүниетанымын, мәдениетін танып, олардан тәлім алатын болады. Батырлар жырындағы бабалардың елін, жерін қорғаудағы ерліктері; лиро-эпостық жырлардағы сүйіспеншілік пен мөлдір сезім, салт-дәстүр; айтыс өнеріндегі ой тереңдігі, тапқырлық, суырыпсалма ақындықтан көрінетін даналық балалардың өз халқына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін асқақтата түседі. Әдеби көркем туындылардың ізгілікті сипатына орай рухани-адамгершілік білім мазмұнында Әбу-Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йассауи шығармаларындағы адам тәрбиесіне қатысты ұлағатты, өнегелі сөз оралымдары көрініс тапты. Жыр маржанын төгілткен Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Жиембет, Сүйінбай жыраулардың, Үмбетей, Тәттіқара ақын, Бұқар жырау, Шал ақындардың шығармаларындағы туған жер, сыртқы жаулармен болған азаттық күрес, өз дәуірінің шындығы, ерлік, ел бірлігінің нақыл мен өсиет ретінде жырлануы оқушыларды халқымыздың сан ғасырлық өміріндегі әр алуан адами қарым-қатынастармен қауыштырады.Сонымен қатар адам мүмкіндіктерінің шексіздігі, әр адамның бойындағы даралық қасиеттер мен қабілеттер және адамның ішкі дүниесі мен сыртқы келбетінің, сөзі мен ісінің үйлесімді болуы туралы да сөз болады. Берілген оқу мәтіндері бойынша оқушылар сыйластық, қайырымдылық, кеңпейілділік, жанашырлық, бауырмалдық тәрізді адамгершілік құндылықтардың адамдардың өзара қарым-қатынас жасаудағы мәнділігін ұғынады. Еліміздегі ынтымақтастық, өзара келісім, бірлік, тәуелсіздік, бостандық, достық, ұлтжандылық сияқты құндылықтарды түсініп, олардың қоғамдағы рөлі туралы оқып, үйрену де осы сыныптар аралығында қамтылады. Оқушыларға табиғатқа ізгілікті қарым-қатынас, қоршаған ортаның орны, денсаулықты сақтау мен нығайтуды үйрету және адамға кері әсерін тигізетін жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болудың жолдарын ұғындыруда көбінесе қазіргі замандық әдеби туындылардағы ізгілік мұраттары таңдалады.

Әр тақырыптың мазмұнын ашатын ата-баба өнегесі, әке мен бала қатынасы, ана мен әке қатынасы, қоршаған орта, күнделікті тіршіліктегі сыйластық пен мейірім, ар-ождан, қайрат, ақыл, жүрек, ерік, жігер, намыс, жан мен тән сұлулығы, т. б. құндылықтардың адам өміріндегі қажеттілігін сезініп, пайымдай алғанда ғана толық адам ретінде қалыптасуға мүмкіндік туады.
Әдебиет – адамзаттың асыл арманы, халқымыздың тарихи ізі, елдік-ерлік дәстүрлері, тұрмыс-тіршілігі, болмыс-бітімі кескінделген көркем шежіре. Ол – халықтың сан ғасырлық сөз өнерін атамұра, рухани байлық ретінде жеткізетін өмірдің көркем оқулығы. Әдебиетті тегін «өмір оқулығы» демесе керек. Олай болса, әдеби көркем шығарманың әр адамға өнеге, үлгі, тәлім-тәрбие беретін қуатының жоғары болуы оның адамгершілік ұстанымын аша түседі. Тәрбие ең алдымен адам жүрегіне жол табумен ерекшеленеді. Тәрбиенің әдістемелік негізін философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы баланың өзіндік қабілеті, белсенділігі, шығармашылығы, тұлғалық дамуы сияқты аспектілердің жиынтығы құрайды. Қазақ халқының ұлағатты өнегесі арқылы адамгершілікті тәрбие төңірегінде қаншама құндылықты ойлар айтылған. Сонау халықтық педагогикадан бастап, бүгінгі заманауи құндылықтардың бәрі де адам үшін қызмет етеді. Рухани-адамгершілік мазмұндағы әдеби көркем мәтіндердің ішінде Абай мен Шәкәрім шығармаларының алатын орны ерекше. Екеуі де адамзат баласын, адам әлемін сезіне, сүйе білуге шақырып, ізгілік еліне сара жол салады.
«Абай шығармаларының алтын арқауы болып Адам тұрады, адамға деген махаббат тұрады. Ұлы ақын нағыз адам, толық Адам қандай болуы керек? – деген мәңгілік сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді де», – деп айтқандай пейілі кең, ойы орнықты, талғамы терең, сезімі сергек, санасы жоғары, ең бастысы жүрегі жылы адамның рухани байлығы да мол болады. Абай айтқан жылы жүрек, ыстық қайрат, нұрлы ақыл адам баласын бақытқа бөлеп, өмірін өркендете түседі. Біздің өзін-өзі тану пәні рухани білім берудегі басты мақсатымыздың өзін осы Абай айтқан адамгершілік қағидаларын оқушы жүрегіне жеткізе білу деп ойлауға әбден болады. Әдеби тұрғыдан келгенде Абай мен Шәкәрім, Мағжан мен Мұқағали шығармаларының көркемдік ерекшеліктері айшықты оралымдардан көрінеді, ал бізге қажеттісі – олардың жан дүниесінің сұлулығы. Олар іздеген үйлесімдік пен ізгілік, махаббат пен достық, пейіл мен ықылас жарасымын адам бойындағы құнды қасиеттер деп бағалай отырып, біз әдеби-көркем туындылардағы мазмұн арқылы болашақ ұрпақты еліміздің нағыз азаматы ретінде тәрбиелеуді басты назарымызда ұстаймыз.
Сөйтіп, «Қазақ әдебиеті» мен өзін-өзі тану пәндеріндегі мазмұндық құрылым мен тәрбиелік мақсат арқылы ұштасады. Мысалы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады. Бұл әдебиеттің тікелей мақсаты болмағанымен, оның тәрбиелік аспектісінің бір бөлшегі. Олай болса, әдеби көркем шығармалар өзін-өзі тану бағдарламасының мазмұндық өзегін құрай отырып, жасөспірімдердің адамгершілік құндылықтарын жетілдіруге бағытталады деп тұжырымдауға болады.
Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым – қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез – келген мектептің міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін – өзі тану» пәні зор ықпал етеді.

Қолданылған әдебиеттер:

Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж

«Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж

Бастауыш мектепте оқыту № 4 2007 ж

Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924.

Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы: 1992

Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау , — Алматы: Шартарап, — 2000 ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!