Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өзіндік жұмыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Суйербаева Жазира Едиловна
«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқыту сапасына мониторинг жүргізу алгоритімін анықтау
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев
2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына
жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім беру» қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек деп
атап көрсетті.
Сапалы білім беру қызметін көрсету – білім мекемелері мен
педагогтар алдында тұрған міндет. Білім сапасы ең алдымен мақсаттың
және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың,
педагогикалық іс - әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында
педагогикалық үрдістің сапасы.
Білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады. Бүл үрдісте оқу - тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден - бір көзі – мониторинг.
Мониторинг дегеніміз белгілі
бір нәрсенің жай - күйін бақылау, бағалау, талдау және болжау
жүйесі, белгілі параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы.
Мониторинг көп деңгейлі жүйе.
1 - деңгей (жеке, дара және дербес) оны мұғалім жүзеге асырады.
2 - деңгей – мектепішілік. Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің
әкімшілігі жүзеге асырады. Сыныптардың даму динамикасы бақыланады.
Тоқсан, жартыжылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша
бақылау жүргізіледі.
3 - деңгей. Білім мекемесінің даму динамикасын байқау.
Мұғалімнің педагогикалық іс - әрекетінің мониторингі оқу процесінің
негізі болып табылады.
Мұғалімнің іс - әрекетін бағалаудағы мониторингінің негізгі
мақсаты: педагог кадрлардың шеберлік біліктілігінің артуы,
инновациялық тапсырмаларды іске асыру жолдарын меңгеру
көрсеткіштері.
Кез келген білім мекемесі оку үдерісінің дұрыс жүруіне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім деңгейіне жетуге оқу себептілігін арттыруға, оқушының денсаулығы мен жеке тұлға ретінде дамуына талпынады. Мектепте баскару жүйесінің қаншалықты дұрыс бағытта екенін білу үшін басқарудың сараптамалық бағдарламасын жасау керек. Бұл үдеріс жіберілген кемшіліктерге түзетулер енгізуге және білім сапасын көтеруге септілігін тигізеді. Мектептің басқару жүйесі оқу мониторингінің нәтижелеріне сүйенеді. Мониторинг қандай да бір үдеріске ұйымдастырылған бақылау, нақты нәтижелерді салыстыру арқылы болашақта оларды жақсартуға бағыттылған шаралар ұйымдастыру үшін жасалады. Мониторинг жүргізу қазіргі таңда барлық мекемелерде, өндірістің барлық салаларында жүзеге асып жатыр. Мектеп - білім мекемесі болғандықтан, оның негізгі мақсаты - сапалы білім беру. Сондықтан, мектеп мониторингінің негізгі зерттелетін объектісі - білім сапасы. Оқу мониторингісін жасау – мектеп үдерісіндегі шарттардың және білім сапасының өсу (кему) динамикасын жүйелі түрде бақылау, сараптау, бағалау. Білім сапасы туралы мәліметтерді жинау арқылы мәліметтер қоры жасақталады, оларды өңдеп, сақтау арқылы кез келген уақытта білім сапасының қазіргі деңгейін көрсетуге болады. Оқу мониторингінің нақты мақсат-міндеттері, жасалу принциптері, бағдарламасы және зерттелген нәтижелерге қарап, кемшіліктердің жою жолдары айкындалу керек.
Оқу мониторингісінің мақсат-міндеттері:
- Ұжымның жұмысын мониторингке шоғырландыру;
- Мәліметтер қорын жинау;
- Оқушылардың үлгерімі және білім сапасын көтеру;
- Педагогтардың шеберлігін арттыру, баскару жүйесінің сапасын арттыру;
- Мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық кеңесте ортаға салу:
- Мониторинг бағдарламасын бекіту.
Мониторинг жасаудың бағдарламасы:
-
Зерттеу бағыттарын анықтау.
-
Мониторинг көрсеткіштерін анықтау.
-
Алынған мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ететін әдістерді анықтау.
-
Әр бағыт бойынша мәліметтер жинау және оларды өңдеу, сараптау және сақтау технологиясын анықтау.
-
Берілген бағыттар бойынша мониторингке қатысатын мұғалімдердің атқаратын қызметін белгілеу.
Мониторинг жасауда белгілі бір талаптар қойылады, оларды мониторинг жасаудың принциптері деуге де болады:
-
Мәліметтердің дұрыстығы. Керек мәліметтер нақты және мектеп әкімшілігіне пайдалы болу керек.
-
Мәліметтерді салыстыратын мүмкіндіктің болуы. Кез келген үдерістің тек қазіргі деңгейі ғана емес, ондағы өзгерістердің себептерін зерттеу керек болады.
-
Болжамдық. Нәтижелерге сүйене отырып, болуы мүмкін өзгерістерге болжам жасау.
Оқу мониторингісі болғандықтан, басты назар білім сапасында болмақ. Білім сапасын көтеруге әсерін тигізетін бірнеше факторларды атауға болады:
1. Оқушылардың денсаулық жағдайы.
2. Мектептің материалдық базасы.
3. Педагогтардың шеберлігі.
4. Үйірмелер, спорт секцияларының жұмысы.
5. Оқушылардың сабаққа қатысымы.
6. Тәрбие жұмысы.
7. Оқушылардың дұрыс тамақтануы.
8. Баланың отбасындағы жағдайы және т.с.с.
Аталған факторлардың ішінен оқушылардың денсаулық жағдайын, педагогтардың шеберлігін зерттей келе, біз білім сапасының қазіргі деңгейін көруімізге болады. Сонымен, мектеп мониторингісін құрудың негізгі бағыттары анықталды.
Оқушылардың денсаулық жағдайы. Педагогтардың шеберлігі. Білім сапасы.
Бала толыққанды сапалы білім алу үшін оның денсаулығы жақсы болу керек. Ал денсаулығында ақау болған жағдайда, ол балаға ерекше көңіл бөлу қажет болады.
Бірінші бағыт бойынша топта медбике, класс жетекшілер, дене тәрбиесі мұғалімдері, психологтар жұмыс жасайды. Мектеп медбикесінде әрбір оқушының денсаулығы туралы мәлімет болу керек. Бұл мәліметтерден оқушының класс жетекшісі, дене тәрбиесі мұғалімдері хабардар болу керек. Аурудың белгілі бір түрімен, мысалы, қаназдықпен ауыратын балаларды жинап, оның ата-анасымен және класс жетекшісінің қатысуымен мектеп медбикесі осы ауру туралы толық мағлұмат, онымен күресу, денсаулықты нығайту жолдарын көрсетеді. Дене шынықтыру сабағынан денсаулығына байланысты босатылған балаларға қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы дене тәрбиесі мұғалімі жеңілдетілген түрде сабақ өткізеді. Денсаулығында ақауы бар бала басқа дені сау баладан гөрі өзін төмен ұстап, өзіне сенімсіздікпен қарауы мүмкін. Сондықтан, мұндай кезде мектеп психологы жұмыс жасайды.
Екінші бағыт бойынша топта директор, оқу ісінің меңгерушілері, әдістемелік бірлестік жетекшілері жұмыс жасайды. Педкадрларды қайта даярлау, олардың шеберлігін арттыру, біліктілік санаттарын көтеру, әдістемелік көмек көрсету аталған адамдардың тікелей қатысуымен жүзеге асады.
Үшінші бағыт бойынша, яғни білім сапасын зерттеуге оқу ісінің меңгерушілері, класс жетекшілер, пән мұғалімдері қатысады. Білім сапасы 3 буын бойынша зерттеуге алынады:
- Бастауыш буында 1-4 кластар;
- Орта буында 5-9 кластар;
- Жоғары буында 10-11 кластар.
Бұл бағытта оқушылардың білім сапасы қаралатындықтан, тоқсан сайынғы қорытындылар, әкімшілік бақылау жұмыстары, жыл сайынғы білім сапасы толық бақыланып, оның өсу немесе кему динамикасын анықтап, кемшіліктерді жою технологиясы құрастырылып, оң тұстарын одан әрі жалғастыру көзделеді.
Білім беруді модернизациялау жағдайында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және оны жетілдіру жолдарын іздестіру – қазіргі күннің бірден бір талабы. Педагог кадрлардың кәсіби деңгейінің өзгеруін, оқытудың нәтижелерінің өзгеруін анықтау мақсатында білім мекемелерінде мониторинг жүргізу қажеттілігі туындады. Сондықтан, педагогтың қызметіне мониторинг жасау арқылы кадрлардың кәсіби дайындығының қазіргі таңдағы жағдайын анықтауға болады. Ол үшін мұғалімнің педагогтық қызметіне диагностикалық карта жасалынады. Картада келтірілген бағалау критерийлерін және бағалау шкаласын әр мектеп өзіне ыңғайлы етіп өзгертуіне болады.