Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өзіндік жұмыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ӨРЛЕУ»
«ӨРЛЕУ»
БІЛІКТІЛІКТІ
АРТТЫРУ
ҰЛТТЫҚ
ОРТАЛЫҒЫ»
АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫ
Жаңа мектепке көшудің стратегиялық жоспары, онда тұжырымдамаға сәйкес мектепті жаңартуға қажетті жаңашылдық кешені арқылы іс-әрекеттердің басым бағыттары, сонымен қатар оларды кезеңмен жүйелі жүзеге асыру жолдары
Суйербаева Жазира Едиловна
Кеген ауылы
2018 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның төлқұжаты.
2. Мектеп туралы ақпарат.
3. Мектеп жағдайын проблемалық бағытталған талдау.
4. Болашақ мектеп тұжырымдамаларын қалыптастыру.
5. Жаңа мектепке көшудің стратегиялық, негізгі бағыттары мен міндеттерін жасау.
Мектепті басқару практикасында жекеленген мақсаттық бағдарламаларды қолдану тәжірибесі олардың жеткілікті тиімді болмауын көрсетті, өйткені оларды іске асырғанда бір ғана қиындықтарды шешуге көмектеседі де, мектеп іс-әрекетінің негізгі басқару және педагогикалық көрсеткіштерін елеулі өзгертетін мүмкіндіктерді бермейді. Сондықтан жергілікті бағдарламаларды мектеп іс-әрекетін жаңартудың маңызды аспектісін қамтитындай өзара байланысқан педагогикалық жүйеге біріктіретін мектептің даму бағдарламасын жасау қажет.
Мектептің болашағын жоспарлау төрт негізгі сұрақтарға жауап іздеуден тұрады:
1. Мектептің қазіргі хал-жағдайы қандай, оның күшті және әлсіз жақтары қандай?
2. Болашақта біз қандай мектепті көргіміз келеді?
3. Мақсатқа жетудің қандай мүмкіндіктері бар және бізге не кедергі болуы мүмкін?
4. Мақсатқа жету үшін қандай әрекеттер және оларды қандай ретпен жасауымыз керек?
2016-2019 жылдарға арналған
«Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Даму стратегиясы
Мектептің даму стратегиясының ТӨЛҚҰЖАТЫ
Мектептің даму стратегияларының атауы |
«Білім мазмұнының жаңару жағдайында оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасай отырып, функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған орта құру» |
МДС жасау негізі |
1.ҚР 2007 жылғы 27 шілде №319 «Білім туралы» заңы (өзгерістер мен толықтырулар) 2.Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің 2016 жылғы 1 наурызындағы№ 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 3.Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы. (ҚР Үкіметінің 25.04.2015 №327 қаулысымен өзгертілді). 4.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысымен бекітілген 5.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» 6. «Білім беру ұйымдарының жарғыларын бекіту туралы» Райымбек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы «20» қазандағы №268 бұйрығымен бекітілген мектеп жарғысы. |
МДС жасауы мен жүзеге асыруы туралы қабылданған шешімнің күні мен негізі |
26.03.2016ж. Педагогикалық кеңес, хаттама №5
|
МДС тапсырыс беруші |
«Ө. Жаңабаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімшілігі |
МДС әзірлеушілер |
«Ө. Жаңабаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шығармашылық тобы |
МДС мақсаты |
Білім беру мазмұнын жаңартуда сапалы орта білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, функционалды сауатты, рухани дамыған табысты азамат қалыптастыру. |
МДС стратегиялары |
1. Мұғалім құзыреттілігі – мектеп дамуының кепілі. 2. Білім мазмұнын жаңарту – заман талабы. 3. Функционалды сауатты, бойында отаншылдық, көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан ұрпақ – ұлт болашағы. |
МДС күтілетін нәтижелер |
Мұғалім құзыреттілігін көтеру нәтижесінде мектепті заманауи деңгейге жеткізу. Салауатты өмір салтын ұстанған функционалды сауатты, бойында отаншылдық, көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Білім беру мазмұнын жаңарту, білім сапасын арттыру. |
МДС жүзеге асыру кезеңдері мен мерзімдері |
2016 – 2019 жж. Бірінші кезең (2016 – 2017 жыл) – Дайындық Екінші кезең (2017 – 2018 жыл) – Практикалық Үшінші кезең ( 2018 – 2019 жыл) – Нәтижелік |
МДС орындауы ұйымдастыру және бақылау |
Мектеп әкімшілігі |
МДС жүзеге асыруды қаржыландыру көздері |
Аудандық білім бөлімі |
Ақпараттық анықтама
Оқушылардың саны– 490
Ауысымдар саны:2 ауысымда барлығы 24 сынып-комплект, мектепалды даярлық тобы – 2
І ауысымдағы сыныптар саны – 13, оқушы саны - 250
ІІ ауысымдағы сыныптар саны – 11, оқушы саны – 240
Ата-аналардың талап-тілектерін ескеру нәтижесінде кейбір сыныптарда оқушылар саны 25-тен артық жинақталған. Демографиялық жағдайдың өсуіне байланысты бастауыш сатыдағы оқушылар саны негізгі сатыдағы оқушылар санынан артық.
Қорытынды:
Оқушылардың міндетті білім алуы үшін барлық жағдайлардың жасалуы мектеп әкімшілігінің бақылауында, мектеп шағын ауданымен қарым-қатынас орнықты. Оқушылар саны 7 %-ға артты.
Мұғалімдердің сапалық құрамы
Мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін 62 педагог қызмет етеді. Оның ішінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары – 2, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары – 1.
Педагогтардың кәсіби деңгейін көтеру үшін жыл сайын курстық дайындықтан өтеді. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің саны жылдан жылға артуда.
Мұғалімдердің сандық және сапалық құрамы жоғары білімді мұғалім санының басым екенін көрсетеді. Біліктілік деңгейінің көрсеткіші бойынша жоғары және бірінші санатты педагогтардың үлесі 52%.
Қорытынды:
-жас мамандардың жұмысқа орналасуы тұрақты артып келеді.
-мұғалімдердің өз жұмысына сенімсіздікпен қарауы санатын көтеруге кедергі келтіреді.
Мектеп педагогтары жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отырады. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері қашықтықтан оқыту курстары арқылы кәсіптік деңгейін көтереді.
Қорытынды:
-орыс тілдері, музыка пәнінің мұғалімдеріне алдын-ала берілген сұраныстың қанағаттандырылмауы.
-2016-2017 оқу жылында 1 сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдердің білім мазмұнын жаңарту бойынша курстармен толық қамтылуы.
Педагогтардың деңгейлік курстарға қатысу көрсеткіші
Оқу жылы |
Барлығы |
Білімі |
Санаты |
|||
жоғары |
орта арн |
жоғ. |
І |
ІІ |
||
2012-2013 |
4 |
4 |
|
|
|
4 |
2013-2014 |
3 |
3 |
|
|
2 |
1 |
2014-2015 |
3 |
3 |
|
1 |
2 |
|
2015-2016 |
2 |
2 |
|
1 |
1 |
|
Педагог қызметкерлердің деңгейлік курстарға қатысуы алдын-ала берілген сұранысқа байланысты жүзеге асады.
Қорытынды:
- мектептегі мұғалімдердің сапалық құрамы 52%,
- педагогтар 5 жыл сайын пән бойынша біліктілік курстарынан өтіп отырады;
- мектеп мұғалімдерінің 19%-ы деңгейлік курстан өтті;
- мұғалімдердің өз іс-тәжірибелерінен мақалалар мен әзірлемелерді жариялау үлесі артып келеді;
- жоғары білімді педагогтар үлесі 92%-ды құрайды;
- мұғалімдердің кәсіби конкурстарға қатысу деңгейі төмен.
Мектептің күн тәртібі: толық күн мектебі.
Сынып бойынша сабақтың ұзақтығы: 40 минут
Материалдық – техникалық базаның жағдайы
Мектептегі желілік орталыққа жалғанған компьютерлер «e-learning» сервер орталығымен тікелей жұмыс атқарады. Мектеп бойынша 84 компьютер бар. Оның ішінде 6-ы интерактивті тақта: 1 жылжымалы экран, 1 мультимедиялы подиум. Принтерлердің саны 4, сканердің саны 1.
Барлық компьютерлер локальді сетьке қосылған. 17 компьютерді оқу үрдісінде қолданады. 1 оқушыға 5 компьютерден келеді.
Барлық компьютерлер WINDOWS XP амалдық жүйемен жабдықталып, барлығында MS Office бағдарламасы орнатылып, антивирустық, архивтық бағдарламалар қойылған.
Жаңа модификация бойынша жабдықталған кабиенттер саны – 2 (физика, биология, химия кабинеттері).
Мектепте кітапхана және оқу залы жұмыс істейді. Негізгі кітап қоры- 20716, оның ішінде көркем әдебиеттер -7015, оқулықтар – 10843, әдістемелік оқулықтар- 2720, электронды оқулық- 138.
Медициналық кабинет пен ем-шара кабинеті талапқа сай жабдықталған.
Мектептегі кабинеттер саны: 22, 1- акт залы, 1- спортзалы
Оқушылар контингенті
Оқушылар саны – 490
Оның ішінде ұлы - 251, қызы – 239.
Қазақтар – 490
Социум сипаттамасы
Білім алушылардың әлеуметтік құрамы мектептің даму стратегиясын жүзеге асыруда мүмкіндіктің бар екендігін көрсетеді.
Ата-ана саны |
394 |
|
Қызметкер ата-ана |
52 |
13,1 % |
Жұмыскер ата-ана |
279 |
70,8 % |
Кәсіпкер ата-ана |
21 |
8,2% |
Жұмыссыз ата-ана |
20 |
5,7% |
Мүгедек ата-ана |
3 |
0,7% |
Зейнеткер ата-ана |
19 |
4,8% |
Жоғары білімді ата-ана саны |
204 |
52% |
Арнаулы орта білімді ата-ана саны |
121 |
30% |
Орта білімді ата-ана саны |
69 |
17% |
Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
Мектептің оқу жоспары мемлекеттік білім беру стандартымен анықталады. Оқу жоспары оқушылардың қабілеттілігін, сұраныстарын және ата-ана, психолог, педагогтардың пікірлерін ескере отырып жасалады.
Оқу жоспарының құрылымы 3 компоненттен тұрады:
- тұрақты бөлім (мемлекеттік базистік оқу жоспарына сәйкес)
- мектептің ерекшелігін көрсететін немесе айқындайтын жылжымалы бөлігі;
- оқушылардың және ата-аналардың жеке сұраныстарын ескере отырып қосымша білім беру;
Оқу жоспарын жасағанда келесі принциптер ескерілді:
- жүйелілік;
- кәсіби бағдар беру;
- үздіксіз білім беру;
Мемлекеттік стандартты сақтай отырып, бейінді оқыту жаратылыстану-математикалық және қоғамдық- гуманитарлық бағытында жүреді.
Оқу жоспары мен бағдарламаларының жаңашылдығы
-
мектепалды даярлық сыныптарында және 1-3-сыныптарда білім беру процесі:
-
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі -МДТОМЖС);
-
ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1-қосымша);
-
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);
-
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
-
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
-
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
-
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім беру жалпы білім беретін пәндерінің Үлгілік оқу бағдарламалары;
-
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
-
4, 9, 10-11-сыныптарда білім беру процесі:
-
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);
-
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485 қаулысымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);
-
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
-
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
-
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
-
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
-
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
-
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
-
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
-
5- 8-сыныптарда білім беру процесі:
-
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016);
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
-
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
Оқушылардың сабақта және сабақтан тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуы осы аталған пәндер бойынша іске асырылады.
Оқу жоспары сыныптық және сыныптан тыс (факультативтік, жеке және үйірмелік ) жұмыс жоспарын қоса алғанда оқушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемінен аспайды және санитарлық ережелер мен нормаларының 29.12.2014 жылғы №179 талаптарына сәйкес келеді.
«Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп» КММ- нің оқу жоспары ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Жалпы орта білім беретін оқу орындарының базистік оқу жоспары негізінде жасалынады. Оқу жоспары оқушылар мен ата-аналардың сұранысына және мектептің мақсатын қанағаттандыруға бағытталған. Бастауыш сыныптарда оқушыларды тәрбиелеу және дамыту, оларға жазуды,оқуды, есептеуді, оқу әрекеттерінің негізгі дағдыларын, өзін ұстай білуді және тіл мәдениетін, логикалық ойлау қабілеті дамиды. Оқытудың негізгі сатысы оқушылардың жеке тұлға ретінде тәрбиеленуіне, қалыптасуына, олардың бейімділігінің, қызығушылығы мен қабілеттерінің дамуына бағытталған.
Вариативтік компоненттегі кейбір қосымша курстардың үш жыл қатарынан жүргізілуінен күтілетін нәтиже:
- практикаға бағытталған оқу-әдістемелік кешендер әзірленеді;
- білім нәтижелеріне мониторингтік зерттеулер жүргізіледі;
- тұлғаның бейімділігі мен қажеттілігі қанағаттандырылып, қызығушылығы мен қабілетінің дамуы ескеріледі;
- әр түрлі бағыттағы жобалар іске асады.
Мектептің дамуының сандық және сапалық көрсеткіштері
Мектеп 1967 жылдан жұмыс істейді. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Жалпы ауданы – 3264 м2. Мектептің қабылдау мүмкіндігі - 640 оқушы. Қазіргі оқушы саны – 490. Оқушылардың жан -жақты білім алуына толық жағдай жасалған. Мектептің оқу-материалдық базасы ҚР-ның жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты орындауға мүмкіндік береді.
Мектеп ғимараты 640 оқушыға жобаланған. Сынып бөлмелерінің саны – 22. Сыныптар саны – 24.
Мектеп 2 ауысымда (аптасына 5 күн) жұмыс істейді. Сабақтардың ұзақтығы – 40 минут, үзілістер ұзақтығы 10-15 минут.
Мектеп оқушыларының үлгерімі мен білім сапасы
Білім сатысы |
2015-2016 |
2016-2017 |
2017-2018 |
|||
|
білім сапасы |
үлгерім |
білім сапасы |
үлгерім |
білім сапасы |
үлгерім |
1-4 |
53,7 |
100% |
58 |
100% |
54,5 |
100% |
5-9 |
39,2 |
100% |
42,9 |
100% |
55,5 |
100% |
10-11 |
63 |
100% |
46 |
100% |
57 |
100% |
жалпы |
47,6 |
100% |
49,6 |
100% |
62 |
100% |
Білім сапасы мен оқу үлгерімінің салыстырмалы көрсеткіші соңғы үш жылда білім сапасының тұрақты өсуін көрсетеді.
Қорытынды:
1. Орта буында білім сапасы тұрақты емес.
2. Физика. математика пәндерінен білім сапасы төмендеген.
3. Ата-аналардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарап, сабақ үлгерімін қадағаламауы.
Шешу жолдары:
1. Оқушыларды көркем шығарма оқуға деген қызығушылықтарын ояту.
2. Барлық ақпараттық ресурстарды қолдана отырып, оқушылардың бойынан компьютерлік тәуелділікті арылту.
3. Ата-аналардың аутсайдерлік көзқарасын инсайдерлік көзқарасқа өзгерту.
Тәрбие жұмысының талдауы
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы жүзеге асырылады.
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;
2. Рухани-адамгершілік тәрбие;
3. Ұлттық тәрбие;
4. Отбасы тәрбиесі;
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты;
Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, зерттей білетін дағдылары дамыған, іс-әрекет жасай білетін, интеллектуалдық жұмыс істей білу мәдениеті дамыған тұлға тәрбиелеу үшін, мектепте тек білім сапасына ғана емес, тәрбиелік жұмысқа да көп көңіл бөлу қажет. Себебі, қазіргі қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы.
Қазіргі таңда мектебіміздің оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі - сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептегі оқу үлгерім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты.
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі зор. Бұл жұмыс түрін ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді.
Мектеп базасында 7 спорттық секция жұмыс атқарады. Оның үшеуі: футбол, волейбол, баскетбол - дене шынықтыру мұғалімдерімен жүзеге асуда. 4 секцияны бапкерлер өткізеді: дзюдо, қазақша күрес, таэквандо, Президенттік көпсайыс.
Сонымен қатар, әр оқушының бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында, мектебімізде би, домбыра үйірмелері жұмыс жасайды. Мектеп бойынша балаларды үйірмелермен қамту 50 % құрайды.
Оқушылардың әлеуметтік жағдайы:
Мектебімізде 1-11 сыныптарда 490 оқушы білім алады. Оның ішінде толық емес отбасы саны – 28, көпбалалы отбасы – 123, қамқорлықтағы балалар саны – 0, мектепішілік және кәмелет жасқа толмағандар бақылауында тұрған оқушылар саны – 0.
Тәрбие жұмысының тиімді көрсеткіші - нәтижелілік, яғни қалалық, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен жарыстарға қатысқан біздің оқушылардың алған орындары болып табылады.
Байқаулар мен жарыстар деңгейі |
2015-2016 оқу жылы |
2016-2017 оқу жылы |
2017-2018 оқу жылы |
||||||
І орын |
ІІ орын |
ІІІ орын |
І орын |
ІІ орын |
ІІІ орын |
І орын |
ІІ орын |
ІІІ орын |
|
Халықаралық |
|
|
3 |
1 |
|
3 |
|
1 |
|
Республикалық |
1 |
2 |
1 |
1 |
|
1 |
|
2 |
|
Облыстық |
1 |
|
1 |
1 |
|
2 |
1 |
3 |
1 |
Аудандық |
2 |
2 |
3 |
5 |
3 |
4 |
5 |
4 |
5 |
Мектептің проблемалық - бағытталған талдауы басымдықтар мен әлсіз жақтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Мықты жақтар:
1. Үш деңгейлі курсты аяқтаған мұғалімдер санының өсуі. 2. Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш және негізгі мектептің арасындағы сабақтастықтың болуы. 3. Мектеп үйірмелері мен мектептен тыс үйірмелерде балаларды қамту үлесінің артуы. 4. Мұғалімдердің өз еңбектерін жариялау белсенділігінің өсуі. |
Әлсіз жақтар:
1. Олимпиада, интеллектуалдық байқаулардан жүлделі орын санының аздығы. 2. Оқушыларды олимпиадаларға дайындауда кейбір мұғалімдердің салғырттығы. 3. Білікті кадрлардың жетіспеуі. 4. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейінің төмендігі.
|
Мүмкіндіктер: 1. Оқушылардың сабақтан тыс уақытын дұрыс пайдалану нәтижесінде түрлі деңгейдегі сайыстар мен олимпиадалардан жүлделі орындар санын арттыру. 2. Оқытудың инновациялық технологияларын толық көлемде қолдану. 3. Мектептің рейтингтік көрсеткішін арттыру. 4. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, мектеппен байланысын нығайту. 5. Мұғалімдерді проблемалық курстарға жіберуге жағдай жасау. |
Қауіптер: 1. Оқушылардың оқуға деген ынтасының төмендігі, ата-аналардың балалардың білімін өз деңгейінде қадағалай алмауы . 2. Қоғамда сәтсіз отбасылардың көбеюі. 3. Білімді жас мамандардың мұғалім мамандығы бойынша жұмысқа келмеуі. 4. Педагог еңбегін ынталандырудың төмендігі |
Стратегияны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Басты мақсаты:сапалы орта білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, функционалды сауатты, салауатты өмір салтын ұстанған, рухани дамыған, табысты азамат қалыптастыру
№ |
Нәтижелер көрсеткіштері |
2016-2017(аналитикалық-жобалаушылық) |
2017-2018 (практикалық) |
2018-2019 (нәтижелік кезең) |
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру |
||||
1. |
Мектеп мұғалімдері сапалық құрамының үлесі |
52% |
58% |
60% |
2. |
Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің тәжірибесін енгізу |
15% |
17% |
19% |
3. |
Педагогтардың жалпы санынан жас педагогтердің үлесі |
10% |
15% |
20% |
Оқушыларды қосымша білім берумен қамту |
||||
1. |
Ментальды арифметикамен қамтылған оқушылар үлесі |
3% |
5% |
7% |
2. |
Шет тілі үйірмесімен қамтылған оқушылар саны |
10% |
15% |
20% |
3. |
Волейбол, баскетбол, футбол үйірмелерімен қамтылған оқушылар үлесі |
15% |
18% |
22% |
4. |
Шаңғы спортымен қамтылған оқушылар үлесі |
8% |
12% |
15% |
5. |
Қазақша күреске қатысатындар үлесі |
3% |
6% |
10% |
Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру. |
||||
1. |
Функционалды сауатты оқушылар үлесі |
20% |
25% |
30% |
2. |
Үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі |
40% |
42% |
44% |
3. |
Балалар мен жасөспірімдер қозғалыстарымен, оның ішінде «Жас ұлан», «Жас қыран» қозғалыстарымен қамтылған оқушылардың үлесі |
20% |
25% |
30% |
Орта білім берудің мазмұнын жаңарту |
||||
1. |
АКТ-ны қолданатын мұғалімдер үлесі |
20% |
30% |
40% |
2. |
Компьютерлік және ақпаратты сауатты оқушылар үлесі |
40% |
50% |
60% |
3. |
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу үлесі |
20% |
30% |
40% |
Материалдық – техникалық базаны нығайту |
||||
|
заманауи оқыту жабдығымен жарақтандырылған оқу-өндірістік шеберханаларының, зертханаларының және арнайы пәндер кабинеттерінің үлесі |
20% |
25% |
30% |
Мектеп тұжырымдамасы
Мектеп тұжырымдамасы – мектеп жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады. Мектептің тұжырымдамасын жасағанда мектепте білім беруді модернизациялауды және педагогикалық үдеріске қатысушылардың: оқушылардың, педагогтардың, ата-аналардың сұранысын қанағаттандыру қажеттілігін басшылыққа алдық.
Мектептің даму үдерісі оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өзгелерге ұқсамайтын өз бейнесін жасауға септігін тигізу керек.
Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына себепші болады.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын камтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы зор.
Мектептің миссиясы– сапалы білім беру, бәсекеге қабілетті, функционалды сауатты, салауатты өмір салтын ұстанған табысты тұлға тәрбиелеу саясатын жүзеге асыруға ықпал ету.
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Сапалы орта білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, функционалды сауатты, салауатты өмір салтын ұстанған, рухани дамыған, табысты азамат қалыптастыру.
Міндеттері:
-
мұғалім құзыреттілігін арттыру;
-
жаңа білім мазмұнына көшу;
-
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
-
мектептің деңгейлік курстан өткен мұғалімдерінің мектеп ұжымымен коучингтерді жүйелі өткізу;
-
мектептермен желілік қоғамдастық жұмысының жандануын жолға қою;
-
құзіреттілігі дамыған педагог мамандардың жұмысына мониторинг жасау;
-
мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен бірлесе отырып, қарапайым дағдыларды қалыптастыру;
-
бастауыш сынып оқушыларының сезім, ерік, ойлау қабілеттерін дамыту;
-
орта буын оқушыларының бойына сенім, үміт, махаббат қасиеттерін дарыту;
-
бойында отансүйгіштік, көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу;
-
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шараларды іске асыру;
-
білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар;
-
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жұмысына ата-аналарды тарту;
-
оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерделей отырып, болашақ мамандыққа бейімдеу, тұлғаның танымдық және іскерлік әрекеттерін дамыту.
Білім берудің деңгейлері мен мазмұны
Білім беру деңгейлері мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, орта білім беру деңгейлерінен тұрады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі. Балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқуға деген құқығын мектепке дейінгі ұйымдардың, жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптары мен шағын орталық топтары қамтамасыз етеді.
Мақсаты– мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Міндеттері: - бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз ету;
- мектепалды даярлығының мазмұнын мектеп жасына дейінгі балаларға тән қызмет түрлерін, жасына жәнедаралығына сай тәсілдерді ескере отырып қайта қарау және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде заттық кеңістік ортасын жасау; - мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігі, баланы шаршаудан қорғау мақсатында оны оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу арқылы денсаулығын нығайту;
-баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу. Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейде қызметтің өзіндік түрлерін және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуге тиісті.
Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері: -азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;
-оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал мұғалімдердің біліктілігі менпедагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруға деген уәждемелерін арттыру;
- денсаулық сақтайтын және ақпараттық технологияларды енгізу.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін мыналар қажет:
-білім берудің мазмұнын орталық білімнен біліктілік мазмұнына қарай (нәтижеге бағдарланған білім беру)өзгерту;
-білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін: тіл мен әдебиет, адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология, дене тәрбиесі сияқты білім берусалалары арқылы іске асыру.
Орта білім берудің құрылымы мен мазмұнын өзгерту педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігінарттыру жүйесін едәуір жаңартуды қажет етеді. Пәнді оқытушы, білім беруші педагогтың орнына жаңа педагогикалық технологияларды, оқытудың ақпараттық құралдарын, тәрбиенің қазіргі нысандарын меңгерген кәсіби білікті педагог келуге тиісті.
Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде мектептің білім беру жүйесі: • “ғұмыр бойғы білім” принципінен “ғұмыр бойғы баршаға арналған білім” приципіне көшуді; • білім берудің барлық деңгейінің қол жетімділігін және сабақтастығын; • нәтижеге бағдарланған толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім беруді қамтамасыз етеді;
• білім беру мазмұны жаңарады;
• қоршаған ортаға деген сенімі мен үміті, Отанға деген махаббаты басым тұлға тәрбиеленеді;
• оқушылардың бойындағы бейімділік қасиеттері ашылады, негізгі мектеп түлектері нақты кәсіптік бағыт алады;
• бойында отансүйгіштік, көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады;
• білім сапасы көтеріледі, оқу үдерісі жаңа мазмұнға ие болады.