Суйербаева Жазира
Едиловна
«Ө.Жаңабаев атындағы орта
мектеп»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
«Бағалау туралы
ереже» құжатын құрудың
алгоритмі
Мектептің өзін-өзі аттестаттауы мемлекеттік
аттестаттау үдерісінің құрамдас бөлігі және мектептің даму жолын
анықтау құралы болып табылады. Бірақ бұл мектеп өзін-өзі
аттесттауды нақты ұйымдастырып, өткізген жағдайда ғана мүмкін
болады, ол қазіргі таңда қозғалыстың дұрыс бағытын анықтауға ықпал
ететін жол картасын әзірлеуді талап
етеді.
Жол картасы – бұл белгілі бір нысанның
дамуының қадамдық сценарийінің көрнекі үлгісі. Біздің жағдайымызда
нысан – бұл мектептің мемлекеттік аттестаттауға дайындалуы
кезеңінде білім беру сапасын бағалау мен басқару саласындағы жұмысы
болып табылады.
Ең алдымен, жол карталары білім беру ұйымының
даму стратегиясының ұйымдастырылуын, білім беру сапасына қол
жеткізу жағдаяты және білім беру сапасын басқару үшін қабылдауға
қажет басқару шешімдерінің арасындағы байланыстырушы буын болып
табылатынын атап өту қажет. Бұл маңызды ерекшелік болып табылады.
Жол карталарының алуан түрлері
бар.
Біз технологиялық жол картасы туралы
баяндаймыз.
Ол графикалық сызба, алгоритм және маңызды
қадамдар және осы қадамдардан күтілетін нәтижелер түрінде
«түйіндерде» бейнеледі. Картаның «түйіні» – бұл нысанның даму
кезеңі және бір мезгілде басқару шешімдерін қабылдау пункті, ал
«түйіндердің» арасындағы кесінділер – бұл олардың арасындағы
себеп-салдарлық байланыстар. Сондай-ақ, осы сызба бойынша ықтимал
тәуекелдер және қайтарым бейнеленуі
мүмкін.
Жол картасын жасау үдерісі – ол ең алдымен,
қойылған міндеттерді орындауға қажетті барлық қажетті қадамдардың
тиімді жоспарлануы.
Сонымен, жол картасы сияқты ресурстың болуы
қолданыстағы критерийлерге сәйкес сапаны бағалау бойынша
жұмыстардың ауқымды көлемін дер кезінде орындауға, қорытынды
шығаруға, мәселелерді анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды
анықтау негізінде сол мәселелерді жою жоспарын әзірлеуге мүмкіндік
береді. Әрекеттердің ерекше сценарийі, жоспары жол картасының мәні
болып табылады.
Бағалау стратегиясы-
мұғалімнің оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат жинау үшін
тқолданатын әдіс- тәсілдері.
Бағалау жүйесі: Өзгерістердің
әр оқушының дайындығының жалпы деңгейі, сондай- ақ танымдық
әрекеттің саласындағы табыстарының динамикасын тіркеу. Бұл – білім
алу барысында оқушының жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы толық
мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Бағалау жүйесінде білім
алушылардың өзін- өзі бағалауы, оқу үрдісінде жүретін кері
байланысты ынталандыратын және дамытатын тетік қалануы тиіс.
Бағалау жүйесіндегі барынша ашықтық өзін- өзі бағалауға жетелейтін
фактор болып табылады.
Критериалды
бағалау – белгіленген критерийлер
негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін
оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру
үдерісі.
Критериалды бағалау жүйесін
енгізудің мақсаты- әрі қарай оқу үдерісін
жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру
үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі
туралы нақты ақпарат алу болып табылады.
Критериалды бағалау жүйесі
төмендегідей міндеттерді
жүзеге асыруға мүмкіндік
береді:
1. Оқу үрдісінде бағалау
мүмкіндігі мен функциясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату
құралы арқылы оқушылардың үнемі өзін- өзі жетілдіруіне жағдай
жасау;
3. Біркелкі стандарт және
бағалаудың сапалы тетіктері мен құралдарының қалыптасуына ықпал
ету;
4. Нақты, айқын, үздіксіз,
шынайы ақпарат ұсыну;
- білім алушыларға олардың оқуының сапасы
туралы;
- мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі
туралы;
- ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі
туралы;
- басқару органдарына ұсынылған білім беру
қызметінің сапасы туралы ақпаратты беру;
Критериалды бағалау жүйусін
ендіру біртіндеп, жүйелі негізде жүргізілетін болады. Бұл қызметті
жүзеге асыру мектептің және аймақтық критериалды бағалау бойынша
үйлестірушілерге жүктеледі. Аймақтық үйлестірушілер аудандық/
қалалық білім беру әдіскерлерінің арасынан, ал мектептік – жалпы
білім беретін мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі
орынбасарларының арасынан анықталады. Үйлестірушілер бағалау
жүйесінің сапасын жалпы басқару, қалыптастырушы және жиынтық
бағалау бойынша үрдістер мен рәсімдерді жүзеге асыру және бағалау
рәсімін жүзеге асыру барысында мектептерге әдістемелік көмек
көрсетуді қамтамасыз етеді.
Білім алушының электронды
партфолиосы, электронды журнал білім алушылардың оқу
жетістіктерінің жеке жиынтық бағасын компьютердлік сүйемелдеуі
болып табылады.
Электронды портфолио білім
алушыға:
-
мақсат қойып, оған жетуді
жоспарлауға;
-
өз мүмкіндіктері мен
іскерліктерін сезінуге;
-
өзінің оқу стилін жақсы
түсініп, оқу мүмкіндіктерін талдауға;
-
таңдау
жасауға;
-
жетістіктерін және өзіндік
дамуын бейнелеуге;
-
өзінің білімін
тіркеуге;
-
өзін- өзі бағалауды жүзеге
асыруға;
-
даралық қасиеттерін ашуға
көмектеседі.
Портфолио білім алушының
ілгерлеруін, оқу үрдісін және нәтижелерді ұсынуды бағалауға
мүмкіндік береді.
Электронды журналдың уақытша
формасы кесте түрінде беріледі. Бұл журналда білім алушының тоқсан
бойғы жетістіктері тіркеледі, журналда берілген шкалаға сәйкес,
бағаларды автоматты түрде жүзеге
асырылады.
Критериалдық бағалау жүйесін
қолдану арқылы біз:
Оқушының тұлғалық бағытын
белсенді позицияға бағыттау;
Тұлғаны өзіндік
жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа
жеткізу;
Білім алушылардың дайындық
деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде
анықтау;
Әртүрлі жұмыстардан алған
бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға,
үй жұмысы т.б);
Құрылымдық бағалау мен нақтылы
бағалаулар арқылы оқушының еңбегін
анықтау;
Оқушының бағалау жүйесіне
толық қанағаттануын аламыз.