Материалдар / Өзіндік жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзіндік жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия деген оқу ісі орынбасарларына арналған курс бойынша өзіндік жұмыстар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
515
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Суйербаева Жазира Едиловна

«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









 Б.Блум таксономиясының мықты және әлсіз тұстары, өзімнің педагогикалық қызметімде Б.Блум таксономиясын қолданудың пайдасы



Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді

-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;

-пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;

тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру. Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы.

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.

Таксономия  - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау жасайтынын айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін

6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістерінің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп ойлаймын.

Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:

1) Білім;

2) Түсіну;

3) Қолдану;

4) Талдау;

5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);

6) Бағалау.

І. Білу.

Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Шәкірт:

  • Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);

  • Нақты фактілерді біледі;

  • Жұмыстың орындалу ретін біледі,

  • Негізгі ұғымдарды біледі;

  • Ережелерді, қағидаларды біледі.

Тапсырмалар түрі:

Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

ІІ Түсіну.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.

Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

Шәкірт:

  • Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

  • Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

  • Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;

  • Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

Тапсырмалар түрі:

         Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.

ІІІ Талдау

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

Шәкірт:

  • Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;

  • Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,

  • Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

  • Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.

Тапсырмалар түрі:

         Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.

IV Қолдану.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.

Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Шәкірт:

  • Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

  • Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

  • Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.

Тапсырмалар түрі:

         Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.

V Синтез (жинақтау, жүйелеу).

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Шәкірт:

  • Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;

  • Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

  • Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.

Тапсырмалар түрі:

      Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.

VI Бағалау

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Шәкірт:

  • Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

  • Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

  • Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.

Пәні: Математика

3 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Қосу және азайту 412+279,691-279 өрнектегі есептер

Жалпы мақсат:

1000 көлеміндегі натурал сандарды оқуды,жазуды,салыстыруды қайталау,шамаларды салыстыру.Есеп шығару, теңдеулерді шешу.Таным қабілетін ,ой өрісін дамыту.Білімділікке тәрбиелеу

Сілтеме: математика оқулығы. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41, 78, 104 беттер. Электронды оқулық, muzik.com

Оқу нәтижелері:

Оқушылардың ойлау қабілеті,шапшаңдығы,математикалық

терминдерді дұрыс айтуы дамиды

Қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Көбейту мен бөлумен таныстыру; зейінін, жадын дамыту

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс, кері байланыс. Сыни тұрғыдан ойлау: Блум таксономиясы.

Диалогты оқыту: әңгіме дебат. Оқытуда басқару мен көшбасшылық. АКТ ны қолдану. ОҮБ: Табыс критерийлері бойынша бағалау.Өзін- өзі бағалау.

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізеді біздерді,

Математика сырына

Үш таңбалы санның разрядтарын қайталау.

387 санында неше разряд бар? Аттарын атаңдар.

Ойын: «Кім мықты?»(оқушылар 2 топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту.

Ұжымдық жұмыс. №2.

№ 2. Практикалық жұмыс. АВСD төртбұрышының қабырғаларының ұзындығын өлше

М:Үйге қандай тапсырма берілді?

О:5,6 есептерді шығару.

М:Қане кім айтады?

О:есебімен тексерейік

Оқушылар өзара алған білімдерін топта толықтырады, талдайды, қорытындылайды

  1. Жұптық жұмыс. № 4. Есептерді салыстыр:

Мағынаны тану.

а)5 3 = 15 Жауабы: 15 кілт. ә ) 24 : 8 = 3 Жауабы: 3 қорапқа

Оқушылар табады№1

18 ойыншық қорап 2сөреге тең бөліп

Біз алдымен бөлу мен көбейтудің компаненттерін еске түсірейік.Ол үшін:

14:2=7 20:4=5 6х4=24 30:6=5

7:7=1 5х4=20 24:4=6 5х6=30

білу

М: Егер бөлінгіш белгісіз болса қалай табамыз?

О: Бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтеміз.

№ 3  Көбейтінді қосындыны түрінде жаз:

6*4=24                6+6+6+6=24

Кестедегі қосылғыштарды жазады.

4 Салыстыр: 6  = 3*2        3*3 > 4*2 2*2 < 5     6*4 > 4*5

түсіну

.Оқулықпен жұмыс Жазбаша түрде есептеу

Талдау.

Дәптермен жұмыс.

  1. Топтық жұмыс: № 7. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:

6. Топттық жұмыс. 1топ - № 9; 2топ -№ 12; 3 топ – 13.

4 Амалдарды орында

5Есепте және тексер

7

С ұр қоян-57

А қ қоян-30 ?

Қара қоян-8

Шешуі: 57+30+8=95(қ)

Жауабы:Барлығы 95 қоян

Кесте бойынша есептер құрастыр, оларды шығар.

5

Кім жылдам? № 10             1) 2-ден 6 рет , 2*6 =12

2) Сәйкестікті анықта: жазылуы  4+4+4, оқылуы 4- тен 3 рет алынды.

қолдану

Тірек сөздер схемасы арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Жазбаша Қосу мен азайту тәсілдерін оқып үйрену Көпбұрыш периметрін табу№5

3 15:3=5

5х3=15 Яғни,көбейту мен бөлу кері амалдар екенін түсіндік

талдау

Суретпен жұмыс. Кенеттен сұрау

(Кері байланыс орнату.)

№ 11.

8 + 8 : 4 + ( 8 : 4 *3) = 8 + 2 + 6 = 16 (см) Жауабы: ұзындығы 16 см

Ү. Сабақты қорыту. Біз бүгін сабақта немен таныстық?

Жауапты тапқырлықпен табу

Жұппен өзара бағалау жасайды. Екі таңбалы сандар

жинақтау

Әр топтың талдауы салыстырылып, өзара жинақтайды

Мұқият тыңдап жылдам жауап табу№6

Табыс критерийлері бойынша талдау бағаланады. Ой түйіндеу.

Үй тапсырмасын беру.

7 ә (Кері байланыс орнату.)

Математикалық эстафета

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. № 5,7,8. 148 -149 бет

Бағалау.

Мұғалімнің бағасы мен оқушылардың оқыту үшін қойылған бағаларын қосып бағалау парағы толтырылады.

Рефлексиялық кезең.

Екі жұлдыз, бір тілек.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!