Материалдар / Өзіндік жұмыс "Желілік қауымдастық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзіндік жұмыс "Желілік қауымдастық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілердің желілік қауымдастығы туралы ақпарат.Балалабақшалар арасындағы қауымдастық .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1238
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін атттыру институты


Өзіндік жұмыс



Тақырыбы:Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің желілік қоғамдастығына

өз парақшасын ашу.




Орындаған : «Балапан» мектепке дейінігі бөбекжайы әдіскері

Жұмағалиева Амангүл Бағытжанқызы











Атырау 2017



Желілік қоғамдастық арқылы тұрақты дамуды іске асыруға болатынындығын біз бірінші деңгей бағдарламасымен танысқаннан кейін білдік. Бұл жұмысты іске асыруда, егер бір мектепте бір өзің жұмыс жасасаң, тек өз мектебіңнің мұғалімдерімен ғана болсаң, онда жұмыстың тиісті нәтижесін көре алмауың мүмкін. Сондықтан біз жұмысты желілік қоғамдастықты құрып, басқа мектептегі көшбасшылармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы орындасақ, оның нәтижесі жақсы болатынын білдік.

Басқа мектеп деп отырғанымыз көрші мектеп немесе басқа облыстағы кез-келген мектеп болуы мүмкін. Осы желілік қарым-қатынасты жолға қоюдың, жүзеге асырудың төте жолы интернет арқылы онлайн-конференциялар өткізу. Ол үшін интернет сайттарына тіркелу, сайтқа ақпарат салу, сайттан ақпарат алуды білу керек. Сонда біз желіні кеңінен пайдалана аламыз.

Англияда 2004 жылы жасалған құжатта «Білім беру желісіне» мынадай анықтама берілген:

«Оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер».

Англия тәжірибесі бойынша

Білім беру желілеріне біріктірілген мектептерде ынтымақтастық:

мұғалімдердің құзыретін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктері кеңейтендігі;

оқыту тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігін қамтамасыз ететіндігі;

жеке алынған бір мектеп ұсына алмайтын көптеген мүмкіндіктер ұсынып, олардың икемділігін қамтамасыз ететіндігі;

шығармашылық әлеуетті, тәуекел ету қабілетін және оқыту мен оқу сапасын жақсарту мақсатында пайдаланылатын инновациялық әдістерді дамытатындығы;

оқушылардың аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіне әкелетіндігі байқалды.

Әлемдік тәжірибе

  • Баллантин және басқалар (2006) желіде жұмыс істеу:

мұғалімдерді білім алуға және оны біріктіруге арналған мүмкіндіктермен;

ынтымақтастықтың көптеген құрылымдарының болуын;

икемділік пен еркіндікті;

көптеген жағдайларда бір шешімге келмейтін проблемаларды талқылауды;

мұғалімдерде берілген шешімдерді қабылдап қоймай, міндеттерді шешуге мәжбүрлейтін идеялардың болуын;

мектептерге немесе университеттерге тіркелген, бірақ тәуелсіз ұйымдық құрылыммен;

бір мектептен және бір өңірден тыс жұмыс істеу мүмкіндігін;

қолайлы ортада тәуекелге баруға ықпал ететін реформаның жүргізілуін;

мұғалімдердің білімі, сондай-ақ зерттеулер нәтижесінде алынған білім құнды болып саналатын пікірлестер қауымдастығын қамтамасыз етеді деп болжайды.


Желілік қоғамдастыққа тәрбиешілерді мүше қылу немесе өз парақшасын ашу:оған мүше болудың ең оңай жолы www.ucoz.ru сайтына тіркеліп, осы сайтқа материалдарыңызды сала берсеңіз болды.

Сол сияқты www.cpm.kz ПШО сайтына, ілеуметтік желілердегі “Ұстаздар қоғамдастығына” www.facebook.com тіркелсеңіз болады.

  • Желілік қоғамдастыққа жаңа мүшелер тартылады

  • Желінің сайтына тіркеле алады.

  • Тәрбиешілер сайтқа мақала сала алады.

  • Видео жүктеуді білді

  • Сілтемелер қоя алады.



Желілік қоғамдастықты тәрбиешілер арасында құру алдыңғы кезекте тәрбиешілердің кәсіби өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етеді және қоғамдастық жұмыс аясын кеңейте отырып басқа балабақшалармен байланысқа шыға алады.

«Желілік қоғамдастыққа»

Педагогтарға арналған нұсқаулықта мынадай анықтама берілген: «Оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін ұйымдар тобы немесе әріптестер». 
Қазіргі күн санап, сағат санап өзгеріп жатқан жаһандану заманы білімді де білікті, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер педагогтерді қажет етіп отыр.

Себебі қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті. 
Бүгінгі таңда тәрбиеші балалар үшін қандай да бір бағыт бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай ақ олардың балабақшадағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға. Тәрбиешіліердің жаңашыл, кәсіби шебер болып қалыптасуына, оқыту мен оқудың нәтижесін жақсартуда бүгінгі таңда желілік қоғамдастық қызметінің берері көп екендігіне аз уақыттың ішінде көзіміз жетіп келеді.

Балабақша ішінде қоғамдастық құруға да мүмкіндік бар. Олар Қоғамдастықта тәрбиешілер бірнеше топқа бөлінеді.Басқарушы топ балабақшаішілік қоғамдастықтың жоспарын бекітіп, орындалуын бақылап отырды. Тәрбиешілер үйлестіруші, зерттеуші болып бөлініп, қоғамдастыққа ат қойып, мақсат міндеттерін анықтау қажет. Жылдық жоспарын жасақтап,бекіту қажет.

Қоғамдастықтың мақсатын айқындап алады.

Мысалға:

Балалабақшалар арасында ынтымақтастықты орната отырып, бүлдіршіндердің мүмкіндіктерін кеңейтетін оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерімен алмасу және оның тиімділігі туралы пікір таласу. Тәрбиелеудің нәтижесін жақсарту. Жаңа идеяларды топтастыру.Тәрбиешілер арасында ынтымақтастық пен сенімді дамыту  Қоғамдастық міндеті: 
1. Біліктілікті арттыру курсын аяқтаған тәрбиешілердің меңгерген әдіс-тәсілдерін сабақ барысында жүзеге асыру арқылы тәрбиеленушілерге жан- жақты білім беру .
2. Оқу мен оқыту сапасын көтеруде критериалды бағалау жүйесін қолдану жұмысын жалғастыру 
3. Желілік қоғамдастық арқылы балабақшалармен әдістемелік байланыс орнату. 
Желілік қауымдастықтан күтілетін нәтиже: 
1. Балабақша үшін: оқыту мен оқуды жақсартудың жаңа, тиімді жолдары тәжірибеге енеді. Оқытудағы жаңа идеяларды ұсынады. Рейтингісі көтеріледі 
2. Тәрбиешілер: кәсіби деңгейі өседі, бір-бірімен тәжірибе және ақпаратпен алмасады. 
3. Тәрбиеленушілер: мүмкіндіктерін кеңейтеді. 
Қоғамдастық құрамы: барлық тәрбиешілер мен педагогтар. 
Қоғамдастықтың жұмыс жоспарына ашық сабақтар,семинарлар, конференциялар ,пікірталастар ( дөңгелек столдар) енгізілді.

Кәсіби қоғамдастық тобының жұмыс жоспарына сәйкес тәрбиешілер жаңа бағдарламаны насихаттау мақсатында көптеген жұмыстар жүргізеді деген ойдамын.

Курстан келген тәрбиешілер өз сабақтарын жаңа бағдарлама бойынша өткізіп, « ашық есік» күндерінде басқа тәрбиешілерге осы бағдарламаны насихаттайды.

Аудандық, облыстық семинарларға қатысып, өз тәжірибелерін жетілдіреді.

Желілік қауымдастыққа басқа балабақшаларды қосып ортақ проблемаларды шешіп және бірлесе жұмыс жасаған тиімді болады.Көптеген іс-шаралар жоспарлап оларды мерзімінде орындаса көп жетістікке қол жеткізуге болады. Оқыту мен оқудың нәтижесін жақсартуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі жайында ой бөлісіп, жаңа идеялармен алмасуғада болар еді.
Қазіргі таңда тәрбиешілер оқыту нәтижесін жақсартуда жалғыздан-жалғыз бар күшін салып, өз бетімен әрекет ететін болса,желілік қоғамдастық аясында аталған проблеманы шешу мақсатында тәрбиешілер бірлесе жұмыс істеп, инновациялық, тиімді идеялармен алмаса отырып, тәрбиеленушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуге әрекет етеді.

Басқа балабақшалардың озық тәжірибесін алуға немесе өзгелердің жиі кездесетін ұқсас проблемаларды қалай шешіп отырғанын білуге болады. Жақсы идеяларға қол жеткізу мүмкіндігі барынша кеңейді. Бір- бірімізге ұсыныстар беріп, қолдау көрсетер едік. Әріптестер тарапынан жасалатын қолдау проблеманы да, әділ достықты да қамтыйды. Балаларды табысты оқытудың ,нәтижелі тәрбиелеудің тиімді әдіс- тәсілдерін зерттей отырып, педагогтардың кәсіптік деңгейі көтеріледі. Әрине, білім беру жүйесіндегі барлық проблемалар шешіліп кетеді деп айта алмаймын, бірақ желілік қоғамдастық арқылы тиімді әдіс- тәсілдерді зерттеп, оқыту мен оқудың нәтижесін жақсартуға болатынын көруге ,жаңаша ойлау мен іс-әрекет ету дағдыларын желілік қауымдастықта өзгелермен бөлісе отырып, тұрақты дамуға қол жеткізуге болатынын байқауға болады


Тәрбиеші көшбасшылығы жолындағы ұйымдастырушылық және кәсіптік кедергілер кездесетіні анық. Күн сайын бірге жұмыс істейтін адамдардың арасындағы қарым-қатынас деңгейі бұл ұйымның ахуалының ең жақсы көрсеткіші болып табылатыны дәлелденген.

Өткен жұмыстарды саралай отырып, сәтті және сәтсіз тұстарын анықтау арқылы жаңа оқу жылына балабақшаны дамыту жоспарын қайта жасақтауға болады.
Желілік қоғамдастық виртуалды түрде және ресурстық орталықтар арқылы құрылуы мүмкін. Тәрбиешінің желілік қоғамдастықтағы қызметін ұсынылған бөлімдер бойынша бағалауға болады. Олар – тіркелгені, ресурстық қорға үлесі, ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану, қарым-қатынас мәдениеті деңгейі және тақырыпқа сай жұмыстану белсенділігі.

Педагог бірінші кезекте өзін-өзі бағалайды, ол өз кезегінде кәсіби өсу деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндіктер береді. Желілік қоғамдастықтардың пәндік бірлестіктерден гөрі атқаратын қызметі ауқымды, қамтитын көлемі кең. 
Желілік қоғамдастық алдыңғы кезекте тәрбиешілердің кәсіби өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етеді және қоғамдастық жұмыс аясын кеңейте отырып басқалармен байланысқа шыға алады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!