Өзіндік құқық бала тәртібінде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзіндік құқық бала тәртібінде

Материал туралы қысқаша түсінік
аттестацияға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Өзіндік құқық бала тәртібінде

Егемендік алғаннан бастап еліміз тәуелсіз ел ретінде Конституциялық заңмен өмір сүріп келеді. Конституция заңының нақты орындалуына тоқталатын болсақ, екінің бірі өз құқықтарын толық біле бермегендіктен қылмыстық, әкімшілік жазаға тартылып жатқандығын ақпарат беттерінен, теледидар арқылы естіп, көрудеміз.

Көптеген балалар мен жасөспірімдер өз ата-аналарының немқұрайлығының құрбаны болып жатады. Бала тәрбиесіндегі кемшіліктің бір ұшы ата- ананың өзінде жатқанын аңғара бермейді. «Ол ұсақ -түйек қой, ер жеткен соң өзі-ақ қояды» деген жауапты ата – аналардан көп естиміз. Бұл қарапайым тілмен айтқанда, бала тәрбиесін көре тұра мән бермеушілік, оның ертеңгі күніне алаңдамаушылық. Әр ата- ана өз балаларының дұрыс тәрбие алуына міндетті екендігін ұмыта отырып, бар тәрбиені мектеп қабырғасындағы сабақ беретін ұстаздар қауымына жүктеуі көңілге қонарлық емес. Ұстаз екінші ата- ана ретінде, бойындағы бар ерік – жігерін балаларға үйретуден басқа не істей алады? Жауапкершілігі аз, мектеппен байланыс жасамайтын, өз балаларының тәрбиесіне қарамайтын ата – аналарға үкімет тарапынан шара қолданып отырса, ата- ана отбасын басқара отырып, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін қоғам алдында сезінер еді. Дегенмен өз міндеттерін атқара жүріп, тәрбиелі, іскер білімді, мәдениетті ұрпақ өсіріп отырған ата – аналар мыңдап саналады. Осындай ата – аналардан үйренетін жақсы дәстүр – баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге баулу, бос сенделуге жол бермеу, үйдегі кез келген мәселеге баланы араластырып, міндеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. 13-14 жас аралығындағы жасөспірімдер жолдастарымен оңаша сұхбаттасуға, кешке қарай қыдыруға деген әуестігі басталады. Бұндай кездері жолдастары кім, қайда барады, немен шұғылданатынын ата – ана тарапынан қадағаланып , түнге қарай мектеп жарғысында белгіленген уақытан кейін жүрмеуін ескерген жөн. Ал осы мәселеге ата- ана көңіл бөлмесе, баласын уысынан шығарып алуы мүмкін. Сондықтан «Жабыла көтерген жүк жеңіл» , ата – ана және мектеп болашақ ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз қажет.

Еліміздің келешегі қазіргі мектеп жасындағы жасөспірімдердің қолында,осы жарқын болашаққа сана –сезімі оянған, жауапкершілігі зор, сөздің мәнін түсінетін білімді де саналы жастарды дайындау абройлы да ауыр міндет болып тұр. Осы мақсатқа жету үшін ата- ана мен педагогтар ұжымы бірлесіп тәрбиелеудің барлық амалын қолдану керек деген пікірдемін.

Сарқан ауданы Екіаша ОМ

Мектеп психологы Шалова Балжан Богембаевна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2020
269
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі