Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өзіне деген сенімділік - табыс пен жетістік кілті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Өзіне деген сенімділік - табыс пен жетістік кілті
Психология – болашақтың мамандығы. Расыменде қазіргі таңда кез келген мекеме психологты қажет етеді. Адамдар тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түскен шақта қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсете алатын білгір психолог болам деушілер саны жылдан жылға көбеюде. «Психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді.Психологияның зерттеу пәні- адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екеніне еш күмән тудыра алмаймыз. Сондықтан да бұл мамандықтың болашағы зор екендігі бүгінгі уақыттың талап-тілегінен туындап отыр. Психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда. Ғалымдардың болжауы бойынша ХХІ ғасыр – психология ғасыры болмақ.Осы тұрғыда кәсіби мамандарды даярлайтын алтын білім ордамыз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет жайлы айтып өтсек.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет – Қазақстан университеттерінің жалпы рейтингінің көшбасшысы, ел тарихындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының бірінші лауреаты болып келеді.
Жоғары білікті мамандар даярлауға, әлемдік білім кеңістігіне одан әрі интеграциялануға, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған университеттің орасан зор білім беру, ғылыми, рухани, білім беру, инновациялық және өндірістік әлеуеті бар.
Университетте 16 факультет, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк пен әскери кафедра бар. Университетте 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академигі, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық Республика мемлекеттік және жеке сыйлықтарының лауреаттары қызмет етеді. Қазақстанның және 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар көп деңгейлі жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде білім алуда. Біздің университет бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамадан өту үшін әлемнің 418 ірі халықаралық университеттерімен ынтымақтасады.
Ендігі кезекте, тақырып жайлы айтатын болсақ, өзіне деген сенімділік - бұл адамның өмірінде оның өзі алға қойған міндеттерге сәйкес келетін мүмкіндіктері. Адамның өзін-өзі бағалауы оның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес келген кезде кез-келген қызмет түріне деген сенімділік пайда болады. Егер өзін-өзі бағалау нақты мүмкіндіктерден жоғары болса (төмен), сәйкесінше өзіне деген сенімділік (өз-өзіне күмәндану) болады. Өзіне деген сенімділік адамның тұрақты сапасына айналуы мүмкін. Өз-өзіне күмәндану және өзіне деген сенімсіздік көбінесе адамның психикалық дамуын бұзатын жағымсыз эмоционалды тәжірибелермен байланысты.
Өзіне деген сенімділік - адам үшін таптырмайтын қасиет. Өйткені тек өзіңе деген сенімділікпен ғана сен қандай да бір биіктерге жетіп, қалаған нәтижеге қол жеткізе аласың. Көптеген жағдайда жеке күш қажет, бұл тек өзіне сенімділіктің арқасында болады.Мектептегі сабақ кезінде біз білмегенімізді мұғалімнен сұраймыз. Себебі оның сол пәнді ұзақ уақыт бойы оқығанына, зерттегеніне сенеміз. Демек, мұғалімнің өзінің біліміне деген сенімділігі бірнеше жыл, қажырлы еңбектің арқасында қалыптасып отыр. Бұл қасиет бала кезінен қалыптасуы керек, бірақ өзіне сенімділік пен ақыл -ойды ұштастыра білу қажет. Кей адамдар өзіне тым қатты сенімді болғаннан, көпшілікке жағымсыз көрінеді. Себебі олардың сенімділігі, шынында, мақтаншақтықтың жемісі. Сондықтан адам тек өз саласында, өз мақсатына деген сенімділігін шыңдауы керек. Менің ойымша, жеке тұлға үйлесімді түрде дамуы керек, ал егер сен өзіңе сенімділікке қол жеткізгің келсе, алдын ала жұмыс жасап, қандай да бір нәтижеге жетуге тырысуың қажет. Сонымен қатар, негізгі өзін-өзі бақылау, білім жетістіктері өзіне деген сенімділікті күшейтеді. Сондықтан білуге, үйренуге, сұрауға ашық болайық.Сенімділік адамның өзіне сенуіне көмектесетін қасиет. Сенімділік әрдайым жетістікке жеткізбеуі мүмкін, бірақ шешім қабылдауға, әрекет етуге септігін тигізеді. Өз-өзіне сенімсіз адамдар қорқақ келеді. Сол себепті олар жетістікке жете бермейді. Тәуекел етуге шешім қабылдай алмай, сенімсіздік танытады.
Сенімділік қасиетін адам бойында ояту үшін мынадай айла-тәсілге көшуіміз керек: 1. Өз-өзіне сенімді адам болуға тырысу. Ал сенімдімін деп ойлау зиянын тигізеді. Себебі адам сенімділікке тырысқанда іс-әрекетпен өзіне үлгі болады, ал ойлап жүре беру ақырында адамға қорқыныш сыйлайды. 2. Адам өзінен көп нәрсені күту керек. Басқа адамдарға бәрібір қызық бола бермейді. Басқалар менен көп нәрсе күтеді деп ойлайтындар көбінесе күйзеліске ұшырайды. Ал менің қолымнан көп нәрсе келеді дегендер жетістікке ұмтылады. 3. Жетістікке жеткен жандар белгілі бір спорт түрімен шұғылданады. Физикалық жаттығулармен айналысу адамға сенімділік сыйлайды, өмірге деген көзқарасына позитив береді. Ал артық тамақтану, көбінесе жұмыс шаруасымен отыра беру, аз қозғалу адамға уайым салады, көңіл күйін бұзады. 4. Қателік пен қиындықтан қорықпау қажет. Жетістікке ұмтылған адамның өмірінде оның кездеспеуі мүмкін емес. Өз-өзіне сенімсіз адамдар қателік жасамайын деп жаңа нәрсені үйренуден алыс болады. Ал кездесетін қиындықтар, сол жолда адамның қателесуі нәтижесінде адамға жақсылық әкеледі.
Қорытындылай келе, өзіңе деген сенімділік – өзіңнің сырт келбетің мен сезімдерің арқылы өзіңді жайлы сезіну. Бұл дегеніміз өз-өзіңді ұнату, өз қабілеттеріңнің, ойлау деңгейіңнің ұнауы. Өзіңе деген сенімділік әрекеттерге байланысты болып келеді. Өз-өзіңе сенімділік бірден келмейді, кішкентай ғана қадамдар үлкен өзгерістерге әкеледі.
Жардамханова А. Р.
психология мамандығының студенті
Тленчиева Н. С.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті