Материалдар / Өзіңді жақсылықпен таразыла
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзіңді жақсылықпен таразыла

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзіңді жақсылықпен таразыла ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
295
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»_____________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі :Т.Жанұзақов атындағы орта мектеп

Күні:

: 10

Мұғалімі: Дегенбаева Э.Т

Сыныбы: 2 а,б

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Өзіңді жақсылықпен таразыла

Құндылығы: дұрыс әрекет

Қасиеттері: қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік


Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға жақсылық жасаудың мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру;

  • Оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, жауапкершілікке үйрету;

Оқушыларды қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу

1.Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.




5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті:



2.Үй тапсырмасын тексеру

«Сәтемір хан» Ы. Алтынсарин 34-35 бет оқу.

1.Сәтемірге құмырсқа қандай сабақ берді?

2.Қоршаған ортадан жақсылыққа үйренуге болады ма? Мысал келтіріңдер.

3.Өздерің қоршаған ортадан үлгі алған кездерің болды ма? Мысал келтіріңдер.


3. Сабақтың дәйексөзі.


«Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды»

Нақыл сөз


Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?







4.Оқиға айту (Мұғалім сыйы)











Әдеп

Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.

Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.

Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.


-Ал балалар сендер не істер едіңдер?

-Арманның істеген ісі дұрыс па?

- Әдептілікке жата ма?


5.Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс

1-тапсырма.

Суретке қараңдар. Ондағы балалардың бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар? Айтып беріңдер.

2-тапсырма.

Бүгін қандай жақсы істердің куәсі болдың? Жаз.



6.Топпен ән айту

«Болайықшы осындай» 38 бет

Өлеңін және сөзін жазған: Айымгүл Меңжанова



Хормен айту


7. Үй тапсырмасы

«Ананың сүйіспеншілігі» Өсиет әңгіме 39-40 бет оқу.

Оқып келу


8.Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!