400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өзіңді өзің танысаң – істің басы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама: Бұл мақалада өзін-өзі тану пәнінің адам өмірінде алар орны ерекшелігі туралы айтылады. Бойына білім мен қатар жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіріп,рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру ұлттық өзекті тақырыптардың бірі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзіңді өзің танысаң – істің басы»

Қазіргі таңда ұлттық сана, ұлттық тәрбие тақырыбы өзекті тақырыпқа айналып отыр. Сана мен тәрбиені біз қайдан бастаймыз? Әрине отбасыдан бөлек еліміздің оқу орындары беріп жатқан білімі мен тәрбиесіне жүгінеміз.

Балаға білім беріп қана қоймай, оның жанын тәрбиелеу, ішкі сезіміне үңілу және оны жеткізе білуге жетелеу ұстаз алдында тұрған міндеттердің бірі. Бұл міндетті шешуде, әрине, рухани-адамгершілік тәрбиеге көңіл бөлетін өзін өзі тану пәнінің септігі мол.

Н.Ә.Назарбаев «...жаңа жағдайларға байланыс­ты бәрі­мізді алаңдататын мәселе – бі­лімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғам­дық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адам­гершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», деп атап көрсеткендей, әрбір азамат тек қана білімін шыңдамай, адамды одан әрі тұлғаландырып, көркін ашатын қасиеттер абырой, жауапкершілік, ерік-жігер сияқты, жалпы ізгі қасиеттерді сіңіре білу парыз.

Өзін өзі тану нағыз тұлға болып қалыптасудың сыры мен қырын үй­ре­тетін пән. Нағыз тұлға бо­лу – Отан, қоғам, ата ана алдындағы боры­шыңды сезіну және өтеу, адами қарым-қатынасыңды шыңдау және және оны өмірде пайдалану, қоршаған ортамен үйлесімді бола білу.

Пәннің мақсаты – білім алушының өзін дұрыс түсініп,өзінің жан дүниесіне үңілу, қабілеттері мен дарынын дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу. Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты да­мыту да өзін өзі тану сабақ­та­ры­ның орны ерекше. Сабақта пән мұғалімі әркімнің жан дү­ниесін тануына, әлемге көз жү­гір­тіп, мейірімділік жа­сау­ға бағыт­тайды. Сабақты бала жүрегіне жол табатын әдіс-тәсіл­дерді қолдана отырып, баланы өзіне баурап алу мұғалімнің ше­берлігіне байланысты.

«Өзіңді өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай өзін өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шешуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға, адами қарым-қатынас жасауға, денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін ашуға қалыптасып, сонымен қатар, тәлімгерлерді достық қарым қатынасқа, бір бірін сыйлауаға, қамқор болуға, бірлік пен татулыққа баулуға үйренеді. Өзін өзі тану пәні мәні жағынан, оқушылардың қабылдау, түй­сіну, білім, білік дағдыларын іштей тұтастырып, оларды ер­кін қолдана алуға үйретумен ерекшеленіп қана қоймай, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, әдептілікке, әдеби сөздік қорын молайтып, дүниетанымдарын кеңейтеді.



Ғасырлар бойы ізгілік қайырымдылық, адалдық қарым-қатынас, адамгершілік құндылықтар сияқты қасиеттер халқымыздың ұлттық санасынан берік орын алған. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді осы аталған қасиеттермен бай­ланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға бо­лады. Яғни «тәрбиесіз қо­ғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүр­мейді» деген заңдылыққа сүйе­не келе, өскелең ұрпақтың бо­йына қоғам талабына сай адам­гершілік құндылықтарды қа­лып­тастыруды мақсат еткен тәрбие ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара бай­ланысын түзеді.

Өзін өзі тану пәні жалпы­адамзаттық құндылықтарға бас­тар жол. Адамда екі түрлі тәрбие болады, біреуі – өзгелерден алатын тәрбиесі, екіншісі – өзіне-өзі беретін тәрбиесі.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.11.2021
851
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі