Амангелді
атындағы жалпы білім беретін
мектеп
Сайыс
сабақ
Тақырыбы:
«Озық ойлы дарындылар»
Пәні:
Информптика
Сыныбы: 8
сыныптар
Пән мұғалімі:
Анарбаева Г.К.
2023-2024 оқу
жылы
Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы
дарындылар».
Сайысымыздың
мақсаты: Алған білімдерін пысықтау,
қорытындылау.
Міндеті: Оқушылардың
ойлау қабілетін, сұрақтарға тез жауап беруін қалыптастыру.
Девиз: Оқу-инемен
құдық қазғандай.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың типі:
Сыныптан тыс жұмыс
Жабдықталуы:
Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық
сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд
презентация, плакаттар.
Жүргізуші: Құрметті
ұстаздар мен оқушылар! 8 Б, Г сыныптары арасынан
«Озық ойлы
дарындылар» атты сайыс өткізгелі
тұрмыз.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын
сайлап алайық.
Компьютер –
сенің көмекшің
Қаламың, әрі
қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де
–
Ақпараттық заманың! – дей келе
«Озық ойлы
дарындылар» атты ойынымыздың
қатысушыларын ортаға
шақырайық.
-
Сүлеймен Кәусар
-
Рыскулбекова Сәуле
-
Серікбек
Аяулым
-
Мухтарали
Кәусар
-
Пардан
Ақерке
-
Шайырбек
Әлтайыр
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
-
Таныстыру
-
Тіл - өнер
-
Көкпар
-
Ғажайып алаң
-
Шығармашылық тапсырма
-
Тапқырлар
1 кезең. Енді сайысқа қатысатын оқушыларымыз өздерін таныстырып
өтеді.
2 кезең. Тіл - өнер
кезеңі
Жас достарым,
мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы
құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс,
ағылшын тілін білсеңіз,
30 ұпай,
шәкіртім саған несібе, - дей келе “Тіл - өнер” атты
ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде
жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орысшаға, ағылшынға
аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе
20 ұпай, 3 тілде жауап берсе 30 ұпай қосылады.
Сұрақ оқылады,
қай оқушы бірінші белгі береді, сол оқушы жауап
береді.
Сұрақтар:
1. Төртбұрышты
әйнек,
Тұнып тұрған әлек.
(монитор - монитор)
2.
Ұзын тұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи
жатады.
Қозғала қалса
артынан,
Ешбір белгі қалмайды.
(бос орынпернесі - пробел - blank)
3.
Бұта қорнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus -
тікенекгүл)
4.
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам,
қағазсыз (пернетақта - клавиатура -
keyboard)
5.
Батырмасын басасың
Қажетті файлды
ашасың (тышқан - мышка - maus)
6. Жоқ
өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр
бойында.
(сызғыш, линейка, a
ruler)
7. Қабат-қабат
қаттама
Ақылың болса
аттама.
(кітап, книга,
book)
8.
Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі
аяғымен тұрса, қанша тартады?
(он екі, двенадцать,
twelve)
9.
Батырмасын басасың
Қажетті файлды
ашасың
(тышқан, мышь,
mouse)
10.
Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып
бейнеленеді.
(терезе, окно,
windows)
Қойылған сұрақ
есепке,
Ойланып жауап
іздейік.
Уақытты текке
өткізбей,
Қатесін анықтап берейік,
-дей келе “Көкпар”атты ІІІ
кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер
беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай.
Көкпар кезеңінің
тапсырмалары:
1. Бөлмедегі
әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан
отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір
стакан шиені жеп қойды.
неше
стакан қалды? - 3 стакан
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км
жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
(15км/сағ)
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізі мен кері
қайту үшін оны қалай лақтыру керек? -
жоғары–
5. Қараңғы бөлмеде майшам
мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? –
шырпы–
6. Баспалдақ 15 басқыштан
тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру
керек? – 8.
ІV – кезең. «Ғажайып
алаң».
Бұл
турда әр топ әртүрлі тақырыптан таңдап жауап береді.
1-тақырып: Дербес компьютер.
10 –
Компьютердегі мәліметтерді сақтайтын негізгі құрылғы қалай аталады?
(қатты диск)
20 –
Компьютердің қандай құрылғысында информация өңделеді?
(процессор)
30 –
Мультимедия дегеніміз не? (дыбыстық,музыкалық, графикалық
және видео инф. бірігуі)
2-тақырып: Windows ОЖ.
10 –
ОЖ дегеніміз не? (басқарушы және қолданбалы программа)
20 –
Файл дегеніміз не? (Дискідегі аты бар бірқатар байттар тізбегі)
30 –
ОЖ сыртқы құрылғылармен байланысын қамтамасыз ететін программалар
(драйверлер)
3-тақырып: MS Office.
10 –
Формат-Тізім командасымен не істеуге болады?
20 –
Құжатты сақтау пернесін ата. (F12)
30 –
MS Office пакетіне кіретін программаларды ата.
4-тақырып: Жалпы.
10 –
Вирусты жоятын бағдарламаларды ата (Doctor Web, Kaspersky, Nod
32)
20 –
Интернетке кіру броузерлерін ата. (Internet Explorer,
Opera, Mozilla
Firefox)
30 –
Билл Гейтс (MS фирмасының иегері) алғашқы
программасын неше жаста құрды? (13)
Сайысымыздың келесі
V кезеңі- “Шығармашылық тапсырма”
2 оқушыға ортақ
тапсырма:
Тышқан шаригі кірленіп, жүрмей қалған жағдайда
не жасар едің? Ол үшін алдарыңызға мынадай 8 түрлі затты беріп
отырмыз. Осы заттарды қалай пайдаланасыңдар. Ойлауға 3 минут уақыт
берейік.
1.Табақтағы су
2.Сабын
3.Орамал
4.Ақ бет қағаз
5.Спирт
6.Мақта
7.Отвертка
8.Қайшы
Жауабы: Алдымен тышқанның шаригін отверткамен
шешіп алып, оны табақтағы сабынды суға жуып, орамалға сүртіп, ақ
беттің бетіне әбден кепкенше қоямыз. Ал тышқанның ішін
спиртке малынған мақтамен сүртеміз. Тек содан кейін тышқанның ішіне
шаригін салып, қолдануға болады.
VІ – тур. «Тапқырлар».
А.Н. Стариковтың «Керемет» атты тақпағын
тыңдаңдар және жұмбағын шешіңдер. Ол үшін дәптерге тақпақта аталған
сандарды жазып шығыңдар. Оқушылар тақпақта аталған сандарды жазып
болып, ондық санау жүйесінде берілген сандарды екілік санау
жүйесіне айналдырады. Есепті дұрыс шешкен оқушыға 10 ұпай
қосылады.
І-топ:
Ол он бір жаста
болатын,
Алтыншы сыныпқа
баратын.
Портфелінде бес кітабы
болатын,
Мұның бәрі ақиқат, жалған
емес.
Өзінің екі
құлақтарымен
Әр дыбысқа елеңдеп.
Күн қаққан екі
қолдарымен,
Портфелі мен шылбырды
ұстаған.
Он шақты аяқтың
шаңымен,
Көшеде кетіп барады.
Бір құйрықты, бірақ төрт
аяқты.
Күшігі артынан
жүгіріп.
Он шақты көкшіл қара
көздерімен,
Әлемге әдеттегідей
қараған...
Әңгімеміздің мәнін
түсінсеңіз
Бәрі түсінікті
болады.
Жауабы: 5210=1101002
ІІ-топ:
Ол он
үш жаста болатын,
Бесінші сыныпқа баратын.
Портфелінде төрт кітабы болатын,
Мұның
бәрі ақиқат, жалған емес.
Өзінің
екі құлақтарымен,
Әр
дыбысқа елеңдеп.
Екі
күнқақты қолдарымен,
Портфель мен шылбырды ұстаған.
Екі
аяқтың шаңымен,
Көшеде
кетіп барады.
Бір
құйрықты, бірақ төрт аяқты,
Күшігі
артынан жүгіріп
Екі
көкшіл қара көздерімен,
Әлемге
әдеттегідей қараған.
Әңгімеміздің мәнін түсінсеңіз
Бәрі
түсінікті болады.
Жауабы: 3610=1001002
Қорытынды: Әр оқушының жиналған ұпайларына қарап
жеңімпаз оқушы анықталады. Жеңімпаз оқушы сыйлықтармен марапатталады.
Осымен
бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл
жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағыда
үйренеміз аман болсақ!