Материалдар / Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жер бетінде кездесетін пайдалы геологиялық химиялық қосылыстардың түрлері мен олардың атқаратын қызметтері туралы білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2022
456
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.4B Геологиялық химиялық қосылыстар

Мектеп: №19 ЖОББМ

Күні

Мұғалімнің аты-жөні: Хамитов Ә.Қ

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен құрамы.

Оқу мақсаты:

7.4.2.1 -Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;

7.4.2.2-кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу;



Сабақтың мақсаты:


  • Жер қыртысы құрамында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар бар екендігін түсіну.

  • кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу

Бағалау критерийі:

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:

-Жер қыртысының құрамында пайдалы химиялық қосылыстар бар екендігін біледі.

-Жер қыртысындағы пайдалы химиялық қосылыстардың атауын, формуласын атайды

- Кендерді олардың құрамындағы белгілі бір металдың болуына қарай және олардың қосылыстары бойынша жіктейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Жер қыртысы көптеген пайдалы химиялық қосылыстардан тұратынын;

Химиялық қосылыстарды атау кезінде арнайы лексиканы қолданып дұрыс айтып және жаза алады.

Пәнге қатысты лексиканың көмегімен мен терминология: әк, шикі мұнай, табиғи газ, мұнай, бензин, дизель (жанғыш отын), керосин, ауыр мұнай, жер қыртысы, металдар, кен орындары, қосылыстар, қазбалар

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер

  • Табиғи газ … орналасқан/… туындайды

  • Кен орындарындағы пайдалы қазбалардың құрамында ............................... болады.

  • Ал .......... түріндегі пайдалы қазбаларды (...................және т.б.) шөгінді қабығы бар ................ кездестіруге болады.

  • Полиметалл кеніне ...............................................тағы басқа металдар жатады.

Құндылықтарды дамыту

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу /бұл басты міндетіміз Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті дамыту жолында/ Топтық жұмыс –ұжымшылдық, ортақ істің нәтижелі болуына бағытталу.

Пәнаралақ байланыс

Жаратылыстану, география

Алдыңғы білім

5.2.1.2 .Тау жыныстары және пайдалы қазбалар

7.4.1.2 таза заттың құрамы тұрақты екенін білу

7.4.1.3 элемент – жай зат, қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу

7.4.1.4 қоспалардың түрлерін ажырату және қоспаларды бөлуге эксперимент жүргізу


Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, талдау

Сабақ барысы

Сабақтың басы

(3 мин.)




Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуына және дайындығына назар аудару, түгендеу, «Мадақ айту» әдісімен жағымды көңіл – күй орнату.


Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі. Топқа пайдалы қазбалар мен минералдар бейнеленген сурет қималары арқылы бөлу.

 

1-топ: «Минерал»

2-топ: «Пайдалы қазбалар»

Джером Брунер адамның танымдық қабілеті(белсенді, бейнелік, таңбалық) спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына септігін тигізетіндігін атап көрсетті. Сондықтан сабағымда бейнеліктанымдық қабілеті орын алады.Химия сабақтарында экрандық оқу материалын пайдалану үлкен маңызға ие және ол сабақтың тақырыбын ашуға көп септігін тигізеді.Оқушылардың оқу материалын өз бетінше танымдық қызметін ұйымдастыруға лайықты бейімделген бейнематериал түрінде беру оқу уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретіндіктен жаңа сабақтын тақырыбын ашу үшін «Bilimland» сайтынан «Шөгінді жыныстар» бейнекөрсетілімін көрсетемін. Осы әдіс арқылы электрондық оқу және жаңа технологияларды пайдалану әдісі кіріктіріледі.

  • Бүл бейнефильмнен не ұқтыңыздар?

  • Сендер таңдап алған суреттерде бейнеленген заттар қалай аталады және қандай заттарға жатады? – денен сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашып, мақсатын құрылымдайды.




Пайдалы қазбалар, кен және мирнерал бейнеленген суреттер қимасы












http://bilimland.kz/ru/content/category/search

интербелсенді тақта


Сабақтың ортасы

(6 мин.)































































Аталған тақырып бойынша алдыңғы білімдерін еске түсіріп нысана бейнесіне білімдері тақырып бойынша қай деңгейде екендерін белгілейді.

(Т)Жаңа сабақтың мазмұнын ашу үшін топтарға ресурс таратып беремін. «Tik tok» әдісі арқылы бейнеролик көрсетіліп, постер арқылы қорғайды.

Тапсырма:

  • Мәтінді жеке оқыңдар.Өздеріңе түсінікті, ыңғайлы түрде жазба жасаңдар. (венн диаграмма, топтастыру т.б.)

  • Нөмірлеріңе қарай бірігіп, талқылаңдар, Түсініктеріңді постер арқылы рәсімдеңдер.

  • Бастапқы топтарыңа бірігіңдер, әр топ мүшесі өз мәтінінің мазмұнымен таныстырады.

  • Мәтін нөміріне (Мазмұнына) қарай біріккен топтар араларынан бір спикер сайлайды. Спикер өз постерін бүкіл сыныпқа таныстырады. Қалған мүшелері толықтырады.

Дескриптор:

-Пайдалы қазбалардың анықтамасын біледі.

-Пайдалы қазбаларға жататын қосылыстарды біледі

-Кейбір құрылыс материалдарының пайдалы қазбаға жататынын біледі.

- Кендердің құрамындағы белгілі бір металдың болуына қарай жіктелетінін біледі.

-Кейбір минералдардың кендерге жататынын түсінеді.


Топтар өзара бағалау «Бағдаршам»

«Кім жылдам» әдісі

) Деңгейлік тапсырмалары

І-нұсқа

1.Химиялық диктант

Сөйлемдегі бос орындарды мағынасына қарай толықтырыңыз.

1.физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазбалар ................................................ болып ............... бөлінеді.

2. Пайдаланылуына байланысты пайдалы қазбалар келесі топтарға бөлінеді:

жанғыш —оларға ............................................................................................................жатады;

құрылыстық — оларға.........................................................................................тағы басқалар;

химиялық шикізат — .......................................................................................... тағы басқалар;

отқа төзгіш шикізат — ....................................................................................... тағы басқалар.

Дескриптор:

  1. Пайдалы қазбалардың физикалық қасиеттеріне қарай жіктейді.

  2. Пайдалы қазбаларды қолданылуына қарай жіктейді.

ІІ - нұсқа

Металдар жер қыртысында көбінесе қосылыстар түрінде кездеседі. Металл аттары мен олардан тұратын минералдарды сәйкестендіріңіздер.

Металл

Минерал

1. Кальций

A) Боксит

2. Мыс

B) Малахит

3. Алюминий

C) Гематит

4. Темір

D) Әктас


Дескриптор:

Минералл құрамындағы металды біледі

Металл аттары мен минералдарды дұрыс сәйкестендіреді

ІІІ-нұсқа

Төменде берілген құрылыс материалдарының құрамындағы негізгі элементті жазыңдар

Құрылыс материалдары

Химиялық элементтер

1

Кірпіш


2

Шыны


3

Әктас


4

Гранит


5

Саз балшық


6

Гипс



Дескриптор:

Құрылыс материалдарының құрамындағы негізгі элементті біледі.

Бағалау: «көршіңе СМС жаз » әдісі арқылы бірін-бірі бағалау (топтағы оқушылар жазған жұмыстарын сағат тілімен ауысып, бірін-бірі мұғалімнің алдын ала дайындап келген шаблонымен салыстырып, бағаларын береді, кері байланыс береді).




(Ж) 2 тапсырма.

Kahoot тест

Оқушылардан онлайн режимде 5 сұрақтан тұратын тақырып бойынша тест алынады.

Дескриптор:

-Пайдалы қазбаларды анықтай алады

-Жанғыш пайдалы қазбаны біледі

-Қалпына келмейтін ресурстарды біледі

- Жасалыну эволюциясына байланысты пайдалы қазбалардың бөлінуін біледі.

-корунд минералынан алюминий алынатынын біледі

Өзін – өзі бағалау: «Егер 5 минутыңыз болса...»

«Нысана» бейнеленген парақша










Нөмір жазылған мәтін бөліктері, флипчат, маркер,


























































«Бағдаршам» шартты кеспелер






































































578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!