Материалдар / Пайдалы қазбалар 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пайдалы қазбалар 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып дүниетану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2020
399
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән

Дүниетану


Мұғалім

Альжанова Марал Омержановна

Мектеп, сынып

Астана қаласы,

«Торғай орта мектебі » КММ

4 «А» сыныбы

Сабақ тақырыбы

Пайдалы қазбалар

Бөлім

Табиғат ресурстары

Сабақтың оқыту мақсаты

Пайдалы қазбалар туралы мағлұматтар беру, шартты белгілерімен атауын айтып, картадан көрсете алу, тәжірбие жасау кезеңін көрсету

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

Пайдалы қазбалардың түрлерін біледі, адам өміріндегі маңызды екенін айтады.

-Оқушылар зерттеу кезеңін көрсету арқылы, жанғыш, кенді, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар екеніне көзің жеткізе біледі.

Көпшілігі:

Пайдалы қазбалардың түрлерін біледі, адам өміріндегі маңызды екенін айтады.

-Тақырыпты түсінеді, өз ойларын айта алады.

-Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.

Өткен сабақтарда алған білім

«Шалғын өсімдіктер» Үй тaпсырмaсын сұрaу: "Бір топтан екінші топқа" әдiсi aрқылы үй тaпсырмaсын тексеру Өздері дайындаған сұрақтарын келесі топқа қояды. 2 мин

Сабақтыңбарысы:

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Шаңырақ» әдісі бойынша сыныпта оқушылардың ұйымдастырушылық ахуалын орнату.

- Менің қолымдағы затты қайдан көрдіңдер? Бұл нені білдіреді? Қазақтың ұлттық баспанасы киізүйдің қандай құрылыстарын білесіңдер? (Уық, кереге)

Шаңырақты тіреп тұратын уықтарынан ұстап мына өлең жолдарын айтайық.

Сабағымызды ынтымақтастықпен, татулықпен, ұйымшылдықпен бастайық!

Оқушылар 1,2,3 цифрлері бойынша стикерді таңдап алады. Өзі таңдаған цифр бойынша топқа отырады. Оқушылар қима суреттер арқылы пазл құрастырып, оларды атауы тиіс.

Ой қозғау:

Суретте не бейнеленген?

Сабақтың тақырыбын болжап қойыңыздар. Пайдалы қазбалар бойынша «Мұнай» «Тұз» «Темір » суреттері бойынша 3 топқа бөлінеді. «Үш тілді меңгеру-жарқын болашақтың белгісі» демекші, оқушылар орыс, ағылшын, қазақ тілдерінде берілген сөздер бойынша аударып айтады. Көмір, алтын, мұнай, тұз т.б

Топта басшы, бағалаушы, баяндаушы, хатшы,уақыт шектеуші сайланады.


Қима суреттері




Сабақтың ортасы

  1. минут

Пайдалы қазбалар туралы тағы да көбірек білгілеріңіз келсе, осы фильмді көріп, сұрақтарға жауап беруге дайын болыңыздар.

«Пайдалы қазбалар» бейнефильмін көру (04.38 мин).

Топтық жұмыс:

Тест сұрақтарына жауап беру (10 сұрақ).

Әр топ жауаптарын ортақ парақта ақылдасып жазады. Содан кейін әр топ өзінің жауабын айтады, түсіндіреді. Мұғалім көпшілік ұсынған жауабына басады, егер жауабы дұрыс болса оқушылар «+», қате болса «»белгілерін қояды.

Тест аяқталғанда, қатесіз орындаған топқа шапалақ соғып, марапат көрсетіледі.

Топтық жұмыс

«Мұнай» тобының тапсырмасы: Постер толтыру (сөздерді жазу, мысал келтіру, суреттерді жабыстыру). Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жататыны және жанғыш пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы жайлы өз ойларын жазу


«Темір» тобының тапсырмасы: Кенді пайдалы қазбаларға нелер жататыны және кенді пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы жайлы өз ойларын жазу

Постер толтыру (сөздерді жазу, мысал келтіру).

«Тұз» тобының тапсырмасы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың нелер жататынын жазу.Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы жайлы өз ойларын жазу.

3- топқа

Картамен жұмыс

Шартты белгілермен таныстыру.

Картадан Шартты белгілер арқылы өндірілетін қалаларды  оқушылар табады.

Таскөмір – Қарағанды, Екібастұз.

Мұнай -  Маңғыстау облысында және Ақсай (Қарашығанақ, Теңіз)

Табиғи газ - Маңғыстау облысында және Ақсай (Қарашығанақ, Теңіз)

Мыс – Жезқазғанда, Қоңыратта

Алюминий – Арқалықта

Әктас -  Ақтауда

Мәрмәр- Қазақстанның орталығында және оңтүстігінде

Гранит – Жамбыл облысы

Бағалаушы « Бағалау » парағы арқылы топтарды бағалайды

Сергіту сәті .Ойын

Артығын алып тастау

https://imektep.kz/kz/game#recycle_bin-1580


«Мен Зерттеушімін» топтық жұмыс

Әр топқа зерттеу жұмысы беріледі.Қауіпсіздік ережесі сақталады.

Арнайы құралдар,пробиркалар, пілтешам, сіріңке, тұз,кенді пайдалы қазбалардың түрлері ұсынылады.


«Тұз» тобы: Ас тұзының қасиеттерін зертте. Ас тұзын қолмен ұстап көру.Стақандағы суға тұз салып,қасықпен араластырып,дәмін татып көру.Оның түсін және судағы еру деңгейін анықтау.Құм мен тұзды салыстыру. Адам өміріндегі тұздың пайдасы мен зиянын анықта.Тұзды судан бөліп алу тәжірбие жұмысын көрсету арқылы,қорытынды жасау.


«Мұнай» тобы: жанғыш пайдалы қазбалар бойынша қасиеттерін анықтап зертте. Адам өміріндегі маңызын анықта. Тәжірбие жұмысын көрсету арқылы қорытынды жасау. Жаңармаймен жанатын пілтешамды жағып,оның жанғыш екендігіне көз жеткізу. Стақанға құйылған суға мұнайды тамызу арқылы тәжірбие көрсету арқылы, қорытынды жасау.


«Темір» тобы : Кенді пайдалы қазбалардың қасиеттерін зертте. Адам өміріндегі маңызын анықта. Құм, ағаш үгіндісі, темір үгінділерінен тәжірбие көрсету. Магнитке тартылатын және тартылмайтындарды бөліп алу. «Қара металл, түсті металл» Тәжірбие жұмысын көрсету арқылы, қорытынды жасау

Жұмысқа 15 минут беріледі, содан кейін жасаған тәжірбиесін ұсынады, қорғайды.

Оқушылар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.

Блоб ағашы» әдісі арқылы бағалау

Оқушылaр «Блоб ағашына» өзін және топ мүшелерінің топта қатысу деңгейін өзін бояп көрсетеді.







Дұрыс бұрыс ойыны

https://imektep.kz/kz/game#true_false-1488



«BilimLand» сайты, «iMektep» курсы, «Дүниетану» пәні, «Пайдалы қазбалар» тақырыбына бейнефильм


«Пайдалы қазбалар» тақырыбының тесті /экранда/, 5 топқа парақтар, маркерлер






Постер, маркерлер, желім, пайда қазбалардың 5-7 сурет






Постер, маркерлер








Мәтін,постер, маркерлер






картамен жұмыс, шарты белгілер, желім































Постер, маркер






Қауіпсіздік техникасы,

тазалық ережелері

АКТ-мен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын сақтау.

Жұмыс барысында тазалықты сақтау



Пробирка, стақандар, су, құм,шырпы












15 мин


Су, мұнай, пілтешам, шырпы,

Магнит, құм, темір, ағаш үгіндісі, су, стақан, ақ қағаз


«BilimLand» сайты, «iMektep» курсы, «Дүниетану» пәні, «Пайдалы қазбалар» тақырыбы, «Артығын алып тастау» ойыны


«iMektep»

«Дұрыс – бұрыс» ойыны


«iMektep»

«Бос орынды толықтыру»

3 мин


Сабақтың соңы:

2 минут


Қорытындылау

Рефлексия  Бағалау

«Баспалдақ» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды бағалайды.Оқушылар баспалдаққа стикерді жабыстырады.


Үйге тапсырма

Пайдалы қазбалар


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!