Материалдар / Пәнаралық байланыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пәнаралық байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама.Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда пәнаралық байланыстың алатын орны туралы айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2021
1431
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда пәнаралық байланыстың алатын орны

Жаркимбаева Женискул Куанышбаевна

ТІЛ САБАҚТАРЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЖОЛДАРЫ

Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек.Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесінде пәнаралық байланыс ерекше көкейтесті орын алып отыр.

Пәнаралық байланыстың мақсаты: оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамытады, білім сапасын арттырады, оқу іс-әрекетінде белсенділік танытады, ойын, ес пен ойлауын, қиялын, тапқырлығын дамытады, алған білімін өмірде қолдануға ұмтылады, шығармашылығын шыңдай түседі.

Пәнаралық байланыстың дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.

Бастауыш мектепте пәнаралық байланыс бірқатар педагогикалық  ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезеңде пәнаралық байланыс бағдарламасын педагогикалық, психологиялық жағынан зерттеумен қатар, философиялық тұрғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейде қарастырған В.В.Давыдов,  И.Д.Зверев,  Р.Г.Лемберг,  В.Н.Максимова,  В.Н.Малахов т.б. болды. Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл – Фараби, Ибн Синаның және Жүсіп Баласағұнидың мұраларында, ал бертін келе қазақ ғалымдары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев еңбектерінде пәнаралық байланыс идеяларына көп мән берілген [1].

Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау белсенділігі мен деңгейі өте жоғары болып табылады. Сондықтан олардың зейіні мен ықыласын әрдайым дамыту жаңа материалдардың біршама көп болуы  және олардың міндетті түрде қызықты болуы - әрбір өтілетін сабақтың негізгі тірегі. Сондықтан бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімділігі жолға қойылуда.

Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың кең тараған жолдары мыналар:

1. әңгімелесу.

2. саяхат.

3.тәжірибе жасау.

4.техникалық құралдарды (интерактивті тақта, электронды оқулықтар)

пайдалану.

5.танымдық есептер құрастыру, оны шешу.

6.сөзжұмбақтар, ребустар, метаграммаларды құрастыру, шешу.

7.практикалық жұмыстар жүргізу [2].

Тіл сабақтарында пәнаралық байланысты ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдері бар. Мысалы: оқытушы белгілі бір тілдік тақырыпты өткенде, оқушылардың табиғат құбылыстарына байланысты сөз байлықтарын толықтырып, дүниетанымын кеңейту мақсатында табиғат байлықтарын суреттеп, көркем жазылған шығармалар мен өлеңдерден үзінділер алады.Сонымен қатар пәнаралық байланыс үрдісінде оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру керек. Оқушының ойын жүйелі айта білуге, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауға дағдыландыруда ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндерінің ролі ерекше. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеген сөздері, берген жауаптары осы пәндерде анық байқалып отырады. Бала тілін дамытып, шығармашылығын тереңдетуде халқымыздың ертегі, аңыз әңгімелері, жұмбақ жаңылтпаштарының маңызы зор. Халық шығармаларының сан алуан түрлерін бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай пайдалану, мән-мазмұнын терең түсіндіру, оқушы тұлғасының шығармашылығын қалыптастыруға әсерін тигізеді. Сондықтан оқушыларға жас кезінен бастап халқымыздың ертегілерін, өлең жырларын оқытып, өздеріне мазмұнын айтқызу керек. Осы арқылы баланың тілі де, ойы да дамиды. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге үйретеді, ал жұмбақ айтқызу тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілетін, тілін, шығармашылығын шыңдайды. Оқушы шығармашылығының тиімді құралдарының бірі - мақал-мәтелдерді оқыту. Мақал-мәтелді бала шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың мәні зор. Сонымен бірге әрбір сабақта мақал-мәтелді қолдану бала тәрбиесінде де ерекше орын алады. Мақал-мәтелді оқушы шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың төмендегідей жолдары бар:

1.Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу.

2.Оны өз сөзімен, ойымен дәлелдету.

3.Көрініске қарап мақал-мәтел айту.

4.Табиғатқа сай мақал-мәтел құрастыру.

5.Суреттерге қарап мақал-мәтел айту [3].

Осы тәсілдерді өз сабағымда қолданып, оның тиімділігіне көз жеткіздім.

Мысалы: қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеу барысында

«Қалың орман. Айнала жап-жасыл. Өзен ағып жатыр. Жағасында бір кісі балық аулап отыр. Өзенде үйрек, қаздар жүзіп жүр» мәтінінің мазмұнына байланысты, бірнеше мақал –мәтел ойлап жазу тапсырмасын берген уақытта

1)Сулы жер-нулы жер.

2)Сағынған ер елін аңсайды,

Сары ала қаз көлін аңсайды.

мақалдарын оқушылар ойлап жазып, мән-мағынасын түсіндіреді.

Суретке қарап, мақал-мәтел ойлап жаз.







Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені.

Осы тапсырмалар нәтижесінде оқушылардың шығармашылық қабілеті, ой-өрісі, тіл байлығы дамиды, сөздік қоры молаяды. Оқушының сөз саралауы, ізденімпаздығы, тапқырлығы, нақты ой болжауы артады.Суды қорғауға, үнемдеуге, әдептілікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиеленеді.Осы мақал- мәтелдерді түрлендіріп қолдану арқылы қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдері арасында пәнаралық байланысты да ұйымдастыруға болады. Мысалы:мақалдың жасырын сөзін тауып, орыс, қазақ тілдеріне аудару тапсырмасын беруге болады.

«Досы жоқ адам - ... жоқ тағам». Тұз-соль-salt

Сонымен білім беру барысында халықтық тәлім-тәрбие түрлерін көбірек жүйелі түрде сабақта, пәнаралық байланыс кезінде қолдансақ, шығармашылық деңгейін дамытып ұрпақ бойында ізгілік, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре аламыз. Қоршаған орта қоғамдағы құбылыс және өмірдегі заттарды танып білуде пәнаралық байланыс арқылы өтілген сабақтардың тиімділігі де ерекше. Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздерің қандай күй кешетіндіктеріңді сезініп, олардың қандай қызмет атқаратынын ойлап, адам өміріндегі алатын орнын, маңызын анықтау мақсатында «Мен-гүлмін», «Мен- шыршамын», «Мен-доппын», «Қасық болған күнім» тақырыптарына мәтін құрастырып жазғызуға болады.

Мысалы: «Мен гүлмін» тақырыбына

«Мен –Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді.»

Осы тапсырма арқылы оқушылардың дүниетанымдық қабілеті, сабаққа белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады. Өсімдікті қорғауға, күтіп-баптауға тәрбиеленеді. Шона Смаханұлының «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалын өткенде балалар бір сәт жазушы, суретші, актер болып көрейік деп топпен жұмыс ұйымдастыруға болады.

І топ. Жазушылар. «Құстар –біздің досымыз» тақырыбына шағын эссе жазады.

ІІ топ. Суретшілер. Мысалға сурет салады.

ІІІтоп. Актерлер. Мысалды сахналайды.

Осы топтық жұмыс арқылы ана тілі сабағын дүниетану, бейнелеу өнері сабақтарымен және өнер саласымен байланыстыруға болады. Оқушылардың сөздік қоры, тіл байлығы, ой-қиялы,шығармашылық және актерлік қабілеттері дамиды.Сонымен бірге пәнаралық байланысты жақсы жолға қоюдың бірі – кешенді топсаяхаттар болып саналады. Жыл мезгілдеріне байланысты топ саяхатқа шыққанда оқушылардың табиғат туралы түсінігі кеңейіп, алған ұғымдары бекіп, нақтылы заттар мен құбылыстарды танып білсе, ана тілі сабақтарына байланысты табиғат тамашасын қызыға қарау, әдемілік пен сұлулықты сезіну арқылы эмоциялық әсерді де іске асыру жағы орындалады.

Қорыта келе, тіл сабақтарында пәнаралық байланысты ұйымдастырудың ролі зор екендігіне көз жеткіздім. Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қызықты ұйымдастырылған сабақ оқушылардың жан-жақты дамуына, шығармашылығы мол тұлға болып қалыптасуына ықпал жасайды. Мұғалім оқытудың пәндік жүйесі жағдайында бір өзі жеке дараланбай, керісінше ұжымдағы әріптестерімен ынтымақтасып, пікірлесіп, тәжірибе алмаса отырып, жұмыс істегені абзал.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.А.Бейсенбаева «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру.» Алматы – 1995 ж.

2. С.Ахметов «Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары.» Алматы, «Рауан»,1999 ж.

3. Б.А. Тұрғынбаева. Ұстаздық шығармашылық. Алматы, 2007ж.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!